Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет20/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77

41 
 
Х.Әдібаев,  Н.Ғабдуллин,  Т.Ақшолақов,  М.Мырзахметов,  Ә.Дайырова,  
Р.Нұрғалиев,  А.Қыраубаева,  К.Назарғалиева,  А.Нұрқатов,  Б.Сахариев, 
Ә.Шәріпов,  Қ.Тасболатов,  С.Қалиев,  Ә.Дербісалин,  М.Қараев,  Т.Жұмажанова, 
С.Мақпырұлы,  Қ.Мырзағалиев,  Е.Жұматаева,  Б.Сманов,  Г.Құрманбаева, 
Б.Сманов,  Б.Әрінова,  Қ.Жаманбаева,  А.Тамаев,  Б.Жұмақаева,  Д.Аңсабаев, 
Н.Дөкенова  сынды  т.б.  ғалымдардың  еңбектері  қазақ  әдебиетін  оқытудың  пән 
ретінде зерттелу тарихында өз орындарын иемденді. Олар ұстанған әдістемелік 
ой-пікірлердің әдебиетті оқыту әдістемесіндегі маңызы мен мәнділігін ғылыми 
тұрғыда  дәйектеу,  зерттеу  олардың  жұмысының  өзектілігін  танытты.  Қазақ 
әдебиеті  пәнінің  орта  мектепте  оқытылу  тарихын  зерттеу  оның  әр  түрлі 
кезеңдер  арасындағы  заңды  байланыстарын  ашып,  әдістемелік  ойдың  бірте-
бірте  кемелдене  түскенін  байқатады.  Орта  мектепте  әдеби  туындыны  талдау 
жұмысы  −  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  ғылымындағы  өзекті  мәселенің 
бірі.  Өйткені,  көркем  шығарманың  мән-маңызы,  көркемдік-эстетикалық, 
рухани-этикалық  қуаты  талдау  нәтижесіне  байланысты  ашылмақ,  сонда  ғана 
сабақтың  мақсаты  орындалмақ.  Бұл  тақырып  ежелден  көрші  орыс,  қырғыз, 
өзбек  әдебиеттерін  оқыту  мәселелеріне  байланысты  зерттеулер  нысанына 
айналғаны  әдебиетші-әдіскер  ғалымдар  қауымына  белгілі.  Айталық, 
М.А.Рыбникова,  В.В.Голубков,  Г.А.Гуковский,  Е.А.Маймин,  А.И.Ревякин, 
К.Иманалиев,  Н.И.Ишекеев,  И.Ч.Исамединов,  А.Зуннунов,  А.Алиев,    т.б.  бұл 
салада көп еңбек еткен ғалымдар. 
Жалпы  бiлiм  беретiн  қазақ  орта  мектептерiндегi  «Филология»  бiлiм 
саласын  құрайтын  «Қазақ  әдебиеті»  пәнiн  оқытуда  жеке  тұлғаның  өзіндік  
мүмкiндiктерiне  орай  олардың  үйлесiмдi  дамуын  және  креативтi  ойлай  алу 
қабiлетiн  дамытуға,  сөз  өнерi  негiзiнде  сөйлеу  шеберлiгiн  арттыруға  ерекше  
мән  беріледі.  10-11сыныптардағы  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытуда  тiл  және 
көркем  сөз  өнерi  арқылы    оқушылардың  функционалдық  сауаттылығы  мен 
прагматикалық  қабiлеттерiн  жетiлдiру  көзделеді.  Әдебиеттi  оқып-үйрену 
арқылы  олар  әлеуметтiк  өмiрге  бейiмделiп,  қоршаған  орта,  замана  келбетiн 
түсiнуге қажеттi бiлiм-бiлiк дағдыларды меңгереді. Көркем  әдебиет қоғаммен 
бірге  дамып,  жетіліп  отыратын  ұлттық  құндылық  болғандықтан  мектепте     
әдебиеттiң дiл қалыптастырушылық мiндетiне баса назар аударылады [81]. 
 
Қай  пәнді  болмасын  оқыту    әдістемесі  мен  әдіснамалық    ұстанымдар 
педагогика ғылымының оқу-тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның 
дидактика  бөліміне  негізделеді.  Дидактика  мен  әдiстеме  –  өзара  тығыз 
байланысты болғанмен, әр бөлек ғылым салалары. Әдiстеме мен дидактиканың 
зерттеу нысандары бiр-бiрiне тығыз байланысты, бiрақ бiрдей емес. Дидактика 
оқу,  бiлiм,  тәлiм-тәрбие  үдерістерiндегi  теориялық  мәселелер  мен  ережелердi, 
заңдылықтарды  қарастырса,  әдiстеме  осы  ережелер  мен  заңдылықтарды 
тiкелей жүзеге асыру үшiн қолданылатын нақтылы әдiстер мен тәсiлдердi, оның 
тиiмдi де, сапалы жолдарын қарастырады. Ал әдiснама /методология/ болса, ол 
–  осы әдiс-тәсiлдердiң  жиынтығын  ғылыми  тұрғыдан  қарастыратын iлiм, яғни 
ол практика жүзiнде iске асыратын арнайы әдiстер мен тәсiлдердiң жиынтығын 
теориялық  ережелер  арқылы  дәлелдейдi  және  осы  ережелерге  қатысты  басты 


42 
 
ұстанымдардың түп қазығы, негiзi болып табылады. 
 
Қазақ    әдебиетін    оқыту  ұстанымдары    –  осы  саладағы  заңдылықтарға, 
оқытудың  мақсаты  мен  маңызына,  басты  бағытына  сүйенеді.  Мектептік 
жүйедегі  пәндерді  оқытуда    әдіскер-ғалымдар    ұстанымдарды  төмендегідей 
төрт  топқа  бөліп қарастырады: 
1)  әдіснамалық ұстанымдар;  
2)  ғылыми ұстанымдар;  
3)  психологиялық ұстанымдар;  
4)  жеке дидактикалық ұстанымдар. 
10-11 сыныптардағы  «Қазақ әдебиеті» пәнін  оқытуда аталған төрт топқа 
қатысты  ұстанымдардың  бәрі  ескеріледі.  Оқулықта  берілген  білім  мазмұнын 
меңгертуде  оқытудың  ғылымилық,  түсініктілік,  жүйелілік,  сабақтастық,  іс-
әрекеттілік,  пәнаралық  ықпалдастық,  сабақтастық,  оқытудың  көрнекілік 
ұстанымы  және  т.б.  дидактикалық  ұстанымдар  басшылыққа  алынып, 
оқушылардың  бейіндік  ерекшеліктері  ескеріледі.  Оқытудың  барлық  
деңгейлерінде  жалғасын  табатын  сабақтастық  ұстанымы  пәндік  білім 
мазмұнын  меңгертудің  әдіснамалық  және  әдістемелік  қағидаларынан 
көрінеді.Қазақ  әдебиетін  оқытуда  түсініктілік  ұстанымы  оқушылардың  
өзіндік  қабілеті    мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып  үйлесімді  психологиялық 
ахуал  тудыруға  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  ұстанымдар  әдебиетті  оқытуда 
мектептік  жүйенің  барлық  деңгейлерінде    шешімін  тапқан.  Мәселен, 
оқушыларды  Абай  шығармашылығымен  таныстыру  бастауыш  мектептен  
бағдарлы мектепке дейінгі аралықта жалғасып жатады.  
 
Оқушылардың  тұлғалық  жетістіктерін  ескеру  ұстанымы  күрделі 
тапсырмаларды  шешуге,  өздік  жұмыстарды  орындауға  бағытталып, 
оқушылардың    күтілетін  нәтижеге  жетуіне  мүмкіндік  береді.  Тұлғаның    жеке 
қабiлетiн  ескеруұстанымы  тiке  байланыс  ұстанымына  негiзделедi.  Бұл  қағида 
оқыту әдiсiнде  оқушының жеке басына тән барлық қасиеттердi психологиялық, 
педагогикалық  тұрғыдан  зерттеуге  және  онымен  үнемi  санасып  отыруға 
негiзделедi.  Барлық  оқыту  жүйесі  оқушының  зердесiне,  ынтасына,  қабiлетiне 
қарай бейiмделедi. Адамның жеке қабiлетiн ескеру оқушының iстеген жұмысын 
тексеру  не  бағалаған  кезде  оның  кемшiлiктерiнен  гөрi  жетiстiктерiне  көбiрек 
көңiл  бөлiп  отырғанды  қажет  етедi.  Оқушының    жеткен  жетiстiгiн,  табысын 
атап  өту  арқылы    мұғалім  оның  ынтасын,  қабiлетiн,  өзiне  деген  сенiмдiлiгiн 
арттырады.  Оқушыларға  теориялық  білім  мен  практикалық  дағды  беруде 
олардың  психикалық  қасиеттері,  оқуға  бейімділігі  мен  икемділігі  ескеріледі. 
Мұғалім  әрбір  сабақтың  үстінде  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере 
отырып  жұмыс  жүргізеді.  Сабақты  нашар  және  орта  меңгерген  оқушыларға 
жеке  тапсырмалар  береді.  Әрбір  баланың  темпераментін  назарға  ала  отырып 
жұмыстар орындатады. Бұл ұстаным – әдiстемелiк әдебиеттерде жан-жақты сөз 
болып  жүрген  қағидалардың  бiрi.  Осыған  орай  оның  өзiндiк  белгiлерi  мен 
түрлерi,  ерекшелiктерi  т.б.  айқындалған.  Аталған  ұстаным  эпикалық 
шығармаларды оқытуда да өте тиімді. 
       Жұмыс  түрлерiн  айқындау  ұстанымы  мұғалiмнiң  жан-жақты  iзденуiн, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау