Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет2/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Оңашадағы онлайн ойлар

мəдениеттілікке
апаратын 
бəсекелестік
пен 
талғам
біздің қоғамда əлі
қалыптасып үлгерген жоқ.
***
Тəуелсіз Қазақстан футболындағы ерекше оқиға 2013 жылдың 20
тамызында болды деп жазып қояйын. Еуропа Чемпиондар лигасының
топтық ойындарына жолдама алу үшін шотландиялық «Селтикпен»
қарағандылық команда ақтық бəсекеге түсті. «Шахтер» үшін ойынның
алғашқы он минуты – ең қиын кезең болды. Осы он минуттың ішінде
бізге Құдай қарасты. Ал, одан соң «Шахтерге» жанкүйерлер қарасты.
«Шахтердің» ұтылуға қақысы болмай қалды. Кеше стадионда отырып
ерекше күй кештім. Ел екенбіз. Иə, «Шахтер» ұтты.
Бірақ он екінші ойыншының арқасында. Шотландия шабуыл
жасағанда нөпір халық «үүүүүүүүүүүүүүүүүү-леп» кетеді. Осы «ү»-ден
үрейлері ұшқан қонақтар үйлерінде бізге не істейтінін мен əзірге біліп
отырған жоқпын. Екінші таймның 70-минутында отыз мың халық 6 рет
қатарынан «айналма толқын» жасағаны сол еді, жас бөрі Хижниченко
екінші 
допты 
торға 
тоғытты. 
Алдында 
гол 
соққан 
«шал»
Финонченконың шаттығын осылай шегеледі. Əрине, физикалық
тұрғыдан келгенде біздің осал жағымыз жетерлік.
Бірақ бас бапкердің кəсібилігіне риза болдым. Дұрыс тактика
қолданды. Оның дұрыстығы əсіресе екінші таймда көзге ұрып тұрды.
Алғашқы он минуттан басқа уақытта қорғаушыларымыз да өте сауатты
өнер көрсетті. Ортадағы буынға да өкпе жоқ. Ал, шабуыл əлі осал
екенін дилитанттан басқасы біліп отыр. Мокин өте сенімді. Стопудово
голды қайтарғанда манадан бері «Шахтер» деп шулап отырған халық
«Мокин» деп қақпашымызды масайратуға көшіп кеткенін де көз көрді.
Қысқасы, кеше «Шахтер» ерледі. Елдігімізді де көрсеттік. «Шахтер»
үшін қуандым. Бірақ елдігіміз үшін ерекше қуандым!


***
«Халық 
үшін 
қызмет 
ететін» 
адамдардың 
шығаратын
қуыршақтарын Астана дүкенінен көріп құлап қалдым. «Қарақат» деп
аталатын қуыршақ қыз 90 мың теңге тұрады екен. Қасымда тұрған
Шымкенттің бір жігіті айтты: «Ойбай-ау, бұл ақшаға мен Шымқаладан
«живой қыз» сатып аламын ғой!».
***
Бұрынырақта Балқаш ауданында жұмыс істеп жүргенімде
мынадай əңгіме естіп едім: Димаш атамыз туған жеріне барыпты.
Облыс пен аудан басшылары киіз үй тігіп, қарсы алса керек. Дастархан
басында мақтаусөзге тоқтау болмапты. Манадан əзер шыдап отырған
Димекең: «Жігіттер, менің құлағыма қараңдаршы, қызарып тұр ма?».
Жұрт жалма-жан қараса, шынында да Димекеңнің құлағы қызарып
кетіпті. «Иə, Димаш Ахметович» – жандайшаптар шөлді жердің
масасы сияқты жабыла шулапты.
«О, жігіттер, онда əлі ұятым бар екен!» депті Димекең. Мақтау
осылай сап тиылыпты. Шынында да ұяты бар адамды мақтау – қандай
сорақылық. Ұяты жоқ адамды да мақтау – сорақылық. Мақтап тұрған
жақ үшін де. Мақталып тұрған жақ үшін де. Димаш атамыз əулие кісі
ғой. Қазір құлағы қызаратын адам жоқ. Менің де құлағым қызармағалы
қырық жыл болды.
***
«Ақтөбе» ұтылып қалғанына қарамастан өте жақсы əсер
қалдырды. Команданың ұжымдық ойын ресурсы мол. Жылдамдық пен
техникалық шеберлік те салыстырмалы түрде көңілден шығады. Бірақ
олар кешегі ойынды орысша айтқанда «безшабашно» өткізгеніне
өкіндім. Жүйелі ойнаумен қатар жинақылықты да ұмытпау керек ғой
жасыл алаңда. Бас бапкердің сауаттылығына күмəнім бар. Тактика
дұрыс жасалмады. Əйтпесе, кешегі қарсылас – баяғы Валерий


Лобановскийдің «Динамосы» емес екені көзге ұрып тұр. Хайруллин
сияқты жауапкершілікті өз мойнына ала білетін ойыншыны басқалары
үлгі тұтса, шіркін!
Тіпті айтар едім, «Шахтердің» өзі «Ақтөбеден» үйренетін
нəрселер бар. Солардың ең бастысы – алаңда сенімділікпен ойнау.
Комментаторлар мені таң қалдырды. «Бұл ойында командалар барлық
күштерін сарп еткізді» дегенде мен олардың «фантазиясына» құлап
қалдым. «Сарп еткізді» дегенді адам сасқалақтап тұрғанда да ойлап
таба алмайды ғой. Ал, олар «ойлап тапты».
***
Біздің қазақ журналистикасының ең осал тұсы – ақын-жазушылар
мен əншілерден қайта-қайта сұхбат алғанға шебер. Ал, қазақтың
техника мен жаратылыс төңірегіндегі əлемдік деңгейге көтеріліп
жүрген ғалымдарымен сұхбаттасуға тісіміз батпайды. Өте өкінішті!
Қарап отырсаңыз, өзге елдерде ұлтымыздың беделін асқақтатып
жүрген солар емес пе?!
***
Кеше немеремді бірінші сыныпқа апардым. Осыдан тура 50 жыл
бұрын мені де атам мектепке апарып еді. Дежавю! Бірақ бала көзімен
емес, ата көзімен. Бəрі керемет. Бəрі салтанатты жағдайда. Оннан
астам бірінші сынып бар екен. Естеріңізде ме, 2005-2006 жылдары
виртуальды ақша көбейіп, бəріміз кредитке машина сатып алып,
ипотекаға пəтер алып, балаларымызды банкінің ақшасына үйлендіріп,
келіндеріміз шетінен босанып, роддомда бэби-бум болған жылдары
туған балалар ғой бұлар. Енді мектепке сыймай жатқан. Əдемі
ажиотаж. Бірақ бір нəрсе көңіліме келді. Бастауыш сыныптарда бірде-
бір еркек мұғалім жоқ екен. Бұл – жақсы үрдіс емес!


***
Құнанбайды жақсы деп те , жаман деп те айтқың келмейді.
Өйткені, ол «нормальный» адам болған. Жақсы немесе жаман адам
деген түсініктерді большевиктер ойлап тапты. Осыны біздің санамызға
соцреалист жазушылар əбден сіңірді. Жағымды жəне жағымсыз
кейіпкерлері арқылы. Ең үлкен қателік. Тобырлық психологияны
қалыптастыруымызға да себеп осы болды. Адамдарды сортқа бөлу
түбірімен логикаға қайшы келетіні көзге ұрып тұр.
Екі мысал. Далада жүрген «бич» те жанынан өтіп бара жатқан
адамдарға кейде мейірімділікпен көз тастайды. Бұған керісінше, ІІ
Елизаветаның де кейбір қылықтары Королеваның статусына сəйкес
келмей қалады. Мұның бір дəлелі, принцесса Диананы жерлеуге
байланысты мəселенің британ қоғамында наразылық тудыруы болды.
Шынында да, бəріміз – пендеміз. Кейде жақсы ойлаймыз. Кейде
жаман ойлаймыз. Сондықтан да «Мен – мінім жоқ адаммын» деп айту
– күнəнің ең ауыры. Дəл қазір осындай ой келді. Неге? Бүгін – Төлен
ағаның туған күні. Психикалық əңгімеден «двухличиенің» табиғатын
ашқан романға дейінгі жолда ол бізді 

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау