Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет15/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Оңашадағы онлайн ойлар

кеңістікті
шексіз демей
көрші!
***
Балшық құйылған шелекті тамтөбеге қалай шығаруға болады?
Қос қолыңмен басыңнан асырып лақтырсаң, төгіліп тынады. Тым
жақсы заттың обалына қаласың. Ал, жоғарыға көтеріліп, əлгі ыдысыңа
арқан байлап тартсаң, ең əдемі іс – сол. Өзіңнен əлдеқайда мықты
жазушы туралы жазғанда да осы схеманы таңдағаның дұрыс.
Ғұламаның 
алдында 
құрдай 
жорғалап, 
мəнсіз, 
мазмұнсыз
мəймөңкелеудің керегі жоқ. «Жығылсаң, нардан жығылға» салып,
үйдің үстіне қарғып шық. Сосын саз балшықпен сомдалған
материалды биікке ауаныңмен тартасың. Немен? Сол кейіпкеріңнің өзі
дайындап берген кемеңгерлік арқанымен. Талас жоқ, талантты
туындыгерді байсалдықпен басыңа көтере білу де – үлкен өнер.
Көбіміз осыны меңгере алмай келеміз.
***
Көзінің тірісінде «Человек тотального действия» деген атқа ие 
болған Эрнест Хемингуэйге ерекше бүйрегім бұрады да тұрады. Оба 


ауруына ұшыраған адамды көтеріп алып, ауруханаға жеткізген ұлы 
жазушының жұқпалы індетке ұшырамай, аман қалғанына таң 
қаласың! Өзін-өзі қорғау инстинкін бойына қалыптастыра білудің 
бұдан асқан мысалын естіген емеспін.
***
«Нарықтық қатынасқа көшуіміз мұң екен, қалың жұрт кітап
оқуды қойды. Рухани жұтаңдық ұлтты жұтатын болды. Жиырмасыншы
ғасырдың аяғы көркем əдебиеттің жаназасын шығарудың аз-ақ
алдында тұр». Саналы өмірінде соцреализмнің сойылын соғып келген
жазушылар отряды қапелімде шығарма жазудың жаңа сүрлеуін
салудың орнына салы суға кетіп, сарсаңкесекке түскен тоқсаныншы
жылдары осындай əңгімелерден құлақ тұнатын. Бір жағынан бұл
байбаламның баянсыз тірлік екенін құдайдан қорқатын қаламгерлердің
біразы түсінді: «Жазушылық стихияны таңдап алған екенсің, қиын
кезде де жауапкершіліктен қашып құтылуға құқың жоқ».
Далбасалап кетпеннің басын басқанымен, сабы өзіне тиетінін əлі
де жүні жығыла қоймаған кейбір жазушылар бір адамдай байқады.
Бірақ сезу бір басқа, бүгінгі күннің өзекжарды мəселесін жеріне
жеткізе иіп қаузайтын көркем шығарма жазу бір бөлек. Кеңестік
кезеңде қасаң ізге түсіп алып, құйқылжытып келе жатқан қалың нөпір
жазушының көбі басы тасқа барып тигендей өтпелі кезеңде
шығармашылығын жалғастыруға жүрегі дауаламай қалды. Қазіргі
қазақ қоғамындағы трагедияның бірі осы болды.
***
Қаладағы кедейлер өздерін тек бір жағдайда ғана керемет
сезінетінін байқап жүрмін. Жаяу жүргіншілер жүретін «полосадан»
өткенде. Неше түрлі «Ланд Крузер», «Лексус» жол бойында
қаңтарылып тұрады. Ал, олар «зебрадан» алшаң басып, асықпай өтіп
бара жатады. Дəл осы «зебра» – олардың өздерін дұрыс сезінуімен
қатар, өз құқықтарын да толығымен пайдаланатын бірден-бір жер.


***
Студент кезімде Қайнар Олжай, Əмір Оралбай үшеуміз бір
бөлмеде тұрдық. Түнгі екі болмай көз ілмеуші едік. Қайнар қазақ
поэзиясын жатқа біледі. Əмір екеуміз оқылған өлеңнің авторын
табуымыз керек. Поэзиядан жалығып кетсек, хоккейшілердің
фамилиясын айтып, жарысамыз. Харламовтан бастасақ, бүкіл Х
əрпінен басталатын хоккейшілерді кезек-кезек айтып шығамыз.
Кім жалғастыра алмаса, сол шай қояды. Содан тұрып алып,
арасында шай ішіп аламыз. Көбіне шайды Əмір қоятын еді. Бізден
осалдығынан емес. Өзі жеңілсе де, мен жеңілсем де шəйнекке қарай
жүгіретін. «Шəке, сен – стариксің, ұят шығар!» дейтін еді, қайран 
бауырым! Əттең, Əмірдің өмірден ерте кеткені өкінішті. Бүгін, 9 
наурыз – Əмірдің туған күні.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау