Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет45/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

112 
 
«Кеміргіштердің  саркоспоридиялары»  тақырыбында  виртуалды  оқу-танымдық 
зертханасының электрондық әдістемелік нұсқаулығы жасалды.    
Ұсынылып  отырған  виртуалды  зертханалық  жұмыстарға  әдістемелік 
тұрғыдан талдау жасап, виртуалды зертхана жұмыстарын мынадай екі тұрғыда  
қарастырдық:    пәндік  білім,  білік,  дағдыларды  білім  мазмұнының  түрлі  оқу 
жағдаяттарында  көрініс табу үдерісі ретіндегі көрнекілікке тасымалдау амалы; 
пәндік    білімдердің  жеке  тұлғаға  өту  үдерісі  ретіндегі  білім  алушылардың  
көрнекіліктерді  іс-әрекетте пайдалану амалы.        
Осы  өзара  байланысты  екі  амалды  ескере  отырып,  біз  виртуалды 
зертхананың  бiрнеше  сипаттамаларын ажыратып көрсеттік:  
- біріншіден,  виртуалды  зертхана  –  бұл  оқу  материалы  мазмұнының  оқу 
жағдаяттарында көрініс табу құралы, яғни ол пәндік білімдерді қолданудағы іс-
әрекеттер моделі;  
- екіншіден, виртуалды зертхана – бұл оқу іс-әрекетінің мазмұны, яғни, ол 
оқу жағдаяттарын шешуге бағытталған іс-әрекеттер моделі; 
- үшіншіден,  виртуалды  зертхана  –  бұл  оқу  материалын  меңгеру  құралы, 
яғни ол пәндік білімдердің білім алушының жеке жетістігіне өту моделі болып 
табылады.  
 Болашақ биолог мұғалімдердің  виртуалды зертханалық жұмыстарды құру 
мен  жасау,  оны  оқу  үдерісінде  тиімді  қолданудың  әдістемесі    ұсынылды.    
Виртуалдық зертханалық жұмысты құру және пайдалану  өлшемдері келесідей    
анықталды: мақсаттық 

 мотивациялық; когнитивті; операциялық-әрекеттік.  
Тәжірибелік 

 эксперименттік жұмыстар  жоғарыда аталған педагогикалық 
университеттерде сынақ жүргізілді. 
Экспериментті  жүргізу  үшін  5В011300  –  «Биология»  мамандығының  1 
курс студенттері алынды. Экспериментке (пәннің жүргізілуіне байланысты)  82 
студент қатысты  (оның  – 42 – ЭТ,  ал  40 студент  – БТ).   
 Эксперимент  жұмысы  үш  кезеңде  жүргізілді:  анықтау  эксперименті, 
қалыптастыру  эксперименті,  бақылау  -  тексеру  эксперименті.  Әрбір  кезеңдегі 
зерттеу  проблемасы  бойынша  теориялық  қорытындылары  тәжірибелік- 
эксперименттік  тұрғыдан  тексеріліп  отырды  және  алынғaн  нәтижeлepдi 
caлыcтыpу, тaлдaу жәнe қopытындылaу болашақ биолог-мамандарды дaяpлaудa   
виртуалдық зертханалық жұмыстардың  тиімділігін  анықтауға мүмкiндiк бepдi. 
Анықталған  көрсеткіштер  мен  оны  құраушы  өлшемдер  негізінде  бoлaшaқ 
биолог  мұғалімдерді  дайындауда  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды      құру 
мен  қолданудың      үш  деңгейі  бөліп  қарастырылды:  бастапқы,  продуктивтік 
және шығармашылық деңгейлер.  
Болашақ  мамандардың  зоологиялық  білімдерінің  шығармашылық  деңгейі 
операциялық-әрекеттік  өлшемдерді    игерумен  сипатталады  және  олардың 
виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  орындау  іс-әрекетін  анықтайтын 
зоологиялық мотивтерінің қалыптасқандығын бейнелейді. Эксперименттік және 
бақылау  топтарындағы  когнитивтік    өлшемді  диагностикалау  келесідей 
көрсеткіштердің  мәнін  айқындады.  Диагностика  көрсеткендей  эксперименттік 
топта  коэффициенттің  мәні  0,7-ден  үлкен.  Бұдан  шығатын  қорытынды 


113 
 
эксперименттік  топта  білім  алушылардың  қызығушылықтарының  басымдығы,  
виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді қолдануға деген ұмтылыс байқалды 
да, бақылау тобында бұл көрсеткіш 1,6 есе аз екендігін көрсетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


114 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Мемлекеттің  индустриялық-инновациялық  дамыту  міндеттерін  шешуге 
байланысты  білім  сапасын  әлемдік  тәжірибелерге  сәйкес  жоғары  деңгейге 
көтеру – заман  талабы. Өйткені қазіргі қоғамдық сұраныстар еңбек нарығының 
қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  жоғары  кәсіби  ұтқырлықты,  ғылыми-
техникалық және заманауи ақпараттарға өз бетімен бағыттала алатын мамандар 
даярлауды  қажет  етіп  отыр.  Осыған  орай  жоғары  оқу  орындарының  алдына 
кәсіби маман ретінде өз бетімен білім алуға қабілетті, алған білімдерін оқу және 
өмірлік  жағдаяттарда  шығармашылықпен  пайдалана  алуын,  өзін-өзі  дамыту 
мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ететін тұлғаны дайындау мәселелелері  жан-
жақты қарастырылып отыр.  
Зерттеу 
барысында 
қол 
жеткізген 
нәтижелер 
төмендегідей 
қорытындылар жасауға мүмкіндік берді: 
1.  Болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды құру мен қолданудың теориялық-әдіснамалық негізі анықталды.  
2.  Анықталған әдіснамалық негізге сәйкес жаратылыстану пәндерін оқытуда 
виртуалды  зертханалық  жұмыстардың  маңызына  сипаттама  берілді. 
Жаратылыстану  пәндерін  оқытуда  виртуалды  зертханалық  жұмыстар  білім 
алушылардың  биологиялық  дайындық  деңгейін  арттырады  және  алған 
білімдерін  болашақ  кәсіби  іс-әрекеттерінде  қолдана  алу  біліктерін 
қалыптастырады. Сонымен қатар биологияны оқытуда виртуалды зертханалық 
жұмыстарды құрудың: мотивациялық, когнитивтік және операциялық-әрекеттік 
өлшемдері  айқындалды.  Виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  құрудың 
өлшемдері  биология  мамандығы  бойынша  білім  алушылардың  білім  сапасы 
деңгейін анықтауға бағытталған.  
3.  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  элективті  курсының  мазмұнына  қосымша 
арнайы  дәрістер  қосылды  және    «Кеміргіштердің  саркоспоридиялары» 
тақырыбында  виртуалды  зертханасының  электрондық  әдістемелік  нұсқаулығы  
жасалды.    Тәжірибелік  эксперимент  негізінде,  болашақ  биолог  мұғалімдердің 
виртуалдық  зертханалық  жұмыстарды    құру  және  пайдалану      әдістемесі 
ұсынылып, оқу үдерісіне ендірілді. 
4.  Болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды    құру  және  қолдану      әдістемесі    дайындалып,  педагогикалық 
эксперимент арқылы дәлелденді.  
Сонымен қатар, жүргізілген диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысының 
нәтижелері  болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  виртуалды  зертханалық 
жұмыстарды құру мен қолдану әдістемесін дайындауда: 
-  биологиядан біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігін құру; 
-  оқу  үдерісінде  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  жүргізу  үшін 
материалдық-техникалық базаны жақсарту деген сипаттағы бірқатар ұсыныстар 
жасауға мүмкіндік берді. 
Зерттеуiмiздiң  ғылыми  болжамы  тәжiрибелік-эксперименттiк  жұмыс 
барысында  дәлелдендi  және  жүргiзiлген  зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау