Футболдан ХХ əлем чемпионаты да бітті. Мен үшін бəрібір ең
үздік футболшы Криштану Рональду болып қала бермек. Неге? Негесі
сол, ол – осы біріншілікте бір матчта қақпаға 8 рет дəл доп бағыттай
алған жалғыз ойыншы. Дей тұра, жолы болмады. Əлгі сегіз соққының
бір-екеуі маңдайшаға тисе, бірнешеуін
қақпашы жоқ жерден
фантастикалық сейв жасап, қайтарғанын көрдім. Иə, бір матчта
қақпаға бар-жоғы үш рет доп бағыттап, хет-трек жасағандар да болды.
Меніңше, футбол да картаның ойыны бола бастады.
Мынаны қалай түсіндіруге болады? Чемпион болған Германия
топтық ойында Гана командасын ұта алған жоқ. Ал, сол Ганаңызды
Португалия ұтып кетті. Бəрі де сəттілікке байланысты. Орысша
орағытсақ, «как повернет». Мундиальға барған 32
команданың
ешқайсысы да осал емес. Бəрі де деңгейлес командалар. Тек бірінің
жолы болды, бірінің айы оңынан туа қоймады. Баяғыда Бразилия
басқалардан оқ бойы озық екені дилитантқа көрініп тұратын. Қазір
олар да басқалардың қатарына қосылғанын осы дода көрсетіп берді.
Криштанудың бақталасы Месси одан артық матчтар өткізгеніне
қарамастан ерекше көзге түсе алмады. Жан алып, жан береді деген
финалда өте сүреңсіз ойнаған ол командасының лидері екенін дəлелдей
алған жоқ. Əсіресе, финалдық ойынның соңғы сəтіндегі орындаған
айып добы аулада ойнап жүретін балақайлардың соққысына ұқсап
кетті. Ең шешуші сəтте шеберлік көрсете алмаған оған он минуттан
кейін «Алтын доп» бұйыра қалғанына таң қалдым. Чемпиондық
атақты иелене алмаған аргентиналыққа басу айтылғандай нəрсе болып
қалдың-ау, қайран «Алтын доп»!
Осы чемпионатта бетін алып-салған Роббенді аяп отырмын. Ол
Рональдудың шеберлігіне жете қоймағанымен, осы жарыста
жанкештілік танытқан бірден-бір ойыншы еді. Үздік ойыншылардың
формальды түрде финалда ойнаған командалар қатарынан
анықталатыны – өте əділетсіз шешім. Əйтпесе, бір ойында 16 рет сейв
жасаған американдық қақпашы Тим
Ховард кімнен кем еді? Үздік
қақпашы атанған Нойер оның тырнағына да тұрмайды.
Шынында да мықты команданың қақпасын күзету – əлдеқайда
жеңілірек. Нойердің кейде іші пысып кететіні соншалық, жүйелі түрде
алаңдағы ойыншыға айналып кететінін көз көрді. Сондықтан да үздік
қақпашы атағын Тимге беріп, Нойерге үздік
қорғаушы статусын бере
салу əлдеқайда əділетті болар еді. Хе-хе-хе, каламбурым үшін кешірім
сұраймын. Əрине, менікі – жəй жанкүйер ретіндегі өзімнің ішімдегі
күйік. ФИФА өзі біледі.
***
Кеше бір такси тоқтатып: «Вокзал, 500» дедім. Көзіне қара очки
киіп
алған
отыздардағы
кучер
жігіт
«Не
пойдеть»
деді
жақтырыңқырамай. «Не пойдеть болса, ты свободен, как птица в
полете» дедім юмордың рычагын қосып. «Ну, ладно, садитесь» деді
əлгі бала менің бұрыла берген сəтімде. Осы біздің қазақтың балалары
өздерінен басқаны «лох» санап тұратынына таң қаламын. Алпысқа
келіп қалған мені сындырғысы келген түріне болайын. Сынбаймын
мен ондайға!
Жайғасып отырып алғаннан кейін таксист-сымақтың «жынына
тидім»: «Балам, сенікі ұят болды. Адам деген уровень ұстады екен, до
конца ұстау керек. Сенің уровеніңнің құны 200 теңге ғана болып қалды
ғой». Үндемеді. Тағы ұрыстым: «Сен 500
теңгені ақша көрмейсің, ал
700 теңгені ақша көріп тұрсың. Логика көріп тұрған жоқпын, сынок!
Қазақ айтады: «Жүргенге жөргем ілінеді». Так что, ақша табамын
десең, постоянно движениеде бол!». Бұл жолы да үндемеді. Вокзалға
дейін тағы біраз əңгіме айттым. Ұрысқаным болмаса, нотация
оқымадым. Соным дұрыс болған сияқты.
Түсер кезде ол маған сұрақ қойды: «Аға, сіз кімсіз?». Мен
айттым: «Жəй адаммын». «Қандай болғанда да, адам екеніңіз көрініп
тұр» деді ол. Мен айттым: «Сен де адам бол, қарағым!». Ол манадан
бері көзілдірігін бірінші рет қолына алды. Жанарына қарасам, тым
жақсы бала. «Не пойдеть» деп айтатындай жігіт емес сияқты. Кейде
адамдар өзінің табиғилығын жоғалтып алатындығы несі екен?
***
Көпшілігіміз ауызбен орақ орғанға шеберміз. Айтылған уəде
айтылған жерінде қалады. Сөзімізде пəтуа жоқ. Осы орайда мен бір рет
таң қалғанымды жасыра алмаймын. 2010 жылы мамыр айында Арман
Шораев екеуміз Астанада кездесіп қалып, кафеде əңгіме-дүкен құрып
отырғанбыз. Бір кезде ол Қазақстанда түйепалуанды анықтайтын
үлкен жарыс өткізгісі келетінін айтып қалды.
Шынымды айтсам, мен сене қоймадым.
Біріншіден, қазақтың
ұлттық спортына билік бетін бұра қоятынына күмəнім көп болатын.
Екіншіден, мұндай тың идеяны жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін
қыруар қаржы керек. Арман осының екеуін де жеңіп шықты. Билікті де
иландыра білді. Қаржының да көзін тапты. Сол жылы қыркүйекте,
Арман айтқаннан кейін төрт айдың ішінде «Қазақстан барысы»
дүниеге келді. Бұл жарыстың қазір қандай биікке көтерілгенін айтып
жатқым келмейді. Тек жігіттердің бəрі Армандай болса дейсің осыдан
кейін.
***
Қалай айтқанда да бағымыз бар халықпыз. Ұрпақтан ұрпаққа
ұлыларымыздың ұлы мұрасымен өтіп келеміз. Құдайға шүкір, бүгінгі
күні де келешектің кəдесіне жарайтын хат қалдыруды мұратына
айналдырған абыз ағаларымыз аз емес.
Бағзы мен бақиды
жалғастырып жатқан сара жолды бір адамдай бажайлап үлгерген; өзі
өмір сүріп отырған ортаның да барлық құбылыстары мен айтулы
оқиғаларының қара қазанында қайнап жүріп, соның бəрін саф
алтындай зерделей де, бағалай да білген; сол арқылы қай кезеңде де
заманнан гөрі
Достарыңызбен бөлісу: