Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет21/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77

43 
 
алдына  нақтылы  мiндет  қоя  отырып,  әр  сабақтың  мақсатын  айқындап  алуын 
талап  етедi  және  оқыту  барысында  мұғалiмге  еркiндiк  бередi,  белгiлi  бiр 
мақсатқа  орай    мұғалім    жұмыстың  түрлерi  мен  талабын  оқушының  жеке 
басының  қажеттiлiгiне  сай  жетiлдiрiп  не  азайтып  отыруына  болады.  Бұл 
ұстаным  бойынша  әдебиетті  оқытуда  шығармашылық  тапсырмалардың 
түрлендіру,  күрделендіру  немесе  керісінше    ықшамдау,  жинақтау  әр  баланың 
өзіндік  қабылдау  қабілеттеріне  сәйкестендіру  қарастырылады.  11сыныпта  
поэзияны  оқытуда  бағдарламадағы  Ә.Тәжібаев,  С.Мәуленов,  Ж.Молдағалиев, 
М.Мақатаев, Қ.Мырза-Әли өлеңдерін оқушының оқырмандық қабілетіне қарай 
саралап беруге болады.  
Оқытудың  көрнекілік  ұстанымы.  Сабақта  көрнекі  құралды  ұтымды 
пайдалана  білу  –  сабақтың  сапасын  жақсартады.“Жүз  рет  естігеннен,  бір  рет 
көрген артық” деген халық даналығы осыны аңғартады. Көрнекілікте оқушыны 
байқағыштыққа,  оймен  топшылауға  жаттықтырады.  Ол  оқушының  зат, 
құбылыс, туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-
ойын дамытады.  Әдебиет  сабақтарында  бұл  ұстаным    үнемі  назарда  болуы 
тиіс.   
Оқушылардың  танымдық  мотивациясын  қалыптастыру  ұстанымы 
оқушылардың  жаңа  білімді  игеруі  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  ұстаным 
оқушылардың  танымдық  және  шығармашылық  белсенділігін  дамытуды 
көздейді.  Әртүрлі  бағыттағы  жұмыстар  арқылы  оқушылардың    ғылыми-
теориялық, диалектикалық ойлауын, ғылыми түсінік жүйесін қалыптастыруды 
талап  етеді.  Оқушыға  қажет,  пайдалы  материалдың  пән  мазмұнына  негізделуі 
танымдық  мотивация  ұстанымына  сүйенеді.  Оқушылардың  танымдық 
мотивациясын  қалыптастыру  рефлекция  мен  жалпы  мақсаттарды  ұғынып  іске 
асыру  арқылы  шешіледі.  Сабақ  барысында  кері  байланыс  мұғалім-оқушы, 
оқушы-оқушы,  оқушы-мұғалім  формасы  арқылы  жүзеге  асады.  Оқушылардың 
танымдық  мотивациясын  қалыптастыру  үшін  түрлі  ойындарды,  әлеуметтік-
психологиялық  жағдаяттарды  қолданған  ұтымды.  10-11сыныптарда  эпикалық 
шығармаларды  оқырмандық  әрекетке  бағыттай  отырып  оқыту    оқушылардың 
дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыруға,  өзіндік  ой  қорыта  алу 
құзыреттіліктерін  жетілдіруге  көмектеседі.  Мәселен,  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 
Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, И.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, 
Қ.Жұмаділов  т.б.  оқулықта  берілген  қаламгерлердің  шығармаларына 
оқырмандық  қызығушылық  тудыра  отырып  оқыту  олардың  эпикалық  
романдардағы  мазмұнды  жаңа  білім  ретінде  және  танымдық  құрал  ретінде 
қабылдауларына септігін тигізеді. 
Сенімділік  қабілетін  дамыту  ұстанымы  оқушының  жеке  тұлғасын 
қалыптастыруды  мақсат  етеді.  Оқушының  өзіне  деген  сенімділігін  күшейтіп, 
ұжым  алдында  өзін-өзі  ұстап,  пікір  айту,  талас  тудыратын  даулы  мәселелерді 
шешуде  әділ  тоқтам  жасай  білу  дағдысын  жетілдіреді.  Шығармашылық 
ұстанымы  құзыреттілікке  бағытталған    әр  түрлі  тапсырмаларды  өздігінен 
орындау  білігін  қалыптастыруды  нысана  тұтып,  оқытудың  қай  ұстанымы 
болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл ұстанымдар 


44 
 
мектептегі  әдебиетті оқытуда  жетекші әдістемелік мәнге ие десек те болады, 
өйткені  әдебиетті  оқытудың  өзі  шығармашылық  деген  ұғымға  саяды. 
Оқытудың    іс-әрекеттілік ұстанымы білім  алушылардың  танымдық  әрекетін 
дамытып,    олардың    өз  әрекетін  өзі  бақылай  алуының    қалыптасуына  негіз 
болады. Ал іс-әрекеттілік ұстанымы эпикалық шығармаларды оқыту барысында 
оқушылардың  нақты  бір    идея  төңірегінде  өзіне  жақын    мәселелерді  шешуге 
көмектесетін  әдістерді  таңдауымен  ерекшеленеді.  Пәнаралық  интеграция 
ұстанымы  берілетін  білім  мазмұнының    нәтижелiлiгi  мен  оқытудың  сапалық 
деңгейін  танытады.  Пәнаралық  байланыс  ұстанымы  оқушының  әдеби    білімін 
өзге  пәндер  аясында  толықтыруына  септігін  тигізеді.  Сол  себептi  әдебиеттің 
басқа  пәндермен  ықпалдастығы  оқушының  интеллектуальдық-танымдық, 
iскерлiк  сапаларын,    шығармашылық  әрекетiн,  қарым-қатынастық  бiлiктiлiгiн, 
әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын 
дамытуға  септігін  тигізеді.  Қазіргі  оқыту  үдерісінде  аралық  интеграция 
ұстанымы салалық білімдер аясында аса маңызды деп танылады. Мәселен тіл, 
әдебиет,  тарих  пәндерінің  кіріктірілуі  арқылы  кез  келген  эпикалық 
шығарманың мазмұндық құрылымындағы  ерекшеліктерді, көтерілген мәселені, 
кейіпкердің мінез-құлқын, көркем ойлауын    талдауға болады.  
 
Оқыту  үдерісі  –  пән  мұғалімі  мен  оқушылардың  бірлесіп  жасайтын  іс-
әрекеттерін қамтитын екі жақты үдеріс. Оқыту үдерісі – білімді , біліктілік пен 
дағдыны  меңгертеді,  оқушылардың  дүнетанымын,  потенциалын,  жеке 
қабілеттерін  тәрбиелеп  дамытатын  іс-әрекет.  Оқу  барысында  білім  алушының 
сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері 
қалыптасып дамиды. Бұл қасиеттер  оқытудың психологиялық, педагогикалық 
ерекшеліктерімен  сабақтаста  болуы  шарт.  Оқытудың  басты  мақсаты,  әдіс-
тәсілдер, мазмұн, міндеттер негізінде қоғам талабынан туындайтын мәселелерді 
шешуге  үйрету.    Оқыту  –  таным  үдерісі,  яғни  білім  алушының    білімге  деген  
қызығушылығын дамытады. 
 
Оқытудың  міндеті  –  білім  алушыны  қоршаған  ортамен  және  адам 
дамуының  негізгі  заңдылықтарымен  қаруландыру.  Оқытуда  ғылым  негіздерін 
оқып  үйренудің  өзі,  ғылым  тарихымен,  оның  әдістерімен  танысу,  ұлы 
ғалымдардың  өмірі  мен  қызметі  жайлы  ақпарат  алады.  Яғни,  оқыту–дамудың  
негізі. Оқыту тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық 
қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. 
Мұның  мәнісі,  жеке    тұлғаға  кешенді  ықпал  жасауды  көздейді.  Осы  негізде, 
оқыту  үдерісінің    бірінші  қызметі  –  оқушыларға  білім  беру.  Білім  беру, 
біріншіден,  ғылым  негіздеріне  сай  білім  алушыларды  нақты  фактілермен, 
қағида  және  түсініктермен,  заңдылықтармен  қаруландыруды  қамтамасыз  етсе, 
екіншіден  солардың  негізінде,  айналасындағы  әртүлі  құбылыстарға  олардың 
ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 
 
Екінші  қызметі  –  тәрбиелеу.  Оқыту  барысында  білім  алушыларды 
теориялық  білімдер  жүйесімен  қаруландырып,  жеке  тұлғалық  қасиеттерін 
қалыптастырып  дамыту.  Сонымен  бірге  оқыту  барысында  тәрбиенің    мақсат, 
міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Демек , тұлғаға білім бере 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау