Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет26/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77

53 
 
арқылы,  үшіншіден,  оның 
іс-әрекеттерінің 
әлеуметтік-психологиялық 
түрткілерін,  психологиялық  жағдайын,  мінезін  және  тұтас  тұлғаға  саналы 
психологиялық талдау жасай отырып жүзеге асады. Оқырманның кейіпкермен  
эмпатиялық    қатынасы  ең  алдымен  басқа  біреудің,  уайымын  эмоционалды 
сезіну  қабілеттілігмен  сипатталады.  Тәжірибелік  жағдайда  эмпатия  нақты 
қарым-қатынаста  қаралады,  бірақ  шынайы  өмірде  басқа  адамдардың 
эмпатикалық  уайымдарын  индивид  тікелей  қабылдамайды.  Бұл  ретте  эмпатия 
индивидтің адамдарға қатынасынының сипатын көрсететін, оның ұстанымдары 
мен бағыттары көрінетін тұлғаның орнықты қасиетінің сипатын қабылдайды.  
Т.П.Гаврилованың    пікірінше    оқырманның  қабілеттілігінің  бір  қыры 
эмоционалды-когнитивті  жүйе  ретінде  қалыптасатын  көркем  шығарма 
кейіпкеріне    эмоционалды  жауап  беру  болып  табылады.  Әдеби  туындыны 
қабылдау  үдерісінде  оқырман  мен  жазушының  қарым-қатынасы  сөз  арқылы 
болғандықтан, эмпатиямен қатар  тілдік қабілеттіліктер де үлкен рөл атқарады. 
Көркем  әдебиет  көптеген  зерттеушілердің  пікірі  бойынша  тұлғаға  күшті  әсер 
ететіндіктен, өзінде дамытушылық және тәрбиелік потенциалды  алып жүреді: 
адамзаттың  рухани  тәжірибесіне  баланы  қатыстырады,  оның  ақыл-ойын 
дамытады, сезімдерін әсемдейді  [88, 240 б].  
Көркем  әдебиет  –  тұлғаның  жан-жақты  үйлесімі  дамуының  маңызды 
құралы  болып  табылады.  Ол  адамның  өмірлік  тәжірибесін  кеңейтеді:  сезінуге 
көмектеседі, білуге және оқырман шынайы өмірде сезіне алмайтын және бастан 
кешірей  алмайтын  жағдайларды  сезінуге  және  бастап  кешіруге  көмектеседі.  
Л.И. Беленькаяның байқағаны бойынша, қызметтің көптеген түрлерінде жанама 
түрде  қатыспағандықтан,  енді  қалыптасып  келе  жатқан  тұлға  болғандықтан, 
көркем әдебиет шынайылықты танудың өзіндік формасы ретінде бала өмірінде 
өте маңызды рөлге ие.  
Көркем әдебиетті оқу үдерісінде балада әр түрлі жанама түрдегі оқырман 
уайымдарының  тәжірибесі  жинақталады:  оқырман  эмоцияларының  әр  түрлі 
бояуы  –  қуанудан  мұңға  дейін  және  қорқыныш;  туындының  әр  түрлі 
жанрларын,  стильдерін,  авторларлы,  тарихи  эпохаларды  қабылдаудағы 
сезімдер. Бала құштарлыққа ие болады; өзінің қалауларын, оқырман таңдауын 
жүзеге  асырады;  әлемдік  кітапхана  жүйесінің  тәжірибесімен  танысады:  нақты 
түсініктер мен ұсыныстар негізінде қалыптасқан сөздік қорын белсендендіреді 
және  молайтады,  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша  формада  жеткізе  алу 
біліктіліктерін дамытады.  Эмоционалды дұрыс қабылданған кітап, балада кітап 
оқу  барысында  пайда  болған  адамгершілік  уайымды  түсінуге  және  анықтап 
алуға  көмектесіп,  орнықты  эмоционалдық  қатынасты  шақырады.  Бұл 
эстетикалық  және  адамгершілік  уайымның  органикалық  бірігуі  бала  тұлғасын 
рухани дамытады және молайтады. Жоғары сынып оқушысын көркем әдебиет 
классикасына  ендіру  баланың  өмірге  деген  эстетикалық  қатынасын 
қалыптастырады, оның жазушының шығармашылығына деген қызығушылығын 
арттырады, оқырмандық қабілеттіліктерін дамытады [89].  
Ал қазақ топырағында жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін ХІХ  
ғасырда  өмір  сүрген  қазақ  ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин, 


54 
 
Ш.Уалиханов шығармалаларынан көруге болады. Абай адамды қоршаған орта 
–  табиғаттың  бір  бөлігі  дей  келе,  табиғаттың  адам  баласына  берген  керемет 
сыйы-туылғаннан  бастап  білуге,  түсінуге  деген  ұмтылысы  деп  есептейді. 
Адамның  ойы  мен  санасы  еңбек  іс  әрекеті  нәтижесінде  қалыптасып,  дамиды 
деп  тұжырымдайды.  Ш.Уәлиханов  жеке  тұлға  тәрбиесінде  білім  мен  тәрбие 
шешуші  рөл  атқарады,  адам  қабілетінің  дамуына  бейімділігінің,  ынтасының 
маңыздылығы  зор  екенін  айтады.  ХХ  ғасырдың    алғашқы  ширегіндегі  қазақ 
ғұламалары  мен  қоғам  қайраткерлері  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов,  М.Дулатовтардың  педагогикалық  мұраларында  білім  беру 
үрдісінде  балалардың  қызығушылығы  мен  қабілеттілігін  қалыптастыру 
мәселесін  ескеру  керектігі  баса  айтылған.  Ж.Аймауытұлы  «Психология  және 
мамандық  таңдау»  еңбегінде  белгілі  ғалымдардың  зерттеулеріне  сүйеніп, 
мамандықты  адекватты  таңдай  білуге  арналған  кеңестерін  ұсынды.  Оның 
пікірінше,  адамға  табиғат  сыйлаған  қасиеттермен  санаспаса  болмайды  деп, 
іштен  туа  біткен  қабілетке  үлкен  мән  береді.  Мағжан  Жұмабаев  өзінің 
«Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, жеке 
тұлға мәселесін ақыл-ой қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады. Соңғы 
30-40  жыл  ішінде  психологтар  мен  басқа  да  ғалымдар  арасында  қабілеттің 
дамуында  биологиялық  фактор  мен  тіршілік  ортасының,  әсіресе  әлеуметтік 
ортаның қатынасы мен ықпалы жайында пікір айтыстары болып келгені мәлім. 
Дегенмен, мұндай пікірталастар белгілі бір тұрақты қорытынды шешімге келе 
алған жоқ [6, 89 б]. 
Қабілет   –  тұлғаның  нәтижеге  қол  жеткізу  мүмкіндіктерін  көрсететін 
жекедаралық  –  психологиялық  ерекшелігі.  Қабілет  жеке  адамның  өзгелермен 
арақатынастарының  күрделі  жүйесінде,  түрлі  қызметтер  атқару  үдерісінде 
қалыптасады.  Психологиялық  және  педогогикалық  зерттеулерде  іс-әрекеттің 
нақты түрлеріне қабілеттілікті қалыптастыру проблемалары үлкен орын алады. 
Жеке  тұлғаның  дамуында  оның  бойындағы  өзіндік  психологиялық 
ерекшеліктер,    қасиеттер  үлкен  рөл  атқарады.  Мұндай  даралық  қабілет  деген 
ұғымға саяды. 
Қабілет  өз  ішіне  әртүрлі  психофизикалық  қызметтер  мен  психикалық 
үдерістерді  ғана  емес,  сонымен  бірге  жеке  тұлғаның    біртұтас  даму  деңгейін 
қамтитын  күрделі  құрылым.  А.Леонтьев:  «Қабілет  –  іс-әрекеттің  талаптарын 
қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамдар қасиеттерінің 
синтезі» - деп анықтама береді [68, 58 б]. Отандық ғалым Т.Тәжібаев «Қабілет – 
іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нәтижелі  орындауда  көрінетін 
адамның жеке қасиеті»  - деп  пайымдайды [90]. Психолог М.Алдамұратовтың 
айтуынша: «Қабілет дегеніміз - әдетте, бір нәрсенің сырын ашып көрсету үшін, 
оған  қатыссыз  өзге  нәрсенің  көмегімен  ашуға  мүмкіншілікті  туғызу»  -  болып 
саналады  [91].  Осыған  ұқсас  анықтаманы  «Қабілет  деп  –  адамның  білімді, 
ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандайда бір іс  - әрекетпен 
ойдағыдай айналысуына көмектесетін негізгі психологиялық қасиеттер» - деген 
Н.Гоноболиннің  тұжырымынан да көреміз [92]. 
Адам  қабілетінің  әр  қилы  болып  келуі  физиологияға,    сигнал  жүйесінің 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау