1. СТУДЕНТТЕР ҮШІН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
1.1. «Психокоррекция және кеңес беру негіздері» курсы
1.2. Оқытушы жайында мәлімет:
Серикбаева Нургуль Бейсембековна
Байланыс телефоны: 8 775 205 70 50
Оқу семестрі :7
Өту орны: № 2 оқу ғимараты
Кредит саны: 3
Курс
|
Семестр
|
Кредит-
тер
|
Лекция
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау түрі
|
4
|
7
|
3
|
15
|
30
|
22,5
|
67,5
|
135
|
Емтихан
|
Пәннің пререквизиті: «Психокоррекция және кеңес беру негіздері» курсын меңгеру үшін келесі пәндерді қосымша оқу қажет:
- Психология;
- Даму психологиясы;
- Әлеуметтік психология;
- Педагогикалық психология;
- Социология;
Пәннің постреквизиті: Пән туралы білім базалық пәндерді меңгеру және болашақта іс – тәжірибені жинақтау үшін қажет.
Пәннің мақсаты және міндеттері
«Психокоррекция және кеңес беру негіздері» пәні,
оның оқу процессіндегі алатын орны
Курстың негізгі мақсаты - психокоррекция және кеңес беру аймағындағы психологтың практикалық әрекетінің ғылыми негіздерімен студенттерді қаруландыру. Отбасында кеңес беру және мектепке дейінгі мекемелерде, қазіргі мектеп жағдайларына сәйкес психологиялық білімнің дұрыс қолданылуының дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Курсты оқып -үйрену нәтижесінде студенттер келесілерді білуі керек:
коррекциялық және кеңес беру жұмысының мазмұнын;
психокоррекция мақсаты мен міндеттер;
психокоррекция формаларын;
мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып балаларды және жасөспірімдермен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары мен принциптерін;
әр –түрлі жастағы балалардың дербес психологиялық және жас ерекшеліктерін оқып , үйрену;
мектеп жасына дейінгі, бастауыш класс балалары, жеткіншек жастағы балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың әдістемелерін игере білу;
жасөспірімдер және қиын балалардың әр түрлі категорияларымен жұмыс істей білу;
оқуда үлгермейтін балалардың әр түрлі категорияларымен жұмыс істей білу;
дарынды балалармен жұмыс істей білу; педагогикалық қарым – қатынас дағдыларын білу және оны педагогикалық ұжымдармен қолдана білу;
отбасына психологиялық көмектің әр түрлерін көрсете білу;
ата- ана, мұғалімдер, тәрбиешілер арасындағы ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
сақтандыру жұмыстарын жүргізе білу.
Психокоррекция және кеңес беру негіздері курсын
меңгеруге әдістемелік нұсқау
Студенттер мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде әр түрлі жастағы балалармен психокоррекциялық және кеңес беру жұмыстарын өткізу және ұйымдастырудың білім, іскерлік және дағдыларын меңгереді, балалардың психо-педагогикалық даму ерекшеліктерімен танысады және курсы бойынша теориялық негіздерді терең оқып қарастырады.
Курс бойынша оқу жұмысы дәріс, семинар, практикалық, лабораториялық және студенттердің өздік жұмыстары түрінде өткізіледі. Студенттер курстық, дипломдық жұмыстар жазады. Арнаулы әдебиеттер және оқу- әдістемелік құралдар, оқулықтардан бағдарламадағы материалдарды оқып үйренеді.
Курсты оқып үйрену студенттердің мектеп жасына дейінгі мекемелерде, мектептерде зертханалық, практикумдар және практикадан өткенде балаларға зерттеу жүргізу, өткізілген жұмыстарға талдау жасау, педагогикалық үрдіске басшылық жасау, балалармен жұмыстан алынған білімді қолдана білу іскерлігімен байланысты жүргізіледі.
Мектеп дейінгі мекемелерде, мектептерде практикадан өту барысында студенттер балалар ұжымы, ата- аналар ұжымы , педагогикалық ұжымдармен жұмыс жүргізеді.
Жұмыс түрлері:
А) диагностикалық шаралар өткізу;
Б) психокоррекциялық – дамытушылық жұмыстары;
В)кеңес беру жұмыстары;
Г) психологиялық ағарту және сақтандыру жұмыстары;
Курстың негізгі бөлімдері:
А) психокоррекциялық және кеңес беру жұмыстарының жалпы негіздері;
Б) психологтың әр түрлі жастағы балалармен жұмысы;
В) психологтың қиын балалардың әр түрлі категорияларымен жұмысы;
Г) психологтың балалардың қабілеттіліктерімен қызығушылықтарының дамуы туралы жұмысы;
Д) отбасымен коррекциялық және кеңес беру жұмыстарының негіздері.
Тараулар бойынша дайындық жұмысын «Психологиялық коррекция және кеңес беру» курсының бағдарламасын оқып - зерттеуден бастау қажет. Қажетті ғылыми және психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді таңдап алып, оларға библиографиялық карточкалар дайындау керек.
Тақырыпты қарастыру кезінде зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады: құжаттармен танысу, бақылау, эксперимент, әңгімелесу, анкета т.б.
Курстың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптары
|
Сағаттар
|
Дәріс
|
Тәж.
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Психологиялық коррекция психологтың іс-әрекеті аймағы ретінде
|
2
|
2
|
2
|
6
|
1
|
Жекелей және топтық психокоррекция
|
2
|
4
|
2
|
10
|
|
Практикалық коррекция әдістері
|
2
|
4
|
2
|
6
|
|
Коррекциялық топ түрлері
|
|
2
|
2
|
|
|
Психологиялық кеңес беру және оның түрлері
|
2
|
2
|
2
|
6
|
|
Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру, оған даярлық және өткізу
|
|
2
|
2
|
6
|
|
Жастың жалпы сипаттамасы
|
|
2
|
2
|
|
|
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі жеке бас бұзылуының психологиялық коррекциясы
|
2
|
2
|
2
|
8,5
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалармен коррекциялық – дамытушылық жұмысы және кеңес беру
|
2
|
4
|
2
|
4
|
|
Мектепте оқуға психологиялық даярлық
|
1
|
2
|
2
|
6
|
|
Отбасымен коррекциялық және кеңес беру жұмысы
|
2
|
2
|
1,5
|
8
|
12
|
Педагогтарға кеңес беру жұмыстары
|
|
2
|
1
|
7
|
|
Барлығы
|
15
|
30
|
22,5
|
67,5
|
ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Модуль1. Психологиялық коррекцияның жалпы негіздері
Кіріспе. Пән туралы жалпы шолу жасау. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Тақырып 1. Психологиялық коррекция психологтың
іс - әрекеті аймағы ретінде
Психологиялық коррекция туралы жалпы түсінік. Психокоррекцияның түрлері. (жеке және топтық) .
Коррекциялық жағдаят. Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері, мақсаты мен міндеттері. Психокоррекциялық іс – шараларды жүзеге асырушы психологқа қойылатын талаптар.
Жекелей және топтық психокоррекция
Тақырып 2. Жекелей психокоррекция
Жекелей психокоррекция туралы түсінік. Жекелей психокоррекциялық әсер етудің негізгі әдістері. Жекелей психокоррекцияның психологиялық ерекшеліктері.
Тақырып 3. Топтық психокоррекция
Топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік. Психокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері. Топтарды құру ерекшеліктері. Топтық динамика. Психокоррекциялық топтарға жетекшілік жасау.
Модуль 2. Практикалық коррекция әдістері
Ойын терапиясы.Әдістің жалпы сипаттамасы. Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық механизмдері. Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Ойын- терапевті- психологқа қойылатын талаптар
Арттерапия. Әдістің жалпы сипаттамасы. Арттерапияның мақсаты. Арттерапиядағы негізгі бағыттар. Музыкотерапия. Библиотерапия. Би терапиясы.
Модуль 2. Психологиялық кеңес беру негіздері
Тақырып 1. Психологиялық кеңес беру негіздері
Психологиялық кеңес берудің әдіснамалық негіздері. Психологиялық кеңес берудің адамға практикалық психологиялық көмек берудің басқа түрлерінен айырмашылығы. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
Тақырып 2.Психологиялық кеңес жұмысын ұйымдастыру,
оған даярлық және өткізу
Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастырудың жалпы сұрақтары. Психологиялық кеңес беру жұмысының тәртібі. Міндеттерді бөлісу. Кеңес беруші –психологтыңжеке жұмысын үйымдастыру. Кеңес беруші- психологтың басқа кеңес беруші мамандармен өзара әрекеті. Психологиялық кеңес беруге даярлану. Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері. Психологиялық кеңес беру шаралары. Психологиялық кеңес беру техникасы.Психологиялық кеңес беру техникасы туралы түсінік. Клиентпен әңгімелесу. Клиентпен жұмыс техникасы. Клиентке кеңес және ұсыныс берудегі кеңес берушінің әрекеті. Кеңес беруді аяқтау техникасы. Кеңес берушінің клиентпен қарым- қатынасы. Кеңес беру үрдісіндегі қателіктер.
Модуль 3. Психологтың әр түрлі жас топтарындағы балалармен психокоррекциялық және кеңес беру жұмыстары
Тақырып 1. Мектеп жасына дейінгі балалармен коррекциялық- дамытушылық жұмысы және кеңес беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сипаттамасы. Психологиялық заңдылықтары және оларды коррекциялау. Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар.
Ата – аналардың психологиялық мәселелері. Балалар ойынының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл –ойы дамуының коррекциясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің (түсіну, қабылдау, есте сақтау,қиял,ойлау, зейін) коррекциясы. Сөйлеуін дамыту.
Тақырып 2.Отбасымен психокоррекциялық жұмыс
негіздері және кеңес беру
Отбасы қатынастарының психокоррекциясы. Отбасына психологиялық көмек беру жұмыстары. Коррекциялық ата-аналар тобын құру. Кеңес беру жұмысы.
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Модуль 1. Психологиялық коррекцияның жалпы негіздері
Тақырып –1. Психологтың коррекциялық-дамытушылық
жұмыстың мазмұны
Психокоррекциялық жұмыс туралы жалпы түсінік. Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Психокоррекция түрлері. Психокоррекциялық жұмысты жүргізетін маманға қойылатын талаптар.
Тақырып – 2. Психокоррекциялық бағдарлама құру
Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойлатын талаптар. Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескеретін принциптер. Психокоррекциялық бағдарлама түрлері
Сабақта психокоррекциялық бағдарлама үлгілерімен, олардың құрылымымен, ретімен танысу, өздігінен бағдарлама жобасын жасау.
Практикалық коррекция әдістері
Тақырып 3. Психогимнастика және мінез-құлықты коррекциялау әдістері
Психогимнастикалық сабақ және оның бөлімдері.
Мінез –құлықты коррекциялау әдістері.
а) «Жетон» және Морит әдістері;
ә) Холдинг әдісін қолдану ережелері;
б) Имаго әдісі.
Жекелей және топтық психокоррекция Тақырып 4. Жекелей психокоррекция
1.Жекелей психокоррекция туралы түсінік.
2.Жекелей психокоррекцияның әдістері.
3.Жекелей психокоррекцияның психологиялық ерекшеліктері.
Тақырып 5. Топтық коррекция
Топтарды құру ерекшеліктері.
Топтық динамика.
Психокоррекциялық топтарға жетекшілік.
Тақырып 6. Коррекциялық топ түрлері
Тренингтік топтар және әлеуметтік – психологиялық тренингтер.
Кездесу тобы.
Гештальттоптар.
Іскерлік тобы.
Бағдарлау тобы.
Топтық пікірталас топтық жұмыстың әдісі ретінде.
Модуль 2. Психологиялық кеңес беру негіздері
Тақырып 1. Психологиялық кеңес беру түрлері
Психологиялық кеңес беру туралы жалпы негіздері
Сұхбат-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде
Жекелей кеңес беру
Топтық кеңес беру
Отбасылық кеңес беру
Тақырып 2. Психологиялық кенес беру жұмысын үйымдастыру
Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі.
Кеңес беруші- психологтың жеке жұмысын үйымдастыру.
Кеңес беруші психологтың кәсіби даярлығы.
Модуль 3. Мектеп жасына дейінгі балалармен психокоррекциялық- дамытушылық және кеңес беру жұмыстары
Тақырып 1. Мектеп жасына дейінгі балалармен балалардың жеке бас бұзылуларының коррекциясы
Жұмыстың негізгі пранциптері мен бағыттары.
Балалақ шақта жеке бас дамуының бұзылулары.
Тұйықтық және оның коррекциясы.
Тұйық баламен коррекциялық жұмыс.
Ата – аналармен жұмыс.
Кеңес беру жұмысы.
Тақырып 2. Мектеп жасына дейінгі балалар
қорқынышы және оның коррекциясы
Қорқыныш, үрей туралы түсінік.
Балаларда қорқыныштың пайда болу себептері.
Қорқыныш түрлері.
Қорқынышты коррекциялау әдістері.
Педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру.
Тақырып 3. Мектеп жасына дейінгі балалар агрессивтілігі
және оның психокоррекциясы
Балалар агрессивтілігі және оның себептері.
Отбасында балалар агрессивтілігінің қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Агрессивті баламен коррекциялық жұмыстар.
Ата-анамен жұмыс және кеңес беру.
Тақырып 4. Мектепте оқуға психологиялық даярлыққа коррекция және кеңес беру.
Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы.
Мектепке оқуға даярлықты коррекциялаудың бағыттары.
Коррекциялық сабақтарға қойылатын талаптар.
Мектепке мотивациялық дайындықтың коррекциясы.
Коррекциялық - дамытушылық жұмыстары.
Тақырып 5. Отбасымен коррекциялық жұмыс және кеңес беру
Отбасындағы қатынастардың психокоррекциясы.
Отбасына психологиялық көмек көрсету.
Отбасымен психологиялық жұмыс негіздері.
Кеңес беру жұмысы.
Тақырып 6. Педагогтармен кеңес беру жұмысы.
1. Кеңес беру жұмысының негіздері.
2. Кеңес беру жұмысының мазмұны.
3. Кеңес беру жұмысының ұйымдастыру техникасы.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Осипова А. А. Общая психокоррекция. – Москва, 2005-510 стр.
2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995-410 стр.
3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция –СПБ 1992.-215 стр.
4.Абрамова Г. С. Практикум по психологическому консультированию. –Москва, 1995.
5.Карабанова О. А. Игра в коррекции психического развития ребенка. – Москва, 1997.
6.Групповая психотерапия /Под. ред. Б.Д. Карвасарского Москва , 1990.
7.Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. – Санкт- Петербург, 1994.
8.Рабочая книга школьного психолога. /Под. ред. Дубровиной И.В. – Москва , 1987.
9.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003.
10.Битянова М.Р. «Организация психологической работы в школе». – Москва, 1997.
11.Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога /Под. ред. Дубровиной В.И. – Москва, 1987.
12.Безруких М.М., Ефимова С.П. Знаете ли вы своего ученика?. – Москва 1991.
13.Ермекбаева Л.К., Нығметова Қ.Н. Баланың мектепке психологиялық даярлыған айқындау. – Алматы, 2003.
14.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога.- Москва, 1996.
15.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- Москва, 1996.
16.Захаров А. И. Предупреждение отклонений в поведении ребенка.- Санкт-Петербург,1997.
17.Смирнова Т. П. Психологическая коррекция агрессивного поведения детей. - Ростов- на- Дону, 2005.
18.Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога. – Москва, 1998.
19.Кон И. Психология ранней юности.- Москва, 1982.
20.Бурменская Г.В. Возрастно- психологическое консультирвание.- Москва, 1990.
21.Абрамова Г.С. Введение в пракитическую психологию. – Москва , 1994.
22.Жужикова Н.В. Учителю о практике психологической помощи. – Москва, 1990.
23.Роберт Т., Баярд Д. Ваш беспокойный подросток.- Москва, 1991.
24.Раттер М. Помощь трудным детям. - Москва, 1987.
25.Алешина Ю.Е. Индивидуальное и семейное консультирование.- Москва, 1994.
Қосымша әдебиеттер:
1.А.П. Ларин «Об упрямстве детей». - М.,1988 г.
2.Лешли Дж. Как работать с маленькими детьми. - М., 1991 г.
3.А.И. Захаров «Как предупредить отклонения в поведении ребенка». - М.,1986г.
4.Зимбардо Ф. «Застенчивость». - М., 1991 г.
5.Эмоциональное нарушения в детском возрасте и их коррекция/ Под ред. В.В. Лебединский. – Москва, 1990.
6.Запорожец А.В. Воспитание эмоций и чувств у дошкольников. – Москва, 1986.
7.Эмоциональное развитие дошкольника/ Под ред. И.М. Кошелевой. – Москва, 1985.
8.Левитов Н.Д. Психическое состояние агрессии. – Москва, 1975
Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмасы және орындау кестесі (ОСӨЖ)
№
|
ОСӨЖ тақырыптары және мазмұны
|
Әдебиеттер
|
Бақылау түрі
|
Орындалу уақыты
|
1
|
Психологиялық коррекция психологтың іс-әрекеті аймағы ретінде
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
1- апта
|
2
|
Жекелей және топтық психокоррекция
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
3- апта
|
3
|
Практикалық коррекция әдістері
|
Қосымша әдебиеттер
|
Жазбаша
|
4-апта
|
4
|
Коррекциялық топ түрлері
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
5-апта
|
5
|
Психологиялық кеңес беру және оның түрлері
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Реферат
|
6-апта
|
6
|
Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру, оған даярлық және өткізу
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
7- апта
|
7
|
Жастың жалпы сипаттамасы
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
8-апта
|
8
|
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі жеке бас бұзылуының психологиялық коррекциясы
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Өздігінен зерттеу жүргізу (жазбаша)
|
9-апта
|
9
|
Мектеп жасына дейінгі балалармен коррекциялық – дамытушылық жұмысы және кеңес беру
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Реферат
|
10-апта
|
10
|
Мектепте оқуға психологиялық даярлық
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Реферат
|
11-апта
|
11
|
Отбасымен коррекциялық және кеңес беру жұмысы
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
12-апта
|
12
|
Педагогтарға кеңес беру жұмыстары
|
Барлық негізгі әдебиеттер
|
Жазбаша
|
14-апта
|
“Психокоррекция және кеңес беру негіздері” пәнінен студенттердің
өздік жұмысына тапсырма
№
|
Тақырыбы
|
Қысқаша мазмұны
|
Сағат
саны
|
Уақыты
|
Орындау түрі
|
1.
|
Курс бойынша библиография құру.
|
Каталогпен жұмыс
|
2
|
1 апта
|
Библиография
|
2.
|
Курс бойынша негізгі түсініктерге сөздік әзірлеу
|
|
6
|
1-15 апта
|
Сөздік
|
3.
|
Мектепте психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.
|
Мектеп психологиясы жұмысының негізгі бағыттарын таблицада көрсету
|
6
|
3-5 апта
|
Таблица құру
|
4.
|
Психокоррекциялық жұмыс мазмұны.
|
Негізгі әдебиеттерді пайдаланып берілген тақырып бойынша жұмыс істеу
|
4
|
6 апта
|
Конспект
|
5.
|
Психогимнастика және мінез-құлықты коррекциялау әдістері.
|
«Жетон» және Морит әдістері. Холдинг әдістері. Имаго әдістері.
|
6
|
7-8 апта
|
Конспект
|
6.
|
Психологиялық кеңес берудегі тестілеу
|
Кеңес беруде психологиялық тестерді қолдану. Психологиялық кеңес беруде тестілеуге қойылатын талаптар. Психологиялық кеңес беруде қолданылатын тестер.
Әдебиет: Немов Р.С. Психологическое консультирование. – Москва, 2003. – 119-154 беттер.
|
10
|
9 апта
|
Конспект, тест
|
7.
|
Әртүрлі жағдаяттар және кеңес берудің түрлеріне байланысты практикалық ұсыныстар.
|
Әдебиет: Немов Р.С. Психологическое консультирование. – Москва, 2003. – 189-427 беттер.
|
10
|
10 апта
|
Конспект
|
8
|
Психодрама
|
Әдістің жалпы сипаттамасы. Психодрама түрлері. Психодраманың негізгі формалары. Психодрама әдістері.
Әдебиет: Осипова А.А. Общая психокоррекция.- Москва, 2005. –244-266 беттер.
|
8
|
11 апта
|
Конспект
|
9
|
Психокоррекциялық топ түрлері.
|
Тренингтік топтар және әлеуметтік психологиялық тренингтер. Кездесу тобы. Гештальттоптар. Іскерлік тобы. Бағдарлау тобы. Топтық пікірталас.
Әдебиет: Осипова А.А. Общая психокоррекция.- Москва, 2005. –334-439 беттер.
|
8
|
12 апта
|
Конспект
|
10
|
Балалар- ата- аналар мен отбасы қатынастарының психокоррекциясы.
|
Отбасы қатынастарының психокоррекциясы. Отбасы психокоррекциялық әсер ету обьектісі ретінде. Балалар ата- аналар мен отбасы қатаныстары коррекциялық әдістемелері.
Әдебиет: Осипова А.А. Общая психокоррекция.- Москва, 2005. –439-485 беттер.
|
7,5
|
13 апта
|
Конспект
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Студенттердің оқу үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы жүргізіледі. Бағалау- бұл студенттің дербестігін, жауапкершілігін, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, жинақтаған білім, іскерлік және дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады.
Студенттердің білімін бағалауда келесі жайттар ескеріледі:
- студент орындаған тапсырманың дұрыс және дұрыс емес жақтарын көрсету;
- бағалаудың әділ болуы;
- студент білімін бағалауда оның белсенділігін, белгіленген уақытта қойылған талаптарды ескеріп орындағанын ескеру;
- студенттің білімін тексеру және бағалауды өз уақытында жүргізу.
Студенттердің тәжірибелік және зертханалық сабақтардағы жұмысы
5 ұпайлық жүйемен бағаланады:
5 «өте жақсы» - студент оқу материалын жан-жақты, толық баяндайды. Тақырып бойынша негізгі түсініктер және анықтамаларды жақсы меңгерген. Теориялық білімін практикамен байланыстырып жеткізеді. Мысалдар, фактілер, аргументтер келтіреді. Сабаққа даярлануда көрсетілген әдебиеттер және қосымша әдебиеттерді де тиімді қолдана біледі.
4 «жақсы» - студент оқу материалын жақсы баяндай біледі. Негізгі түсініктер және анықтамалармен жұмыс істей біледі. Өздігінен жұмыс істеуге, қабілеттілігін көрсетуге талпынады. Бағдарламадағы тапсырмаларды нәтижелі орындайды. Әдебиеттермен жұмыс істей біледі.
3 «қанағаттанарлық» - студент тапсырманы орындайды, бірақ толық емес. Тапсырмаларды орындауда кемшіліктер кезігеді. Тек айтылғанды ғана орындаумен шектеледі. Бақылау қажет болады.
2 «қанағаттанарлықсыз» - студент оқу материалын жүйелі меңгермейді, өз жұмысына жауапкершілігі төмен. Бірнеше ескертуден кейін тапсырма орындалады. Көп қателіктер жібереді.
ОСӨЖ және СӨЖ бағалау келесі үлгімен жүзеге асырылады:
Студенттің әр түрлі сипаттағы тапсырмаларды орындауын рейтинг бойынша бағалау (әдебиетпен жұмыс, тапсырмаларды шешу, тестпен жұмыс, бақылау жұмысы, реферат және баяндама әзірлеу, дипломдық және курстық жұмыстар, оқу және педагогикалық практика тапсырмалары және т.б.)
4. Оқу семестрінің соңында ОСӨЖ, СӨЖ орындау барысында жинаған ұпайлары қосылып, пайызбен
шығарылады.
5. Пәнді оқытуды аяқтау- курс бойынша өткен барлық материалдарды толық қамтыған емтиханмен аяқталады. Студент емтиханға бағдарламада көрсетілген барлық талаптарды орындаған жағдайда ғана босатылады.
Пән бойынша қорытынды баға қою аралық бақылау жұмысының нәтижесінде жинаған баллмен есептеледі.
Қорытынды бағалау төмендегідей үлгімен жүргізіледі:
РЕЙТИНГ КӨРСЕТКІШІ
аралық
бақылау
(аттестация 1)
|
аралық
бақылау (аттестация 2)
|
рұқсат рейтингісі
(сессияға)
|
қорытынды бақылау
(емтихан)
|
жиынтық бақылау
|
15-30
|
15-30
|
30-60
|
20-40
|
50-100
|
Аттестация 1 – 30 балл
60 балл (60%)
Аттестация 2 – 30 балл
АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒАНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0 – 30 БАЛЛ)
Аттестация
|
0 - 14
|
15 - 22
|
23 - 26
|
27 - 30
|
Баға
|
қанағаттанарлықсыз
|
қанағаттанарлық
|
жақсы
|
өте жақсы
|
Емтиханға рұқсат рейтингісі (мысалы):
1) А1 12 + А2 13 = 25 (15-тен 29-ға дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді
2) А1 16 + А2 18 = 34 (30-тен 60-ға дейінгі балл) емтиханға жіберіледі
ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0 – 40 БАЛЛ) Емтихан - 40 балл (40%)
Балл
|
0 - 19
|
20 - 29
|
30 - 36
|
37 - 40
|
Баға
|
қанағаттанарлықсыз
|
қанағаттанарлық
|
жақсы
|
өте жақсы
|
1) Емтихан 0 -ден 19 -ға дейінгі балл – «қанағаттанарлықсыз» (академиялық борыш)
2) Емтихан 20 -дан 40-қа дейінгі балл – емтихан тапсырылды
ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА КӨРСЕТКІШІ
Қорытынды: 100 балл; А1 + А2 + Е = 100 балл; Қ = Р 60% + Е40%=100%; 1 балл – 1 %
Рейтинг
|
0-49
|
50-54
|
55-59
|
60-64
|
65-69
|
70-74
|
75-79
|
80-84
|
85-89
|
90-94
|
95-100
|
Балл
|
0
|
1,0
|
1,33
|
1,67
|
2,0
|
2,33
|
2,67
|
3,00
|
3,33
|
3,67
|
4,0
|
Әріптік эквивалент
|
F
|
D
|
D+
|
C-
|
C
|
C+
|
B-
|
B
|
B+
|
A-
|
A
|
Баға
|
қанағ/з
|
қанағаттанарлық
|
жақсы
|
өте жақсы
|
Мысалы:
Қорытынды: 16 + 18 + 22 = 56 (D+; 1,33; қанағаттанарлық)
КУРСТЫ МЕҢГЕРУДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.
Сабақты босату, сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.
Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда , әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .
Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) сізге сабақты босатуға құқық береді, дегенмен, бұл жағдайда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.
Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай , өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке жауап беруге тура келеді.
Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмен бағаланады. Бұл әрине курс бойынша қорытынды бағаға әсер ететіні сөзсіз.
Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.
Қажет уақытында кеңес беру кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.
Сол себепті толық әрі жан – жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді – екілі ғана әдебиетпен шектелмей , пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін, дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттерді теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.
Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше, өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Тест бірнеше варианттан және 50 сұрақтан тұруы мүмкін. Емтихандағы тест тапсырмалары аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытынды емтихан барлық студенттер үшін міндетті болып табылады.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында тыйым салынады:
біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;
өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;
жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге немесе асыруға ;
топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б.Әрбір оқытушы әр студентпен оның оқуға деген қатынасы және мінез – құлқы , тәртібі ЖОО студентінің ар намысы кодексіне сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.
Сонымен студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, өзінің теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағытталған белсенділігі және т.б. студенттің пәнді толық жан – жақты меңгеруінің кепілі болмақ.
Үй тапсырмасының талаптары:
жазбаша жұмыстардың көкейкестілігі;
таңдаған тақырыпқа сәйкестілігі;
зерттеулер мен әдебиет көздеріне сілтеме жасау;
талдаудың ауқымдылығы;
шығармашылық ерекшелігі;
көрнектілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |