Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану маңыздылығЫ



жүктеу 61,67 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2017
өлшемі61,67 Kb.
#121


АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Есеркепова Индира Жарибайқызы Ғ. Ақтаев 



атындағы №6 қазақ орта мектебі, ағылшын тілі пәнінің мҧғалімі 

 

Бҧл  жҧмыстың  мақсаты  ағылшын  тілі  пәнінің  мҧғалімдере  жобалау  әдісін 



меңгеруге кӛмек беру. 

 

Ең  біріншіден  «жоба»  терминіне  тоқталып  ӛтейік.  «Жоба»  деген  терминнің  шығу 



тарихы  әлі  де  жазылмаған,  бірақ  бҧл  туралы  жалпы  ойымызды  айта  кетейік.  Назар 

аударатын  бірінші  жәйт  ол  -  ХХ  ғ.  әлеуметтік  практиканың  ӛзгеруі.  Бҧрын  қандай  да 

ӛзгерістер  ӛзімен-ӛзі  пайда  болатын  болса,  ал  ХХ  ғ.  біз  кӛп  ӛзгерістерге  тап  болдық.  Ӛмір 

жылдамдай бастады, адамдар соған бейімделуге мәжбҥр болды. Ал екінші жәйт -ӛзгерістерді 

басқару. Бҧрын олар бірінің ізін бірі басып жай ӛзгегеретін болса, қазіргі таңда олар алдын - 

ала жобаланып іске асатын болды. Мысалы, кәсіпкерліктің ғылымға араласуы  - практикада 

қолдану ҥшін ірі корпорациялардың ғылыми жҧмыстарды қаржыландыруы. 

 

Осы  ӛзгерістер  әлеуметтік  практиканың  жаңадан  пайда  болған  2  нысанын  бӛліп 



кӛрсетті: 

 

- әрбір жҧмыста уақыт факторын негізге алу;  



- әрбір жҧмыстың қҧрамына ӛзгерістерді басқару нысандырының кіруі;  

 

Сонымен  жоба  -  уақытты  негізге  ала  отырып  ӛзгерістерді  басқару  мақсаты. 



Жобалаудың негізіне белгілі бір мәселенің шешілуі мен нәтижесі кіреді. Мысалы, ғимарат  - 

бҧл мәселенің шешілу мақсаты мен нәтижесі ғимараттың ӛзі емес, ал сол ғимаратта тҧратын 

адамдардың  ӛмір  сҥру  жағдайының  ӛзгеруі.  Ең  біріншіден  белгілі  бір  мәселені  шешудегі 

нақты мақсаты қойылады, соған байланысты жоба да қҧрылады[5]. 

 

Жобалау  мен  шығармашылық.  Жобалауды  шығармашылықпен  байланыстыратын-

дар  кӛп,  олар  жобалауды  жаңа  шығармашылық  мҥмкіндіктерді  ашу  деп  тҥсінеді.  Алайда 

бҧл  тҥсінік  дҧрыс  емес.  Шығармашылық  бҧл  -  жаңаның  пайда  болуы.  Бҧл  жерде 

жобалаумен  байланысы  бар,  бірақ  шығармашылықтың  жобалауға  айналуы  ҥшін  уақыт 

факторы  негізге  алынып,  нақты  нәтижені  елестету  керек.  Алайда  шығармашылықты 

нақтылықпен байланыстыру мҥмкін емес. 

 

Жобалау  мен  басқару.  Практиканың  қандай  бір  тҥрінде  ӛзгерістерді  жобалап,  іске 

асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жҧмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент 

сӛзі  пайда  болды,  ол  басқару  дегенді  білдіреді.  Білімде  де  менеджмент  сӛзі  қолданылады. 

Қазіргі  таңда  білім  алу  тҥрлері  де  кӛбейді,  ол  территория  мен  уақытқа  қарай  бӛлінеді. 

Осыған орай ӛзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені  жобалау міндетті 

тҥоде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау ҥлкен әлеуметтік 

контекстке  шығады.  Осының  бәрі  әлеуметтік  ғылымдардың  басты  мәселесіне  жобалаудың 

білімдегі орнын жатқызады. 

 

Жобалау  мен  даму.  Жобалау  теориясында  белгілі  бір  мәселенің  дамуына  әкелетін 

ӛзгерістер  айтылған,  яғни  біз  тек  мәселенің  ӛзгеруіне  әкелетін  жобаларды  қолдануымыз 

керек. Бірақ бҧл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жҧмысымыз оның нәтижесіне 

тең  емес.  Мысалы,  гҥл  отырғызу  мақсаты,  отырғызатын  орны,  жасалған  жҧмыстар  мен 

гҥлдердің  ӛзі  жобалау  болып  табылады.  Алайда  жобалаудың  теориялық  тҧрғысынан  бҧл 

жерде  жобалаудың  негіздері  жоқ,  ең  біріншіден  мәселенің  анализі,  яғни  гҥлдер 

отырғызылған жағдайда ӛзгеретін жәйт. Гҥлдер отырғызылған жағдайда не ӛзгереді? Біз 

 

 



122

 



ӛзгерткіміз келген заттың жҧмыс істеу системасы қалай ӛзгереді? Нәтижесін қайдан 

кӛреміз? Теория тҧрғысынан осындай сҧрақтарға міндетті тҥрде жауап беруіміз керек. 

 

Жобалаудың құрылымы: 

- нақты нәтиже шығару жобасы  

- нақты мәселенің анализі  

- нақты уақыт белгілеу  

- жҧмыс жҥргізу жобасы  

- нәтиже шығару  

 

Жобалаудың ең негізі - мәселенің анализі болып табылады. Мәселе шешудегі нәтиже 



белгіленіп,  оған  жету  ҥшін  жасалатын  қадамдар  жобасы  жасалады.  Мәселе  анализі 

неғҧрлым нақты жасалатын болса, жоба да соғҧрлым жақсы болады. 

 

Жоба  мен  ғылыми  жұмыс.  Бҧл  жерде  мысал  ретінде  ғылыми  жҧмысты 

қарастырғанымыз  жӛн.  Жазылып,  қорғалған  диссертация  диссертантты  жаңа  сатыға  кӛтере 

отырып,  практикалық  жҧмысын  ҧлғайтады  -  жаңа  мамандық,  адамдардық  қҧрметі  мен 

жаңа  айлыққа  иеленеді;  яғни  диссертанттың  әлеуметтік  жоба  негізін  мәселенің  нәтижесі 

ретінде  ғылыми  жҧмыс  қарастырылады.  Ғылыми  жҧмыс  пен  жоба  ҧқсас  келеді.  Ғылыми 

жҧмыс  жобаның  негізін  қҧрай  алады.  Сонымен  қатар  кейбір  жобалар  ғылыми  ізденіс 

тудырып, ғылыми жҧмысқа айналуы мҥмкін. 

 

Жоба  мен  қабілет.  Жобалауды  жҥзеге  асыру  ҥшін  тҧлға  қандай  қабілетке  ие  болу 

керектігін айтамыз. Ең біріншіден тҧлға продуктивті ойлау қабілетіне ие болуы керек. 

 

Продуктивті ойлаудың негізгі сатылары: 



- мәселенің анализі, тақырыптың пайда болуы;  

- мәселені шешудегі жҧмыстар жобасын қҧру;  

- мәселе шешудегі ойларын іске асыру;  

 

Продуктивті ойлаудың екінші сатысы - мәселені тҥсіну, яғни анализ жасау. Назар 



аударарлық тағы бір жәйт мәселе шешудегі шешім қабылдау. Мәселені шешу сатылары: 

 

- мәселенің негізі, яғни қандай жҧмыс жасау керектігін ҧғу;  



 

-  мәселе қҧрамын бағалау, яғни мәлімен іздеу және іріктеу; Мәселе шешудегі нақты 

қадамдарды анықтап, іске асыру.  

 

- мәселе шешудегі нәтижеге жету жолдарын іздестіру;  



- мәселені шешу;  

 

Қорытынды саты - шешім қабылдау. Шешім қабылдау ӛте қиын процесс. Шешім 



қабылдау 9 элементтен тҧрады[2]: 

 

1. Таңдау. Бҧл тҧлғаның ӛзінен немесе қоғаммен жасалған таңдау болуы мҥмкін.  



 

2. Ҧғыну.  Мәселе  шешу  және  шешім  қабылдау  тҧлғаның  сол  мәселе  шешудегі  ролін 

ҧғынуы керек.  

 

3. Креативтілік. Мәселе шешудегі креативтілік, яғни стандартқа сай емес шешімдерді іздеу.  



 

4.  Компромисс.  Мәселе  шешуде  компромисс  іздеу,  яғни  мәселеге  қатысты  барлық 

тҧлғалардың жағдайын ойлау.  

 

5. Алдын-ала ойлау. Мәселені шешкеннен кейін нәтижесінің қандай болатыны ойлау, ҧғыну.  



6. Шешімнің дҧрыстығы- шешім қабылдау сатысының ең қиын бӛлігі.  

7. Мәліметтердің нақтылығын тексеру.  

8. Шешім қабылдау сатыларының дҧрыстығын тексеру.  

9. Жауапкершілік.  

 

Сонымен  қазіргі  кезде  психология  мәселені  ҧғыну,  шешудегі  жолдарын  қарастыру, 



шешім қабылдау деген жәйттарға кӛңіл бӛліп отыр. 

 

Біз  қарастырған  теориялардың  барлығында  тҧлғаның  шешім  қабылдауы,  мәселенің 



анализін жасауы, шешімді қабылдауы, нәтижесіне ӛзінің жауапкершілігін алуы аталып ӛтеді. 

 

Білім  беру  жүйесі.  Білім  беру  жҥйесінің  негізін  мҧғалім  мен  оқушының  қарым-

қатынасы  қҧрайды.  Орта  мектептің  білім  беру  жҥйесінің  тҥрлері  мен  заңдылықтары  бар. 

Білім беру жҥйесінде оқушы ӛзінің іс-әрекетінің нәтижесіне жауапты болады, яғни баға 

 

 

123



 


алып,  мҧғалім  мен  ата-анасының  кӛзқарасына  ие  болады.  Осыған  байланысты  оқушылар 

практикалық іс-әрекет жасауға икемденеді[4]. 

 

Қазіргі  таңда  білім  беру  жҥйесінің  маңызды  бӛлігі  бағалау  болып  табылады. 



Оқушының  іс-әрекетінен  пайда  болған  нәтижені  оқушы  ӛзі  бағалай  алмайды,  алайда 

мҧғалімнің  қойған  бағасымен  танысады.  Сонымен  бағалау  -  оқушының  жауапкершілігін 

арттыру механизмі болып табылады. 

 

Негізі  бағалау  бірнеше  сатыдан  ӛту  керек:  ол  -  жаттығулардың  дҧрыстығын  бағалау; 



ойының  оригиналдығын  бағалау;  жаттығуды  орындаудағы  оқушының  еңбегін  бағалау  т.с.с. 

Бірақ қазіргі жағдайда бағалау тек жаттығулардың дҧрыстығын бағалайды. Бағалаудың дҧрыс 

жҥргізілуі  ҥшін  білім  беру  жҥйесіне  мҧғалімнің  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушының  да  іс-

әрекеті септігін тигізуі керек. Яғни, оқушыға жаттығуды таңдау, бағалау тҥрін таңдау мҥмкіндігі 

берілу керек. Мысалы, екі сағаттық тестілеуден кейін оқушылар жаттығуларды қандай тәртіппен 

орындағандарын сҧрады. Олар жаттығуларды бірінен соң бірін орындаған екен, тек бір оқушы 

ғана  кері  қарай,  соңынан  бастаған  екен.  Сонда  оқушылардың  белгілі  бір  жаттығуды 

орындаудағы  жолдарын  таңдау  мҥмкіндігі  жоқ  екен.  Жақсы  бағалар  тек  жаттығудың  дҧрыс 

орындалуына  ғана  қойылады.  Оқушылар  тек  жаттығуды  дҧрыс  орындауды  ғана,  ал  шешу 

жолдарын мҥлде елемейді екен. Осындай жағдайлар кӛп кездеседі.

 

 

Сонымен бағалау оқушыға ӛз іс-әрекетінің нәтижесін байқап, пассивті процесті ӛздік 



таңдау жағдайына алып келетін ең негізгі механизм болып табылады. 

 

Білім  жҥйесінің  формалары  оқушының  ӛздік  оқыту  субъектісіне  айналуына  және 



жобалау  жҧмысының  негізі  бола  алатынын  тҥсіндік.  Осындай  қолда  бар  материалдармен 

жобалау жҧмысын қҧруға болады. Іс-әрекет жасау, мәселе шешудегі жолдарын қарастыру, 

нәтижесінің  қандай  болуын  ойлау-  жобалау  жҧмысының  негізін  қҧраушылар  болып 

табылады.  Сонымен  оқу  процесі  оқушының  практикалық  іс-әрекетін  қолдану  ҥшін  жағдай 

тудыруы  қажет,  яғни  жоба  оқу  процесі  мен  оқушылардың  практикалық  іс-әрекетіне 

негізделіп қҧрылуы керек. Іске асу формалары: 

 

- ғылыми-практикалық ізденістер, эксперименттер;  



- ӛзінің шығармаларын жазу;  

- нақты мәселенің анализі, адамдардың қарым-қатынасын жобалау;  

 

Яғни,  қазіргі  кездегі  білім  беру  ҥрдісі  белгілі  бір  мәселелердің  оқу-практикалық 



тҧрғысына негізделуі керек. Белгілі бір пән оқыту ҥрдісі теория мен практикадан қҧрылуы 

керек. Себебі практикада оқушының ойлау қабілеті ҧлғайып, мәселерді шешуге бейімделеді. 

Ал  бҧлар  жобалау  жҧмысындағы  негіздердің  бірі  болып  табылады.  Сол  ҥшін  жобалау 

жҧмысын  жҥргізуде  практикалық  сабақтарды  жоспарлау  мен  іске  асыру  мҧғалімдер 

алдындағы басты мәселе болып табылады [1]. 

 

Сонымен білім беру жҥйесі оқушының қазірден пайда болған қиын мәселерді шешу, 



шешудегі  әр  -  тҥрлі  жолдарды  қарастыру  іс-әрекетіне  әсер  етеді.  Сондықтан  білім  беру 

жҥйесін  барынша  жҥйелі  және  оқушылар  мен  мҧғалімдер  ҥшін  ыңғайлы  етіп  жасауымыз 

керек.  Осы  мақсатқа  жету  ҥшін  жаболау  әдісін  бірінші  мҧғалімдерге,  сосын  оқушыларға 

ҥйретіп оқыту ҥрдісін дамыту қажет. 

 

Ал  енді  білім  саласындағы  «жобалау»  терминің  қарастырайық.  Жҧмыс  барысында 



қаралған сҧрақтар: 

 

1.  Жобалау әдісі дегеніміз не?  



2.  Жобалау әдісінің негізін қҧрушылар  

3.  Жобалау жҧмысын қҧру  

4.  Ағылшын тілі пәнінде қолданған жобалау жҧмысы  

 

1.  Ең  біріншіден  жобалау  әдісі  дегеніміз  не  деген  сҧраққа  жауап  берейік.  «Жоба» 



(лат.) - алдында жҥретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жҥретіні сӛзсіз. «Әдіс» - белгілі 

бір  мақсатқа  жету  ҥшін  практикалық  немесе  теориялық  білімдердің  ізденудегі  жҧмысы, 

дидактикалық  категория.  Жобалау  әдісі  бҧл  -  белгілі  бір  мәселені  оқу-әдістемелік  білімді 

негізге ала отырып тҥпкілікті қҧрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша 

 

124


 


мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені 

шешуді  мақсат  етеді.  Қазіргі  кезде  жобалау  әдісін  мҧғалімдердің  жобалық  оқытуында 

қолданылатын педагогикалық технология деп тҥсінеміз. 

 

2.  Әлемдік  педагогикада  жобалау  әдісі  жаңа  емес.  Ол  1920  жылы  АҚШ-та  пайда 



болған.  Оны  философиядағы  гуманистік  ағымдар  мен  білім  идеяларымен  байланыстырған. 

Американдық  философ  және  педагог  Дж.  Дьюи  мен  оның  оқушысы  У.Х.  Килпатрикті 

жобалау әдісінің негізін салушылары ретінде танимыз. Жобалау әдісі орыс педагогтарын да 

қызықтырды. 1905 жылы орыс педагогы С.Т. Шацкий басшылығымен жобалау әдісін дәріс 

беруде қолдануға әрекеттенген мҧғалімдер тобы қҧрылды. Кейін Совет ҥкіметі кезінде бҧл 

идея  мектептерге  енгізіле  бастады.  Бірақ  дҧрыс  қҧралмағандығынан  қолдану  аясынан 

шықты.  

 

Бҧл  уақытта  жобалау  әдісі  шетелдік  мектептерде  кеңінен  қанатын  жайды.  АҚШ, 



Ҧлыбритания,  Бельгия,  Израиль,  Финляндия,  Гермения,  Италия,  Бразилия,  Нидерланды 

және т.б. кӛптеген елдерде Дж.Дьюидің білімге деген гуманистік идеясы қолдау тапты [2].  

 

Осы  жоба  негізінде  1990  жылдары  Жапония  ӛз  экономикасын  кӛтеруге  мҥмкіндік 



алды.  Қазіргі  кезде  жобалау  әдісі  кӛптеген  ғалымдардың  жҧмыстарында  қарастырылған: 

Г.К. Селевко,  И.П. Подласый, Е.С.  Полат, М.В. Кларин, М.Р. Ковжасарова, П.В. Степанов, 

А.К. Кусаинова, Г.Ш. Альназарова.  

 

3. 



Жоба  белгілі  бір  тақырып  бойынша  қҧрастырылады.  Ол  оқушының 

қызығушылығына  орай  таңдалуы  мҥмкін.  Жобалау  жҧмысын  орындаудағы  талаптар 

тӛмендегідей:  

- Оқыту жобасының классификациясын таңдау  

- Жоба презентациясын дайындау  

- Жобаға баға беру критериилерін айқындау  

- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру  

- Жобалау әдісін оқытудағы мҧғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау  

 

Қазіргі кездегі оқу жобаларының тҥрлері (оқушылардың қызығушылығына 



негізделген): 

 

- практикалық  



- ғылыми жобалау  

- ақпараттық  

- шығармашылық  

- рольдік  

 

Қҧрамы  бойынша  мини-жоба,  моно-жоба  пәндік  және  пәнаралық  болып  бӛлінеді. 



Мини-жоба  бір  пән  негізінде  ғана  ҧйымдастырылса,  пәндік  жобалар  факультативтік 

сабақтар  аясында  қолданылады.  Ал  пәнаралық  жоба  бірнеше  пән  негізінде  қҧралады. 

Қатынас  қҧралы  бойынша  дара  және  топтық  болып  бӛлінеді.  Ӛз  алдына  топтық: 

сыныпішілік,  мектепішілік,  аумақтық  және  халықаралық  болып  бӛлінеді.  Ҧзақтығына 

байланысты  мини-жоба-  1  сабақтық,  қысқа-  4-6  сабақтық,  апталық-  30-40  сағаттық,  ҧзақ 

немесе жылдық - дара немесе топтық жобалар міндетті тҥрде сабақтан тыс жҥргізілуі керек. 

 

Жобалар  презентациясының  тҥрлері:  ғылыми  жҧмыс,  іскерлік  ойын,  видео-фильм 



кӛрсету,  экскурсия,  бағдарлама,  ғылыми  конференция,  театр  кӛрсетілімі,  тарихи  немесе 

әдеби диалогтар, спорт ойыны, спектакль, жарнама, пресс-конференция. 

 

Ал  жобалау  әдісінің  практикалық  бӛлімін  қарастырсақ  бҧл  жерде  жоба  дайындау 



қажет  ақпаратты  жинақтау,  рәсімдеу  кезеңдеріне  назар  аударатын  сабақ  жоспарлары  мен 

дебат  пікірсайысына  дайындық  кезеңдерін  атап  ӛтейік.  Негізгі  жоба  тақырыбы  оқушы  ӛзі 

қызығушылығына  орай  таңдайды,  бірақ  бағыт  -  бағдарды  әрине  мҧғалім  береді.  Тӛменде 

сабақ жоспарлары беріліп, дайындық жҧмысын ҧйымдастыру кезеңдері кӛрсетілген[3]. 

 

Әдебиеттер 



1. ҚР білім беру дамыту 2015 ж. тҧжырымдамасы.  

2. ҚР «Білім беру туралы заңы» 2007 жыл 27 шілде.  

3. Жайтапова А.Ә. Нәметқҧлова Ф.Ж. «TQM негізінде білім сапасын басқару»  

 

125



 


4. Туркина  Н.В.  «Работа  над  проектом  при  обучений  английскому 

языку» «Иностраннный язык» №3, 2007 г.  

 

5. Макаревич И.Г. «Проектные работы» «Иностранные языки в школе» №6, 2006 г.  



 

 

 



жүктеу 61,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау