244
қылымстық істерге баруы, суцид, ғаламтор кері әсерілерін береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық
көрсетілген. Сонымен бірге, «Неке және отбасы туралы» Заңда отбасына өзінің ұрпағын
тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген [1]. Сөйтіп, отбасының әуел бастан–ақ өзіне тән
киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Әлеуметтену ұғымының мазмұны «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік
әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. түсініктермен
анықталады. Әлеуметтену үрдісінде тұлға қоғам мүшесіне айналады, әлеумет ортасында
өмір сүруіне мүмкіндік туады, бүкіл адамзат баласының жинақтаған құндылықтары мен
нормаларын, білім мен тәжірибелер жүйелерін игереді.
Әлеуметтену екі жақты үрдіс, біріншіден, әлеуметтік ортадан адам өзіне керекті
білімді, тәжірибені, эмоцияларды, құндылықтар мен дағдыларды т.б. өзіне алады, екіншіден,
игерілген құндылықтар мен тәжірибелерге сүйене отырып, әлеуметтік байланыстар жүйесін
құрады, әлеуметтік ортасынан алғандары нәтижесіндеөзінің белсенді әрекеттерін реттейді.
Біріншісі – әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға тигізетін әлеуметтік әсерін
сипаттаса, екіншісі – адамның өзінің белсенді іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін
көрсетеді.
Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететінәлеуметтік институт – отбасы,
әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың
әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа
бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата-ананың ақыл кеңесі, үлгі-өнегелері, бірігіп атқарған
шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың өзі куә болған оң және теріс
ықпалдар, ата-ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған
тәжірибелер.
Отбасы – баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның
құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді
және онда тұлғалық «мен» бейнесі қалыптасады.
Отбасында әр түрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда бала өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-аналардың мінез-құлқы,
бір-біріне және балаға, қарым-қатынасы қалыптасып келе жатқан бала тұлғасына үлкен әсер
етеді. Бала үлкендердің әрекеттеріне сезімтал болады, отбасының тәрбие үрдісінде алынған
тәрбиені тез меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі
ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-
жаманды бағалау уәздері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс
алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғымын түсіндіреді.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып,
бала саны
да кеми түсуде. Осы заманның тағы бір ерекшелігі – ажырасқан отбасылар, жалғыз басты
аналар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді, т.б туысқандық байланыстар
әлсіреді. Осыдан келіп, бала тәрбиесіне байланысты әкесі мен анасына жүктелуі тиіс міндет
жалғыз ананың не әкенің иығына артылады. Отбасы құрылымдық деформацияға ұшырайды
– яғни, отбасының құрылымының тұтастығының бұзылуы, ата-ананың біреуінің болмауымен
байланысты өзгерістер. Отбасының құрылымдық деформациясы бала тұлғасының
қалыптасуына теріс әсер етеді. Құрамы бұзылған отбасының сау ұрпақты тәрбиелеуді
көздейтін киелі міндеттері мен мәні өзгереді. Ажырасу санының көбеюі, некеден тыс баланы
дүниеге әкелу жайтының артуы салдарынан толық емес отбасылардың жағдайы қазіргі
қоғамда ерекше назар аударуды қажет етеді.
Ажырасқан отбасы –
толық емес отбасы, үйден ерлі-зайыптылардың біреуінің
кетуінен пайда болады. Бұл ажырасқан отбасы ерлі -зайыптылардың жағдайының
тұрақсыздығымен сипатталады [2, б. 70].
Ажырасқан отбасылардың тәрбиелеу мүмкіндіктері мен әлеуметтік мәртебесі ерекше
көңіл бөлуді қажет етеді. Себебі жалғыз басты анаға отбасының қаржылай және