Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері 146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзудiң мерзiмi



жүктеу 16,95 Mb.
бет23/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері
146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзудiң мерзiмi

1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:

салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – 45 жұмыс күніне дейін;

жоғары тұрған салық органы - 60 жұмыс күніне дейін;

2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:

салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - 75 жұмыс күніне дейін;

жоғары тұрған салық органы 180 жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – 60 жұмыс күніне дейін;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін 180 жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

4. Салықтық тексеру мерзімінің жүргізілуін салық органдары:

салық төлеушіге салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру туралы талаптарын және салық төлеушінің салықтық тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру;

басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;

шетел мемлекетіне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес олар бойынша мәліметтер алу;



салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеуші (салық агенті) жазбаша қарсылықты дайындау және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарауы;

Бұл ретте, салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған жүктеу және алу фактісін растайтын, хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы не электрондық тәсілмен жіберуге міндетті. Бұл ретте тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама электрондық тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп саналады. Бұл тәсіл осы Кодекстің 79-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі:

1) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің;

2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, Қазақстан Республикасында бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуға, дара кәсіпкер қызметінің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;

3) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерінің:

трансферттік баға белгілеу;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру;

тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымында жазылған;

4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;

5) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 162-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық органының талабын қойған жағдайда;

6) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі ұсынылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.

Осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.

6. Егер осы баптың 5 және 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұзарту немесе тоқтата тұру мерзімдерін ескере отырып, кешендік немесе тақырыптық салықтық тексеру жүргізу мерзімі:

1) осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін – 60 жұмыс күнінен;

2) осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден көп орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ мониторингтеуге жататын салық төлеушілер үшін – 180 жұмыс күнінен;

3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін – бір жүз сексен жұмыс күнінен аспауға тиіс.

7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 423-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.

8. Хронометражды зерттеп-тексерулерді жүргізген кезде, нұсқамада көрсетілген мерзімі отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

Хронометражды зерттеп-тексеру, егер тексерілетін салық төлеуші қызметін көрсетілген уақыт пен күндері жүзеге асырса, мезгілінен тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс, мереке күндері) жүргізілуі мүмкін. Хронометражды зерттеп-тексерулерді мезгілінен тыс уақытта жүргізу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тексерудің мерзіміне кірмейді.


147-бап. Ішінара салықтық тексеру туралы хабарландыру

1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.

2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.

Тапсырысты хатпен хабарланатын етіп почта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүзеге асырылады.

4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізуді мүмкін емес ететін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы.

Салық органы ішінара салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламастан жүзеге асырады.


148-бап. Салықтық тексеру жүргізуге негіздер

1. Салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі, ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі;

2) нұсқама шығарған салық органының атауы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) тексеру нысаны мен түрі;

6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

7) тексеру жүргізілетін мерзімі;

8) хронометраждық зерттеп-тексеруді қоспағанда, тексеру жүргізілетін мерзімі.

Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

2. Тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар көрсетілуі тиіс:

1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ көрсетiлген тармақтың 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 13) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер;

2) осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 19) - 23) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде көрсетілген тармақтың 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер;

3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер.

3. Құжаттық тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада, хронометраждық зерттеп-тексеруді қоспағанда тексеру нысанына қарай тексеруге жататын мәселелері көрсетіледі.

Кешенді тексеру жүргізген кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.

4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюы тиіс.

Қарсы тексерулер жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруге нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны ауыстыратын тұлға қол қоюы мүмкін.

Нұсқама Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.

5. Осы Кодекстің 147-бабында көзделген тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі.

Қосымша нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.



6. Осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 13) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.
149-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы

1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген күн салықтық тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

2. Нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) тексеруді жүргізген салық органының лауазымды адамы табыс етеді.

Нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен кезде салық органының нұсқамасының данасында нұсқамамен танысқаны және алғаны, сондай-ақ нұсқамамен алған күні мен уақыты туралы қол қояды.



Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 13) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерге қолданылмайды.

3. Осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағының 13) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады.

Төлнұсқаға салық төлеушінің (салық агентінің) немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.

4. Нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық органының лауазымды тұлғасы салық органы нұсқамасының данасына тиісті жазбаны жасайды және куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, нұсқаманы алудан бас тарту туралы акті толтырады.

Бұл ретте салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тарту туралы актіде:

1) толтырылған орны мен күні;

2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

5) нұсқамаға алудан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

Салық төлеушінің салық органының нұсқамасын алудан бас тартуы, салық органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.

Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 155-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.

6. Салық төлеуші (салық агенті) нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық төлеушінің (салық агентіның) нұсқаманы алудан бас тартуы туралы актіні жасалған күні тексеру жүргізудің басталу күні болып есептеледі.



7. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде аталған тексеруді:

1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

2) егер тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілсе қылмыстық істі тоқтатуға жол берілмейді.
150-бап. Тексерудің стандартты файлы

1. Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған тексерудің стандартты файлын салық төлеуші өз еркімен мұндай файлды салық органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеу арқылы ұсынылады.

2. Салықтық тексеруі, оның ішінде салық төлеуші тексерудің стандартты файлын ұсынған жағдайда:

ішінара салықтық тексеру жүргізу кезінде - нұсқама табыс етілген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде;



жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізген кезде - нұсқама табыс етілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тексерудің стандартты файлын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Стандартты файлдың нысанын және оны жасаудың тәртібін уәкілетті орган бекітеді.


151-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері

1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.

2. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:

1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;

3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.

3. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:

1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;

2) зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;

3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;

4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;

5) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;

6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;

7) зерттеп-тексеру нәтижелерін қамтиды.

4. Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісіне қоса беріледі.

Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.

6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.


152-бап. Қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

1. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру:

осы Кодекстің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын, олардың қолдануына байланысты өтінішті;

қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты (бұдан әрі - қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты жүргізіледі.

Тақырыптық тексеруді жүргізу осы Кодекстің 625-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.

2. Тексерілетін кезеңге:

осы Кодекстің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын олардың қолдануына байланысты салық төлеуші өтінішті ұсынған;

қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетумен қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық кезеңін қоса алғанда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты салық төлеуші ұсынған салық кезеңінен бастап салық кезеңі енеді.

Тексерілетін кезеңге, егер осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында өзгеше көзделмесе, осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын салық кезеңдері де енгізіледі.

3. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізу кезінде осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес тексерілетін кезеңге:

өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы басталған;

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салық кезеңінен басталған уақыт кезеңі енгізіледі.

Осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, осы Кодекстің 627-бабы 9-тармағыың 2) тармақшасына сәйкес салық төлеушінің өтініші бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі.

2003 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңі үшін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде қарсы тексерулердің нәтижелері болған кезде бұрын жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі.

4. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау мақсатында салықтық тексеруді жүргізген кезінде, Осы Кодекстің 273-2-бабына сәйкес тексеру кезеңіне қосылған құн салығының бақылау шоты пайдаланған салық кезеңдері енеді.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, Осы Кодекстің 273-2-бабына сәйкес салық органы салық органдарының ақпараттық жүйелерінде бар деректерді:

қосылған құн салығы бойынша декларацияны;

қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша, оның ішінде қосылған құн салығын бюджетке төлеу бойынша қосылған құн салығы сомаларының қозғалысын есепке алу үшін ашылған дербес шоттарды;

электрондық шот-фактураларды салыстырып тексеруді жүргізеді.

5. Тауарлар экспорты жағдайында осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде кеден органының Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде тауарлар әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-11-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

6. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 276-13-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен табыс етілген, өңдеу өнімдерін Кеден одағының кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімінде әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

7. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізілетін тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.

Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді.

Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі.

Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі.

Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.

Осы қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.

Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды.

8. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында осы баптың 7-тармағында көрсетілген өнім берушілерді қоспағанда, салық органы тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей берушілеріне қарсы тексеру тағайындауы мүмкін.

9. Тексеру жүргізілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі - мониторингке жататын ірі салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауды салық органы салық есептілігiнiң деректері және (немесе) салық органдарында бар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері негізінде тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы жүргізеді.

10. Қарсы тексеруге тексерілетін салық төлеушінің мынадай өнім берушілері:

1) кейіннен оларды сатып алушы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды беруді жүзеге асыратын;

2) байланыс қызметтерін беруді жүзеге асыратын;

3) осы Кодекстiң 230-бабының 1-2-тармағына сәйкес айналымдар бойынша заңды тұлға - бейрезиденттің филиалдарын, өкілдіктерін қоспағанда, бейрезиденттер;

4) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

5) көшірме беруді жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңі үшін шот-фактураларды тек электрондық нысанда алу;

6) осы Кодекстің 273-2-бабына сәйкес бақылау шотын пайдалана отырып жүргізілген мәмілелер бойынша есеп жатпайды.

11. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы «Пирамида» талдамалық есепті талдаудың нәтижелері бойынша алшақтықтарды анықтаған жағдайда, өнім берушілерге мекенжайына осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны жібереді.

12. Міндетті қарсы тексеру тағайындау туралы шешім мынадай тексерілетін салық төлеушілер «Пирамида» талдамалық есепті талдаудың нәтижелері бойынша алшақтықтарды анықтаған тікелей өнім берушілер бойынша қабылданады:

қосылған құн салығының асып түсуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 миллион еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес инвестициялық жобаны іске асыратын;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес салық төлеушілер бойынша осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты ғана қолданылады.

Егер осы баптың 7-тармағында көрсетілген тексеру жүгізілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушілер арасындағы операциялар бойынша «Пирамида» талдамалық есепті талдаудың нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталса, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.

13. Осы Кодекстің мақсаты үшін «Пирамида» талдамалық есебі - бұл тексеру жүгізілетін салық төлеуші ұсынған қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және (немесе) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.

Бұл ретте, «Пирамида» талдамалық есебі осы баптың 2-тармағында көзделген салық кезеңі үшін қалыптастырылады.

14. Егер тексеру жүгізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушілер орналасқан орны бойынша басқа салық органында тіркеу есебінде тұрған болса, тақырыптық тексеруді тағыайындаған салық органы тиісті салық органына қарсы тексеру жүргізу туралы сауал және (немесе) осы Кодексе сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді беретін осындай өнім берушілер "Пирамида" талдамалық есепті талдаудың нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтарды жою жөнінде сауал жібереді.

15. Салықтық тексеру аяқталған күнге:

1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуларға жауаптар алынбаған;

2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бойынша «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

3) қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған;

4) қарсы тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігі расталмаған, оның ішінде:

өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;

өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері осы баптың 8-1- тармағында көрсетілген тексерілетін салық төлеушлердің өнім берушілері бойынша, осындай өнім берушілері «Пирамида» талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда да қолданылады.

Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.

16. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай жағдайларда:

1) осы Кодекстің 245-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған;

2) осы Кодекстің 273-1-бабын қолданған кезде жүргізіледі.

17. Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырма бесі күнінен кешіктірмей, екі данадан кем емес санда жасалады және салық органының лауазымды адамы қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол басқа данасында аталған қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.

18. Тақырыптық тексеру актісі және тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларациядағы қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

19. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда және мұндай өнім берушіге қатысты тарату салықтық тексеру, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің және (немесе) тарату салықтық тексеру нәтижелері ескеріле отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.

20. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау