Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет16/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77

33 
 
Бұл 
пәндік 
тұжырымдамада 
соңғы 
жасалған 
типтік 
оқу 
бағдарламаларында  осы  олқылықтарды  жөндеуге,  білім  мазмұнына  жаңаша 
көзқараспен  қарауға  әрекеттенушілік  орын  алды.  Тұжырымдамада  әр  сынып, 
әрбір буын бойынша оқытылатын  әдебиет пәнінің мақсаттары мен міндеттері, 
оқушыларға  әдеби  білім  берудің  жағдайы  мен  даму  тенденциялары,  қазақ 
әдебиетін  оқытудың  жаңа  міндеттері,  әдеби  білімді  жаңарту  жолдары,  әдеби 
білімнің  мазмұны  мен  құрылымын,  әдебиеттен  берілетін  білімнің  базалық 
деңгейлерін  айқындау,  оқушылардың  міндетті  деңгейіне  қойылатын 
талаптарсияқты  келелі  мәселелерді  жүзеге  асырудың  бағыт-бағдарлары 
нақтылы тұжырымдар арқылы жүйеленді. 
Қазақ әдебиеті пәнінің тұжырымдамасында психология, педагогика және 
мектепте  әдебиет  оқыту  тәжірибесі  арқылы  анықталып,  тұжырымдалған 
сатылары  және  ол  сатыларды  көктей  тартылған  пәндік  іс-әрекет  желілері 
аталады да, әдебиет пәнінің жаңа міндеттері жөнінде: «Әдебиет пәні халықтың 
әдет-ғұрпын, 
салт-дәстүрін, 
тұрмыс-тіршілік 
болмысын, 
халықтық 
психологияны  оқушы  сана-сезіміне  сіңіре  отырып,  этникалық  мәдени  топтың 
мүшесі  ретінде  социологиялық  тұрпат  қалыптастыруға  қатынасады,  ұлттық 
сана тәрбиелейді», – деп көрсетіледі [74]. Бұл тұжырымдамада, сонымен бірге, 
оқушылардың  психикалық  әрекеттерін,  яғни  оқырмандық  қабілетпен  кітап 
оқуға  қызығушылықты  тәрбиелеу  –  әдеби  білім  берудің  басты  міндеттерінің 
бірі ретінде ескертіледі.  
Біз  бұл  зерттеуімізде  оқушылардың  көркемдік  қабылдау  қабілеттерінің 
құрамдас  бөлігі  –  оқырмандық  қабілеттің  зерттелу  тарихына  шолу  жасай 
отырып,  негізінен  аталған  мәселені  рухани-әлеуметтік,  педагогикалық-
психологиялық,  дидактикалық-әдістемелік  тұрғыда  әр  жылдары  арнайы 
зерттеген орыс және қазақ әдіскер-ғалымдарының еңбектеріне тоқталамыз. 
Бұл  ретте,  әдебиетті  оқыту  әдістемесінің  өзекті  проблемаларымен 
айналысқан  ғалымдардың  қай-қайсысы  болсын,  оқыту  мазмұнын  жетілдіру, 
әдебиет пәнін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етуде оқушылардың пәнге 
деген  қызығушылығын  арнайы  қарастырмағанымен,  ішінара  болса  да  зерттеу 
тақырыбымызды сөз етіп өтетінін байқаймыз. 
Сондықтан  орта  мектепте  қазақ  әдебиетін  оқытуды  әдеби-теориялық, 
ғылыми-әдістемелік  тұрғыда  жетілдіру  бағытында  ұзақ  жылдар  бойы  еңбек 
еткен,  еңбек  етіп  келе  жатқан  бірқатар  әдіскер  ғалымдардың  әдеби  білім 
берудің тиімділігін арттыру  жолындағы зерттеу еңбектерін атап өтуді орынды 
көреміз.  Ә.Қоңыратбаевтың  «4-7  сыныптарда  әдебиетті  оқыту  әдістемесі», 
А.Көшімбаевтың  «Сегізжылдық  мектепте  әдебиетті  оқыту  әдістемесінің 
мәселелері», 
Т.Ақшолақовтың 
«Көркем 
шығармаға 
талдау 
жасау», 
С.Қирабаевтың  «Мектеп  және  қазақ  әдебиеті»,  Е.Дайрабаевтың  «Мектепте 
шығарма  жаздыру  әдістемесінің  кейбір  мәселелері»,  С.Қалиевтың  «Мектепте 
Ғ.Мүсірепов  шығармаларын  оқыту  жолдары»,  Ә.Дайырованың  «10  сыныпта 
І.Жансүгіров  творчествосын  оқыту»,  С.Тілешеваның  «Әдебиет  сабақтарында 
жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі, Т.Жұмажанованың «Әдебиетке 
байланысты  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстардың  ғылыми-әдістемелік 


34 
 
негіздері»,  Б.Ө.Смановтың  «Көркем  шығарманы  талдау  әдістемесі», 
Б.Әрінованың «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы 
мен 
дамуы, 
А.Тамаевтың 
«Мектеп 
оқушыларының 
оқырмандық 
қызығушылығын  қалыптастыру»  секілді  тағы  басқа  еңбектер  қазақ  әдебиетін 
оқыту  әдістемесімен  айналысушы  ғалымдардың,  мұғалімдердің  оқушыларда 
оқырмандық  қабілетін  дамыту  арқылы  олардың  кітап  оқуға  деген 
қызығушылығын  дамыта  отырып,  әдеби  білім  беру  саласындағы  ізденістеріне 
мүмкіндігінше игі ықпал еткені байқалды.  
ХХ ғасырдың 1960 жылдары қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында 
үлкен  белес  болып  табылады.  Мұны  орта  мектептегі  қазақ  әдебиетінің 
әдебиеттік оқу курсындағы оқыту әдістемесін ғылыми негізде арнайы зерттеп, 
жүйеге келтірген еңбектердің бірі  – профессор Ә.Қоңыратбаевтың 1962 жылы 
жарық  көрген  «Әдебиетті  оқыту  методикасының  очерктері»  атты  еңбегінің 
қазақ  әдістемесі  тарихында  алатын  өзіндік  орнымен  дәйектейміз.  Еңбекте 
ғалым әдебиеттік оқудың міндеті мен әдістемесі, көркем мәтін бойынша жұмыс 
жасау,  әдеби  шығарманы  талдау,  оның  жанрлық  ерекшеліктеріне  сай  оқыту 
әдістемесі,  әдебиет  теориясынан  берілетін  білім,  V-VIII  сыныптардағы  жазба 
жұмыстар,  сыныптан  және  мектептен  тыс  жүргізілетін  әдебиет  пәніне 
байланысты іс-шаралар секілді мәселелерді сөз етіп,  оларды тұтас әдістемелік 
жүйеде    қарастырады  [75].  Дей  тұрғанмен,    бұл  еңбекте    әдебиеттік  оқудың 
әдістемелік  мазмұнын  толық  қамту  мақсаты  қойылғанымен,  оқушылардың 
оқырмандық  қабілетін  дамыту,  шәкірттердің  кітап  оқуға  қызығушылығын 
тәрбиелеу мәселесі тек жанама түрде қарастырылған. 
Бұдан  кейін  1969  жылы  профессор  А.Көшімбаевтың  «Қазақ  әдебиетін 
оқыту  методикасы»  атты  іргелі  еңбегі  жарыққа  шықты.  Бұл  еңбекте  қазақ 
әдебиетін оқыту әдістемесі жеке ғылым екені дәйектеліп, оның салаларын жан-
жақты  саралап  ашып  береді.  Мұнда  ол:  «Әдебиет  методикасы  (әдістемесі)  – 
педагогикалық  ғылымдардың  саласына  жататын  ғылыми  пән.  Мұның 
қарастыратын  мәселелері  –  мектепте  әдебиетті  оқыту  сабақтары  кезінде 
мұғалім  мен  оқушылардың  оқу-тәрбиелік  үдерістегі  өзара  қарым-қатынасы 
болып  табылады.  Ол  көркем  әдебиетті  оқып-үйрену  негізінде  оқушыларға 
берілетін білім мен тәрбие мәселелерін баяндайды», – деп әдебиет әдістемесіне 
анықтама бере келіп, оқушыларға әдеби білім және оның негізінде тәрбие беру 
ісі  сынып  жағдайында  әдебиетті  оқып-үйренумен  шектелмейтініне  көңіл 
аударады:  «Әдебиет  методикасының  бұл  жөнінде  көмекке  келетін  тағы  бір 
маңызды  объектісі  –  құралы  бар,  ол  әдебиетке  байланысты  жүргізілетін 
сыныптан,  мектептен  тыс  жұмыстар,  сыныптан  тыс  оқу,  түрлі  әдебиет, 
драмалық  үйірмелер,  әдеби  кештер,  экскурсиялар  т.т.»,  [76]  –  деп 
тұжырымдайды. 
Сөйтіп  А.Көшімбаев    бұл  еңбегінде  қазақ  әдебиеті  әдістемесін  ғылым 
ретіндеайқындап  дәйектеуге  негіз  салып  әдебиетті  оқыту  әдістемесінің 
міндеттері  мен  мазмұнын  ашады,  қазіргі  әдебиет  әдістемесінің  басты 
қағидалары  болып  табылатын  эстетикалық-этикалық  мәселелер,  шәкірттерді 
ойлау  мәдениеттеріне  үйрету,  оқырмандыққа  тәрбиелеу,  кітап  оқуға 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау