Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Салық агенттері болып табылатын салық төлеушілерге



жүктеу 16,95 Mb.
бет24/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97

153-бап. Салық агенттері болып табылатын салық төлеушілерге қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты бейрезиденттің жеке табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға талабын растау мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізу ерекшелігі

1. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне қатысты оның осы Кодекстің 42-бабында белгіленген талап қою мерзімі кезеңі ішінде осындай өтініш берген бейрезиденттің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан тақырыптық тексеру жүргізеді.

2. Салық органы тақырыптық тексеру жүргізуді бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде осындай өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауға міндетті.

3. Тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай тұрғыдан:

1) салық агентінің бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерін толық орындауын;

2) осы Кодекстің 219-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;

3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 69-бабында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуін;

4) бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дәйектілігін;

5) бейрезидент шартты банк салымы туралы шартты жасасқан жағдайда, осы шартқа қатысушылардың оның талаптарын сақтауын тексереді.
154-бап. Салық органы және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға жіберілуі

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды тұлғалары нұсқаманы және қызметтік куәлігін ұсынған кезде, осы лауазымды адамдарды және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарды табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге зерттеп-тексеру үшін жіберуге міндетті.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында олар болуға тиіс.

3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарына және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне мынадай жағдайларда:

1) осы лауазымды адамдар нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәлігін көрсетпсе;

2) осы лауазымды адам нұсқамада көрсетілмесе;

3) осы лауазымды адамдарда салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болса, арнайы рұқсаты жоқ болғанда рұқсат етпеуге құқылы.

4. Салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына қамтамасыз етуге салық төлеуші (салық агенті) негізсіз рұқсат бермеген және (немесе) кедергі жасаған жағдайда, кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.

5. Кіруіне жол берілмегені туралы актіге салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды.

Салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартуы туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

Кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық төлеуші (салық агенті) қол қоюлан бас тартқан жағдайда, тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы көрсетілген актіде ол туралы тиісті жазба жасайды. Бұл ретте көрсетілген актіге осы Кодексте белгеленген тәртіппен тартылған куәгерлер де қол қояды.
155-бап. Салық органының лауазымды адамарының салықтық тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Салықтық тексеру жүргізу барысында салық органдарының лауазымды адамдары:

1) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тексерілетін адамның банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғаларға) шоттары бойынша ақша қаражаттарының қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттар және мәліметтерді талап етуге және алуға;

2) тексеру жүргізу үшін мемлекеттік органдардан қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

3) қағаз және электрондық тасығыштарда есептік құжаттаманы, сондай-ақ тексерудің мәніне сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) рұқсат етуді талап етуге және алуға;

4) салық төлеушіден жазбаша түсініктемелер, оның ішінде салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша оның қызметкерлерінен талап етуге және алуға;

5) салықтық тексеру жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік және шет мемлекеттердің өзге де органдарға (ұйымдарға) сұрау салулар жіберуге;

6) мамандарды тартуға;

7) салық төлеушіден (салық агентінен) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйесінің, олардың клиенттерінің банктік шоттары туралы мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банктік құпияны құрайтын деректерді қарауға қол жетімділік құқығын қоспағанда, бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) бастапқы есептік құжаттардың деректерден, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттан тұратын ақпараттық жүйесінің деректерін қарауға рұқсат етуін талап етуге;

8) салық төлеушіден (салық агентінен) тексеретін тұлға жасаған салық нысандары бойынша жазбаша түсіндірмелер салықтардың және бюджетке төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін (ұстап қалу және аударуын), әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы есептеу, ұстап қалу және аудару және әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеудің растайтын құжаттарды, сондай-ақ тексерілетін адамның қаржылық есебін, оның ішінде аудиторлық есепті қоса бере отырып, оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген резидент - салық төлеушінің (салық агентінің) шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге;

9) салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде айқындалған тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алуды жүргізуге;

10) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті, оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, тексерілетін адамның (тұрғын үй-жайлардан басқа) мүлкіне түгендеу жүргізуге;

11) салық төлеушінің мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;

12) осы Кодексте белгіленген тәртіппен жанама әдісімен салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға;

13) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген өзге де құқықтары бар.

2. Салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамы:

1) тексерілетін адамның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, тексерілетін адамға заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) жоқ зиян келтіруге жол бермеуге;

2) салықтық тексеру жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін адамның келісімінсіз олардың мазмұнын жария етпеуге;

3) қызметтік этиканы сақтауға;

4) салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін адамға оның құқықтары және міндеттері жөнінде хабардар етуге;

5) салық органының лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;

6) салықтық тексеру жүргізу кезеңінде салық төлеушінің (тексерілетін адамның) белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;

7) тексерілетін адамның талап етуі бойынша тексеру жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпаратты беруге;

8) салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін адамның өкілдеріне нұсқаманы және өзінің қызметтік куәлігін көрсетуге;

9) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
156-бап. Салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері

1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізу барысында:

1) салық органынан және олардан тексеру жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелері туралы ақпаратты сұратуға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органының шешіміне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

3) салықтық тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарынан салықтық тексеру туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсетуін талап етуге;

4) салықтық тексеру жүргізу кезінде қатысуға және салықтық тексеру нысанасына жататын мәселелер жөнінде түсініктемелер беруге;

5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында ұсынуға белгіленген тәртіппен алдын-ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық білдіруге;

6) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер жүргізу кезінде:

1) салық органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімде құжаттар мен мәліметтерді қағаз түрінде, ал қажет болған жағдайда сондай-ақ электрондық жеткізгіште ұсынуға;

2) осы Кодекстің 23-тарауына сәйкес салық төлеуші жасалған есепке алу құжаттамасын ұсынуға;

3) салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының осындай тексеру жүргізуге қатысу үшін тексерілетін адамның аумаққа және (немесе) үй-жайларына кіруін және және жұмыс орнымен беріп қамтамасыз етуге;

4) салықтық тексерулер жүргізу кезінде түгендеу жүргізуді қамтамасыз етуге;

5) салықтық тексерулер жүргізетін салық органының лауазымды адамдарының талап етуі салық төлеуші (салық агенті) қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге;

6) алғаны туралы салықтық тексеру тағайындау туралы нұсқаманың екінші данасына қол қоюға;

7) алғаны туралы салықтық тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына қол қоюға;

8) осы Кодекстің 156-бабы1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін қарауға рұқсат беруге;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


157-бап. Алдын-ала салықтық тексеру актісі

Осы Кодекстің 159-бабында көзделген салықтық тексеру актісі салық -жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге алдын-ала салықтық тексеру актісін тапсырады.

Осы Кодекстің мақсаттары үшін алдын-ала салықтық тексеру актісі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасалған алдын-ала салықтық тексеру нәтижелері жөніндегі құжат түсініледі.

Бұл ретте салық төлеуші алдын-ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.

Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушілер санатын, сондай-ақ салық төлеушіге алдын-ала салықтық тексеру актісін тапсырудың тәртібі мен мерзімдерін, алдын-ала салықтық тексеру актісіне тапсыру жазбаша қарсылықты ұсынуды, сондай-ақ осындай қарсылықты қарауды уәкілетті орган бекітеді.
158-бап. Салықтық тексеруді аяқтау

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы:

1) тексеру актісін жасау орны мен күнін;

2) тексерудің түрі мен нысанын;

3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

4) салық органының атауын;

5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

6) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;

7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);

8) алдыңғы жүргізілген құжаттық тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізген кезде);

9) тексерілетін кезеңді және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

10) Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

2. Салықтық тексеру актісі кемінде екі дана етіп жасалады, тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамдары қол қояды.

3. Салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырған күн болып саналады.

Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына қол қоюға және оны алған күнін көрсетуге міндетті.

Салық төлеушіге (салық агентіне) актіні тапсыру салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты мүмкін болмаған жағдайда осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру мерзімі аяқталатын күн салықтық зерттеу актісін жасаған күн болып табылады.

4. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнмасының, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген өзге де заңнманың бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасалады.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күнінде салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.

6. Салықтық тексеру актісіне осы Кодекстің 21-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажетті құжаттардың көшірмелері, салық органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

7. Егер тарату салықтық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерд есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.
159-бап. Тексеру нәтижелері бойынша шешім

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, залалдарды азайту, бейрезиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 115-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.

2. Осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.

3. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталған соң шығарылады.

Бұл ретте, қылмыстық істі қарау аяқталғанын растайтын ресми құжат алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады және салық төлеушіге табыс етіледі.

4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жеке тапсырылуы және оның қолымен куәландырылуы немесе пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілуі тиіс. Пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне), егер осы бапта өзгеше белгіленбесе пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында салық төлеуші (салық агенті) алғандығы туралы белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп саналады.

5. Пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен салық органдары салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарылған жағдайда, осындай хабарламаларды тапсыру күні :

1) осы Кодексте белгіленген негіздер және тәртіп бойынша куәгерлерді тарта отырып тексеру жүргізу;

2) егер салықтық тексеру актісі осы Кодекстің 159 бабының 3-тармағына сәйкес салықтық тексеру актісінің негізінде табыс етілсе осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтару болып табылады

6. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер тексеру нәтижелеріне шағымданбаса, оны хабарламада белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

7. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 45-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күн сайын тең үлестермен төленіп отырады.

Мынадай:


тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;

тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.

8. Осы Кодекстің 159-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 116-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруді аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.

9. Егер осы Кодекстің 143-бабы 1-тармағы 9) және 12) тармақшаларында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру жүргізген кезде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын:

1) салық төлеуші бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде;

2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;

3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша;

4) егер салық органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.
§3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау
160-бап. Жалпы ережелер

1. Есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодекстің 161 - 164-баптарында белгіленген тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.

2. Осы Кодекстің 162-бабына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұрау салынатын салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) табыс етпеуі есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған деп түсініледі.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есептік құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.


161-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер

Егер құжаттық салықтық тексеру барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін табыс етпеген болса, салық төлеушіге (салық агентіне) аталған құжаттарды табыс ету немесе қалпына келтіру туралы салық органының талабы, сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама міндетті түрде тапсырылады.

Салық органының талабы салық төлеушіге (салық агентіне) талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

Салық органының талабы бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген құжаттарды табыс етпеу себептерін жазбаша түсіндіруге міндетті.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау