Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Оңашадағы онлайн ойлар




Шархан Қазығұл
Оңашадағы онлайн ойлар
Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің
маңызды. Келесі шынайы өмірің осыған байланысты болғандықтан.
***
Мен – музыкадан сауатсыз адаммын. Бірақ Қазақияны 
күй
мемлекеті
деп атар едім. Əнді кез-келген халық айтады. Ал, күй тек
қазақта ғана бар. Біздің брендіміз осы болу керек. Мұны сиқыршының
өзі патенттеймін десе де патенттей алмайды. Бұл саған – қазы да емес,
құрт та емес. Батыстың симфониясына бергісіз дала музыкасының
қадіріне жетпей жүрген өзіміз.
Əйтпесе, қазіргі қазақтың «чижик» əншілері айтып жүрген əн-
сымақтардан 
күй
əлдеқайда биік тұрғаны даусыз. Бəрі пиарға
байланысты. Қазақта күйді насихаттаған адамдар саусақпен санарлық.
Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тлендиев, Ақселеу Сейдімбек, Қаршыға
Ахмедияров жəне тағы бір-екі адам. Өте өкінішті. Қазақтың ұлы
композиторы Шəмші вальсті де күй секілді құйқылжытып шығарған.
Оған мысал – екі қайырмасы бар əндері. Бұл тек күй мемлекетінде
туған адамның қолынан келеді.
***
Саясатта «шараханье» деген ұғым бар. Түбімізге осы жетеді.
Біреуді мақтасақ, аспанға ұшырып жібереміз. Сынасақ, құздан құлатып
тынамыз. Сынағанда ешкімді де жəбірлемейтіндей немесе мақтағанда
адамды ұятқа қалдырмайтындай ортадағы ойды бедерлеу қолымыздан


келмей-ақ қойды. Қысқасы, бүгінгі күні объективті сөз саптауды
игердік деп көпшілігіміз айта аламыз ба?
Мақтау ісінде де, қаралау ісінде де ардың ісіне жүгінуді
жадымыздан шығармауымыз керек дəл қазір. Абай атам бекер
шаршамаған: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бəрі бос».
Контекстегі дос ұғымы ардың ісіне құлауға шақырып тұрғаны айқын.
Осыған жүгінгенде ғана қазақтың басы бірігеді. Жалқаулығымыздан
балалап жатқан жағымпаздық пен көреалмаушылықтан құтылғанда
ғана қазақ бір-біріне дос бола алады, бірлікке бір табан жақындай
түседі.
***
Алтыншы сыныптан бастап үш ай каникулда хат тасушы болып
жұмыс істедім. Бір жазда 240 сом табатынмын. Күзде оқуға баратын
кезде бір жылғы киімімді сатып алып, шырттай болып шыға
келетінмін. Аралда Космонавтар көшесінде Куликова деген əйел
тұрды. Қызы Ленинградта оқитын. Бір күні қызынан хат келіпті. Əлгі
əйел үйіне кіргізіп, бір стакан шай мен пирожки берді.
Сонда пирожки деген жарықтықты бірінші рет жегенмін.
Аралдың балалары үшін өте таңсық ас. Екінші хат келгенде тағы да
əлгіндей пирожкиге тойғызды. «Дəніккен қарсақ құйрығымен ін
қазады» деген. Енді Куликованың қызынан күнде хат келсе екен деп
тұратынды шығардым. Қайран, балалық-ай!
***
Бағзы заманда ел аралап, күнін көруге дағдыланып алған
ағамыздың көзіне бір күні айдалада ырымға ауыл кезікпей əбден
діңкелейді. Арып-ашып, əбден əлсіреп, бір төбенің басына шыққанда,
тəлейі таусылмапты, бір байдың күздеуде отырған жері көз ұшында
көлбеңдейді. «Өлтіре көрмеңдер, бір кесе ағарған берсеңдер, жетеді»
деп төбенің басынан байдың он екі қанат үйіне дейін зарлап келген


ағамыз есіктің сол жағына жайғасады.
Төрде отырған қожайын қызын айранға жұмсаған сəтте аяқ
астынан ағамыз басқаша сайрап қоя берсін: «Əй, айраныңды өзің іш,
мен сенің қызыңды қатындыққа алып кетуге келіп отырған адаммын».
Ал, керек болса! Үй иесі өте ақылды болып шығады: «Сенің əңгімең
дұрыс екен. Кел, менің қасыма жақын келіп айтшы, айтарыңды».
Ағамыз екі өкпесін қолына алып, қасына жетіп барады. «Ал, енді
айтшы» депті бай тағы да. Сонда жаңа ғана қоқаңдап отырған қонақ:
«Айранымды ішем де кетем. Қарынаштықтан басым айналды ма,
байқаусыз аузымнан шығып кетіпті. Сөзімді қайтып алдым, байеке»
деп əзер құтылыпты.
Сөйтсе, бай бүкіл алтынын қонағы отыра кеткен табалдырықтың
сол жағына көміп қойған екен. Міне, будың құдіреті! Алтынның буы
бишараны ғана есінен тандырмайды, күндердің күнінде бай адамды да
ақылынан адастырады. Қазақ бекер айтпайды: «Кедей бай болсам
дейді, бай құдай болсам дейді». Қолына қарға тышқан адам байлығын
еселей түссем деп жанталасады. Философияның заңы: «Қажеттілікті
өтеу жаңа қажеттілікті туғызады». Бұдан кейін бəсекелестік басталады.
Мұның арты дүниеқоңыздыққа барып тіреледі. Осындай маршрут.
Ешқашан «happy end»-ке апармайтын маршрут!
***
Коллега по работе решил проверить меня на предмет знания
казахского языка и задал вопрос – а как на казахском «покрытый
оловом»? В случае незнания грозился пнуть. Но я гордо ответил:
«Қалайымен көмкерілген». Это еще не все. Я аж запел: «Весь
покрытый оловом, /Абсолютно весь». Как Андрей Миронов.
***
Мектепте болсын, жоғары оқу орнында болсын, оқытушылар
балаларға тек бағдар ғана береді. Ал, адамның білімді болуы сол


адамның «самообразованиемен» қаншалықты айналысатындығында.
Қазақтың өз тамырынан ажырамай əлемдік өркениетке ұмтылуы ғана
ұлтты жоғары сатыға көтереді.
Тек орысша ғана оқу немесе тек қазақша біліммен шектеліп қалу
да – қазақ үшін өте қауіпті нəрсе. Томағатұйықтықтан да ада,
нигилизмнен де ада ортадағы синтез ғана бізді білімді ұлт деңгейіне
көтереді.
***
«Басқа тілдерді меңгерген адам» мен «білімді адам» деген
түсініктерді шатастырудың қажеті жоқ. Орыс тілі мен ағылшын тілін
білетін адамды ғана білімді деу – біздің таяз ойлайтынымыздың тағы
бір белгісі. Мен ағылшынша білетін біздің балаларымыздың Шекспир
мен Блейкті оригиналда оқып жүргендеріне күмəнмен қараймын.
Олардың ол тілді пайдалану аясы «бытовуха» мен «договордың»
төңірегінде ғана жүзеге асады. Кез-келген тілді үйренудегі басты
мақсат жалпы əлемдік өркениетті үйрену болуы тиіс. Басқа тілдерді
осындай ұлы мақсатпен үйренгенде ғана ұшпаққа шығамыз.
***
Социализмнің кезінде қолынан ештеңе келмейтін адам өрт
сөндіруші немесе прапорщик болатын. Қазір түкке жарамайтындар
əншілікке ұмтылады. Болса, бола берсін. Бұл – мен үшін соншалықты
маңызды емес. Менің қара жынымды қоздыратыны, олардың
көпшілігінің айтатын мына əңгімесі: «Біз, əншілер халық үшін қызмет
етіп жүрміз!». Осы сөзден логика көрсем, көзім шықсын. Шархан
атымды теріс қойыңдар.
Қазақтардың тойына барып, екі-үш əн салып, екі мың долларды
жұлып əкететін оларды өз басым киллер жалдап, өлтіріп кетсеңдер де
халық үшін қызмет етіп жүр деп айта алмаймын. Болат Атабаевтың
аталы сөзі есіме түсіп отыр: «Мен халық үшін де емес, мемлекет үшін


де емес, өзім үшін еңбек етемін. Қалған сөздің бəрі – өтірік сөз». Болат
Атабаев – əр нəрсені өз атымен айта алатын жігіт.
***
Бүгін – атамның қайтқанына тура 50 жыл. Екінші сыныпқа
баруға дайындалып жүрген кезімде қайтыс болды. Былтыр Қанат
Махамбет сұхбат алғанда атам туралы айтқанмын. Сұхбаттан үзінді:
«Алпысбай (қазақтың танымал суретшісі Алпысбай Қазығұлов –
ред.) екеуміз атамның тəрбиесінде өстік. Екінші інім Жанұзақ туғанда
атам «мына қисықбасың өзіңе құт болсын» деп əкеме «лақтырып»
тастапты. Тілім шықпай тұрғанда өте жылауық болыппын. Атам
малдас құрып, мені алдына алып отырады екен. Жыласам, оң жағын
қолымен көрсетіп «Шархан-ау, мынаң қара» десе, сол төңірекке көзімді
тігіп, жылағанымды сап тияды екенмін.
Сосын ол жақта ештеңе жоғын білген соң қайта жылай
бастағанда «Шархан-ау, анаң қара» деп басқа жақты нұсқайтын
көрінеді. Қарасам, онда да ештеңе жоқ. Сəлден кейін қайтадан
жылауымды жалғастыратын көрінемін. Кейін «анаң қара, мынаң қара»
дегенге де қарамай жылай беретін болыппын. Осылайша, атам мені
өмірде ең алдымен «лох» болмауға үйретіп кетті.
Көптен бері Кенжеғара атам туралы көлемді мақала жазғым келіп
жүрген. Бірақ ойлайсың: «кімде ата болмаған?! Бəрі де өз атасын
өлердей жақсы көреді. Менің атам басқаларға керек пе?». Сіздердің
осы əңгімені өрбіту үшін берген сұрақтарыңыздың біссімілəсі балалық
шақ туралы болғандығы атамды айтпасыма қоймады. Бастаған нəрсені
орта жолдан тастап кеткім келмей отыр.
Кенжеғара атам – жұмысшы табынан шыққан пролетариат.
Шалқарда жəне Орынборға жақын маңда теміржол бойында жұмыс
істеген. Кейіннен Алматыдағы жоғары партия-кеңес мектебін бітірген.
Партиялық 
функционер. 
Партячейкаларды 
басқарған. 
Шалқар
аупарткомының екінші хатшысы болған. 1929 жылы Москваға барып,
ол жақтан мамандарды Арал ауданына əкеліп, ұжымшарлар үшін жер
бөлу мəселелерін шешкен.


Атам өте тік кісі еді. Мені бірінші сыныпқа өзі ертіп барды.
Біздің мектепте ерлі-зайыпты Əбен жəне Мария Рысмахановтар
бастауыш екі сыныпты қатар оқытатын. Бірі «а» сыныбын, бірі «б»
сыныбын. Біздің кезімізде «ə» сыныбы болмағандығы да қазір еске
түсіп отыр. Сонан мені Мария апайға жазып қойыпты. Атам мені
жетектеп алды да Əбен ағайдың сыныбына əкелді. Сосын ағайға
айтты: «Əй, Əбен, келін жақсы адам ғой, таласым жоқ, бірақ менің
баламды еркек адам оқытуы тиіс». Осымен барлық мəселе шешілді.
Обалы не, Əбен ағай мені жанын салып оқытты. Атамды қатты
сыйлайтын. Алдында қызарғысы келмеген болуы керек.
Көңіл-күйі бар кезде атам «Молдабайдың əнін» салып отыратын.
Басқа əнді айтпайды, тек «Молдабайдың əні». Астанаға көшіп келген
жылы марқұм Өтепберген Ақыпбек бір жерде отырғанымызда осы əнді
айтып, мəз болып қалғанмын. Əннің мəтінін сұрағанымда Өте-ағаң
айтып еді: «Шархан, менен елдің бəрі тек ақша сұраушы еді, əн
сұраған бірінші адам – сенсің». Көкемді ойлап сұрағаным есімде,
əйтпесе, əнде көп шаруам жоқ адаммын.
Атам Алпысбай екеумізге ұқыптылық пен еңбекқорлықты
үйретіп кеткенін кейін ес білген кезде бажайладым. Мұны дəлелдей
аламын. Ол екеумізге майысқан шегелерді түзеттіріп қоятын. Үлкен
шегелерді өзі түзетіп отыратын. Ұзын бөрене ағаштарды қалай болса,
солай аралатпайтын. 35 сантиметрлік клише жасап алып, сол бойынша
кестіретін. Сонда кесіліп, жарылған ағаштарды сарайдың қабырғасына
жинағанда оқтай болып тұратын. Ұқыптылық пен еңбекқорлыққа
негізделген 
осы 
гармония 
Алпысбай 
екеуміздің 
эстетикалық
табантірегімізді орнықтырғанын қазір сезініп жүрмін».
***
Достарыңмен жүзбе-жүз араласу – халық ауыз əдебиеті;
Достарыңмен фейсбукте араласу – жазба əдебиеті.
***


Барлық адамдардың комменттерінде ақиқат болады. Бірақ мұның
бəрі субъективтік ақиқат деген категорияға келіңкірейді. Ортадағы
ойды айту қашан да қиын. Өйткені, нағыз ақиқат сонда жатыр.
Бірақ оны айтуға көп адамның батылы бармайды. Өйткені,
ақиқатты айту – барлық уақытта да тиімсіз. Мəселенің бар мəнісі
осында. Иə, тобырлық психологиядан ада пікір білдіру қашанда ауыр.
***
Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қазақ Абайды
тыңдағанында біз қазір, Ілияс Омаров шырылдағандай, басқа елдерден
елу-алпыс жылға кейін қалмас едік. Абайды сол кезде түсінбеген қазақ
қазір неге оны басына көтеріп жүр? Абай өз тамырынан үзілмей,
əлемдік өркениетке ұмтылды. Ол қазақ ұлты мен əлемдік
цивилизациядағы өз тепе-теңдігін таба білді. Ұлы пропорцияға
құрылған осы үйлесім Абайдың тұғырын ешқашан аласартпайды.
Біздің əрқайсымызға қазір осы тепе-теңдік жетпей тұр.
Бұл гармонияға енді барлық қазақ ұмтылуы керек. Абай осыны 
армандап кетті. Ұлттық сананы қалыптастыру арқылы əлемдік 
мəдениетті игеруге машықтану ғана бірлігі күшті біртұтас ел құруға 
мүмкіндік беретінін айтып кеткен Абайдың ақылына жүгінсек, көштен 
қалатындай қауіп жоқ .
Алайда, Абай арманда кетті. Артына қарамай өлді деп айта
алмайсың. Одан кейін де оңып кеткеніміз өзімізге белгілі. Ұлттық
санадан бұрын тарихи сана сахнаға бұрын шығып алды. Біз қазір
соның құрбаны екенімізді екі күннің бірінде айтып жүрміз. Əріде орыс
империясы, беріде социализм дəуірі қалыптастырған бодандық тарихи
сана ана тілімізді шектеу жəне жалпыадамзаттық мəдениеттің есігін
тек орыс тілін білетіндерге ерекше ашу кесірінен ұлт тұтастығының
тамырына қан жүгірмей қалды. Осыдан басталған көне сүрлеуден əлі
күнге дейін шыға алмағанымыз да ұлттық идеологияның ұрығын
септірмей келеді. Ал, ұлттық идеология жоқ жерде рух бірлігін 


қалыптастыру догмаға жақын тұрған қиялға көбірек ұқсайды.
***
«Көрпеңе қарай көсіл» деген мақалды қазақ тегін айтпаған.
Тоқсаныншы жылдары ядролық қарудан бас тартуымыз – сол кездегі
ең дұрыс шешім болды. Ядролық қару бар да, оны ұстап отыру бар.
Екеуі екі бөлек мəселе. Аталмыш ракета болғанымен, оны ұстап отыру
үшін қыруар қаржы керек. Қазақстанда ондай құдірет жоқ. Кейбір
елдерде бұл қару болғанымен, олар бəрібір ірі ядролық державаларға
тəуелді. Өйткені, оларда өз отындары жоқ. Уран жоқ, уран болғанымен,
оны байыта алмайды, байыта алғанымен таблетка шығара алмайды.
Осындай тізбектер оларды толық тəуелсіздікке жібермейді.
Осы технологиялардың бəрі шаш етектен мемлекетті шығынға
батырады. Осындай амбиция бізге керек пе? Оның үстіне екі
державаның ортасында отырып ядролық қаруға қыруар қаржы жұмсау
– халық үшін қажеті жоқ астамшылық. Жалпы, халықаралық дəрежеде
ядролық қару ең мықты екі державада ғана болғаны əлем үшін тиімді.
Ол енді басқа тақырып.
***
Адамзат өмір сүргелі қаншама революциялық жаңалықтар ашты.
Бірақ біздің мүлдем орындалмай кететін жалғыз арманымыз бар. Біз
енді ешқашан «перпетиум-мобиле» жасай алмаймыз. Керек десеңіз,
мұны адамзат екі жарым ғасыр бұрын мойындап та қойды.
Физиктердің де, лириктердің де күні бүгінге дейін айы оңынан
тумағаны белгілі. Əй, енді оның жөні бола қоймас.
Мəңгілік двигательді бір тапса, данышпан Эйнштейн ойлап табар
еді, ол да бақилық болғалы қаш-ш-ш-ааан?! Теңдесіз қозғаушы күшті
шығарамын деп, жаман сарайында күндіз-түні азапқа түскен Василий
Шукшин əңгімесінің кейіпкері де ең соңында ел-жұртқа мазақ болып
тынды. Меніңше, адамзат үшін қазір бұл маңызды емес. Рационалды


тұрғыдан. Қазір ғалымдар ең күрделі ауруларды ерте кезеңінде
анықтауға мүмкіндік беретін наночиптер жасап шығарумен айналысып
жатқаны қуантады. Осы шаруаны маңызды деп айтуға болады. Ол
жүзеге асса, нағыз заманауи революциялық жаңалық болар еді.
Əсіресе, дəрігерге өлерінен үш күн ғана бұрын баратын қазақ үшін!
***
«Егемен елдің адамы өзін қалай ұстауы керек?» деген сұрақ есіме
түскенде көз алдыма қыздардан – Баян Есентаева, жігіттерден –
Қалдыбек Құрманəлиев келе қалады. Неге? «Шоу бизнесте менен
мықты ешкім жоқ, жүректерің жарылып кетсе де айтайын» деген
Баянның сөзі құлағымда жаңғырып тұрады. Мəселе біреуді, не билікті
сынап, ұпай жинауда емес, керек десеңіз. Жалған қарапайымдылыққа
құрылмаған мұндай бейтарап есті сөзді тек егемен елдің еркін адамы
ғана айта алады.
Қалдыбек балаларының аттарын «ШəмшіҚалдаяқ» жəне сол
сияқты қоюы да – өз билігі өзіндегі кісінің ісі. Міне, характер! Осы
характер тек өзін бостан сезінетін адамдарда ғана болады. Тəуелсіз
елдің əрбір мүшесі осындай характермен өмір сүрсе деп армандаймын:
«Мынау сенің тəуелсіз туған елің ғой! Өзіңді еркін сезініп өмір сүр!»
***
Бизнесте шын мəніндегі бəсекелестік өзінің апогейіне жеткенде,
рынок альтернативті тауарлар мен қызметтерге түпкілікті толғанда
барып біз «ширпотребтен» құтыламыз. Тек сапалы тауар өтетін кезде
барып «Талғам» деген категория аренаға шығады. Осы ұғым өз
кезегінде біздің жүрегімізде үлкен мəдениетті орнықтырады. Иə, иə,
жүрегімізде. Мəдениеттің астанасы – жүрек. Ізгілікке ұмтылған адам
ғана мəдениетке қол жеткізеді. Ізгілікке ұмтылған адам ғана гуманист
бола алады.
Əрине, жекелеген адамдар бұл дəрежеге əлдеқашан көтерілгенін
жоққа шығармаймын. Бұл жерде тұтас қоғамдағы жағдайды айтып


отырмын. Бəсекелестік пен талғам тіршілігімізге кірмей тұрып
бойымыздағы эгоизм мен нигилизмнен құтылатынымызды кесіп айту
қиын. Сөйлемді кері қарай бұратын болсақ, бəрімізді үлкен

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау