Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Мемлекеттік тізілім



жүктеу 16,95 Mb.
бет26/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97

170-бап. Мемлекеттік тізілім

1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізеді.

2. Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді қарау мүдделі адамның салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
171-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық органдарына беру тәртібі

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен фискальдық деректер операторы жүргізеді.


20-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ
172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, олардың айналымын жүзеге асыратын адамдардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі өнімдері - акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.

3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;

2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшін көзделген бажсыз сауда дүкендерінің меншік иелері әкелетiн;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;

4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;

5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке адам - алкоголь өнiмдерiнің үш литрден аспайтын шегiнде, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке адам темекi мен темекi бұйымдарын екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi - есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.

6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау уәкілетті орган белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.

8. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.

9. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.

10. Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу жолымен, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:

1) банк кепілдігі;

2) кепілгерлік;

3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.

11. Уақытша ақша орналастыру шотын уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.

12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын адамның ақша салуына арналған.

Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

13. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде ақшамен қамтамасыз етілген есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.

14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

15. Осы бапқа сәйкес:

1) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн - есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi өнімдерін - акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;

2) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;

3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;

4) акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

16. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусындарынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.

17. Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық органы айқындайды.

Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.

18. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;

2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;

3) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;

4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.

19. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;

2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.

20. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.


173-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

Салық органдары мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.


174-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау

1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

2. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
175-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

1. Салық органдары осы бапта белгіленген тәртіппен уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер қамтылады:

1) шешiмнiң салық органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;

2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;

3) бақылау тағайындау негiздемесi;

4) бақылауды жүзеге асыратын салық органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);

5) бақылау жүргiзу мерзiмi;

6) бақылау кезеңі;

7) бақылау жүргізу мәселелері;

8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.

Шешім бақылау жүзеге асырыла басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

2. Шешiмде көрсетiлген салық органдарының лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған өзге де адамдар және уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық органдарына бақылау жасау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп-тексеруге кiруiне жәрдем жасайды.

Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бақылауы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердiң бір түрi бойынша және бірнеше түрi бойынша да бір мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн.

Құжаттар мен мәліметтер алуға, сондай-ақ салық салынатын объектілерді зерттеп-тексеруге кедергi жасалған кезде, салық органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы акт жасалады.

Салық органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы актiге бақылау жүргізетін салық органының және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімнің данасын (көшірмесін) алған күн немесе уәкілетті мемлекеттік органның шешімінен бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылау жүргiзетiн салық органының қызметкерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте бас тарту туралы актiде:

1) оның жасалған орны мен күнi;

2) акт жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда);

3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке куәлiгiнiң нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайы;

4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;

5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.

Уәкілетті мемлекеттік органның шешімді алудан бас тартуы салықтық бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.

3. Бақылау жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылау тағайындау туралы шешiм тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылау тағайындаған салық органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.

4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң барысы уәкiлеттi мемлекеттік органға салық органының құжаттарды табыс ету туралы талаптарын тапсыру күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау жүргiзу кезiнде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күнi арасындағы, сондай-ақ салық органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салу жiберiлген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.

5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға мынадай деректемелерді:

1) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;

2) салық органының атауын;

3) тексерiлетiн уәкiлеттi органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрiн;

4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) бұйрықтың күні мен тіркелген нөмірін;

5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін;

6) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның тапсырылған және алынған күні туралы белгіні көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізбесін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді.

6. Бақылау аяқталған кезде салық органының лауазымды адамы:

1) бақылау жүзеге асырылған жердi, бақылау актiсi жасалған күндi;

2) салық органының атауын;

3) бақылау жүргiзген салық органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

4) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауын, сәйкестендiру нөмiрiн және мекенжайын;

5) уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

6) олардың келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүргiзiлген уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

7) алдыңғы бақылау және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;

8) жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн;

9) бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдардың мамандарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда) көрсете отырып, бақылау актiсiн жасайды.

7. Уәкілетті мемлекеттік орган бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын салық органы қызметкерi куәгерлердi (екіден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:

1) оның жасалған орны мен күнi;

2) актіні жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);

3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi;

4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;

5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.

8. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.

Салық органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi - талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.

Талапта:

уәкiлеттi органның толық атауы;

сәйкестендiру нөмiрi;

талапты жiберу үшiн негiз;

талап жiберiлген күн;

уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.

Тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.

Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

9. Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

10. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына дәйекті және уақтылы табыс етілуі үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.


176-бап. Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау

Салық органдары:

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелген кезде;

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша міндеттеме мынадай мерзімдерде:

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде - өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту бастаған күнінен кешіктірмей;

тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезде:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан - тауарларды еркін айналысқа шығарудың кейінгі күнінен кешіктірмей;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей;

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде - өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту бастаған күнінен кешіктірмей туындайды.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. 01.01.2020 ж. бастап енгізіледі.


4-БӨЛІМ. Тексеру нәтижелеріНЕ ЖӘНЕ салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ

21-ТАРАУ. Тексеру нәтижелері ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

177-бап. Жалпы ережелер

1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі мен қарау осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

3. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.


178-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.

Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органына жiберуге тиiс.

Салық органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:

1) өзi келу тәртібімен - салық органдары шағымды алған күн;

2) почтамен - почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

3. Жоғары тұрған салық органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке адамның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.

Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке адамдарға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған салық органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.

5. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындаған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.
179-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

2) шағым беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

5) шағым беруші адам өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

5. Шағымға:

1) шағым жасалған актінің және хабарламаның көшірмесі;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.


180-бап. Шағымды қараудан бас тарту

1. Уәкілетті орган:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым тіркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.

3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
181-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі

1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм шығарылады.

2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.

3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.

4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган мұндай құжаттардың дұрыстығын осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайта тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.

5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;

2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберуге;

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;

4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
182-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.

Апелляциялық комиссия туралы ережені және құрамын уәкілетті орган айқындайды.

Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін есекере отырып, уәжделенген шешім шығарады.

2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган мына шешімдердің бірін шығарады:

1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе ішінара күші жойылсын.

3. Шағым бойынша шешiм салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органына жібередi.

4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.


183-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

1. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізгенде - осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіпте осындай тексеру тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өту күніне дейінгі кезеңге;

2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберілгенде – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.

2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жолданған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.

3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.

Бұл ретте, Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға келесі толықтыруларды берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

2) уәкілетті орган шағымданған мәселені қосымша зерделеу қажет болған кезде – тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартылады

Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жібереді.


184-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің нысаны мен мазмұны

Уәкілетті органның шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жолданған уәкілетті органның атауы;

3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

6) шағымның мәні;

7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.
185-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары

Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.

Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.


186-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салықтық тексеру бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында іске асыру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствасымен жүргізілген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмауға тиіс.

3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.

5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.
22-ТАРАУ. Салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

187-бап. Шағым жасау құқығы

Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
188-бап. Шағым жасау тәртібі

Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.


2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

 

5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР


189-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түрлері

1. Қазақстан Республикасында мынадай:

1) салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық;

әлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

ойын бизнесі салығы;

тіркелген салық;

бірыңғай жер салығы;

2) бюджетке төленетін төлемдер:

мемлекеттік баж;

мынадай:

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін;

автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін;

телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін;

азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алымдар;

мынадай:

жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

жер бетіндегі көздерден алынатын су ресурстарын пайдаланғаны үшін;

қоршаған ортаға эмиссия үшін;

жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

орманды пайдаланғаны үшін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

алкоголь өнімдерін өткізу құқығын бергені үшін;

сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

2. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.

3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.


23-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

 

190-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

1. Салықтық есепке алу - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.

Жиынтық салықтық есепке алу - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында осындай қызмет бойынша жалпы түрінде де және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу.

6. Есепке алу құжаттамасы:

1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;

2) тексерулердің стандартты файлы – аталған файлдарды ерікті түрде беретін тұлғалар үшін; 2019 жылдан бастап

3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;

4) салықтық нысандарды;

5) салықтық есепке алу саясатын;

6) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

3. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.

4. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме жүктелмеген тұлғалар осы тарауға, осы Кодекстің 7-1-тарауына және уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларды жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:

1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;

2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;

3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;

4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.

6. Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып дербес әзірлеген және бекіткен салықтық есепке алу саясаты – құжатымен белгіленеді.

Салықтық есепке алу саясаты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме жүктелмеген салық төлеушілердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

Шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде арнаулы салық режимін немесе осы Кодексте көзделген салық салудың ерекше тәртібін (ерекшеліктерін) қолданатын салық төлеушілер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді. (2020 жылдан бастап)

Оңайлатылған декларация негізінде сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді. (2020 жылдан бастап)


191-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер көзделуге тиіс:

1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;

2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;

3) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

5) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері;

6) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты;

7) ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты;

8) осы Кодекстiң 120-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

9) қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда, осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;

10) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны.

Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме жүктелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.

3. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.

3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңдері бойынша өзгертуге жатпайды.

Қосылған құн салығын төлеуші таңдаған, осы Кодекстің 260-бабының 4-тармағында және (немесе) 262-бабының 5-1-тармағында көзделген қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін белгіленген салық кезеңіне қолданылады және салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңдері бойынша өзгертуге жатпайды.

5. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе оның жаңа бөлімін бекіту;

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе оның қолданыстағы бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:

1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;

2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

7. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 111-0-бабының ережелерін қолдану туралы шешімді өзінің салықтық есепке алу саясатында көрсетуге міндетті.


192-бап. Салықтық есепке алу ережесі

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүргізуді жүзеге асырады.

2. Есепке жазу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.

3. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді есептейді.

4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Қорларды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, салық салу мақсатында қорлардың құны оны өткізудің ықтимал таза құнына дейін есептен шығару жолымен қорлар құнының өзгеруін және өткізудің ықтимал таза құнының ұлғаюынан пайда болған, бұрын есептен шығару жүргізілген қорларға қатысты қалпына келтіруді есепке алмай айқындалады.


193-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар

1. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды.

Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.

2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды қоспағанда, осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін табыс етуге міндетті.

3. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жататын есепке алу құжаттамасы салық төлеушіде салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 47-бабының 2 және 3-тармақтарындағы салық төлеушілердің санаттарына байланысты белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін, кемінде бес жыл сақталады.

Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, егер оларға белгіленген сақтау мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімінен асып кетсе, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салық міндеттемесі есептелген кезеңнен кейінгі салық кезеңінен басталады.

4. Салық төлеуші І-топтың, осы Кодекстің 111, 111-0, 111-1-баптарына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының тіркелген активтерінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша берілген (алынған) тіркелген активтерінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінен бастап бес жыл ішінде сақтайды.

Салық төлеуші II, III және IV-топтардың тіркелген активтерінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша берілген (алынған) тіркелген активтерінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив тіркелген активтер тобының құндық балансына қосылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, кемінде бес жыл сақталады.

5. Салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы салық төлеушіде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын салық төлеушілердің санаттарына байланысты кемінде бес жыл сақталады.

6. Салық төлеушіні қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына жүктеледі.


194-бап. Заңды тұлғалардың бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі

1. Бөлек салықтық есеп - салықтардың белгілі бір түрлерінің салық міндеттемесін бөлек есептеу мақсаты үшін мынадай санаттарға бөлінетін:

қызметтің түрі немесе жиынтық түрлері;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;

рентабельділігі төмен, қоюлығы жоғары, су алған, шағын дебетті және игерілген санаттарына жатқызылған, сондай-ақ тау суын бұру шекарасының жоғарғы нүктесінің тереңдігінен 3500 метрден және тау суын бұрудың төменгі нүктесінен 4000 метр жоғары емес және төмен кен орындары (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін);

сенімгерлікпен басқару шарты немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайлар;

бірлескен қызмет туралы шарт;

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым;

табыстың түрі;

құрылыс объектісіне осы Кодексте оларға жалпыға бірдейге қарағанда, өзге салық салу шарттары көзделген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алу.

Жалпыға бірдейге қарағанда, өзге салық салу шарттарына, оның ішінде арнаулы салық режимiн қолдануды салық салудан босату салығының сомасын азайту жатады.

Салық төлеушінің осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі талаптары белгіленген бөлінетін санаттар бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсаты үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіруге құқығы жоқ.

2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген жағдайларда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.

Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге бөлек салықтық есепке алуды:

бірлескен қызмет туралы шарт бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі;

мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлік басқарушысы жүргізуге міндетті.

3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табыстар пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режіміндегі салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

4. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.

5. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 58-1-бабында көзделген тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен бөлек келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатына орай салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

6. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.

7. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.

5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде салық төлеуші:

1) осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы талаптары белгіленген салықтарды есептеу үшін басқа да қызметтен бөлек әрбір бөлінетін санаттар бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;

2) осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы талаптары белгіленбеген тұтастай бүкіл қызмет бойынша бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді есептеуді;

3) корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, тұтастай бүкіл қызмет бойынша бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің салық есептілігін табыс етуді;

4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданылатын табыстардың түрлері жойынша және табыстардың басқа да түрлері бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі бөлек декларацияны табыс етуді;

5) тұтастай қызмет бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген жағдайларда әрбір бөлінетін санаттар бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.

9. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген болса, онда салық органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстің 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бөлуді жүзеге асырады.
195-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің жалпы принциптері

1. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:

1) тікелей табыстар мен шығыстар - нақты бөлінетін санаттар немесе басқа қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

2) жанама табыстар мен шығыстар - есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде бірнеше бөлінетін санаттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және осындай санаттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;

3) жалпы табыстар мен шығыстар - бөлінетін санаттар бойынша қызметті және басқа қызметті жүзеге асыруымен бір уақытта байланысты және олардың арасында бөлуге жататын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

4) жалпы тіркелген активтер – бөлінетін санаттар бойынша қызметті және басқа қызметті жүзеге асыруымен бір уақытта байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай нақты бөлінетін санаттар немесе басқа қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;

5) жанама тіркелген активтер - пайдаланылу ерекшелігіне қарай бірнеше бөлінетін санаттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді білдіреді.

2. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында салық төлеушінің барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.

Салық төлеуші табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.

Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар бөлінетін санаттар қызметіне немесе басқа қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

Жалпы табыстар мен шығыстар бөлінетін санаттар қызметі мен басқа қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол бөлінетін санаттардың және тиісті үлесімен басқа қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.

Жанама табыстар мен шығыстар бөлінетін санаттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол санаттардың табыстары мен шығыстарына жатады.

Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 4-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

3. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша бөлінетін санаттар мен басқа қызмет арасында салық төлеушінің осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.

Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы Кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.

Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша салық төлеушінің бөлінетін санаттарына және басқа қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.

Жалпы немесе жанама шығыстар ретінде шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 4-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.

4. Салық төлеуші әрбір бөлінетін санаттар мен басқа қызмет үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде қызмет ерекшелігін ескере отырып, оның ішінде:

1) салық төлеуші салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы әрбір бөлінетін санатқа және басқа қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;

3) салық төлеуші салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы әрбір бөлінетін санатқа және басқа қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

4) мына баптардың бірі бойынша - салық төлеуші салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы әрбір бөлінетін санатқа және басқа қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;

5) салық төлеуші қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санына бөлінетін санатқа және басқа қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.

Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің салық төлеуші айқындаған әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.

Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін салық төлеуші үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01%) айқындайды.

5. Салық төлеушінің тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде қандай да бір бөлінетін санаттар бойынша шеккен залалдары есептелмейді, салық төлеушінің оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде осындай бөлінетін санаттар бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.



24-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІСІНЕ СӘЙКЕС БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАЙТЫН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
196-бап. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

1) активтер - дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;

2) бастапқы есепке алу құжаттары - салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжат жүзіндегі растамасы;

3) биологиялық актив - ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;

4) капитал - дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiн қалатын үлес;

5) материалдық емес актив - физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған, сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;

6) мiндеттеме - дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;

7) негізгі қаражат - материалдық активтер, олар:

тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған;

бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;

8) табыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;

9) тауар-материалдық қорлар - сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер.
197-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптар

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітеді.

2. Салық тіркеліміндегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
198-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері

1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасымен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.

2. Салықтық есепке алуда қорлар оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде оларды дара кәсіпкер құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.

Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.

Сатып алуға арналған шығындар импорт баждарын, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.

Қорларды қайта өңдеу шығындары шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеумен тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.

Салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны қорлардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша айқындалады.

Дара кәсіпкер салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны қорлардың кезең басындағы өзіндік құны мен кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.

Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салық тіркелімдерінде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өздері әзірлейді.

Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.

Дара кәсіпкердің қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беруі салықтық есепке алу мақсаттары үшін қорлардың шығып қалуы болып табылмайды.

Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартқан жағдайда, акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.

Мыналар:

1) актив ретінде тануды, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізген, өтемсіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде және басқа да мақсаттарда пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде кемшіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бұзылған, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған және өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде тануды тоқтату;

2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.
25-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ НЫСАНДАР
199-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі

1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.

2. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) не оның өкілі салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды, қолын қояды, куәландырады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөрімен не цифрлық қолтаңбасымен).
200-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзімі

1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде, операторда) сақталады.

2. Салық төлеушіні, салық агентін, операторды - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау