258
көрінеді, әйтсе де, бұларнада жасөспірімге әл іорын жоқ: олобъективті тұрғыдан алғанда да
әлі толық есейген жоқ. Ересектер толығымен объективті негіздемелер бойынша
жасөспірімдерді өздерінің жастық топтарына қабылдамайды. Тіпті, үш-төрт жыл
айырмашылығы бар бойжеткендер мен бозбалалар да осындай ұстанымның жетегінде
жүреді. Бұл қағидаттар оның «басын қатырады» және әділетсіздік болып көрінеді.
Дәл осы жасөспірімдік жаста жеке адамдағы даралықтың басталуы қалыптасып,
күшейе түседі, ал тұлғаға қарағанда даралық, эгоизмнің және өзін-өзі ерекшелеу жігерінің
және т.б. қалыптан тыс түрлерін қабылдай алатындықтан жағымды да, жағымсыз да болуы
мүмкі [49,287-288бб.; 310б.]. Жасөспірім ұлдар өз құрдастарынан мықты және «жетілген»
болуға ұмтылса, жасөспірім қыздар қатарластарынан сәнді киіммен, дене сұлулығымен және
т.б. озуға ұмтылады. Бір жыныс өкілдерінің арасында қарама-қарсы жыныс тұлғаларының
болуын есепке ала отырып, солардың негізінде бәсекелестік орын алады. Жасөспірімнің
құндылықтық бағыттары оның қажеттілік және пайдалылық бағыттарымен аралас. Бірақ
жасөспірімнің өзі мұны саналы түрде ойламайды. Бұл қатынаста ересек балалық жасының
өкілдерінің санасына қарағанда, оның санасы анағұрлым бұлдырлау болып келеді.
Жасөспірімнің әлемге және қоғамға қоятын талаптары, ереже бойынша, тым жоғары және
көбінесе жүзеге аспайды, мұны ол, әрине, түсіне бермейді. Ол балалық әлемін өзіне
лайықсыз деп есептейді, өйткені ол өзін «ержеттім» деп санайды; ересектер әлемін ол өзіне
«өмір сүруге» кедергі келтіріп жатқан және өзіне лайықсыз, «қастық әлем» деп бағалайды,
өйткені ол әлем «қарапайым» болып табылады. Жасөспірім бұл екі әлемнен де тасаланады.
Бірақ, ересектер қоғамынан тасаланған жасөспірім әлдебір жеке әлеуметтік атом болып
табылмайды. Ол заңды эволюциялық табиғи әлеуметке қарама-қайшы түсіп, өзінің
құрдастарымен біріге отырып, әртүрлі қауымға топтасады, көбінесе ол қауымдар девиантты,
антиәлеуметтік бағытта болады және кейбір авторлардың атауы бойынша «антитәртіп»
жүргізеді. Әрине, жасөспірімдік жаста жағымды да, жағымсыз да даралық қалыптасуы
мүмкін. Бірақ жағымсыз даралық жасөспірімдік жасқа көшкен кезде жойылуы да ықтимал.
Ал егер де ол жойылмаса, ондай тұлға көбіне бұзақыға немесе (және) қылмыскерге айналу
мүмкіндігі пайда болады. Жасөспірімдердің ұйымдары өздерінің нормалары, құндылықтары,
тәртіп стандарттары, сленгі немесе жаргоны және т.б. бар ерекше жасөспірімдік,
тинейджерлік субмәдениетті қалыптастырады. Бірақ ол да ұзаққа бармайды, кейіннен
жасөспірімдік уақыт аяқталады да, жеке адам жастық шаққа аяқ басады.
Ерте жастық шақ – бұл жасөспірімдік дағдарысты жеңу, өмірге және ересектердің
өміріне деген жағымды қатынас қалыптастыру кезеңі. Бірақ ересектер әлемінің тарапынан
жасөспірімдер әлеміне қарағанда, жастық әлеміне деген қатынас басқа. Бұл – адам өміріндегі
айтарлықтай жауапты кезең. Мұнда адамның өз орнын анықтау және болашақтағы өмірлік
бағдарын қалыптастыру үрдісі жүріп отырады. Бұны: «Өзінің онтогенетикалық дамуында
әрбір адам үш кезеңнен өтуі тиіс, олар: небәрі индивид кезеңі, даралық кезеңі және тұлғалық
кезеңі. Осымен оның ақырғы дамуы аяқталады да, шексіз жетілуі басталады»[50,21бет],-деп
тұжырымдаған ғалымдарымыз, тұлға жеке адамдағы және жағымды даралықтағы оңды
нәрсенің бәрін алады дейді. Бірақ өзіңді тұлғаға айналдыру айтарлықтай күрделі: «Барлық
уақытта адамдардың басым көпшілігі ересектік жағдайға жеткен соң, өмірлерінің соңына
дейін жеке адамдық кезеңде қалады. Көбі даралық кезеңіне көтеріліп, жоғары көтерілуге
тәуекел етпей, қаламай немесе көтеріле алмай, осы кезеңдегі өзінің жер бетінде тіршілік
етуін аяқтайды» [50, 22б.]. Мысалы, ересектік кезеңге жетсе де,инфантильдіктен ажырай
алмайтын, жауапкершіліктерден қашу мен өмірден қашу бойынша тіршілік ететін, регрессия
жағдайын қалап, «бала күйінде» өмір кешетін адамдар бүгінгі біздің қоғамымызда да жоқ
емес.
Ерте жастық шақ кезеңінде жасөспірімдік құндылықтарды азды-көпті қайта бағалау
жүргізіледі. Тұлға өзін бөтен немесе тіпті, қас әлдебіреуге қайшы қою тәрізді өзін тұтас
қоғамға қарсы қоюға ұмтылмайды. Ол өзі өмір сүретін, еңбектенетін, отбасын құратын, бала
тәрбиелейтін әлем екендігін, әлеуметтік институттардың құрылымдарының бірі екендігін
түсінеді. Ерте жастық шақ, бұл – өзіндік өмірлік жол таңдау уақыты. Егер де жасөспірім
259
ересектер әлемінің нормаларын, құндылықтары мен идеалдарын априорлық тұрғыдан жоққа
шығаратын болса, онда оның «үлкен» әлемнен эмоционалды тұрғыдан тасаланған ортасында
қалыптасқан және жүгінген нормаларды, құндылықтар мен идеалдарды ғана пайдаланатын
болса, онда «бозбала» мен «бойжеткен» өздері аяқ басқан әлемде орын алған нормаларға,
құндылықтарға және идеалдарға мұқият назар аудара бастайды. Олар жеке құмарлық,
басымдылық және т.б. ғана қатысты емес, сондай-ақ жоғары білімге, еңбек қызметіне,
отбасына, ішінара – социумның қоғамдық-саяси құрылуына қатысты құнға таңдау жасауды
жүзеге асыра бастайды. Олар енді тұтас өмірді тар топтық тұрғыдан емес, сондай-ақ жалпы
қоғамдық категориялар тұрғысынан түйсіне бастайды.
Осы кезеңде «бозбала» мен «бойжеткенде» психологиялық тұрғыдан жалпы тығырыққа
тірелу жағдайы жиі кездеседі. Егер олар жасөспірімдік жаста ақымақ болса немесе жағымсыз
даралыққа ие болса, девиантты мінез-құлыққа бейім болса, құқыққа қайшы қызметпен
айналысса, енді олар «бұрынғы өмір жолын жалғастырып, бұрынғы құндылықтарды немесе
идеалдарды қуаттаймын немесе өз мақсатымды, ниетімді және мүдделерімді түбегейлі
өзгертемін» деген сияқты таңдаулардың алдында тұрады. Осы жастың шағында олар өздерін
қоғамға айтарлықтай үзілді-кесілді қарама-қайшы қоймайтындықтан, көбіне, контингенттің
жастық және әлеуметтік қатынастағы кемелденген әлеміне енуге бейім болса, бұл дұрыс өмір
жолын таңдауға кепілдік болмақ. Сонымен қатар, жеке адам ерте жастық шақта қоршаған
ортаға қатысты да, өзіне-өзі қатысты да бұрынғы бағалаулардан толық құтылмайды.
Жасөспірімдер, бозбалалар, бойжеткендер үшін өздерінің сыртқы келбеті, салмағы, екінші
жыныстық белгілерінің кешеуілдеп пайда болуы т.б. тәрізді түзілімдердің қандай қиындық
болып табылатындығын ата-аналар мен мұғалімдер әрдайым түсіне бермейді. Осының
себебінен, жасөспірімдік шақта ішкі психологиялық қайшылықтар асқынған сәтте тіпті,
суицид те белең ала бастайды. Бұндай қайшылықтар жасөспірімдік шаққа да, ерте жастық
шаққа да атлеттердің, киноактерлердің, шоубизнес «жұлдыздарының» т.б. елеулі әлеуметтік
тұлғалардың қатарынан өзіне «кумир», яғни, еліктейтін идеалды тұлға жасап алуға да
жетелеп отыратын барынша жағымды ықпалдардытудырады.Өмірсүру – демек, басқа біреу
үшін өмір сүру және сол арқылы өзі үшін өмір сүру» [51, 312б.]. Адам – демек, жастық
шақтағы адам да өзінің құрдастарымен, ересектермен, жасы өздерінен кішілермен үнемі
тікелей немесе жанама, айқын емес қарым-қатынастардан тыс бола алмайды. Осы жерде
жастардың жастық өзгерістерімен қатар, құндылықтық бағыттарын дұрыс анықтау үшін
атақты философ Г.С. Батищев әзірлеген байланыс пен қарым-қатынас типологиясына назар
аударған жөн. Ол адамға тән, оның адамзаттық маңыздылығына тән қатынастардың, яғни
байланыс пен қарым-қатынастың кезеңдік емес типологиясын әзірледі де, үш негізгі түрін
бөліп көрсетті: біріншісіне – органикалық типтес қатынас; екіншісіне – атомистік типтес
қатынас; ал үшіншісіне – үйлесімдік типтес қатынас жатады. Ол алғашқы екі типтің «ашық»
және «жабық» деген ішкі екі түрін ажыратады және оларға мынадай сипаттамалар береді.
Жастық шақ – қаны бойынша жақындардың арасында өз орнын іздеуде жас адамның
отбасымен өз қарым – қатынасына әлі де рефлекстеуді жалғастыратын кезең. Ол өзі жақсы
көретіндердің барлығынан, ол үшін балалық пен ересектік шақта жауапты болғандардан
оқшаулану, кейде жатсынудан да өтеді. Бұл енді жасөспірімдік негативизм емес, бұл есейіп
келетін ұлы немесе қызымен бұрыңғыдай тікелі қатынастарды сақтауға талпынатын
туыстардан жиі жылы көзбен қарайтын, бірақ тұрақты шеттетілуі. Егер өз күресінің ақыр
аяғында бозбала немесе бойжеткен өз жақындарына рухани жаңарылған махаббат пен
сеніммен оралатын болса, бұл әрине, барлығы үшін де жақсы болар еді. Ересек шақта өз
тұлғасын құруын, қарым – қатынас тәсілдерін саналы құруды бастап, жас адам өзі үшін
маңызды қасиеттерді жастық шақта жетілдіру жолын жалғастырады. Алайда біреулерде –
бұл арманымен ұқсастыру арқылы рухани өсу болса, басқаларында – еліктеу үлгісі ретінде
антиқаһарманды таңдау және осымен байланысты тұлға дамуының салдары.
Жастық шақтың тағы бір маңызды жаңадан пайда болған түр өмірлік жоспарлардың
пайда болуы, ал бұл өз өмірін саналы құруына ұстанымның оның мәнін іздеудің бастау
ретінде көрінеді. Жастық шақта адам тұлға ретінде және қоғамдық өндіріске, еңбек әрекетіне
Достарыңызбен бөлісу: |