109
сауалнамалар жүргiзiлдi. Барлық білім алушылардың сауалнамалық сұраққа
жауап берген нәтижелерi 29-кестеде көрсетiлген. 30-кестедегi мәлiметтерде
көрiнiп тұрғандай, барлық білім алушылар (97,5%) оқытуда виртуалды
зертхананы қолданудың көмегiн, оң бағалады деп айта аламыз. Білім
алушылардың ойы бойынша, күрделi оқу материалдарын оңай есте сақтауға
(77,2%) және еске түсiруге (79,8%) көмектеседi деген жауап алдық. Көпшiлiгiне
бiз жасаған виртуалды зертханалар (91,1%) өте қатты ұнаған, ал жартысынан
көбiсi (60%) виртуалды зертхананы жетiлдiруге қатысқылары келетiнiн
айтады.
Кесте 30
–
Білім алушылардың сауалнамалық сұраққа берген жауаптары,
олардың оқытуда виртуалды зертхананы пайдалануға қатынасы (82 білім
алушы)
Сауалнама
сұрақтары мен жауаптары
% дұрыс жауаптары
1.Сiздерге оқыту үдерісінде пайдаланылған виртуалды
зертхана білімді игеруге көмектеседi ме?
97,5
2.Виртуалды зертхана көмегі немен анықталады?
- жаңа оқу материалын оңай есте сақтауға
болады
- үйде оқу материалымен оңай жұмыс iстеуге
болады
- сұраққа жауап берген кезде оқу материалын оңай еске
түсiруге болады
77,2
16,5
79,8
3. Сiздерге оқыту үдерісінде оқытушылар ұсынған
виртуалды зертханалар ұнайды ма?
91,1
4. Сендерге виртуалды зертхана несiмен ұнайды?
- оқу материалының қатаң логикамен құрылуы
- оқу материалындағы ең негiзгi мазмұнды бөлiп
көрсетуi
- күрделi оқу материалын ұғынудың жеңiлдiгiмен
- сабақта психологиялық
жағдай туғызуымен
- шығармашылық және өзiндiк мүмкiндiктi туғызуы
- көрнекiлiгi
- түпнұсқалылығы
17,8
70,8
54,4
17,7
12,6
30,4
40,5
5. Сендердiң виртуалды зертхананы жетiлдiруге
қатысқыларың келедi ме?
60,0
110
Білім алушылардың виртуалды зертхананың негiзгi сипаттамасына
оқытудағы оқу құралы ретiнде өте жоғары баға бергендiгiн айтып кету керек.
Ал 70%-ы виртуалды зертхананы оқу материалындағы маңызды және
бастыларын бөлiп көрсетеудегi жинақылығы мен ықшамдылығын айтады. 50%-
дан астамы виртуалды зертхананың қолайлылығын дұрыс
бағалайды, ал 30,4%
көрнекiлiгiн және 40,5%-ы түпнұсқалылығын көрсетедi. Білім алушылардың
30,4%-ы сабақта виртуалды зертхананы қолданудың психологиялық жағдай
және шығармашылық мүмкiндiкпен, өзiндiк жұмыс жасаудағы рөлiн атап
кетедi. Сонымен қатар, осы қарастырып отырған мәселелермен ғылыми
еңбектер және авторлардың дәрістері бойынша таныс оқытушылардан да
сауалнама алынды. Дайындалған сауалнамаға 55 оқытушы қатысты. Ол
мәлiметтер 31-кестеде көрсетiлген.
Кесте 31
–
Оқытушылардың сауалнамалық сұраққа берген жауаптары мен
виртуалды зертхананы өз iс-тәжiрибелерiне пайдалануы
Сауалнама сұрақтары мен жауаптары
% дұрыс жауаптары
1. Виртуалды зертхананың білім алушылардың
бiлiмдi меңгеру деңгейiн көтеруге әсерi қандай?
90,4
2. Виртуалды зертхана білім алушылардың бiлiмдi
меңгеру деңгейiн қалай көтередi?
- шығармашылық iс-әрекетiн
- оқу жұмысының тәсiлдерiн оқытады
- оқу материалын түсiнудi, есте сақтауды және қайта
еске түсiруiн жеңiлдетедi
85,7
33,3
71,4
- оқу ақпаратының ең бастысын бөлуге үйретедi
- сараланған-тұлғалық
тәсiлдi қамтамасыз етедi
- білім алушылардың бiлiмiн жүйелейдi
- білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады
-сабақта психологиялық
жағдай туғызады
66,6
9,5
61,9
90,5
4,7
3. Виртуалды зертхананың қандай сапасы білім
алушылардың оқу материалын меңгеру тиiмдiлiгiн
артырады?
- ықшамдылығы мен қарапайымдылығы
- көрнекiлiгi мен ассоциативтiлiгi
- әмбебаптығы мен тасымалданушылығы
90,5
14,3
33,3
4. Виртуалды зертхананы сабақта қолдану әдiстемесi
барлық білім алушыларға ыңғайлы ма?
100