Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет29/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97

218-бап. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібі

1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

2. Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін халықаралық шарттарды қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге мақсаттарда тұлға, осындай тұлға тұрған жері, келуі (тұрғылықты жеру) бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.

Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына табыс етіледі.

Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам:

шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;

Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);

Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.

3. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.

Электрондық құжат нысанында резиденттігін растайтын құжат берілген жағдайда, берілген күні осындай құжатты уәкілетті органның интернет – ресурсында орналастыру күні болып табылады;

2) тұлғаның резиденттігін растауда бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.

Осы Кодекстің 102(189)-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда тұлғаның резиденттігін растаудан бас тартады.

4. Тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін расталады.

??? бапта белгіленген талап қою мерзімі шегінде, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жылға тұлғаның резиденттігі расталады.

5. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде оның телнұсқасын береді.


219-бап. Бейрезиденттер

Осы Кодекстің мақсатында мыналар:

1) осы Кодекстің 102 (189)-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;

2) қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезиденттер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар бейрезиденттер деп танылады.


220-бап. Бейрезиденттiң тұрақты мекемесi

1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:

1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) кез келген басқару орны;

3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;

4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;

5) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;

6) егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, көрмелерге және жәрмеңкелерге арналған тауарларды өткізу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу орны;

7) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;

8) осы баптың 6-тармағында аталған қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;

9) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бейрезиденттің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері;

10) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейрезидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері.

2. Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін бейрезидент жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.

Осы бөлімнің мақсаты үшін өзара байланысты немесе өзара тәуелді келісімшарттар (шарттар) жобаларға байланысты деп танылады.

Бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы қандай да бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына бірдей немесе біртектес қызметтер (жұмыстар) көрсететін (орындайтын);

2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі келесі он екі айдан аспайтын келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп танылады.

Бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасаған келісімшарттар (шарттар) өзара тәуелді деп танылады, бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының олардың біреуі бойынша міндеттемелерін орындамауы мұндай бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етеді.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай бейрезидент тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар бейрезидент ретiнде қарастырылатын болады.

Осы бөлімнің мақсаты үшін бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлға тәуелді агент деп танылады:

1) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге, оның ішінде қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) туралы келісімшарт жасауда негізгі рөл орындайтын немесе атқаратын принципиалдың немесе агенттің тұлғасынан немесе меншік құқығының негізінде бейрезидентке тиесілі мүлікті меншік құқығына (пайдалану құқығына) беруге бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңды іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік беріледі;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметті, осындай агент бейрезиденттің атынан тікелей немесе артығымен әрекет ету жағдайларын қоспағанда, ол кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметі және өзге де брокерлік қызмет (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) шеңберінде жүзеге асырмайды;

3) оның қызметі осы баптың 6-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмейді.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен бейрезидент заңды тұлға арасында осы баптың 3-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады.

5. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген көрмелерде және жәрмеңкелерде өткізу кезінде, егер мұндай өткізу күнтізбелік он күннен астамға созылса, бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.

6. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға дайындық немесе көмекшi сипаттағы, бейрезиденттiң негiзгi қызметiнің негізгі түрлерінің бір бөлігі болып табылмайтын бейрезиденттің қызметінің және үш жылдан аспайтын мынадай түрлері

1) кез келген орынды бейрезидентке тиесiлi тауарды өткізбей, оларды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;

2) тауарларды өткізбей, оларды сатып алу мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;

3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы бейрезиденттiң негiзгi қызметi болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, бейрезиденттiң өткізетін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.

Бұл ретте дайындық немесе көмекшi сипаттағы қызмет үшінші тұлғалар үшін емес, бейрезиденттің өзі үшін жүзеге асырылуы тиіс.

7. Заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын бейрезидентке Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент бір мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:

1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;

2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшін жауапты болмаса;

3) бейрезиденттiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден салық кезеңінде алатын табысы бейрезиденттiң осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетілген кезеңдегі шығындарының жалпы сомасының 10 пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.

Бұл ретте мұндай табыстың мөлшері салық кезеңі үшін шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметті бейрезидент көрсеткен құны мен көрсетілген кезең үшін бейрезиденттiң шығындарының жалпы сомасының құны арасындағы оң айырмашылығы түрінде айқындалады.

Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн бейрезидент Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған бастапқы құжаттарының көшірмелерін қызметтерді алушыға ұсынуы міндетті. Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезиденттің табысына корпорациялық табыс салығын есептеу мақсаттары үшін осы тармақта белгіленген талаптарды орындаған кезде, бейрезиденттің мұндай қызметтері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде көрсетілген деп танылады.

8. Бейрезиденттер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырған жағдайда:

1) мұндай шартқа әрбір қатысушының қызметі осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес келген кезде тұрақты мекеме құрады;

2) салық міндеттемесін орындауды мұндай шартқа әрбір қатысушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады.

9. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.

Тұрақты мекеме құруға әкеп соқтыратын, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстің ??? (562) бапта белгіленген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, бейрезиденттiң қызметi Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталғаннан бастап жүзеге асыру басталғаннан осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.

Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттің мұндай тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.

Егер бейрезиденттің осы баптың 2, 3, 5 немесе 7-тармақтарында көзделген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыратын тіркелген тұрақты мекемесі болса және ұқсас немесе осындай қызметті мұндай тұрақты мекеме тіркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеп соғады және ұқсас немесе осындай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап тіркелуге тиіс.

Егер бейрезидент қызметін салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Осы бөліктің ережелері, егер бейрезидент салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алынып тасталған мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесінің сондай немесе соған ұқсас қызметі болып табылатын, осы баптың 2 және 5-тармақтарында аталған қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырған жағдайда, қолданылады.

10. Осы Кодекстi қолдану мақсатында бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:

1) мыналарға:

оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;

өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;

өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;

Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) кез-келген бірiн жасасу;

2) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек келісімшартын (шартын, келiсiмін) жасасу;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген еңбек келiсiмшартының (шарттың, келiсiмнiң) шарттарын орындау үшiн бейрезиденттiң жалдаған қызметкерінiң немесе өзге де персоналының Қазақстан Республикасына келуі;

4) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға бейрезиденттің құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні танылады.

Осы тармақтың бірнеше талаптары болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
221-бап. Өзара келiсу рәсiмi

1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы:

1) егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің іс-әрекеті осындай халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкелетін немесе әкелсе, халықаралық шарттың ережелерін қолдану туралы мәселелені қарау үшін;

2) резиденттілік мәртебесін айқындау үшін Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

2. Өтініште резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негізделген мән-жайлар көрсетілуге тиіс. Өтінішке осы мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес табыс етілетін өтінішке резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алынған (алуға жататын) табыстардың және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ нотариат куәландырған:

1) жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетулерге немесе өзге мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);

2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттарын және резидент-заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелерін;

3) осы Кодекстің 217-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса беруге міндетті.

резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті осы тармақта көрсетілмеген өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.

4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілген өтінішке резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында және осы Кодекстің 217-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беруге міндетті.

5. Уәкілетті орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша түрде табыс етуді талап етуге құқылы.

6. Уәкілетті орган өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына мынадай:

1) Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге осындай өтініш берген жағдайда өтініш табыс етілген;

2) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайларда өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімді жолдайды.

Осы баптың 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша өтініштерді қараудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы егер өздері жол берген бұзушылықтарды жойған жағдайда өтінішті қайта беруге құқылы.

7. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік бес күн мерзімі ішінде оны қарайды.

8. Уәкілетті орган өтінішті қараудың қортындысы бойынша мына шешімдердің бірін шығарады: По итогам рассмотрения заявления уполномоченным органом выносится одно из следующих решений:

1) өзара келісім рәсіміне бастамашылық жасаудан бас тарту туралы;

2) өзара келісім рәсіміне бастамашылық жасау туралы.

9. Уәкілетті орган:

1) резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішінде көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес келмеген;

2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дәйексіз ақпарат берген;

3) өтініштерді қарау барысында резидент немесе Қазақстан Республикасы азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Мұндай шешім резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.

10. Өзара келісу рәсіміне бастамашылық ету туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсімді жүргізу туралы сұрау салу жібереді.

11. Уәкілетті орган резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтініші негізінде басталған шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауды:

1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсіміне бастамашылық етуді тоқтату туралы өтініш беру;

2) өзара келісу рәсіміне бастамашылық ету барысында резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының дәйексіз ақпарат беру;

3) өтініштерді қарау барысында резидент немесе Қазақстан Республикасы азаматы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеу фактісі анықталған жағдайларда тоқтатады.

12. Уәкілетті орган резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты, осындай шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жібереді.

13. Уәкілетті орган өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде қарайды.

13. Осы бапта белгіленген тәртіппен бастамашылық жасалған өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша шығарылған шешім салық органдарының орындауы үшін міндетті.
7-БӨЛІМ. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
27-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
222-бап. Төлеушілер

1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.


223-бап. Салық салу объектілері

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы.
28-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС
224-бап. Салық салынатын табыс

Салық салынатын табыс осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Салық салынатын, сондай-ақ табыс бақыланатын шетел компаниясының немесе осы Кодекстің 296-бабына сәйкес айқындалған бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын қамтиды.
§ 1. Жылдық жиынтық табыс

225-бап. Жылдық жиынтық табыс

1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 198-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.

2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) акционердің алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлу кезінде немесе мүлікті пропорционалды бөлу жүзеге асырылатын акциялардың санына келетін жарғылық капиталдың мөлшерінде төленген жарғылық капиталды азайту кезіндегі бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

3) қатысушының, құрылтайшының алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлу кезінде немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ мүлікті пропорционалды бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне келетін қатысу үлесін құрылтайшыға, қатысушыға немесе заңды тұлғаға оның бөлігін қайтару кезінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны, бірақ мүлікті бөлу оның пайдасына жүзеге асырылған қатысушы жүргізген жарғылық капиталға жарналарды сатып алу және (немесе) төлеуге арналған шығындардың сомасынан аспауы тиіс;

4) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

5) мүлікті беретін салық төлеуші үшін - өтеусіз негізде берілген мүліктің құны;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;

7) егер мұндай тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алған тауардың құны;

8) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;

11) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

12) ивестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін - Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар;

13) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы;

14) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдар;

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны;

15) осы Кодекстің 92-бабында көзделген асып кетуді ескере отырып, ол болған кезде, осы Кодекстің 119-бабының 8-тармағына сәйкес топтардың құндық баланстарына азайту жүргізілген соманың шеңберінде алынған сақтандыру төлемі;

16) мемлекет атынан алушы үшін - жер қойнауын пайдаланушыдан салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай мәні);

17) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде - жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс;

18) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс;

19) жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;

20) осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған мүліктің оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің құны.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау