Макуова Нуршат Аманкосовна
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы:30-31
Сиыр
Сабақтың мақсаты: Жуан дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.
Білімділігі: «Сиыр» өлеңінің мазмұнын таныстыру.Сиыр малы туралы
түсініктерін кеңейту. Сиырдың ерекше қасиеттері мен пайдасын
айту. Жаңылтпаш,мақалдар,ырым-тыйымдар айту,мағынасын ашу.
Дамытушылығы:Өлеңді мәнерлеп оқуға,мазмұнын айтуға төселдіру.
Оқушылардың сөздік қорларын,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Малды сүюге,малға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдемі,таза,сауатты жазуға баулу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.
Көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлидің суреті,сиыр,телефон,мүйіз.
Түрі:Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Математика
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін,ұстаздардың сабаққа
қатынасып отырғандығын айту.
Қане,алға қарайық,
Сабаққа зер салайық.
Жақсы оқып сабақты,
Бүгін «5»-тік алайық!
«Сиқырлы телефон» ойынын ойнату.
Санға 3-ті қосу,саннан 3-ті азайтуға байланысты есептер шығарту.
3+3=6 4+3=7 7-3=4 5-3=2
Телефонға сандарды жазу:6742
Мағынасын ашу:сиыр
ІІ.Жаңа сабақ
-Ендеше,біздің бүгінгі сабағымыз
Жаттығу жұмысы
Сиыр
-Сиыр туралы не білеміз?
-Сиырдың қандай пайдасы бар?
еті Сиырдың пайдасы құрты
сүті майы
қаймағы айраны
- Сиырдың терісінен ат әбзелдерін жасайды.Жүн сабауға тулақ ретінде
пайдаланады.Мүйізінен тісі жиі тарақтар жасаған.
ІІІ.Оқулықпен жұмыс
Автормен таныстыру.
Қадыр Мырза Әли-ұазақтың көрнекті ақындарының бірі.
Өлеңді оқу,мағынасын ашу.
Өлеңді оқыту.
-хормен,жеке
Сөздік жұмыс
Шүйгін-құнарлы,отты,шөбі көп жер.
ІY. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
1.Сиырды қалай шақырады?
2.Сиырдың төлін ата?
3.Сиырдың атасын айт?
4.Сиыр туралы әңгіме құра.
Ү.Сергіту сәті «Оң қолыңды дөңгелет»
Жаңылтпашты жаңылмай айт!
Оқушыларға оқу.
(Сурет бойынша мағынасын түсіндіру)
Оқушыларға оқыту.
а) хормен ә) жеке
Жаңылтпашты жатқа айтқызу.
І-қатарға мақалдар
ІІ-қатарға ырымдар айтқызу
ІІІ-қатарға тыйымдар
ҮІ.Дәптермен жұмыс
31-жаттығу (жазбаша). «Жоғалған әріпті тап»
Жұмбақ
Қ...яды екен әр шаруа
Қазығ...на құт байлап,
Қанша қ...йып алсаң да,
Сарқылм...йды сүт,қаймақ.
(сиыр)
ҮІІ.Шығармашылық жұмыс. «Буын ұйқас»
а,о,ұ,ы.
Ақ,ақ,ақ
Қандай тәтті балмұздақ.
Бал-мұз-дақ-жуан дауысты дыбыстарды табу.
Тақтаға сөйлем ойлату.
Мыс:Мен балмұздақ жедім.
1сөйлем,3сөз бар.
ҮІІІ.Қорытынды
-Біздер бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныстық?
-Өлең не жайында екен?
-Сиырдың қандай пайдасы бар?
-Жуан дауыстыларды атаңдар.
-Барлығы нешеу?
ІХ.Үйге: Сиыр өлеңін жаттау.
30-жаттығуды көшіріп жазу,жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.
Х.Бағалау. Тиісті бағаларын қою
Достарыңызбен бөлісу: |