Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет119/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   187

242 
 
қатынасқа  түсуде  үнемі  дөрекелік  және  ашуын  көрсетті.  Инсульт  салдарынан  болған 
депрессия науқастың сауығуына үлкен кедергі жасады. Сол себептен, логопедиялық оңалту 
жұмысына    дәстүрлі  емес  кешен  ретінде  психологиялық  аспектіні    қосу  маңызды  болып 
табылды.  Логопедиялық  оңалту  жұмысы  дәстүрлі  кешен  бойынша  психологиялық  көмек 
негіздерінен басталды[3]. 
Жүйе  барысында  психологиялық  аспект  бойынша  келесідегідей  бағыттар  бойынша 
жұмыстар жүргізілді:   
1)  Науқаспен  әңгімелесу  –  бұл  оңалтудың  міндетті  шарты.  Логопедтің  кәсіби 
дағдылары  оған  науқаспен  қажетті  деңгейде  қарым-қатынас  орнатуға  және  ретімен  қолдау 
көрсетуге  мүмкіндік  берді.  Себебі,  қарым-қатынас  науқастың  сөйлеу  тілін  белсендіруге 
септігін тигізді. 
2) Науқастың жақындарына кеңес беру 
Психологиялық аспект бойынша логопедиялық оңалту жұмысындағы ерекше ескеретін 
бағыттардың  бірі  болып  табылды.  Осы  бағытта  науқастың  жақындарына  науқаспен  қалай 
қарым-қатынас  орнату,  оны  қалай  жігерлендіру  керектігі  туралы  ақпараттар  мен  кеңестер 
берілді. 
Психологиялық  көмек  негіздері  барысында  диагностикалық  аспект  бағдарламасы 
жүзеге  асырылды.  Диагностикалық  жұмысқа  қажетті  бірнеше  әдістеме  біріктіріліп,  біздің 
зерттеуімізге  қажетті  әр  ұсыныс  пен  материалдар  сұрыпталып  алынды  және  тексеру 
әдістемесі  қазақ  тілінің  лексика-грамматикалық,  фонетикалық  ерекшеліктеріне  қарай 
қайдатан өңделді.Сөйлеу тілін зерттеу әдістемесі негізіне М.К. Бурлакованың әдісі  алынды. 
Сондай-ақ,  Э.С.  Бейннің,  Т.Г.  Визельдің,  Л.С.  Цветкованың  әдістемелік  нұсқаулары  да 
қолданылды.Әр  тапсырма  М.К.  Бурлакованың  әдісі    негізінде  сапалық  бағаланса,  ал    Л.С. 
Цветкованың әдістемесі бойынша сандық бағалау біріктіріліп алынды. Тексеру әдістемесі 11 
бөлімді құрады жәнеәр науқаспен жеке жүргізілді[3]. 
Келесі  реттілікте  коррекциялық  және  кинетикалық  аспекттер  негізінде  жұмыс 
жалғасын  тапты.  Логопедиялық  қорытынды  негізінде  аталған  науқастардың  сөйлеу  тілін 
қалпына келтіру бойынша логопедиялық жұмыс бағыттары анықталды: 
1-кезең. Логопедиялық оңалту жұмысының алғашқы кезеңі 
1) Экспрессивті сөйлеу тілін белсендіру: 
-  үйреншікті қатарларды айту; 
-  таныс әндерді сөзбен айту; 
-  таныс адамдардың атын айту және тағы басқалары. 
2) Дұрыс тыныс алуды қалыптастыру (тыныс алуды қалыптастыру тәсілдері науқастың 
жеке жағдайына байланысты таңдалынып алынады). 
2-кезең. Логопедиялық оңалту жұмысының негізгі кезеңі 
Бұл  кезеңде  сөйлеу  тілін  қалыпқа  келтіру  бойынша  әр  науқасқа  жекелей  жұмыс 
жоспары құрылды[4]. 
Қазіргі  логопедиялық  тәжірибеде  сан  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  қолданудың 
вариативтілігі қолдың праксисін және сөйлеу аймақтарына сәйкес жүйелерге стимуляция оң 
нәтижелерге жетуге көмектеседі. 
Осыған  байланысты,  бүгінгі  таңда  дәстүрлі  емес  әсер  етудің  барынша  жан-жақты 
қолдану  маңызды  болып  табылады.  Осы  мақсатта  сөйлеу  тілін  барынша  қалпына  келтіру, 
кеңістіктік  бағдарлауды  коррекциялау,  жалпы  және  ұсақ  моториканы,  науқастың  жалпы 
жағдайын  қалпына  келтіру  үшін  дәстүрлі  емес  кешен  бойынша  терапевтік  негізде  жүзеге 
асырылды.  Терапевтік  аспект  негізінде  музыка,  дене  бойынша  бағытталған  терапия,  еңбек 
және Су Джок терапияларының элементтері әр науқастың ерекшелігіне орай құрылған жеке 
жұмыс жоспарларына кіріктірілді. 
Қорыта келе, біз қарастырған логопедиялық оңалту жұмысы жүйесі бойынша жасалған 
коррекциялық  жұмыстың  нәтижесін  алғашқы  және  екіншілік  салыстырмалы  графиктерден 
байқауға  болады.  Алғашқы  және  екіншілік  диагностика  бойынша  біршама  өзгерістер 
байқалды, яғни зерттелінген 11 бөлім бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. 


243 
 
  
 
2-сурет –Науқас А.Қ.-ның сөйлеу тілінің                     Сурет 3 – Науқас Қ.А.-дың сөйлеу  
                                                                                                     тілінің қалыпқа келу 
                                                                     қалыпқа келу динамикасыдинамикасы 
 
І – алғашқы тексеру; ІІ – екіншілік тексеру. 
1 – науқастың жалпы қарым-қатынасқа түсу қабілеті; 2 – сөйлеуді түсіну; 3 – автоматты 
сөйлеу  тілі;  4  –  қайталап  сөйлеуі;  5  –  атау  қызметі;  6  –фразалық  сөйлеу  ерекшелігі;  7  – 
фонематикалық есту; 8 – есту арқылы есте сақтау; 9 – сөздің мағынасы; 10 – оқу мен жазу; 11 
– оральді және кеңістіктік праксис. 
 
Қорытындылай келе, біздің жоғарыда көрсеткен зерттеулерімізді айғақтайтын шешімі: 
1)  бізбен  ұсынылған  инсульттен  кейінгі  кезеңде  науқастармен  жүргізілген  логопедия- 
лық оңалту жұмысының жүйесі коррекциялық жұмыстарда өзінің оң әсерін көрсетті; 
2)  жүйе  инсульттен  кейінгі  кезеңде  науқастардың  моторлық  жағдайын,  есте  сақтау 
қабілеттерін,  зейінін,  кеңістікте  бағдарлау  дағдыларын,  фонематикалық  есту  қабілетін, 
сөйлеу  тілінің  лексикалық-грамматикалық  категорияларын  дамытуға,  оңалту  жұмысына 
деген  қызығушылықтарын  арттырып,  арттикуляция  жағдайын  жақсартып,  грамматикалық 
сөз құрылымын дұрыс құруға септігін тигізді; 
3)  логопедиялық  оңалту  жұмысының  жүйесі  –  инсульттен  кейінгі  кезеңде 
науқастарменжеке  қарым-қатынасқа  жеңіл  түсуге  және  арнайы  коррекциялық  жұмыстарды 
тиімді бағыттауға көп септігін тигізді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1  С.  Каменова,  Особенности  динамики  речи  у  больных  с  разными  вариантами  моторной  афазии  при 
инсульте. Журнал Вестник КазНМУ, №1-2015. 
2  Афазия и восприятие. Л.С.Цветкова, Н.Г.Торчуа, Москва – Воронеж, 1997г.  
3  БейнЭ.С.,Бурлакова М.К., Визель Т.Г. Восстановление речи у больных с афазией. М. Медицина. 1982г. 
4  Практические  упражнения  для  восстановления  речи  у  больных  после  инсульта,  черепно-мозговой 
травмы и других заболеваний головного мозга. Н.Н.Амосова, Н.И.Каплина, «АСТРЕЛЬ», Москва 2005г. 
 
 
ӘОЖ: 316.362.31 
БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ А., ДҮЙСЕНБАЕВА А.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
АЖЫРАСҚАН ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазіргі  кезде  отбасы  өзекті  мәселердің  бірі  болып  табылады.  Елімізде  отбасылардың 
ажырасу деңгейі жоғары. Жалғыз басты аналардың көбеюі. Тастанды балалар елімізде жыл 
санап артып жатқаны бесіктен белі  шықпаған қыздарымыздың ойланбай от  басуы.  Мұндай 
жағдайлар отбасында ата-ананың баламен жұмыс істемеуі,  ана мен қыздың, әке мен ұлдың 
сырласулардың  жоқтығы,  өз  балаларына  көңіл  бөлудің  аздығы,  баланың  жасөспірім  шақта 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау