Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет25/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97

162-бап. Ақпарат көздері

1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай:

1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақшасы және оның қозғалысы туралы көшірме жазбаларын;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырып тексеруге жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы;

4) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілері және сатып алушылар тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған адамдарға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы;

6) салық органдары салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын, бұрын жүргізілген салықтық тексеру, оның ішінде тексеру жүргізілетін салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) зерттеп-тексеру және (немесе) түгендеу кезінде алған;

7) салық органы салық және кедендік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.

2. Салық органдары:

1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;

3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;

4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жібереді.

3. Қажетті ақпарат (құжатпен расталған) сондай-ақ мынадай көздерден:

1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) орындаған қызмет көрсету туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнім құны мен саны туралы сатып алушылардан;

2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізат, энергетика ресурстарын және қосалқы материалдар жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды адамдардан алынуы мүмкін.

4. Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агентінің) қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.


163-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

1. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау осы Кодекстің 163-бабында белгіленген тәртіппен алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.

2. Кірісті есептеу үшін салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпарат және салық төлеушінің (салық агентінің) ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.

3. Осы Кодекстің 163-бабында айқындалған ұйымдар немесе жеке адамдар тексерілетін салық төлеушіде алынған (алынуға жататын) басқа табысы бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған табыстардың сомасы жалпы табыс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары берген ақпарат негізінде салық төлеушінің экспорттық операциялары бойынша валюталық түсім сомаларының түсу фактісі анықталған жағдайда, валюталық түсімнің бұл сомасы өткізу бойынша айналым мөлшеріне және жиынтық табыс құрамына енгізіледі.

5. Осы бапқа сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) бастапқы құжаттарымен расталмаған шығыстары корпорациялық табыс салығын есептеу үшін шегеруге және қосылған құн салығын есептеу үшін есепке жатқызылмайды.

6. Акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын база осы Кодекстің 457-бабының негізінде айқындалады.

Бұл ретте өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі шикізаттың, энергетика ресурстары мен қосалқы материалдардың шығыстары мен ысыраптарының салалық нормаларына сәйкес айқындалады.

7. Негізгі құралдардың, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерінің, көлік құралдарының, жер телімдерінің, материалдық емес активтердің, инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын растайтын құжаттар салық төлеушіде (салық агентінде) болмаған (жоғалған, бүлінген) жағдайда аталған мүліктің нарықтық құны осы салық төлеушінің жиынтық табысына қосылады.

Объектілердің нарықтық құны салық органдары тартатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушының есебінің негізінде айқындалады.

8. Жалақы төлемдерін төлеуге банк шотынан ақша алу және (немесе) жеке адамдардың банктік шотына банк шотынан ақша аудару фактілері анықталған кезде ақша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық салынатын салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесі банктің салық төлеушіге (салық агентіне) немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өкімін орындаған сәтте туындайды.

9. Салық органдары жанама әдістер негізінде айқындаған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі нысандарында көрсетілген тиісті деректермен және салық органдарына табыс етілген өзге де есеп-қисаптармен салыстырылады.

10. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлім еткен салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомалары жанама әдістерді қолдану негізінде айқындалған салықтардың сомаларынан көп болған жағдайда, тексеру кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінде көрсетілген салықтардың сомалары қабылданады.

11. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлімдеген табыс сомасы басқа (қосымша) ақпарат көздерінен анықталған табыс сомасынан артық болған жағдайда, тексеру кезінде салық есептілігінде көрсетілген кіріс сомасы қабылданады.


164-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау

1. Басқа да адамдар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына дау салған жағдайларда да, табысқа салық салынуға тиіс.

2. Егер сот шешімі бойынша табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерілмей алынады.

3. Салық органдары төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке адамның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алу фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 36-тарауында белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстар осы Кодекстің 315-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.

4. Салықтық тексеру барысында салық органы нақты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізудің болмауын растайтын объективті дәлелдемелерді белгілейді, оның ішінде:

1) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету үшін экономикалық қажетті уақытты, орналасқан жерін, мүлкін немесе материалдық ресурстардың көлемін ескере отырып, салық төлеуші мәмілелерді (операцияларды) нақты жүзеге асыру мүмкін еместігін;

2) еңбек ресурстарының, негізгі құралдарының, өндірістік активтерінің, қойма үй-жайларының, көлік құралдарының жоқтығынан тиісті экономикалық қызметте нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті жағдайлардың болмауы;

3) табыс табумен тікелей байланысты тек сол шаруашылық мәмілелерге (операцияларға), егер қызметтің мұндай түрі үшін өзге де шаруашылық мәмілелерді (операцияларды) жасау және есепке алу да талап етілсе, салық салу мақсаттары үшін ғана есепке алу;

4) тауарлармен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен салық төлеуші (салық агенті) бухгалтерлік есеп құжаттарында көрсеткен көлемде жүргізілмеген (көрсетілмеген) немесе жүргізілуі (көрсетілуі) болуы мүмкін емес мәмілелерді (операцияларды) жасау.

19-ТАРАУ. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ
165-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бақылау-касса машиналары – деректерді беру функциясы жоқ фискальдық жады блогі бар электрондық құрылғылар, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар;

2) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы - көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;

3) сауда автоматы - автоматты режимде қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;

4) фискалдық деректер - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;

5) фискалдық режим - ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалды жады блогында не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;

6) фискалдық деректерді жинақтауыш - ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.

7) фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;

8) фискалдық есеп - белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;

9) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) - уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;

10) фискальдық деректер операторы - ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды адам.

11) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталығы) - бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

12) ақшалай есеп айырысулар - тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;

13) бақылау-касса машинасының чегі - бақылау-касса машинасының сатушы (тауарды, жұмысты, қызметтi жеткізушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты;

14) тауарлық чек - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды растайтын бастапқы есепке алу құжаты;

15) тауар чектерінің кітабы - кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;

16) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы - қолма-қол ақшаның, тауарлық чектердің, бақылау-касса машинасы фискалдық жады немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ауысым сайынғы айналымын есепке алу журналы;

17) бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкасы - бақылау-касса машинасының салық органында тіркелуі (есептен шығарылуы) фактісін растайтын есепке алу құжаты;

18) салық органының пломбасы - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы;

19) фискалдық жады - фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.
166-бап. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының аумағында жалпыға бірдей пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерді қоспағанда, ақшалай есеп айырысулар, мiндеттi түрде моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

1) жеке адамдардың;

2) адвокаттық қызметті, медиация тәртібінде дауларды реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдардың;

3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректер беру функцияларды жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.

3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу, мыналарды қамтиды:

1) бақылау-касса машинасын қоюды есепке алу;

2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

3) бақылау-касса машинасының есепке алу алып тастау.

4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.

5. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

6. Бақылау-касса машинасының бақылау чегі мынадай ақпараттарды:

1) салық төлеушінің атауын;

2) сәйкестендіру нөмірін;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының бақылау чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

7. Чек контрольно-кассовой машины может дополнительно содержать данные, предусмотренные технической документацией завода-изготовителя контрольно-кассовой машины, в том числе о сумме налога на добавленную стоимость.

8. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

1. Пайдаланатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.

2. Салық органдарында бақылау-касса машиналарын есепке қою:

1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;

2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен фискалдық деректер операторы салық органына береді.

3. Салық органы бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасын есепке қоюды жүргізеді.

4. Салық төлеуші қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын есепке қою үшін салық органына:

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;

3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын табыс етеді.

5. Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын есепке қою үшін салық органына мынадай құжаттарды:

1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

6. Бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін және тіркеуші органнның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыра отырып жүргізіледі:

1) фискалдық деректер операторының мәліметтерді;

2) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салық өтініш.

7. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу

1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту мынадай тәсілдердің бірінің:

1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша - фискалдық деректер операторының мәліметтері;

2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салық өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

2. Салық төлеушi бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді, өзгерістер пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.

3. 1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініш салық органына келу тәртібімен қағаз тасымалдағышта немесе электрондық нысанда табыс етуге жатады.

4. Тіркеу карточкасын ауыстыруды:

1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді. (01.01.2024 жылдан бастап күшіне енеді)
179-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:

1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін;

3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;

5) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне алмастырылған;

6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған, жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.

Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.

2. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай тәсілдердің бірінің:

1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша - фискалдық деректер операторының мәліметтері;

2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару туралы салық өтініштің негізінде жүзеге асырылады. (01.01.2024 жылдан бастап күшіне енеді)

3. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін оны пайдалану орны бойынша салық органына бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою шығару туралы салықтық өтініш, мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

1) салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;

2) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын;

3) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.

4. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді және «Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

5. Салық органы:

1) фискалдық деректер операторының мәліметтерді;

2) салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүргізеді. (01.01.2024 жылдан бастап күшіне енеді)


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау