107
Бақылау тобындағы операциялық-әрекеттік компоненттің даму
динамикасына келетін болсақ, онда да компоненттердің бір-бірімен өзара
байланысы анықталды. Диагностикалау нәтижесінде бастапқы деңгейден
продуктивті және шығармашылық деңгейге өткен кезде игерілген компонент
коэффициент мәнінің біршама азайғандығы байқалды.
Енді бастапқы, продуктивті және шығармашылық деңгейде эксперименттік
және бақылау топтарындағы білім алушылардың виртуалды зертхананы тиімді
пайдалану біліктері компоненттерін игеруді салыстырып, талдау жасаймыз.
Жасалған талдаудың нәтижелері көрсеткендей бақылау тобына қарағанда
эксперименттік
топта
берілген
үш
деңгейде
білім
алушылардың
омыртқасыздардың
морфологиялық,
анатомиялық,
физиологиялық
ерекшеліктерімен таныса отырып, оқу барысында алған теориялық білімдерін
тәжірибе жүзінде қолдана білуі және виртуалды зертхананы тиімді пайдалану
біліктері компоненттерін игергендігі байқалды (кесте 29).
Кесте 29
–
Виртуалды зертхананы тиімді пайдалану біліктерін диагностикалау
нәтижелері
Компоненттер
Деңгейлер
Бастапқы
(И)
Продуктивті
(И)
Шығармашылық
(И)
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
ЭТ
БТ
Мотивациялық
0,84
1,6
есе аз
0,71
2,3
есе аз
0,82
3,2
есе аз
Когнитивтік
0,75
3
есе аз
0,75
3,6
есе аз
0,71
3,1
есе аз
Операциялық
-
әрекеттік
0,84
1,3
есе аз
0,76
1,2
есе аз
0,80
1,4
есе аз
Ескерту -И–игерген
Болашақ мамандардың бастапқы, репродуктивтік және шығармашылық
деңгейлеріндегі оқу-әрекеттерін қалыптастыру туралы зерттеу қағидаларын
басшылыққа ала отырып, жасалған виртуалды зертхана тиімділігін
мотивациялық, когнитивті, операциялық-әрекеттік өлшемдер арқылы бағалау
орынды болып табылады.
Болашақ мамандардың зоологиялық білімдерінің шығармашылық деңгейі
операциялық-әрекеттік өлшемдерді игерумен сипатталады және олардың
виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау іс-әрекетін анықтайтын
зоологиялық мотивтернің қалыптасқандығын бейнелейді. Эксперименттік және
бақылау топтарындағы мотивациялық өлшемді диагностикалау келесідей
108
көрсеткіштердің мәнін айқындады. Диагностика көрсеткендей эксперименттік
топта коэффициенттің мәні 0,7-ден үлкен. Бұдан шығатын қорытынды
эксперименттік топта білім алушылардың қызығушылықтарының басымдығы,
виртуалды зертханалық жұмыстарды тиімді қолдануға деген ұмтылыс
байқалды да, бақылау тобында бұл көрсеткіш 1,6 есе аз екендігін көрсетті.
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, біз эксперименттік топтағы
операциялық-әрекеттік өлшем көрсеткіштері мәнінің жоғары болуы ұсынылған
«Кеміргіштердің саркоспоридиялары» тақырыбына жасалған электронды
виртуалды зертханалық нұсқаудың «Омыртқасыздар зоологиясы» элективті
курс бағдарламасында берілген «Кеміргіштердің саркоспоридиялары»
тақырыптарына сәйкес жасалған виртуалды зертхана модульдеріне, сондай-ақ
белсенді оқыту әдістерін қолдануға байланысты деп ойлаймыз.
Білім алушылардың виртуалдық зертханалық жұмыстарды тиімді
пайдаланудың когнитивті өлшемі продуктивтік деңгейді игерумен
сипатталады. Эксперименттік және бақылау топтарындағы когнитивті өлшемді
диагностикалау келесідей көрсеткіштердің мәнін айқындады.
Диагностикалау нәтижелері көрсеткендей эксперименттік топта білім
алушылардың виртуалдық зертханалық жұмыстарды тиімді пайдаланғандығы
анықталды. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, біз бақылау тобымен
салыстырғанда эксперименттік топтағы когнитивті критерий көрсеткіштері
мәнінің жоғары болуы, ұсынылған «Кеміргіштердің саркоспоридиялары»
тақырыбында
виртуалды
оқу-танымдық
зертханасының
электрондық
әдістемелік нұсқаулығына кіріктірілген модульдерге, оның ішінде мақсаты,
мазмұны, құралдары мен оқыту әдістерін қолдануға байланысты деп ойлаймыз.
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, омыртқасыздар зоологиясы
пәнінде білім алушылардың виртуалды зертханаларды қолданғаны тиімді деп
есептейміз. Ол төмендегі қағидалар арқылы нақтыланды:
- білім алушылардың виртуалды зертхананы тиімді пайдалануы
мотивациялық,
когнитивтік
және
операциялық-әрекеттікөлшемдерін
диагностикалау нәтижелеріне талдау жасау мен салыстыру арқылы
эксперименттік топта олардың бастапқы, продуктивті және шығармашылық
деңгейлерде игерілгендіктері анықталды;
-
когнитивті өлшем көрсеткіштерінің мәнін салыстыру арқылы
эксперименттік топта білім алушылардың зоологиялық білімді
меңгергендіктері анықталды;
-
операциялық-әрекеттік өлшемдерін диагностикалау нәтижелерін
салыстыру және бағалау арқылы эксперименттік топ білім алушыларының
виртуалды зертхананы тиімді пайдалану біліктерінің толықтығы, өзара
байланыстылығы, нәтижелігі анықталды.
Көрсеткiштер эксперимент барысында бiздiң ұсынған тұжырымдарымыз
бен өлшемдеріміздің тиiмдiлiгiн айқындайды. Сондай-ақ эксперимент басында
жасаған ғылыми болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейдi деп санаймыз.
Педагогикалық эксперимент соңында, бiз білім алушылардың оқытуда
виртуалды зертхананы пайдалануға көзқарастарын бiлу мақсатында
Достарыңызбен бөлісу: |