Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет2/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылған:  
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  –  білім  сапасын  көтеруді  жүзеге 
асыруға  бағытталған  үдеріс,  яғни  ұлттық  білім  жүйесіндегі  дәстүрлі 
технологияларды  тиімді  жаңа  кешенді  ақпараттандыру  технологияларына 
алмастыру, оларды жетілдіру және дамыта отырып нақты іс-шараларды жүзеге 
асыру. 
Бихевиоризм  (ағылшын  тілінде  behaviour  –  іс-әрекет)  –  іс-әрекет 
дағдысының мәні мен тұлғаның психологиялық кызметін түсіндіру. 
«Виртуалды» ұғымының мәні – білім алушылар зерделенетін нысандар, 
үдерістер  немесе  құбылыстармен  тікелей  жұмыс  жасамайды,  тек  әртүрлі 
компьютерлік үлгілер арқылы ақпараттар ала алады.  
Виртуалды зертхана – оқу материалдарына қажетті шынайы нысандарсыз 
компьютерлік  модельдеу  арқылы  тәжірибе  жүргізудің  бағдарламалық-
аппараттық кешені. 
Гипермедиялық  технологиялар  –  текстермен  жұмыс  істеудің  және 
олардың  бір-біріне  хабар  жіберуін  ұйымдастырудың  ыңғайлы  мүмкіндіктерін 
жасайтын технологияларды дамыту. 
«Зертхана» – (латын тілінде «labor» – еңбек, жұмыс, қиындық) туындаған 
ғылыми және өмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және еңбек күш-қуатын 
пайдалануға байланысты ұғым. 
Инновация –  қалыптасқан  таным  ерекшелігіне  ұқсамайтын  жаңа  ойлау 
жүйесін  табу,  білім  мен  материалдық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып 
дәстүрлі  оқытуды  жаңғырту,  толықтыру,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдану. 
Ағылшынша Innovation көбінесе  ғылыми-техникалық  тапқырлық  пен  жаңалық 
ашуды көрсетеді. 
Инновациялық процесс – барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты 
динамикалық процесс.  
Когнитивизм  –  тұлғаның  білім  мен  түрлі  ақпараттарды  қабылдауына 
қатысты үдеріс, оған «интеллектуалды», «менталды» терминдері синоним бола 
алады. 
Конструктивизм  (латын  тілінде  contructio –  құру)  –  шынайылық  туралы 
білімді әрбір тұлғаның ортаның әсерімен өз бетімен құруы. 
Компьютерлік  технологиялар  –  компьютерлік  техника  негізінде 
ақпараттарды  жинау,  сақтау,  қайта  өңдеу  және  таратуды  жүзеге  асыратын 
қазіргі  техникалық  құралдардың  математикалық  және  кибернетикалық 
әдістерінің жиынтығы. 
Новация  –  бұл  лабораториялық  емес  жаңа  идеяны  алғаш  жүзеге  асыру, 
ғылыми тұрғыда  пайда болады да тәжірибе арқылы негізделеді.  
Оқыту  –  оқытушының  жетекшілігімен  білім,  білік  және  дағдыларды 
игеруде  мақсатты  ұйымдастырылған  жоспарлы  және  жүйелі  түрде  жүзеге 
асырылатын үрдіс.   



 
Оқыту  әдістері  –  білім  берудің  мақсатына  жетуге  бағытталған  оқытушы 
мен білім алушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-
қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері. 
Оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  –  (лат.  «forma»  -  сыртқы 
бейнесі, сыртқы көрінісі) белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын 
оқытушы мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі.  
Оқыту  технологиясы  –  қойылған  мақсатқа  тиiмдi  жолмен  қол  жеткiзудi 
қамтамасыз  етушi  жүйе  (оқытудың  формаларын,  әдiстерi  мен  құралдарын 
қамтитын)  ретінде  көрiнетiн  оқу  бағдарламаларында  айқындалған  бiлiм 
мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi.  
Мультимедиа  –  компьютерде  дыбысты,  ақпаратты,  тұрақты  және 
қозғалыстағы  бейнелерді  біріктіріп  көрсету  үшін  жинақталған  компьютерлік 
технология. 
Мультимедиалық    құралдар  –  бейнелік  және  аудиоэффектілік,  әртүрлі  
мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтың  
басқаруымен орындаталатын электрондық құжаттарды  дайындау тәсілдері. 
Саркоспоридия  (Sarcocystіs)  –  облигатты  гетероксенді  екі  қожайындық 
даму циклі бар кокцидиялар. 
«Технология» – (гректің «techne»  – өнер, шеберлік, кәсіп – «logos» ғылым 
білім)  деген  сөздерден  шыққан.  Екі  түбірдің  бірлігінен  өндіріс  үдерістерін 
жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. 
Телеконференция  –  бір-бірімен  алыс  қашықтықтағы  оқытушы  мен 
студенттер  дәстүрліге  жақын  оқу  үдерісін  жүзеге  асыруға,  студенттердің 
ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға, іс-қимыл ойының әдіс – тәсілдерін жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Электронды  оқулық  –  бұл  дидактикалық  әдiс-тәсiлдер  мен  ақпараттық 
технологияны қолдану жүйесі. 
Электронды  оқу  құралы  –  бұл  оқу  курсының  ең  маңызды  бөлімдерін, 
сонымен  бірге  есептер  жинағы,  анықтамалар,  энциклопедиялар,  карталар, 
атластар,  практикалық  сабақтар  мен  зертханалық  жұмыстарды  жүргізу 
нұсқаулары  және  т.б.  білім  беруді  басқаратын  мемлекеттік  органдар 
тағайындаған  арнайы  статусы  бар  берілген  түрдегі  баспаларды  қамтитын 
электрондық оқу басылымы. 
Электрондық  пошта  –  оқытушылар  мен  қашықтағы  білім  алушылар 
арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. 



 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ЮНЕСКО – (United Nations Educational, Scientific and Cultural Orgaization)  
                                                –
 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім,  Ғылым  және 
Мәдениет жөніндегі Ұйымы.  
ЖОО                                      – жоғары оқу орны  
ҚР                                          – Қазақстан Республикасы  
Абай атындағы ҚазҰПУ        – Қазақ Ұлттық педагогикалық университет 
ТарМПУ                                – Тараз мемлекеттік педагогикалық университет 
ВЗК                                        – виртуалдық зертханалық кешендер 
ВА                                         – виртуалды аспаптар 
ВН                                              – виртуалды нақтылық 
ЭЕМ                                           – электрондық есептеуіш машинасы 
 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау