Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Оңашадағы онлайн ойлар

адамды зерттеуді
алға шығарудың қаншалықты
қасиетті іс екенін бар болмыс-бітімімен түйсінген Əбіш Кекілбаев
сондықтан да келешектен келген кісідей көрінеді.
Атан 
терісінің 
кесапат 
құрпындай 
таскепеш 
хақындағы
қайырымсыз əңгімелерді де кішкентайынан құлағынан қағыс
қалдырмай ержеткен Əбіштің мəңгүрттіктен асқан зауал болмайтынын
көркем шығарма арқылы жер бетіндегі барлық жұмыр бастыларға


ескертуі – жаһандық əдеби жаңалық. Шынында да адамды немесе
халықты жадынан жаңылдыру сияқты гипертрагедияның табиғатын
түсіндіру үнемі адамзат болашағы үшін алаңдайтын гуманист-
жазушының ғана қолынан келсе керек. Жер жылнамасына көзінің
қарашығындай қарайтын қаламгер ғана тармағы көп тарихтың бір
сəтін де естен шығармауға үндей алады.
***
Əр мың жылда 43 ұрпақ ауысып отырады. Үш жарым миллиард
жылда қанша ұрпақ дүниеге келіп, қанша ұрпақ кері қайтқанын өзіңіз
санай беріңіз. Кейбір деректерге қарағанда, содан бері жер бетіне 90 
миллиард адам келіп, кері қайтқан. Десек те, солардың барлығына тəн 
өзгермейтін бір құбылыс бар. Ол – құлқын. Аллатағаланың адамды 
сұраққа алардағы ең басты критерийін өзгерту ешкімнің қолынан 
келмейді. Олай дейтініміз, адамдар баяғы қалпынан өзгерген емес. 
Дəстүр сабақтастығына қайран қаласың. Қазір де таяқ лақтырсаң, 
құлқынын ойлаған пендеге тиеді. Кейде күпіршілікке барасың: 
«Жаратқан шеберлігінің ең шыңы осы ма екен?!».
***
Кез-келген оқырман «Жазу – сіздің құқығыңыз, оқымау – менің
құқығым» деп айтса, ренжи алмайсың. Шынында да, өмір сүріп жатқан
адамның азаматтық, рухани жəне тағы басқа толып жатқан
аспектілердегі құқығын ешкімнің де шектеуге қақысы жоқ. Оған «сен
мынаны оқы», «сен шетелдің мультфильмін қарама» деген тəріздес
нигилистік нұсқау беру
 
əсте абырой əпермейді. Астананың кітап
дүкендерінен қазақ ертегілер жинағын таба алмаған балаларды
«Ертөстікті білмейді, Шректің шырмауында қалды» деп жазғыруға
бола ма?!
Отандық өнімдер дефицитін өзіміз толтыра алмай отырсақ, ол
үшін басқаларды кінəлау – шарасыздық. Нарықтық қатынастарға
көштің екен, енді бізден бизнес сұрамайды, өз өнімің бар ма, жоқ па,


шетелден əкеліп үйіп тастайды. «Жақсысынан – үйрен, жаманынан –
жирен». Енді тек осы принципті басшылыққа алу қажет. Өмір реалийі
осы.
Өз өнімің өтпей жатса, өзгені емес, өзіңді кінəла. Бəсекеге
қабілетті болуға бейімдел. Намысыңды оят. Басқалардан оқ бойы озық
болу ғана бізді мықты мемлекеттілікке жеткізе алады. Қалған жолдың
бəрі бекер. Бөтен елдің тауарын əкелуге тыйым салумен мəселе
шешілмейді.
***
Қарапайым жазуды Бердібек Соқпақбаевтан, еуропаша жазуды
Марат Қабанбаевтан үйрендім. Əсіресе, Бердібек ағаның əңгімелері
мен Мараттың «Тентек тіркестерін» аракідік оқып отыру əдетке
айналды. Жалпы, көркем əдебиет – шынайы вымыселмен шебер
жазылған 
өмір 
көрінісі 
дегенмен, 
Бердібек 
Соқпақбаевтың
шығармаларын еш вымыселсіз жазылса да проза жанрының
шедеврлері ретінде қабылдайсың. Шын шеберлік деп осыны айтар
болар. Талант құпиясы осында жатыр. Ал, Марат публицистиканы
көркем əдебиеттің планкасына көтере білген ойшыл ретінде мəңгі есте
сақталады. Марат – көркем əдебиетті публицистиканың тілімен жазып
бүлдіретін көп жазушылардың антипоты.
***
Сіз Лондон Олимпиадасында гимнастикадан чемпион болған
бес спортшыны атап бере аласыз ба? Атап бере алмайсыз. Ғарышта
болған соңғы бес космонавты ше? Сіз бұларды да тегіс түгендей
алмағаныңызға 
соншалықты 
қапаланбаңыз. 
Өйткені, 
біздің
əрқайсымыздың жеке өміріміз бар. Соны күйттеп жүрміз.
Əлгі спортшылар да, ғарышкерлер де айналып келгенде мəңгілік
біздің есімізде қалу үшін емес, ең алдымен өз тұрмысын жақсарту
жолында сондай нəтижеге жету үшін ұмтылғаны рас. Оның үстіне,


жекелеген адамдардың қоғамда ерекшеленуі басқаларға ешқандай
қауіп төндіре қоймайды. Қолыңнан келсе, сен де сондай результат
көрсет.
***
Марапат пен мақтауды суқаны сүймейтін Əбдіжамил ағамызға
барып, сəлем беріп шықтым жуырда. Қаламгер «Соңғы парызды»
өлгенше қысқартып отырғанын көріп, маңдайымнан ащы тер бұрқ етті:
«Ойбай-ау, Əбе, мынауыңыз не? Жасап жатқаныңыз қылмыс. Қанша
жерден автор болсаңыз да, халықтың рухани қазынасына айналып
үлгерген кітапқа қол салуға қандай қақыңыз бар?». «Əй, слушай,
тоқсанға таяған менен де өтіп кеткен консерватор екенсің. Марк Твен
«ХХІ ғасырда тек əңгіме ғана оқылатын болады» деп айтып кеткенін
сен білесің бе? Мына далақпандай дилогияны болашақта кім оқиды?!
Жазғанымды келешектегілердің де кəдесіне жаратудың қамы менікі.
Мазамды алма!».
Мұндай жанкештілікті, мұндай халық алдындағы жауапкершілікті
көрсем, не қыл дейсіз?! Бұл – өзінен басқаны жоққа шығару емес,
басқалар үшін өзін өзі жоққа шығару емес пе?! Əдебиетті ғана емес, əр
нəрсені де ардың ісі санайтын мэтрден үйренетін нəрсе өте көп. Кез-
келгеніміз өз өзімізге сол кісі сияқты талап қоя білсек, сол кісі сияқты
жалған намыстың жамылғысын сыпырып тастасақ, өркениетке
əлдеқайда жақындай түсер едік.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау