бірақ қоғам оған өре түргеліп жатқан жоқ, қоғам ерек ойды түсінуге
тырысады, түсінбеген жағдайда, теріске шығаруға ұмтылмайды. Тіпті
болмаса, түсіне алмай тұрған өзін кінəлайды. Ал, біз болсақ,
өзгеше
пікір айтқан адамды бəріміз жабылып, жүнін жұлған тауықтай
қыламыз. Бұл неткен фанатизм? Түсіне алмай-ақ қойдым.
***
Жұдырықтай жұмылмай жүргеннен жатқа жем болатынымызды
жүрекпен ұғып, ақылмен ойлау бар қазақтың парасаттылық парызына
қашан айналады? Бізде бір-бірімізге
деген волонтерлік қасиет
қалыптаспай-ақ қойды. Волонтерлік қасиетіңіз не, айдың-күннің
аманында бірімізден біріміз үркіп жүретін болдық.
Қазақша сөйлейтіндер неге орысша сөйлейтіндерді бауырына
тартпайды?
Орысша
сөйлейтіндер
неге
қазақи
тамырынан
айырылғысы келмейтін бауырларын үздік мəдениеттің қонысына қарай
жетектемейді? Бірлікке ұмтылудың, рухы мықты ел болудың алғашқы
қадамы осы болар еді. Жаһандағы жақсы елдердің қатарына сонда ғана
қосыла аламыз.
***
Кеңес
өкіметі
ешкімге
көрсетпеген
жақсылықты
неге
жазушыларға жасады? Өйткені, олар əдебиеттің тау қопарар күшін өз
мүдделері
үшін
пайдалану
керектігін
тамаша
түсінді.
Осы
идеологияның стандартына сыйғысы келмеген,
сол майданның
жауынгері болуға көнбеген қаламгерлердің артына неге қоңырау алып
түсті?
Себебі, жалаң идеологияның өмірге қарама-қайшылығын сол
кездің өзінде суреттеп өткен
Бердібек Соқпақбаев сияқты бірді-екілі
жазушы коммунистік қоғамға қолайсыздық туғыза қоймағанымен,
партияның ішкі өміріне дискомфорт əкелді. «Идеялық мазмұн» дейтін
терминсымақты түсінбеген, түсінгісі де келмеген Бекең етінен ет кесіп
алса да партиялық функционерлердің ығымен жүрмейтіні «Жұмабай»
деген əңгімесінен анық байқалады.
***
2030 жылы Үндістан жалпы
ішкі өнім көлемі жөнінен
Ұлыбританияны басып озады екен. Бұл туралы халықаралық
Pricewaterhouse Coopers консалтинг компаниясы мəлімдеген. Үндістер
бізден үйреніпті. Бірақ конкретно үйренгенін атап айтқым келіп тұр.
***
Иерей
Александр
Шумский
айтыпты:
«Либерастические
идеологи
глобализма
явно
хотят
противопоставить
футбол
Христианству. Я в этом уверен. Потому и радуюсь, что российские
футболисты провалились и, по милости Божией, не участвуют больше
в этом гомосексуальном позорище, да к тому же еще и в пост».
Осындай аталы сөздерді біздің
қазақтың дінбасылары айта
алмайды. Құран сөздері мен сылдыр сөздерді сапыра бергеннен діннің
беделі өспейді. Өзіндік ой айту жəне айналадағы құбылыстар мен
оқиғаларға тұщымды баға бере білу ғана діннің көкжиегін кеңейте
алатынын солар түсінсе екен деп тілеймін.
***
«Көне» журналистиканың кейбір канондарын саналы түрде
сақтап қалған қазақ баспасөзі қазір өзінің техникасы мен
технологиясын
жаңартып
үлгергенімен
адами
фактор
мен
мемлекетшілдіктен ауытқи қойған жоқ.
Олай дейтінім, арзан ақпарат
үшін аяғынан таусылып, күн ұзаққа жүргенде жүз жол жазбайтын
«диктофонный журналистерге»
қарағанда
адам
туралы толғайтын
жəне
ұлт болашағын
ойлайтын туындыгерлер əлі де баршылық. Мен,
ең алдымен, осыған қуанамын.
***
Оң-солымызды танып отырып, опық жегеннен асқан азап жоқ.
Егеменді ел болу жолында жиырма үш жыл бойы тірнектеп жинаған
тəжірибемізді бір күнде тəрік етсек, бетімізбен жер баспаймыз ба?
Тарих алдында қас масқара болу қандай қорқынышты! Ең қауіптісі,
басқаларды түсінгенде алдымызға жан салмаймыз, ал, өзімізді өзіміз
қолдауға келгенде кегежеміз кейін тарта береді.
Адам түсініп болмайтын осы парадокстан құтылу ғана бізді
шындықтың
шеңберіне
жақындата
түседі.
Тəуелсіздігімізді
нығайтудың даңғыл жолына жетелейді.
Кері байланыстың сызбасы
осындай. Əділетке құрылған сөзге ұмтылу ғана ақиқатқа жеткізеді.
Ақиқатқа ғана жүгінсек, елдігіміз бен ерлігіміз баянды. Сонда ғана
мəңгілік мүддені қорғаудың қамын жасауға жанталасар едік.
Достарыңызбен бөлісу: