Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет16/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Оңашадағы онлайн ойлар

***
«Құдайды күлдіргің келсе, алдағы жоспарыңды айт!» деген əзіл
сөз бар. Əзіл болса да қорқынышты. Иə, алдағыны тек Аллатағала
біледі.
***
Жас кезімде ауыл қариялары айтып отырушы еді: «Ақырзаман
боларда қара қытай қаптайды». Аллатағала заманның ақырынан
сақтасын, бірақ қара қытай қаптап келе жатқаны, зерделеп қарасаң, рас
шаруа. Төрткүл дүниенің мынау деген алпауыт шаһарларын қазір
«Chinatown»–«Қытай қалашықтары» жаулап алғаны жасырын емес.
Иісі қазақтың көңілін күпті ететін бұл тізімнің ішінде Қазақстанның
жалғыз мегаполисі Алматының да жүргені жанға батпай қоймайды.
Кейбір деректерге қарағанда, өткен ғасырдың 90-ыншы
жылдарының соңына қарай Қазақстанға жыл сайын 50 мың қытайлық


келіп, оның 30 мыңдайы ғана кейін қайтып отырған көрінеді. Өте
қорқынышты жағдай. Есіме Шерхан Мұртаза көкем түсіп отыр. Тура
«Мылтықсыз майдан».
Ресейлік ғалым В.Хлюпин өзінің «Треугольник геополитического 
взрыва. Казахстан – Китай – Россия» деген еңбегінде «экспансионизм 
Китая, как определенная военно-политическая традиция, не только 
имеет в своей основе глубокие исторические корни и своеобразную 
философию, но и прояляется в различных видах и формах» дей келе, 
қазір Қытай өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін жан-жағындағы жеті 
елге дипломатикалық, саяси, экономикалық қысым көрсетудің əртүрлі 
тəсілдерін қолдануға тырысып баққысы келетінін күлбілтелемей, 
күмілжімей қадап айтады. 
Қаралай отырып қорқасың. Осы ойымды естіген Нұртөре Жүсіп
мені жұбатқандай болды: «Шəке, Қытайдан қорықпа, Құдайдан
қорық!».
***
Қазақ газеттерін Қазақстанда рынокке шығару машақаты
француздар өліп жейтін шаянды өзбектің базарына шығарып, «алың,
алың» деумен бірдей. Жабайы түсіндірсек, осылай. Қысқасы,
өзбектердің шаянды сатып алғысы келмейтіні секілді қазақтардың да
өз тіліндегі газетті оқуға құлқы болмай отыр.
Сырнайлататын ештеңе жоқ, төтесінен тартсақ, осы əңгіме жетпіс
пайыз шындыққа саяды. Бұдан кейін Қазақстанда газет-журнал
рыногы қалыптасты деп кесіп айту қиын. Сондықтан да əр газет-
журнал редакциясы менеджмент пен маркетингті мықтап қолға алуы
қажет.
***
Социализм кезінде «Адамға табын, Жер, енді» деп
сырнайлатқанда «саяси қателікке» ұрынғанымызды түсініп отырмын. 
Құдай адамзаттан əлдеқайда құдіретті екенін мына бір фактіден анық 
байқайсың: Жаратушыны жерде жүрген тірі жанның ешқайсысы 


ешқашан көрген жоқ, көре алмайды жəне көрмейді де. Бұл – 
дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал, Аллатағала біздің бəрімізді 
жеке-жеке көріп тұр. Кез-келгенімізді шақырғысы келсе, шақырып 
алады. Сұраққа. Тіпті, космосқа ұшып кетсең де!
Владимир Комаров деген космонавт есіңізде ме? Ол ғарыш
кемесінде бірінші апатқа ұшыраған соң аузыма түсті. Айтпақшы, сол
жолы Комаровтың орнына Гагарин ұшқысы келген екен. Бастықтар
басқаша шешім қабылдаған. Бірақ əлгі оқиғадан бір ай бұрын бірінші 
ғарышкерді Жаратқан Комаровтан да бұрын жалмап кетіп еді-ау! 
Əлемге аты жайылған Юра ұшақта опат болды. «Құдай бізді табамын 
десе, кез-келген жерден табады» дегенге осыдан кейін сенбей көр.
***
Менің журналистік тағдырыма əсер еткен жеке адамнан гөрі
біздің үйдің қасына орналасқан пошта бөлімшесі болды. Бес жасымнан
бастап осы поштаның ішінде жүрдім. Анамның жақын ағасы осында
меңгеруші болып істейтін. Таңертеңгісін поштаға газет тиеген машина
келеді. Кіл сары қапшыққа салынған газеттерді поштаға түсіре
бастайды. Сол кезде газеттің ерекше бір спецификалық иісі бар еді.
Сол иіс əлі мұрнымнан кетпейді. Журналистикаға махабабатым осы
иістен басталды.
***
Қазақтың 
фразеологизмдері 
шынында 
да 
философияға
негізделген. Тұрақты тіркес халықтың сауаттылығынан туады деп
ойлаймын. Сауаттылық дегенде жаратылысты жақсы білетіндігін
айтып отырмын. «Дəм-тұзы таусылды» дейді қазақ. Өте астарлы
тұрақты тіркес. Тəн өліп, 
жанның 
өмірі жалғаса беретінін осыдан
артық жеткізу мүмкін бе? Бір тіркеспен? Жоқ. Қазақ тілінің қадір-
қасиетіне жете алмай жүргендерді кейде аяймын!


***
Тағы да бір күлкілі оқиғаны айтқым келіп отыр. Бірде үйлену
тойына бардық. Ол кезде тойдағы төбелес–үйреншікті жайт. Үйленіп
жатқан курстасымыздың інісі «физкультурныйда» оқиды екен. Əрбір
столдың маңына бір-бір боксер жігітті отырғызып қойған, алда-жалда
шатақ шыға қалса, тентектерді сыртқа шығарып жіберсін десе керек.
Біздің курс – төңірегін дуылдатып жүретін атышулы курс. Қыз-
жігіттер шетінен ақын. Ішке жүз грамм түссе, екі қолды сермеп өлең 
оқимыз. Той əбден қызған кезде курстың №1 ақыны Самат Асқаров 
өлең оқуға кіріссін. Сол-ақ екен, менің дəл артымда тұрған еңгезердей 
«наблюдатель» жігіт Саматқа қарап:
«
Ей, «Нос», держите себя в
руках!» демесі бар ма? «Нос» деп Саматтың дəу мұрнын кекетіп тұр.
Күйіп кеткен мен əлгіге жалт бұрылдым: 
«
Чувак, ты что оскорбляешь 
поэта!».
Мені де пыру демеді əлгі жігіт: «Ой, «Уши», ты вообще
заткнись!» Бұған қалай төзесің? Досымның қолақпандай мұрнын
мазақтағаны аздай-ақ, менің қалқан құлағымды қоса кекеткеніне тіптен
шыдамай кеттім. Далаға жекпе-жекке шығуға шақырдым. Несін
айтайын, сол түні тойдан оңбай таяқ жеп қайттым.
***
Ағылшындар «натура» дейді, орыстар «природа» дейді, біз
«жаратылыс» дейміз. Осы жаратылысқа бағынып күн кешу керек. «Бір
сызықтың бойымен өмір сүргісі келетіндерді» түсінбеймін. Бұл – жеке
адамдарға қатысты.
Ал, тұтас мына дүниеде де біз жаратылысқа қарсы іс-
əрекеттеріміздің құрбаны болып отырғанымыз белгілі. АҚШ-тағы
азамат соғысы мен Жапониядағы самурайларды құрту – адамзат
тарихындағы 
революциялық 
бетбұрыс 
болғаны 
рас. 
«Ауыл
шаруашылығымен» болған принципті соғыста «Өнеркəсіп» жеңіске
жеткен сол кездің тұрғысынан келгенде. Ал, қазір адамзат осы қос
оқиғаның бүгінгі түтінге тұншықтырған урбанизацияға алып келгеніне


күмəн келтірмейді.
Егер азамат соғысында оңтүстіктер жеңгенде, жапондықтар
самурайға бағыну салттарын қорғап қалғанда біз табиғатты алғашқы
нұсқасында сақтап тұрар ма едік?! Сұрақ көп. Дедукциялық ой қорыту
да, индукциялық ой қорыту да 

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау