39
деңгейіне қойылатын талаптарда» да өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылған
әдеби көркем шығармаларды өздігінен оқып талдау, сыныптан тыс және өзіндік
ізденіс жұмыстарына ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқу,
өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-
ықыласы мен қабілеттілік таныту, оқырмандық мәдениеті мен қаламгер
шығармашылығына құрметпен қарау, өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып,
өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп жеткізуге дағдылану сынды білік-дағдылар
шәкірт-оқырманға қойылатын негізгі талаптар қатарында аталады.Қазақстан
Республикасы «Білім беру туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері:
.... азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны - Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікпен, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге тәрбиелеу» [79,16б] – деп жазылған. Осы маңызды құжаттардағы
мақсаттарды орындауда білім беру жүйесіндегі оқытылатын пәндер қатарынан
әдебиеттің ерекше рөлі бар екені баршаға аян. Аталған мәселе туралы
профессор, әдіскер-ғалым Б.Ө.Сманов: «Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда
орта мектепте өтілетін пәндер қатарында қазақ әдебиетінің алатын орны
ерекше. Өйткені оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін
танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық
т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін
қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану
– әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі, - дейді [80]. Қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесі әдебиеттану, психология, педагогика ғылымдарымен
сабақтаса, ұштаса отырып, олардың нәтижелерін арқау ету арқылы арнаулы
ғылым саласы ретінде өз міндеттерін шешеді. Бұл қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің зерттеу нысанын, әдіс-тәсілдерін, қызметін, мән-маңызын,
мақсат-міндеттерін айқындайды.
«Әдебиет әдістемесі, – дейді көрнекті әдіскер-ғалым, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор А.Көшімбаев, – педагогикалық
ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі,
қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім
мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика
ғылымының, оның теориясының жалпы қағида, ережелеріне сүйенеді. Бірақ
әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас
алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып-үйрену негізінде оқушыларға
берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды»
[77, 246 б].
Мұнда ғалым әдебиет әдістемесі ғылымының жалпы педагогика
ғылымымен өзара байланысты болатынын айтып отыр. Әдістеменің
қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып
сан алуан түрлене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы да айтып кеткен.
Ол жалпы дидактика – барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары,
жолдары, оқыту жайындағы мәселелер жөнінде, ал жеке әдістеме
дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда қалай орайластыру,
қалай пайдалану, қандай әдіс қолдану керектігі туралы баяндайтынын
40
ескертеді.
Ана тілі мен әдебиетті оқытудың әдістемесі жөніндегі ғылым тарихында
Ахмет Байтұрсынұлының көшбасы болғаны баршаға аян. А.Байтұрсынұлының
оқудың негізі білімді өз бетінше меңгеру екенін айтқан құнды пікірлері әлі
күнге дейін педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Бұл оқушының оқу
әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетімен үйлесімде болатынын
көрсетеді. Оның «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегіндегі тұжырымды
ойлары бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізгі тірек бағалы пікірлеріне
жатады. Өйткені, баланың білімді өздігінен алу жолдарын анықтау – әдістеме
ғылымының басты қызметі мен міндеті. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының
«Баяншы», «Әлифба астары» сияқты әдістемелік еңбектерінде де молынан
айтылған. А.Байтұрсынұлының әдіскерлік пікірлері Мағжан Жұмабаев
еңбектерінде жалғасын тапты. Ол баланы көркем әдебиетпен таныстыруға
ерекше назар аударды. Ұлы ақын әрі ағартушы әдеби шығармамен жүргізілетін
жұмыстардың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау
керектігін айтып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты әдістемелік
еңбегін жазды. Онда ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес
ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынды.
М.Жұмабаевтың сол кездегі жасаған жүйесі қазіргі әдебиеттік оқу курсына да
негіз бола алатынын анық байқауға болады.
Ал орыс әдебиеті әдістемесінің аса көрнекті өкілі В.В.Голубков «Әдістеме
дегеніміз – уақытты үнемдей білу, оқушы күш-жігерін ақылмен жұмсау, оқу
материалынан негізгі және басты мәселелерді таба алу, ұжым болып табылатын
сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке
әрекеттеріне ықпал етуді алдын ала ойластыру», – деп әдістеме ғылымына
анықтама беріп, қай пән бойынша болмасын барлық әдістемелік жұмыстар
құрылымы оқытушы әрекетінің ұстанымдарын, материалдарын және әдістерін
қарастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ, олар «не үшін, нені және қалай?» деген
үш негізгі сұраққа жауап беретінін ескертеді [66,464б].
Жалпы білім беретін қазақ орта мектептеріндегі негізгі пәндердің бірі
болып есептелетін қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесінің қамтитын
мәселелерінің ауқымы мектептегі әдебиет пәні сабақтары мен әдебиетке
байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу
жоспарының тұрақты (инвариантты) бөлігінен берілетін таңдау курстарынан,
әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісіндегі өзара қарым-
қатынасы арқылы орындалатын жұмыстардан тұрады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының іргетасын қалап, негізін
салуда өзіндік ой-пікір, ғылыми тұжырымдарымен әдістеме тарихынан орын
алған А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, Б.Майлин, Т.Шонанов,
М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, С.Сейітов, т.б.
және 1940-2010 жылдар аралығындағы әдебиетті оқыту әдістемесінің
кемелденген шағында оқулықтар мен бағдарламалар жасауда А.Көшімбаев,
Ә.Қоңыратбаев,
Ш.Кәрібаев,
Қ.Жұмалиев,
М.Қаратаев,
Ш.Аманов,
Т.Әбдірахманов, Е.Ысмайылов, М.Базарбаев, С.Қирабаев, З.Қабдолов,
Достарыңызбен бөлісу: |