Бағдарламасының 2019 жылы сәуіріне орындалуы



Дата03.02.2020
өлшемі62 Kb.
#28077
түріБағдарламасы

Еңбек нарығы және нәтижелі жұмыспен қамтуды және

жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға

арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының

2019 жылы сәуіріне орындалуы

Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде -1665 адам хабарласты. Олардың ішінде: жұмыссыз статусын алғандар- 724 адам.

Жұмыс іздеуші есебінде хабарласқандардан - 1180 адам жұмыспен қамтылды (оның ішінде: жастар тәжірибесіне -191, қоғамдық жұмыс -478, әлеуметтік жұмысқа -109, тұрақты-402 адам)
Бірінші бағыт: Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттарына жататын үміткерден 100 адам оқыту жоспарланып отыр. Оқу қыркүйек айында басталады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 180 адамды оқытуға 55,557 млн.теңге қаржы қаралды. Еңбек нарығына байланысты қажетті мамандықтарды белгілеп, мамыр,маусым айынан бастап оқу басталды деп жоспарлануда.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 110 адам оқыту жоспарланған.

Жыл басынан бері 96 адам «Бастау Бизнес» жобасына оқуға жолданды.

Мемлекеттік грант 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша, яғни 252500 теңгеден 50 адамға беру жоспарланып отыр.



Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 70 адамға 25,021 млн.теңге бөлінді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 109 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар тәжірибесіне қаржыландыруға 156 адамға 59,085 млн.теңге бөлініп (100 адамға РБ 37,875 млн.т, 56 адамға ЖБ 21,210 млн.т), 191 жас маман жастар тәжірибесіне жолданды. Тәжірибеден өткен 4 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты.

Қоғамдық жұмысқа 95,323 млн.теңге бөлінді (облыстық бюджеттен 39,850 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 55,473 млн.теңге). Жұмыссыз ретінде тіркелген 478 адамға (ауылдық жерден 312 адам) жолдама берілді.

Жаңа жұмыс орындарының ашылуы - аудан бойынша жыл көлемінде 900 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ол 382 болып орындалды (42,4 пайыз), оның ішінде ауылдық жерден 121 адам.

Тұрақты жұмысқа орналасқандар салалары бойынша:


  1. Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы -9;

  2. Өнеркәсіп саласы - 24;

  3. Білім беру саласы бойынша - 17;

  4. Денсаулық сақтау және

әлеуметтік қызыметтер бойынша - 13;

  1. Экономикалық қызметтің түрлері бойынша - 158;

  2. Көлік және қоймалау - 4

  3. Көтерме сауда - 143;

  4. Құрылыс саласы - 0;

  5. Уақытша және маусымдық жұмысқа -14.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы (жоспар 33 адам) -«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмысқа жарамды жұмыс іздеуші ретінде 30 адам хабарласып, тұрақты жұмысқа-7, қоғамдық жұмысқа-19, жастар тәжірибесіне-2, әлеуметтік жұмысқа-2 және 4 азамат қысқа мерзімді оқуға тізімге алынды.

Қылмыстық атқару инспекциясы және жазасын өтеп келгендердің есебінде тұратындардан - 5 адам хабарласты.

Оның: тұрақты жұмысқа орналасқаны-3, қоғамдық жұмысқа-2 адам. Сол сияқты, 3 азаматтың отбасына 6 айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 4 азамат сәуір айында ұйымдастырылатын қысқа мерзімді оқу курстарына оқу тізіміне алынды.



Жыл басынан бері 5 (бес) жәрмеңке ұйымдастырылып, 57 кәсіпорын мен мекемелер 131 бос жұмыс орындары ұсынып, 31адам тұрақты жұмысқа, 70 адам қоғамдық жұмысқа, 11 адам әлеуметтік жұмысқа, 14 адам жастар тәжірибесіне орналасты. Жәрмеңкенің нәтижесінде 107 адамға ҚР «Еңбек кодексіне», ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және бағдарлама бағыттары бойынша консультациялар берілді.

2019 жылдың 1 мамырына жұмыссыздар саны (қалдық) базалық дерекқор бойынша 951 адам, яғни сәуір айының жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрады.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайыз.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі

Анықтама

Арал ауданы бойынша 1354 отбасыдан атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданып, оның ішінде 1189 отбасы шартты ақшалай көмекке және 165 отбасы шартсыз ақшалай көмекке тағайындалды.



Осы жоғарыда тағайындалған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыстарға тарту барысында, 2 адам тұрақты жұмысқа, 6 адам әлеуметтік жұмысқа, 3 адам жастар тәжірибесіне және 288 ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау