Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет118/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   187

240 
 
дизартрия  кездеседі. Жалпы алғанда, инсультен кейінгі сөйлеу бұзылыстары мәселесі жан-
жақты зерттелген, қалпына келтіре оқыту бөлімдері де нақты бекітілген. Жоғарыда аталған 
ғалымдармен, одан кейін атақты нейропсихологтармен аталған сөйлеу патологиясының түрін 
жою және зерттеу құралдары мен методологиясы өңделген. Сонымен қатар, зерттеушілермен 
және практиктермен де көптеген үлес қосылған (В.К. Орфинская, В.М. Коган, В.В. Оппель, 
М.К. Бурлакова, М. Критчли, И.М. Тонконогий т.б.) [1]. 
Науқастарға  арнайы  мамандандырылған,  нақты  логопедиялық  көмек  көрсету 
нейрореабилитацияның  негізгі  бағыттарының  бірін  құрайды.  Уақытында  және  сауатты 
көрсетілген логопедиялық көмек нақты бір оңалту эфектісін көрсетеді. 
Біздің ойымызша, оңалту үшін шешілетін басты мәселе  – ол адамдардың сөйлеу тілін 
қайта 
қалпына 
келтіру.Осыған 
орай, 
нейрореабилитацияның 
қазіргі 
өңделген 
методологиялық және мазмұндық құндылықтарының жағдайына қарамастан оңалту жүйесін 
кеңейту, одан ары дамыту, оларды тиімді қолдана білу уақыт талабына айналып отыр.  
Логопедияда  өңделген  және  қабылданған  логопедиялық  жұмыс  әдістері  көп 
болғанымен, инсульттен кейінгі кезеңде сөйлеу бұзылыстары кездесетін  науқастарды оңалту 
жүйесіндегі  әдістер  мүмкіншілігі  әлі  де  болса  толығымен  қолданылмайды.  Сондықтан 
инсультен  кейінгі  кезеңде  сөйлеу  бұзылыстары  кездесетін  насқастармен  логопедиялық 
оңалту  жұмыс  жүйесін  нақты  белгілеп,  кешенді  негізде  қолдану  толыққанды  нәтижелерге 
жетуге жәрдемдеседі. 
Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  келесідегідей  зерттеудің  ғылыми  мәселесі 
анықталды, ол – инсульттен кейінгі кезеңде науқастармен жүргізілетін логопедиялық оңалту 
жұмысының жүйесі. 
Эксперименталды  жұмыс  ШҚО  денсаулық  сақтау  басқармасы  «Шығыс  Қазақстан 
облыстық  оңалту  орталығы»  мекемесінің  неврология  бөлімінде  жүргізілді.  Неврологиялық 
профиль бойынша инсульттен кейінгі  және нейро-хирургиялық  операциядан кейінгі  оңалту 
жүзеге асырылады. 
Эксперименталды жұмыс үш кезеңнен тұрды: 
1) Деректеуші эксперимент – біріншілік диагностика. 
2) Қалыптастырушы (үйретуші) эксперимент. 
3) Қорытынды эксперимент – екіншілік диагностика. 
Деректеуші  эксперимент  мақсаты  ми  қанайналымы  өткір  бұзылыстары  бар 
науқастардың  ауызша    және  жазбаша  сөйлеу  тілінің  жағдайын  тексеру,  соның  негізінде 
логопедиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру болды. 
Тексеруге  инсульттен  кейінгі  кезеңдегі  2  науқас  алынды.  Барлық  науқастар  ми 
қанайналымының өткір бұзылыстарынан кейінгі әр түрлі кезеңдегі науқастар болды. 
 
1-кесте – Инсульттен кейінгі науқастар тізімі 
№ 
Науқастың 
аты-жөні 
Логопедиялық қорытынды 

А.Қ. 
Сенсо-моторная афазия 

Қ.А. 
Остаточные  явления  моторной  афазии.  Псевдобульбарная 
дизартрия. 
 
Оңалту  шараларының  ұзақтығы  және  жүйелілігі    оңалту  шараларын  дұрыс 
ұйымдастырғанда  ғана  нәтижелі  болады,  бұл    науқастың  жедел-жәрдем  машинасымен 
неврология  бөліміне  түскеннен  бастап  жүйелі  басталуы  керек,  ары  қарай  емдеу-оңалту 
шаралары    ауруханада  оңалту    бөлімінде  немесе  оңалту  орталықтарында,  оңалту  
санаторияларында    және  үй  жағдайында  жалғастырылуы  қажет.  Осыған  орай,  инсульттен 
кейінгі  кезеңде  науқастармен  жүргізілетін  логопедиялық  оңалту  жұмысында  келесідегідей 
кезеңдер бөліп қарастырылды: 
-  алғашқы 3 күн  – өте өткір кезең; 
-  4 аптадан кейін  – өткір кезең; 


241 
 
-  6 айдан кейін – ерте оңалту кезеңі; 
-  1 жылдан кейін – кейінгі оңалту кезеңі[2]. 
Инсульттен  кейінгі  кезеңде  науқастармен  жұмыс  динамикалық,  эмоционалды 
жағымды, шаршатпайтын және жан-жақты болуы керек,  ал бұл жағдай коррекциялық әсер 
етудің  тиімді  бағыттарын  одан  ары  іздеуге  және  қолдануға  итермелейді.Сондықтан 
инсультен  кейінгі  кезеңде  сөйлеу  бұзылыстары  кездесетін  насқастармен  логопедиялық 
оңалту  жұмыс  жүйесін  нақты  белгілеп,  кешенді  негізде  қолдану  толыққанды  нәтижелерге 
жетуге жәрдемдеседі. 
Диагностикалық  зерттеулер  негізінде  зерттеудің  ғылыми  мәселесі  ретінде  инсульттен 
кейінгі  кезеңде  науқастармен  жүргізілетін  логопедиялық  оңалту  жұмысының  жүйесін 
құруды  қажет  етті.  Осы  мақсатта  біз  жалпы  қолданыстағы  әдістермен  бірге  дәстүрлі  емес 
жұмыс әдістерін алдық. Өйткені, инсульттен кейінгі кезеңдегі логопедиялық оңалту жұмысы 
жан-жақтылықты  және  кешенділікті  талап  етеді.Зерттеуімізде  логопедиялық  оңалту 
жұмысының жүйесі келесідегідей кешендер бойынша қарастырылды: дәстүрлі және дәстүрлі 
емес. Аталған жүйе төмендегі сызбада толықтай нақты көрсетілген. 
 
 
 
1-сурет – Логопедиялық оңалту жұмысының жүйесі 
 
Жоғарыда  аталған  науқастармен  логопедиялық  оңалту  жұмысы  2,5  ай  көлемінде 
жүргізілді. Орта есеппен алғанда әр науқаспен 22 логопедиялық сабақ жүргізілді. 
Инсульттен  кейінгі  алғашқы  апталарда  және  айлар  өткен  соң    да  науқастарда 
эмоционалдық жағдай тұрақсыз болды, тұлғаның мінез-құлық сипаттары өзгерді: біреулерде 
апатия  қаупі,  басқаларында  агрессивтілік,  импульсивтілік,  жақын  адамдармен  қарым-
қатынас орнатудың қиындығы.Сонымен қатар, науқастар өз өмірінің шектелгенін және бұл 
өзгеріс  оның  жақындарына  да  тиетінін  түсінді.  Осыған  байланысты,  инсульт  науқастардың 
жан-дүниесі  уайымға  толды,  қауқарсыз  болғанына  намыстанды,  мүгедек  болудан  және 
айналасындағыларға тәуелді болудан қорқты. Бұл жағдайлардың барлығы депрессияға алып 
келді.  Науқастардың  бірі  сауығу  мүмкіндігіне  сенбеді,  өмірге  деген  қызығушылығын 
жоғалтты,  оңалту  шараларына  белсенті  түрде  қатысуды  тоқтатты,  жақындарымен  қарым-


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау