Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет17/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77

35 
 
қызығушылығын  туғызу  сияқты  тұжырымдамалық  пікірлерді  ғылыми  жүйеге 
түсіреді. 
Одан  әрі  мектепте  әдебиетті  оқыту  әдістемесінен  нақты  бір  таңдап 
алынған  мәселе  бойынша  экспериментті  жүргізу  тәртібі  баяндалады,  олардан 
соң  республика  мектептеріндегі  мұғалімдердің  тәжірибесін  бақылау 
(педагогикалық  кеңестер,  әдістемелік  жиындар,  педагогикалық  оқулар, 
мұғалімдер  сабақтарына  тікелей  қатысу  т.б.),  қазақ  әдебиетін  оқытуға 
байланысты түрлі әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйреніп (жеке монографиялар, 
мұғалімдердің  жұмыс  тәжірибесінен  құрастырылған  әдістемелік  мақалалар 
жинақтары  т.б.),  оқушылардың  психологиялық,  әдеби  білімдік,  танымдық 
ерекшеліктерін зерттеп білу, мұндай педагогикалық-психологиялық зерттеулер 
әр  сыныпқа  арналған  оқу  бағдарламалары,  оқулықтар  т.б.  оқу-көрнекі 
құралдардың  сәйкестігін  анықтауға  да  керек  болатындығы,  оқушылармен 
оқырман ретінде жекелей және топтап әңгімелер өткізу, олардың ауызша және 
жазбаша  тілдерінің  дамуын  бақылау,  оқушылардың  әдеби  білімдерін  жалаң 
қорытпай,  оны  тарихи-әдебиеттік  білім  ретінде  тарихты  білуімен 
байланыстырып зерттеу, мұғалім мен оқушы арасындағы әдебиет сабағындағы 
оқу әрекеттері жөнінен қарым-қатынасын тікелей бақылап, сараптау, әдебиетті 
оқыту  әдістемесі  жайындағы  басқа  республикалардағы  ғылыми-әдістемелік 
тәжірибелермен  байыту  т.б.  мәселелерді  айқындай  отырып,  ғалым  қазақ 
әдебиеті әдістемесі ғылымының түзілу мазмұнының құрылымын ашып береді. 
Сөйтіп,  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  қалыптасу  жолының  аса  күрделі 
екенін баяндай отырып, А.Көшімбаев оның әдебиеттану ғылымының дамуынан 
кенжелеп  дамуының  басты  себебін  көрсетеді.  А.Көшімбаевтың  бұл  еңбегі 
Ә.Қоңыратбаевтың жасаған іргелі әдістемелік зерттеуімен бірге қазақ әдебиетін 
оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  қалыптасуын  біржолата  орнықтырып, 
тиянақтады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне  даңғыл жол салды [77].  
Әдебиет  пәнінің  негізгі  қызметі  –  оқушылар  бойында  оқырмандық 
мәдениетті  қалыптастыру  мәселесіне  қазақ  әдебиеті  әдістемесінде  өткен  XX 
ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  арнайы  зерттеулер  жүргізіле  бастады. 
Солардың  бірі 
– 
педагогика 
ғылымдарының 
докторы,  профессор 
Т.Жұмажанованың 
«IV-VII 
сынып 
оқушыларының 
оқырмандық 
қызығушылығын арттыру» атты еңбегі. 
Оқырмандық  мәдениет  мәселесін  автор:  «Оқушылардың  моральдық 
бейнесін  қалыптастыруда,  ой-өрісін  дамытып,  өзін-өзі  тәрбиелеуде  сыныптан 
тыс  оқу  мәселесі  төңірегінде  сөз  етеміз  –  деп,  сыныптан  тыс  оқуды  тәрбие 
үрдісі  аспектісінде  қарастырған  бұл  еңбек  оқырмандық  мәдениетті 
қалыптастыру  жолдарын  анықтауда  қазақ  әдебиеті  әдістемесі  ғылымында 
тарихи  құнды  алғашқы  зерттеу  жұмысы  болып  табылады.  «Қазақ  әдебиетінің 
оқыту  методикасында  оқушының  оқырман  ретінде  қызығушылығын  анықтау 
мәселесі мүлде зерттелген жоқ», – деп автор бұл мәселенің маңыздылығын сол 
тұста дәлелдеп көрсетеді. «Оқушының бүкіл жан-дүниесіне көркем әдебиеттің 
қалай  әсер  еткенін  анықтап  білу  –  мәдениетті  оқырман  тәрбиелеп  шығару 
методикасының  кілті»,  –  дей  отырып,  ғалым  оқушының  оқырман  ретіндегі 


36 
 
қызығушылығын  анықтауда  жүргізілген  эксперимент  жұмыстарына  мол  орын 
беріп,  оның  әдіс-тәсілдерін  (анкеталық  сұрақ-жауап,  жеке  оқушымен  әңгіме, 
оқушы  шығармасын  зерттеу,  оқушының  кітапханадағы  жеке  формулярымен 
танысу,  оқушының  жеке  күнделіктерінде  жазылған  әсерлер,  мұғалімдермен, 
ата-ана, дос-жораларымен осы тақырыпқа әңгіме жазуды тапсырады. 
Оқырмандық қабілетті дамыту аса күрделі де ұзақ үрдіс, үнемі оқытушы 
тарапынан бақылап, зерттеп отыруды талап етеді. Осы орайда Т.Жұмажанова өз 
тәжірибесіндегі 
дидактикалық-педагогикалық 
қағидаларды 
әдістемелік 
қолданысқа  жеткізудегі,  ұластырудағы  ізденістерін  ортаға  салады.  Мұнда 
ғалым ең алдымен оқушының кітапқа қызығушылығын анықтап алу керектігін 
айтады.  Демек,  баланың  көркем  шығармаға  деген  қызығушылығына  бағыт 
сілтеу,  эстетикалық  талғамын  тәрбиелеу,  оны  әрі  қарай  дамытып  бекіту, 
қалыптастыру  –  педагогикалық  маңызды  проблеманың  бірі.  Осы  мәселелерді 
ескере отырып, зерттеуші ғалым оқушының оқырман ретінде қызығушылығын 
анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынады. 
Ғалым  1995  жылы  жарық  көрген  «Әдебиетке  байланысты  жүргізілетін 
кластан 
тыс 
жұмыстардың 
ғылыми-әдістемелік 
негіздері» 
атты 
монографиясында  да  әдебиет  пәніне  байланысты  орындалатын  сыныптан  тыс 
жұмыстар,  сыныптан  тыс  оқу  сабақтарын  жүйелі  түрде  мазмұнды  әрі  мәнді, 
дұрыс  ұйымдастыра  білу  оқушыларды  өз  бетімен  кітапты  пайдалана  білуге 
үйрететінін,  олардың  білімін  кеңейтетінін,  әдеби  ой-қиялын  ұшқырлай 
түсетінін,  тілін  дамытатынын,  ең  бастысы  кітап  оқуға  құштарлығын 
арттыратынын кеңінен сөз етеді [78]. Расында да, мектепте оқытылатын әдеби 
материалдардың  көлемі  ұшан-теңіз.  Оның  барлығын  әдебиеттік  оқу 
сабақтарында түгел қамту мүмкін емес. Демек, әдебиеттік білім беру  мен оны 
терең  меңгертуде,  бағдарламалық  материал  негізінде  шәкірттің  білім  көлемін 
кеңейту  сыныптан  тыс  жүргізілетін  әр  түрлі  жұмыстар  арқылы  біртіндеп  іске 
асырылады. 
Ғалым  осы  ретте  әр  түрлі  іс-шаралардың  негізінде  оқушылардың  әдеби 
тілінің,  білім  аясының  кеңеюі,  әдебиетті  сөз  өнері  табиғатына  сай  оқып  білу, 
оның  идеялық,  эстетикалық  мән-мағынасына  терең  бойлап,  тебірене 
қабылдауы,  оқырмандық  қызығушылығының  қалыптасуы  сыныптан  тыс 
оқумен толықтырылатынын орынды негіздейді. 
Тегінде,  жасөспірімдерді  тәрбиелеуде  сыныптан  тыс  жұмыстардың 
алатын  орны  ерекше  екендігін  зерттеуші  әдіскер  ғалымдарымыз  өз 
еңбектерінде  әр  қырынан  алып  қарастырып  жүр.  Әр  жылдарда  жарық  көрген 
әдебиет  бағдарламаларының  түсінік  хатында  сыныптан  тыс  оқу  мәселелері 
арнайы сөз болып, сыныптан тыс оқылатын шығармалар тізімі беріледі. Мұның 
өзі  пән  бағдарламасының  да  оқушылардың  өздігінен  қосымша  әдебиеттермен 
танысуын міндеттейтінін көрсетеді. Ұтымды ұйымдастырылатын сыныптан тыс 
жұмыстар  арқылы  оқушылардың  оқу  белсенділігін  арттырып,  ой-өрісін 
кеңейтуге,  шығарманы  түсініп,  талдап  үйренуге,  сол  арқылы  әдебиеттің 
табиғатын тануына жол ашатыны анық. 
Профессор  Т.Жұмажанова  осыған  орай  әдебиеттен  жүргізілетін 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау