104
Коэффициенттің мәні 0,7-ден үлкен болған жағдайда компонент игерілген
деп есептеледі деген қағидадан шыға келе, виртуалды зертхананы тиімді
пайдалану біліктері аталған үш компоненттің бастапқы, продуктивті және
шығармашылық деңгейлерінде игерілді деген қорытынды жасауға болады.
Алынған мәліметтерге талдау жасауда эксперименттік топта игерген
коэффициенттің мәні сәл ғана өгергендігі байқалды.
Диагностика барысында когнитивті өлшемнің бастапқы деңгейіндегі
коэффициенттің мәні (0,84) бастапқы деңгейде (0,72) азайғандығы байқалды.
Себебі бастапқы деңгейде оқу тапсырмалары жалпы зоологиялық білімдері мен
біліктеріне негізделіп құрылған, ал продуктивті деңгейде «Омыртқасыздар
зоологиясы» элективті курсы бойынша білім көлемі неғұрлым ұлғайтылды, ол
кейбір білім алушылардың игеруіне қиындық туғызды. Ал продуктивті
деңгейде өз авторлығымен виртуалды зертхананың электронды нұсқасы
дайындалып оқу үрдісінде пайдалануы себептен коэффициент мәні өсті.
Кесте 27
–
Эксперимент тобындағы білім алушылардың виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану тиімділігін диагностикалау нәтижелері
Компоненттер
Деңгейлер
Бастапқы
(И)
Продуктивті
(И)
Шығармашылық
(И)
Мотивациялық
0,84
0,72
0,81
Когнитивтік
0,76
0,76
0,72
Операциялық -әрекеттік
0,83
0,75
0,81
Ескерту - И–игерген
Эксперименттік топта алынған мәндердің ауытқуы виртуалды зертхананы
тиімді пайдалану біліктерінің когнитивті компоненті білім алушылардың
игеруіне айтарлықтай әсер етпейді.
Операциялық компоненттің өсу динамикасы эксперименттік топта келесі
сипаттарымен ерекшеленеді. Бастапқы және продуктивті деңгейлерде игерілген
коэффициенттің мәні 0,76 көрсетсе, шығармашылық деңгейде (0,72) көрсетіп,
шекті мәні 0,2 болғандағы осы мәндердің айырмашылығы 0,04 екендігі
айқындалды.
Эксперименттік топтағы іс-әрекеттік компоненттің даму динамикасына
талдау жасауда бастапқы деңгейден (0,83) продуктивті деңгейге өткендегі (0,75)
коэффициент мәнінің азайғандығы байқалды, айырмашылығы 0,08. Бұл
айқындалған ерекшелік біздің ойымызша құрылымдық компоненттерді
білдіреді. Бастапқы деңгейден продуктивті деңгейге ауысудағы теориялық
компонентті игеру коэффициентінің мәнінің төмендеуі, әрекеттік компонентті
105
игеру компонентінің мәнінің төмендеуіне негіз болады. Себебі білім
алушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясы алдымен, олардың игерген
зоологиялық білімдеріне негізделеді. Ал продуктивті деңгейден (0,75),
шығармашылық деңгейге (0,81) коэффициент мәнінің өсуі (айырмашылығы
0,04) қарай шығармашылық деңгейдегі коэффициент мәнінің өсуімен
дәлелденеді. Бұл виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді пайдалануға деген
білім алушылардың қызығушылықтарының артқандығын көрсетеді (сурет 21).
Сурет 21
–
Эксперименттік топта білім алушылардың виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану тиімділігін диагностикалау нәтижелері
Алынған мәліметтің дұрыстығын қалыптастыру бойынша дайындалған
виртуалды зертхананың тиімділігін тексеру мақсатында осы зерттеліп отырған
біліктер компоненттерінің даму динамикасына бақылау тобында да талдау
жасалды (кесте 28).
Кесте 28
–
Бақылау тобындағы білім алушылардың виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану тиімділігін диагностикалау нәтижелері
Компоненттер
Деңгейлер
Бастапқы
(И)
Продуктивті
(И)
Шығармашылық
(И)
Мотивациялық
0,51
0,33
0,28
Когнитивтік
0,27
0,23
0,25
Операциялық -әрекеттік
0,66
0,62
0,59
Ескерту - И–игерген
Бақылау тобында бастапқы деңгейде когнитивті компоненттегі виртуалды
зертхананы тиімді пайдалану біліктерінің коэффициенттік мәні - 0,51;
65
70
75
80
85
Мотивациялық
Когнитивтік
Операциялық-
әрекеттік
%
Бастапқы
Продуктивті
шығармашылық
106
когнитивтік компонентте - 0,27; операциялық компоненттегі - 0,66 құрады. Ал
бастапқы деңгейдегі когнитивтік компонент - 0,33, операциялық компонент -
0,23; әрекеттік - 0,62. Шығармашылық деңгейде бұл көрсеткіштер когнитивтік
компонентте – 0,28, операциялық компонентте - 0,25; әрекеттік компонентте -
0,59.
Айқындалған сипаттама бойынша білім алушылар бастапқы деңгейдегі
тапсырманы орындау барысында биологиялық пәндерінен алған омыртқасыздар
зоологиясы элективті курсы бойынша білімдеріне сүйенген. Ал когннтитвтік
компоненттің бастапқы және продуктивті деңгейлерінде білім алушылардың
кеміргіштердің саркоспоридиялары бойынша білім көлемін игеруі және
олардың жүйелігі мен беріктігі талап етілді. Омыртқасыздар зоологиясы
элективті курсын оқыту барысында бұл үдеріс қарастырылмаған, сондықтан
игерілген компонент коэффициент мәнінің біршама азайғандығын диагностика
көрсетіп отыр.
Бақылау тобындағы мотивациялық компонентті диагностикалау нәтижесі
көрсеткендей виртуалдық зертхана бойынша іс-әрекеттер компоненттерінің
дамуы бір-біріне тәуелді. Мотивациялық компонентті игермейінше білім
алушылардың когнитивтік компоненттерді игеруі мүмкін еместігі, яғни,
когнитивтік компоненттің даму динамикасының мотивациялық компонентке
тәуелді екендігі анықталды. Бақылау тобында білім алушыларға берілетін
виртуалды зертхананы тиімді пайдалану туралы білім көлемінің жеткіліксіздігі,
оның жүйелігі мен беріктігінің төмен көрсеткіші, оның бастапқы деңгейдегі
игеру коэффициенті мәнінің төмендігін, сондай-ақ ол продуктивті және
шығармашылық деңгейде азғана өзгеріске ұшырайтындығын көрсетеді. Бұдан
шығатын қорытынды, бақылау тобында білім алушылардың біліктерді игеру
әрекеттері толық емес екендігі және олардың бір-бірімен байланысының
жоқтығы, оның оң нәтиже бере алмайтындығы айқындалды (сурет 22).
Сурет 22 – Бақылау тобында білім алушылардың виртуалды зертханалық
жұмыстарды қолдану тиімділігін диагностикалау нәтижелері
0
20
40
60
80
Мотивациялық
Когнитивтік
Операциялық-
әрекеттік
%
Бастапқы
Продуктивті
шығармашылық
Достарыңызбен бөлісу: |