Ғылыми-тәжірибелік «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналына ұсынылатын қолжазбалардың бірыңғай талаптары



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2019
өлшемі0,49 Mb.
#24733


Ғылыми-тәжірибелік «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналына 

ұсынылатын қолжазбалардың бірыңғай талаптары 

 

Қолжазбаларды  рәсімдеудің  бірыңғай  жаңа  талаптары  журналдың  дәлелді  медицина 



дамуының  әлемдік  тендецияларына  ілесуі  және  ғылыми  басылымдар  сапасының 

халықаралық  стандарттарына  сай  болуға  талпынуымен  түсіндіріледі.  Бұл  талаптар 

Биомедициналық  журналдарға  ұсынылатын  қолжазбалардың  жалпы  талаптарына  сәйкес 

жасалған.  Бұл  талаптарға  сәйкес  болу  журналдың  сапасын  әлдеқайда  асырады,  сонымен 

қатар,  оның  отандық  және  шет  елдік  зерттеушілер  арасында  сұранысын  арттырады,  бұл 

дегеніміз авторларымыздың мақалаларының дәйектілігі. 

 

Талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбалар қарастырылмайды 

Редакцияға  түскен  барлық  мақалалар  екі  реттік  жасырын  рецензиялаудан  өтеді. 

Статистикалық мәліметі бар мақалалар ғылыми методология мен биостатистика бойынша 

рецензентке  жіберіледі.  Статистикалық  өңдеудің  сапасы  туралы  сұрақтар  туындаған 

жағдайда  редакция  есептеу  жүргізілген  алғашқы  деректер  қорын  сұратуға  құқылы

Редакция  мақаланың  мағынасын  бұрмаламайтындай  етіп  текстке  өзгертулер  енгізуге 



құқылы.  Қолжазбаның  соңғы  нұсқасы  редакциямен  байланысқа  жауапты  автормен 

келісіледі. 

 

 

Материалдарды дайындау 

Қолжазбалар мен ілеспе құжаттар редакцияға тек электронды нұсқада беріледі. 

Құжаттар тізімі: 

 

1.  Авторлардың қолтаңбасы қойылған ілеспе хат (сканерленген көшірме) 



2.  Мақаланың MS Word форматындағы тексті 

 

Ілеспе хат келесі формада рәсімделеді: 

 

1.  Редакциямен байланысқа жауапты автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, 



жұмыс орны мен қызметі.  

2.  Қатынасхатқа  жауапты  автордың  электрондық  мекенжайы  (пошта  индексі 

көрсетілген), телефон нөмірі, факс, электрондық поштасы. 

3.  Барлық  бірлескен  авторлардың  аты-жөні,  ғылыми  дәрежесі,  атағы,  қызметі, 

жұмыс орны, пошталық мекенжайы (пошта индексі көрсетілген), телефоны және 

электрондық поштасы. 

4.  Қолжазбаның тақырыбы. 

5.  Мақаланың  басты  текстінің  сөз  саны  (резюме,  әдебиеттер  тізімі,  сызба  мен 

суреттерді қоспағанда), сызба мен сурет саны. 

6.  Ұсынылған  мақаладағы  материалдар  бұрынырақ  жарияланбағаны  және  басқа 

баспа орталығына басылуға қарастырылмағаны жөнінде растау.  

7.  Берілген 

материалдардың  тараулары  бұрынырақ  жарияланғаны  және 

қайталанған  жазба  ретінде  қарастырылуы  мүмкін  екені  туралы  міндетті  түрде 

хабарлау.  Мұндай  жағдайда  Редакцияның  шешім  қабылдауы  үшін  аталған 

материалдар  көшірмесі  қолжазбамен  қоса  жіберіледі.  Өзге  баспаларда 

шығарылған  немесе  басып  шығаруға  ұсынылған  материалдар  жіберілмейді. 

Жарияланған  конференция  тезистері  басылым  болып  саналмайды.  Сондықтан 

тезис  ретінде  жарияланған  материалдарды  түпнұсқадағы  мақала  немесе  шолу 

ретінде ұсынуға болады. 




8.  «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналының редакциясы бекіткен және 

ресми  сайтында  орналастырылған  қолжазбаларды  басылымға  дайындау 

ережелерімен авторлардың келісуі.  

9.  Авторлар  ғылыми  мақалаларда  зияткерлік  меншікті  және  ҚР  қолданыстағы 

заңына сәйкес авторлық құқықты заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады. 

10. Авторлар  олардың  ғылыми  мақалалары  ешкімнің  авторлық  құқығын 

бұзбайтындығын  және  шектеусіз  мерзімге  журнал  басшылығына  ғылыми 

мақаланы журнал  нөміріне  басып  шығаруға  және  интернет  желісіне  жартылай 

немесе толық текст түрінде шығаруға шектеусіз құқық беру. 

11. Авторлар қаржылық немесе өзге де қарым-қатынас туралы өтініштерін ұсынуы 

қажет.  Мысалы:  егер  клиникалық  емдік  дәрі-дәрмектердің  сынағы  жүргізілген 

жағдайда міндетті түрде зерттеуші мен зерттеліп жатқан дәріні шығарып жатқан 

фармацевтикалық  компанияның  қатынасын  көрсету  (егер  қолжазба  текстінде 

көрсетілмесе).  Мүдделердің  қарама-қайшылығы  болмаған  жағдайда  авторлар 

келесі тұжырымдаманы қолдана алады: «Авторлар мүдде қарама-қайшылықтары 

жоқ екендігін растайды». 

12.  Қолжазбаның жіберілген күні. 

13.  Барлық авторлардың қолтаңбасы. 

Сонымен  қатар  ілеспе  хатта  журнал  редакциясына  қажетті  қандай  да  бір  өзге 

мағлұмат бола алады.  

 

Мақала тексті Microsoft Word бағдарламасында Times New Roman шрифтімен, 12 

өлшеммен, 1,5 жоларалық интервалмен дайындалады. Жоғарғы және төменгі жиектері – 20 

мм,  сол  жағы  –  30  мм,  оң  жағы  –  10  мм  жиекпен  кітап  бағдарында  болады.  Сөздерді 

тасымалдауға  болмайды.  Кестелер,  суреттер  (көрнекіліктер,  графикалар,  фото  суреттер) 

және де олардың жазулары мақала соңына бөлек бетке орналастырылады. Әр кесте жеке 

бетке  орналастырылуы  қажет.  Текстте  көрнекі  құралдар  шамамен  оң  жақ  жиекте 

орналасады.  

Түпнұсқа  қолжазбаның  көлемі  2000  сөзден  кем  емес,  бірақ  3000  сөзден  көп  емес 

болуы қажет (түйін, кесте, көрнекі құрал және әдебиеттер тізімін қоспағанда). Әдебиетке 

шолу  қолжазбасының  көлемі  3000-4000  сөз  болады  (түйін,  кесте,  көрнекі  құрал  және 

әдебиеттер тізімін қоспағанда). Редакция халықаралық “PRISMA” ұсыныстарымен сәйкес 

келетін  жүйелі  шолуларды  ғана  қабылдайтындығын  авторлардың  назарына  ұсынамыз. 

Авторлардың қалауы бойынша шолулар, қысқа хабарламалар, конференция есептері және 

жаңа кітаптарға сын пікірлер құрылымданады. Түпнұсқа қолжазбалар келесі бөлімдерден 

тұруы  тиіс:  «Кіріспе»,  «Әдіс-тәсілдер»,  «Қорытынды»  және  «Қорытындыны  талқылау». 

Түйінді жеке бөлімге шығару міндетті емес. 

 

Мақала мазмұнына қойылатын талаптар 

Мақаланың атауы максималды түрде ақпараттанған болуы және 300 белгіден аспауы 

қажет.  Сұраулы  сөйлем  түріндегі  және  мағынасы  бірден  түсінікті  болмайтын  тақырып 

қойылмауы  тиіс.  Стандартты  қысқартулар  (аббревиатуралар)  қолданған  жөн,  мақала 

тақырыбында  қысқартулар  қолданбау  керек.  Орнына  аббревиатура  қолданылған  толық 

термин  бұл  қысқартудың  текстте  алғашқы  қолдануында  болуы  керек.  Редакция  мақала 

тақырыбында зерттеудің типін көрсеткен жағдайды құптайды, мысалы: «Орал қаласындағы 

12  жастағы  балалардағы  тісжегісінің  көп  таралғандығы  және  қарқыны:  популяциялық-

көлденең зерттеу». 

Негізгі бет 

 Негізгі бетте көрсетіледі:  

1.  Мақала тақырыбы 

2.  Әр автордың аты-жөні 




3.  Авторлар қатысты мекемелердің толық атауы. Егер авторлар әр түрлі мекемеде 

қызмет ететін болса, әр автордың оның мекемесімен байланысы жоғарғы регистр 

арқылы көрсетіледі 

4.  Редакциямен байланысқа жауапты автордың мекен-жайы 



 

Түйіндеме (реферат) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 

Ғылыми  басылымның  түйіндемесі  қысқа,  бірақ  барынша  ақпараттық  мазмұнды 

болуы қажет. Түйіндеменің көлемі 200-ден кем емес, бірақ 300 сөзден аз болмауы тиіс. Онда 

қасқаша  алғышарттары  және  зерттеудің  мақсаты,  басты  әдістері,  зерттеу  түрі,  іріктеу 

көлемі,  деректерді  өңдеу  тәсілдері,  сандық  көрінісі  және  статистикалық  мәні  бар  басты 

қорытындылар және  де  негізгі  түйін  мазмұндалады.  Түйіндеме  –  мақаланың  электронды 

форматта  берілген  жалғыз  бөлігі.  Сондықтан авторлар  түйіндеменің  толық жұмысқа  дәл 

келуін қамтамасыз етуі керек. 

Жұмыстардың дәйектілігі мен зерттеуші Хирша индексін анықтайтын басты фактор 

– жақсы жазылған түйіндеме. Әдебиетке шолу, зерттеудің жаңа әдістерін сипаттау немесе 

мәліметтерді өңдеу, жеке клиникалық жағдайларды сипаттау немесе бақылауға жазылған 

түйіндеме оқырманды толық текстті оқуға итермелеу керек. 



Түпнұсқа зерттеулер үшін жазылған түйіндеме құрылымдамалық түрде болуы 

керек:  мақсаты;  әдісі;  қорытындысы;  түйіні.  Редакция  түйіндеменің  «Қорытынды» 

бөлімінде алынған нәтиженің сандық мәндерін және статистикалық болжамдарды тексеру 

кезіндегі жеткен маңыздылықтың деңгейін көрсетуді ұсынады. 

Бірінші мақаланың басты тексті жазылған тілде түйіндеме беріледі. Кейін қалған екі 

тілде.  Мысалы,  мақала  қазақ  тілінде  жазылған  болса,  онда  бірінші  түйіндеме  мен  кілт 

сөздер  қазақ  тілінде  беріледі,  кейін  орыс  және  ағылшын  тілдерінде.  Сауатсыз  жасалған 

аударма  қолжазбаны  қабылдамаудың  негізгі  себебі  бола  алады.  Редакция  аударманы 

тексттің мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы. Түйіндеменің ағылшын тіліндегі нұсқасын 

жазған  кезде  медицина  мен  экологиялық  терминдерді  меңгерген  кәсіби  аудармашының 

көмегіне  жүгінуге  кеңес  береміз.  Кілт  сөздер  үшін  Index  Medicus-те  (

www.pubmed.com

қолданылатын  медициналық  пәндік  тақырыптар  тізіміндегі  (MeSH,  Medical  Subject 



Headings) терминдерді қолданған жөн. 

 

Кілт сөздер 

Түйіндеменің астында «Кілт сөздер» тақырыпшасы орналастырылады. Одан кейін 

зерттеу барысында мәселені көрсететін 5-тен 7-ге дейін кілт сөздер жазылады.  

 

Кіріспе 

Бөлімде  зерттеу  жүргізудің  айқын  алғышарты:  мәселенің  мәні  мен  оның  маңыздылығы 

тұжырымдалады.  Автор  оқырмандарды  зерттеліп  отырған  мәселемен  таныстырып, 

тақырып  бойынша  қысқаша  баяндау  жасап,  бұған  дейін  осы  мәселе  аясында  жүргізілген 

зерттеу  жұмыстары  мен  онда  қандай  да  бір  қате  болған  болса  айта  кету  керек  және 

оқырманға зерттеудің өзектілігін дәлелдеп кету қажет. Бұл тақырып бойынша жүргізілген 

барлық жұмыстарды атап қажет емес, тек қана маңыздылығы жоғары және осы тақырыпқа 

тікелей  қатысты  зерттеу  жұмыстарын  атап  өтсе  жетерлік.  Зерттеліп  отырған  тақырып 

бойынша тек отандық емес, сонымен қатар шет елдік зерттеулерге сілтеме жасалған жөн. 

Зерттеулерге сілтеме жасалған кезде ағылшын тілдік рецензияланған әдебиеттердің тізімі 

жалпы әдебиет тізімінің 50%-нан кем болмауы тиіс.  

Бөлім  соңында  зерттеудің  мақсаты  құралады.  Мұнда  мақсатқа  жету  жолындағы 

міндеттер  аталады.  Мақсатты  тұжырымдау  кезінде  оқырманның  көз  алдына  толық  және 

нақты  не  және  қандай  әдіспен  зерттелейіндеп  жатырғандығы  туралы  анық  түсінік 

қалыптасуы  қажет.  Бұл  бөлімге  әрі  қарай  жұмыс  барысында  көрсетілетін  қорытынды 

немесе түйінді қоспаған жөн. 

 



Әдістері 

Зерттеудің  түпнұсқа  хаттамасына  сәйкес  жобаны  жоспарлау  кезінде  қолдануға 

бағамдалған  әдістерді  ғана  бұл  бөлімге  қосу  қажет.  Зерттеу  жүргізіліп  жатқан  кезде 

қолдануға қажеттілік туындаған қосымша әдістер «Қорытындыларды талқылау» бөлімінде 

ұсынылады. Оқырман өз бетімен осы зерттеудің әдіснамалық плюстары мен минустарын 

бағалап,  сонымен  қатар  оны  қолдана  алатындай  болуы  үшін  бөлім  жан-жақты  жазылуы 

тиіс.  

Бұл бөлімде келесі жәйттарды анық жазу ұсынылады (оларды бөлек бөлімдерге бөлу 



міндетті емес): зерттеу түрі; зерттеу қатысушыларын іріктеу тәсілі; өлшеуді жүргізу тәсілі; 

мәліметтерді ұсыну тәсілі: мәліметтерді статистикалық өңдеу; этикалық қағида. 

1.  Зерттеудің түрі 

Осы  бөлімде  жүргізілетін  зерттеудің  нақты  түрі  көрсетіледі  (әдебиетке  шолу, 

обсервациялық,  эксперименттік,  және  т.б.).  Обсервациялық  зерттеу  жүргізген  кезде 

сипаттамалы  немесе  талдамалық  әдіс  екенін  көрсету  қажет.  Талдамалы  түрде  зерттеудің 

жан-жақтылығы 

анықталады: 

көлденең 

(бір 


сәттік), 

мысалы 


«жағдай 

– 

бақылау»,



 

шоғырламалық  әдіс,  экологиялық  (корреляциялық)  және  т.б.  Мезгілдік 

өзгерістерге  тәуелді  нышандарды  зерттеу  кезінде  жыл  мен  айды  көрсету  ұсынылады. 

Әдебиетке  шолуда  қай  дерекқордан  және  олар  үшін  қандай  критерийлерге  байланысты 

басылымдар іріктелгенін нақты көрсету керек. 

2.  Зерттеу қатысушыларын іріктеу тәсілі 

Бұл  бөлімде  бақылау  мен  сынақтар  үшін  іріктелген  пациенттер  мен  лабораториялық 

жануарлардың нақты қай жолмен таңдалғаны көрсетіледі. Зерттеуге қосатын немесе одан 

шығарылатын потенциалды қатысушыларға нақты критерийлер белгіленеді.  

Зерттеу  қатысушылары  іріктелетін  және  алынған  қорытынды  экстраполяцияланатын 

басты  қосындыны  көрсету  ұсынылады.  Зерттеуде  нәсілдік  немесе  этникалық  тиесілілікті 

қолданған  кезде  мұндай  тұрақсыз  шаманың  бағалануы  мен  оны  қолдану  қандай  мағына 

білдіретінін  түсіндіру  қажет.  Обсервациялық зерттеулерде  сұрыптауды  жасаудың  тәсілін 

көрсету  қажет  (қарапайым  кездейсоқ,  стратификациялық,  жүйелілік,  кластерлік,  көп 

сатылы,  және  т.б.)  және  осы  қатысушылар  санының  зерттеуге  қосуын  дәйектеу. 

Эксперименттік  зерттеулерде  рандомизацияның  рәсімдерінің  бар  немесе  жоқ  екенедігін 

көрсету  керек.  Рандомизация  рәсімдерінің  сипаттамасын  ұсыну  қажет.  Сонымен  қатар 

жасыру  рәсімінің  жүргізілгенін  немесе  жүргізілмегенін  көрсету  қажет.  Статистикалық 

гипотезаларды  тексеру  үшін  минималды  сараптау  көлемінің  есебі  немесе  басты  есептеу 

үшін ретроспективті есептеу күші  мақұлданады. Эксперименттік зерттеулер үшін  іріктеу 

көлемінің есебі міндетті болып саналады.  

3.  Өлшеу жүргізудің әдісі  

Зерттеуді ұсынылған сипаттама бойынша жаңғырту үшін қандай да бір параметрлерді 

өлшеудің,  мәліметтерді  жинаудың,  емдік  немесе  диагностикалық  араласулардың  барлық 

рәсімі  егжей-тегжейлі  жазылуы  тиіс.  Қажеттілік  бойынша  қолданылып  жатқан  әдістің 

толық  сипаттамасына  сілтеме  жасауға  болады.  Егер  зерттеуші  өзінің  бұрынырақ 

сипатталған  әдісінің  модификациясын  қолданса  немесе  жаңасын  ұсынса,  міндетті  түрде 

қолданылып  отырған  модификациясының  немесе  әдісінің  қысқаша  мазмұнын,  және  де 

жалпы  қолданыстағы  әдістерге  қарсы  аргументтерін  келтіреді.  Осы  зерттеуде 

қолданылатын  емдік  дәрі-дәрмектердің  (коммерциялық  және  халықаралық),  химиялық 

заттардың,  дозалар  және  препаратты  енгізудің  атауы  көрсетіледі.  Қолданылатын 

аппараттар, құралдар, дәрілік препараттар және т.б. өндірушіге сілтемемен сүйемелденеді. 

 

4.  Мәліметтерді ұсыну және өңдеу тәсілі 



Бұл бөлім халықаралық сын-пікір әдебиетіне  бұрынғы СССР ғалымдары жұмысының 

басылымға  шығуына  қабылдамаудың  басты  себебі  болып  табылғандықтан  авторларға 

бөлімге  аса  назар  аударуды  ұсынамыз.  Бастапқы  деректерге  рұқсаты  бар  адам  алынған 

нәтижені  тексере  алатындай  болу  үшін  қолданылып  жатқан  өңдеу  деректері  толық 




сипатталуы керек. Журнал редакциясы күдікті жағдайда мақала авторларынан ұсынылған 

нәтижені тексеру мақсатында бастапқы деректерді сұратуы мүмкін. Бұл бөлімде жұмыста 

қолданылатын  барлық  статистикалық  терминдерге,  таңбаларға  және  қысқартуларға 

анықтама  беру  қажет.  Мысалы,  М  – орташа  арифметикалық, SD  –  қалыпты  ауытқу,  m  – 

орташа арифметиканың қалыпты қатесі, Me – медиана, Mo – сән, және т.б. Егер зерттеуде 

статистикалық  болжамдар  тексерілсе,  онда  авторлар  қабылдаған  дағдарыстық  деңгейдің 

маңыздылығын көрсету қажет (р). Болжамдар анық құрылып, оқырманға түсінікті тілмен 

сипатталуы тиіс. 

Журнал  редакциясы  статистикалық  болжамды  тексеру  кезінде  жеткен  деңгей  мәніне 

ғана арқа сүйеуге кеңес бермейді. Себебі, р көлемі толық ақпаратты бермейді. Нәтижені 

қате көрсеткіші және белгісіздік бойынша ұсынуға кеңес беріледі (сенімдік интервалдары). 

Статистикалық әдістерді сипаттау кезінде мақала алды әдебиеттер тізімінде нұсқаулықтар 

мен анықтамалықтардың беті көрсетілген әдістемелік-мерзімдік басылымдарға сілтемелер 

келтірілуі  тиіс.  Статистикалық  рәсімдерден  бөлек  болжамдарды  тексеру  үшін  өзге 

маңыздырақ салыстырулардың әсерінің көлемін есептеу керек. 

Зерттеу  барысында  бірнеше  статистикалық  өлшемдер  қолданылған  жағдайда  оларды 

атап  өтіп,  әр  өлшем  қай  жағдайда  қолданылғанын  көрсету  қажет.  Мәліметтерді 

статистикалық  өңдеуді  екі  ұшты,  яғни  «Statistica  қолданбалы  бағдарламалар  пакетін 

қолданумен  вариациялық-статистикалық  өңдеу  жалпы  қабылданған  өлшемдік  және 

өлшемдік емес статистикалық әдістер арқылы жүргізілді» секілді сипаттау ақпараттық емес 

және  жарамсыз  болып  табылады.  Мұндай  тұжырымдамалар  рецензентке  жіберілмей 

қайтадан  жөндеуге  авторға  қайтарылады.  Бұл  дегеніміз  қолжазбаның  басылымға  шығу 

уақытын ұзартады. Қандай да бір мәліметтерді өңдеу әдістерін қолдану нақты дәлелденуі 

қажет. Мысалы, параметрлік критерийлерді қолданған кезде қандай критерийлер арқылы 

тексеру  рәсімдері  бөлінгенін  сипаттаған  жөн.  Бұл  шарттар  маңызды  болып  табылатын 

әдістерді  қолдану  шарттарын  бұзбауды  тексеру  қалай  жүргізілгенін  көрсету  үшін  керек. 

Оқып шығу нұсқасын болдырмау үшін әрбір қолданылатын критерий белгіленеді. Мысалы, 

егер  таңдаулы  орташалардың  салыстыруы  Стьюдент  критериі  арқылы  жүзеге  асса, 

Стьюденттің  қандай  критериі  (тәуелсіз  сұрыптау  немесе  жұпты  бақылау)  жұмыста 

қолданылғаны  көрсетілу  қажет.  Корреляциялық  талдау  жасалды  деп  айту  жеткіліксіз, 

корреляцияның  қандай  коэффициенті  саналғанын  көрсеткен  жөн.  Мәліметтерді  көп 

өлшемді  өңдеу  әдісін  қолданған  кезде  модельге  қосу  үшін  қандай  тәсілмен 

айнымалылықтар  сұрыпталғаны  және  қандай  категория  салыстыру  категориясы  болып 

қолданылғанын көрсету керек. Егер мәліметтерді өңдеуде сирек кездесетін әдіс қолданатын 

болса  көрсетіп  өту  қажет.  Дәл  осы  әдіс  неге  қолданылғандығын  және  әдебиеттер 

дереккөзіне сілтеме жасап, аталмыш әдісті қысқаша сипаттау керек.  

Мәліметтерді өңдеу үшін статистикалық бағдарламалар пакеті қолданылса, оның аты 

мен нұсқасы көрсетіледі. 

5.  Этикалық қағидаттар 

Егер мақалада адамға жасалған тәжірибе туралы айтылған болса, бұл рәсім осы тарапқа 

жауапты  этикалық  нормалар  комитетінің  стандарттарына  немесе  1975  ж.  Хельсин 

декларациясына  сәйкес  келетіндігін  атап  өту  қажет.  Мақалада  көрнекі  құралдар  мен 

суреттер  көрсетілген  болса,  тәжірибеге  қатысқан  пациенттің  аты-жөнін,  сырқатнаманың 

нөмірін атамаған жөн. Зерттеуде лабораториялық жануарларды қолданған жағдайда қанша 

және қандай түрдегі жануарлар қолданылғанын, қолданыстағы заңға сәйкес Міндетті түрде 

жоба барысында басылымға ұсынылған нәтиже мен протокол нөмірін және этикалық 

экспертиза өткен уақытын көрсету. Этикалық сараптама болмаған жағдайда негіздеме 

беру қажет. 



 

 

 

 


Қорытынды 

Бұл бөлімде мақаланың мақсат-міндеттеріне сәйкес қорытынды ұсынуға арналған. 

Аталмыш  зерттеу  жұмысы  барысында  алынған  қорытынды  өзге  авторлардың  ұқсас 

зерттеулер қорытындысымен салыстырылмайды және талқыланбайды. 

Зерттеудің  мақсат-міндеттерінің  кезектілігіне  сүйене  отырып,  қорытындыларды 

текстте,  кестелерде  және  суреттерде  көрсету  керек.  Кестеде  немесе  суретте  берілген 

қорытындыны  текстте  қайталамаған  жөн  және  керісінше.  Зерттеу  мақсат-міндеттеріне 

байланысты  зерттеулер  ғана  сипатталады,  жинақталады  және  айқындалады. 

Қорытындыларды  баяндау  әдістерді  баяндауға  сәйкес  келу  керек.  Сұрыптаудың  немесе 

зерттеліп  отырған  топтың  жалпы  сипаттамасын  негізгі  зерттелетін  белгілер  көрсетілген 

кестеде ұсыну қажет. Орташа көлеммен қатар тарау мөлшерін немесе ораташа үшін және 

үлес сенімдік интервалдарын көрсету керек. 

Бастапқы  деректермен  салыстырғанда  орташа  көлемді  бір  ондық  таңбаға  тура 

келтірмеу  керек  Үлестерді  сипаттағанда  бақылаудың  абсолютті  көлемін,  соның  ішінде 

шағын іріктемеде көрсету керек. Егер үлес 1%-дан кем болса проценттер екі он таңбалы 

санмен  беріледі.  Егер  үлес  1%-дан  10%-ға  дейін  болса,  бір  он  таңбалылық  жеткілікті. 

Орташа көлемге де, үлеске де 95% сенімдік интервалы қолданылғаны құпталады. Мәнділік 

деңгейі  жеткен  әр  қолданылған  статистикалық  критерий  үшін  үшке  дейінгі  он 

таңбалылықты ұсынған жөн. Редакция р < 0,05 немесе р > 0,05 (тек p < 0,001-ден басқа) 

тұжырымдамасын  қолданудан  алшақ  болуға  кеңес  береді.  p  <  0,05;  р  >  0,05  немесе 

«айырмашылығы  мәнсіз»  тұжырымдамасының  орнына  мыңдық  бөліктегі  р  көлемінің 

абсолютті  мәнін  (мысалы,  р  =  0,032)  көрсеткен  жөн.  Мәндік  деңгейге  жеткеннен  бөлек 

критерийлердің  нақты  мәнін  және  бостандық дәрежесінің  санын  келтіру  керек.  Мысалы, 

Пирсон  хи-квадрат  критериі  бостандық  екі  дәрежесі  болған жағдайда  келесі  көрсеткішті 

береді:  χ

2

  =  29,2,  d.  f.  =  2,  р  <  0,001.  Орташа  мәндердің  араларындағы  растылық  (және 



керісінше) айырмашылықтарын көрсету қате болып табылады, дұрысы статистикалық мәні 

бар (немесе жоқ) айырмашылықтар жайында айту. Статистикалық критерийлерді қолдана 

отырып  ұсынатын  қорытынды  жайлы  кеңірек  арнайы  әдебиеттерден  табуға  болады, 

мысалы  келесі  мақалаларда  бар:  Унгуряну  Т.Н.,  Гржибовский  А.М.  Краткие 



рекомендации  по  описанию,  статистическому  анализу  и  представлению  данных  в 

научных публикациях. Экология человека. 2011. №5. С. 55-60. 

Мәнді  статистикалық  айырмашылықтарды  табу  расталған  немесе  клиникалық 

маңызды байланыстарды және себеп-салдарлық байланысты әркез білдіре бермейтіндігін 

есте сақтаған жөн.  

Авторларға  отандық  басылымдарда  статистикалық  өңдеу  мен  мәліметтерді  беру 

кезінде жиі кездесетін қателіктермен танысуды ұсынамыз: Рахыпбеков Т.К., Гржибовский 



А.М.  К  вопросу  о  необходимости  повышения  качества  казахстанских  научных 

публикаций для успешной интеграции в международное научное сообщество. Наука и 

здравоохранение. 2015. №1. С. 5-12.  

Өлшеу бірлігі халықаралық СИ бірлік жүйесіне сәйкес беріледі.  



Кестелер  берілген  мәліметті  қысқа  және  анық,  жан-жақты  көрсетуге  мүмкіндік 

береді.  Қорытындыларды  кесте  түрінде  жинақтау  тексттің  көлемін  едәуір  кішірейтеді. 

Кестелер  текстте  аталған  реті  бойынша  нөмірленеді.  Әр  кестенің  мазмұнына  қарай 

тақырыбы  болу  керек.  Кестенің  қапталы  мен  бағанына  да  тақырып  қойылу  тиіс. 

Қысқартулар  қолданылған  жағдайда  кесте  астындағы  ескертуде  ашылып  жазылады. 

Барлық  түсініктемелер  де  сол  жерге  жазылады.  Сілтемелер  үшін  жоғырғы  регистрде  (

а



латын  әріптік  белгілеу  қолданылады.  Кесте  үлкен  болмауы  және  зерттеудің  мақсат-



міндеттеріне  қатысы  жоқ  ақпараттан  тұрмауы  керек. Өзге  дереккөзден  алынған  кестенің 

ақпараттық дереккөзі мен бибилиографиялық сілтемесі көрсетіледі. Түпнұсқа жұмыста 5 

кестеден артық болмағаны жөн.  

Иллюстрациялар.  Барлық  графиктер,  иллюстрациялар  және  фото  суреттер 

электронды  түрде  беріледі.  Фото  суреттер  контрастті  және  JPEG  немесе  PDF  форматында 




болады.  Графиктер,  сызбалар  және  суреттер  PDF  немесе  JPEG  форматында  ұсынылады. 

Адамдардың  фото суреттері  қолданылса, олар танылмайтындай  болуы  керек немесе аталмыш 

суреттерге  жазбаша  рұқсат  қағаздар  қосымша  ұсынылады.  Барлық  иллюстрациялардың 

тақырыбы  болуы  керек,  және  де  мақаланың  текстіне  жүгінбестен  түсінікті  болуы  қажет. 

Сурет  астына  шартты  жазбаларға  сипаттама  беріледі.  Барлық  иллюстрациялар  текстте 

аталған  реті  бойынша  араб  цифрларымен  нөмірленеді.  Өзге  дереккөзден  алынған 

иллюстрациялардың ақпараттық дереккөзі мен библиографиялық сілтемесі көрсетіледі. Бір 

мақалада 5 иллюстрациядан артық ұсынылмайды. 



 

 

Нәтижені талқылау 

Бұл бөлімде келесі құрылымды сақтаған жөн: 

1.  Зерттеудің  мақсат-міндеттерін  басшылыққа  ала  отырып,  қасқаша  түйіндеме  (2-3 

сөйлемнен аспайтын) жасау. 

2.   Зерттеудің басты құндылығы 

3.  Зерттеудің басты кемшіліктері 

а. Жүйелі қателер 

 



Сұрыптау қатесі 

 



Ақпарат қатесі (өлшеу) 

   Кофаундинг эффекті 



б. Кездейсоқ қателер 

 4.  Нәтижені  өзге  зерттеулердің  нәтижелерімен  қарама-қайшылық  болған  жағдайдағы 

салыстыру 

 5. Нәтижені түсіндіру және оның мағынасы 

 6. Түйін 

 Бұл бөлім түпнұсқа зерттеуді сипаттайтын мақалаларда зерттеудің негізгі  қорытындысын 

жазудан  (2-3  сөйлемнен  аспайтын)  басталады.  Негізгі  қорытынды  дегеніміз  зерттеудің 

бұрынырақ  белгіленген  мақсат-міндеттері.  Жанама  нәтижеге  статистикалық  гипотезаны 

тексеру кезінде жеткен статистикалық маңызды айырмашылық үшін ғана көңіл аударудың 

қажеті  жоқ.  Аталмыш  бөлімде  «Кіріспе»  және  «Әдістер»  бөлімдерінде  сипатталған 

материалды  қайталамаған  жөн.  Дәл  осы  нәтижеге  қалай  жеткендігін  түсіндіре  отырып, 

зерттеудің  жаңа  және маңызды  аспекттері  атап  өтіледі.  Зерттеудің  кемшіліктерін,  соның 

ішінде бұл кемшіліктер алынған нәтижеге немесе интерпретацияға әсері жете сипатталады. 

Сонымен  қатар,  зерттеу  жұмысының  мықты  тұстарын  және  осы  тақырыптағы  өзге 

жұмыстардан  артықшылығын  да  атап  өту  керек.  Зерттеудің  артықшылықтары  мен 

кемшіліктерін  талқылау  оқырманға  алынған  қорытындыны  түсінуге  көмегін  тигізеді. 

Зерттеудің кемшіліктерін (мінсіз зерттеу болмайды) рецензент пен оқырман анықтағаннан 

гөрі, автордың өзі назар аудартқандығы дұрыс. Бөлімде аталмыш зерттеу нәтижелері  мен 

өзге авторлардың ұқсас жұмыстарының ара қатынасы белгіленеді. Ұқсас зерттеулерді жәй 

ғана атап өткеннен гөрі, қорытындылар айырмашылықтарын түсіндіріп өту керек. Алынған 

қорытындыны  қолдану-қолданбау  аясы  талқыланады.  Аталмыш  зерттеу  нәтижесінен 

шығатын  кейінгі  зерттеу  бағытын  анықтауға  тырысу  керек.  Жаңа  гипотезалар  құрауға 

болады,  бірақ  бұл  тек  гипотеза  екенін  анықтап  кету  керек.  Кей  жағдайда  зерттеу 

қорытындысын практикада қолдану туралы кеңестер беріліп кетеді. 



Нәтижені  (түйін)  дәйексіз  мәлімдемелар  мен  қорытындылардан  алшақ  болып, 

зерттеу  мақсаттарына  сүйене  отырып  жасау  керек.  Мысалы,  мақалада  салыстырмалы 

экономикалық  тиімділіктің  талдауы  келтірілмесе,  Х  сырқатымен  пациентке  жаңа  әдісті 

қолданудың  экономикалық  мақсаттылығы  туралы  нәтиже  шығарудың  қажеті  жоқ. 

Аяқталмаған жұмысқа сілтеме жасап, басымдылық туралы мәлімдеме жасалмау керек.  

 

«Нәтиже» бөлімінен кейін «Авторлық» бөлімі жазылады. Авторлықтың критериіне 



сәйкес  болу  үшін  әр  автордың  нақты  авторлық  үлесі  көрсетілу  қажет.  Халықаралық 


медицина  журналдарының  редакторлары  комитетінің  критерилеріне  сәйкес  келесілер 

мақала авторы болып саналады: 1) зерттеудің дизайны мен тұжырымдамасына, жинақтау, 

саралау  және  мәліметтер  интерпретациясына  қомақты  үлес  қосқандар;  2)  мақаланың 

алғашқы  нұсқасын  немесе  оның  маңызды  интелектті  мазмұнына  байланысты  қайта 

жасағандар; 3) редакцияға жіберілген қолжазбаны ақырғы бекіткендер. 

Қаржыландыру  көзін  жұмылдыру,  мәліметтерді  жинау  немесе  зерттеу  тобына 

басшылық жасау авторлық ұғым болып табылмайды.  

Әр автор мақаланың тиісті мазмұны үшін жауапты болатындай қомақты үлес қосу 

керек. 

Әр  автордың  үлесі  (инициалдары  беріледі)  еркін  нысанда  сипатталады.  Аталған 



авторлық критерилеріне сәйкес келмейтін, бірақ аталмыш зерттеуге үлес қосқан тұлғалар 

«Алғыс айту» бөлімінде аталып өту керек (Acknowledgements – ағылшын тілінде)

«Алғыс айту» бөлімінен кейін зерттеудің қаржыландыру көздері мен мүдделерінің 

арасындағы  мүмкін  болатын  қарама-қайшылықтар  жайында  ақпарат  беріледі.  Ондай 

жағдай болмаған кезде «Авторлар мүдделері арасындағы қарама-қайшылықтар жоқ»  деп 

жазып  өтуге  болады.  Редакция  әдебиеттер  тізімі  алдында  ORCID  және  SPIN  тіркеу 

нөмірлерін  көрсетуге  кеңес  береді.  Бұл  оқырмандардың  өзге  авторлар  мақалаларымен 

сәйкестендіруі мен олардың дәйектілігінің артуы үшін қажет. Жоғарыда аталған нөмірлерді 

(олар болмаған жағдайда) келесі сайттарда жасау қажет:  

  

 ORCID-ті алу үшін - 



https://orcid.org/register

 

SPIN-ді алу үшін - 



http://elibrary.ru/projects/science_index/author_tutorial.asp

  

 



Әдебиеттер  тізімі  ванкувер  стиліне  сәйкес  дәйектелетін  жұмыстардың  қысқа 

библиографиялық  сипаттамасын  ұсынуы  тиіс,  мүмкіндігінше  соңында  DOI  индексі 

дереккөзі көрсетілгені дұрыс. Мысалы:  

1.  Böcking  W.,  Ahrens  U.,  Kirch  W.,  Milakovic  M.  First  results  of  the 



introduction  of  DRGs  in  Germany  and  overview  of  experience  from  other 

DRG countries. J Public Health (Oxf) 2005;13:128-137. DOI: 10.1007/s10389-

005-0103-4. 

2.  Marx  W.  Tracking  historical  papers  and  their  citations.  European  Science 

Editing 2012;38(2):35–37 

 

 

Сілтемелер  мәтіндегі  дәйектелу  ретімен  нөмірленеді.  Дәйектелген  жұмыстар 

алфавит бойынша (бірінші отандық, кейін шет елдік) аталатын әдебиеттер тізіміне сәйкес 

тексттегі библиографиялық сілтемелер шаршы жақшада араб цифраларымен беріледі. Шет 

елдік авторлардың  аты-жөні түпнұсқа транскрипцияда беріледі. Мүмкіндігінше заманауи 

(2004 жылдан бері қарай) басылымдарға сілтеме жасаған жөн. Түпнұсқа басылымдар үшін 

дереккөз саны 30-дан, шолу мақалаларында 100-ден аспау керек. 

Редакция әдебиеттер тізімінде ұлттық, Ресейлік әдебиеттер (50%) және халықаралық 

басылымдарға  шыққан  рецензияланған  шет  елдік  басылымдар  арасында  баланс  болу 

керектігін еске салады.  

Редакция мәлімдеме түйініне, газеттерге, басылып шықпаған зерттеулерге және жеке 

хаттарға  сілтеме  жасағанды  құптамайды.  Сілтемелер  қолжазба  авторларының  түпнұсқа 

құжаттарымен  сәйкестендіріледі.  Автор  библиографиялық  дереккөз  бен  оның  ағылшын 

тіліне аудармасының дұрыстығына жауапты.  

Әдебиеттер тізімі «Скопус» ХМД талаптарына сай болу үшін екі нұсқада беріледі:  

1. Ванкувер стиліне сәйкес шет елдік дереккөздермен бірге орыс тілді 

2.  Басылымдар  дереккөздерінің  ағылшын  тіліне  аударылған  латын  әріптерімен 

транслитерацияда. 

Орыс  тілдегі  текстті  латын  тіліне 

http://www.translit.ru/

  сайтындағы  ақысыз 

транслитерация бағдарламасымен (BSI нұсқасы) аударуға болады.  




Қабылданбаған мақалалар қайтарылмайды. 

 

 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау