Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары
ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13395 болып тіркелді
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
46-
5-бабының
11)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және
практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау
бекітілсін.
қағидалары
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (
С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми
интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін
он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне
осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы
мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және
практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары
ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
46-11) тармақшасына, 2015
5-бабының
жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының
сәйкес және Қазақстан
Еңбек кодексіне
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
бекітілген білім берудің
қаулысымен
тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі –
стандарттар) талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Қағида білім алушылардың бүкіл оқу мерзімі бойы теориялық оқытудың нәтижелерін
бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттер алуға, сондай-ақ инновациялық технологияларды
игеруге бағытталған кәсіптік практикаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық
және оқу-әдістемелік қызметті реттейді.
3. Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (
таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.
4. Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар, оларға
байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.
5. Оқу орны білім алушының кәсіптік практикасының әртүрі бойынша жоғары оқу орнының ішкі
құжаттарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орнының құжаттарын дербес
әзірлейді.
2. Кәсіптік приктиканы ұйымдастыру
6. Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылады.
7. Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін,
практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, жоғары оқу орны ректорының немесе техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы директорының бұйрығымен ресімделеді.
Білім алушыға осы Қағидаға
сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі.
1-қосымшаға
8. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, үлгілік
және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.
9. Кәсіптік практиканың бағдарламасы практика базалары ретінде айқындалған
кәсіпорындарымен (мекемелерімен, ұйымдарымен) келісіледі және оқу орнының басшысымен бекітіледі
.
10. Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, практика
түрінің ерекшелігін, кәсіби стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын, ұйым
қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын көрсетеді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасы мерзімді жаңартылады және ғылым мен техниканың заманауи
жетістіктерін, практика базасында қолданылатын инновациялық технологияларды қамтып көрсетеді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасын жаңарту және қайта бекіту тетігін оқу орны айқындайды.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнының сырттай (кешкі)
оқу нысандарында білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істейтін жағдайда оқудан және өндірістік
(технологиялық) практикадан босатылады.
Бұл жағдайда олар оқу орнына жұмыс орнынан олардың кәсіптік қызметін көрсететін
анықтаманы және мінездемені ұсынады.
Сырттай (кешкі) оқу нысандарында білім алушылар диплом алды практиканың бағдарламасын
орындайды.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының білім алушылары
кәсіптік практиканың әрбір түрінің қорытындылары бойынша практика жетекшісі тексеретін есепті
ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында өндірістік практиканың
есебін қорғаудың нәтижелері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №
5191 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125
(бұдан әрі – № 125 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік,
бұйрығымен
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесіне сәйкес сараланған бағалаумен өткізілетін
сынақтармен бағаланады.
13. Жоғары оқу орындарының білім алушылары кәсіптік практиканың әр түрінің қорытындылары
бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі мен консультанты тексеретін және кафедра
меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады.
Есепті қорғау нәтижелері № 125 бұйрыққа сәйкес бағалардың балдық–рейтингтік әріпті жүйесі
бойынша бағаланады.
3. Кәсіптік практика базасы ретінде ұйымды айқындау тәртібі
14. Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі
мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін,
кәсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және
материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
15. Кәсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен Заңның
24)
5-бабының
тармақшасына сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған үлгілік шарттың
нысаны негізінде құрастырылған кәсіптік практика түрі көрсетілген оны өткізу туралы шарт
жасалады.
16. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындары білім
алушылардың кәсіптік практика базаларымен шарт практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес
мерзімде жасалады.
17. Шартта оқу орнының, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын кәсіпорнының (
мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі айқындалады.
18. Кәсіптік практиканы өткізу үшін оқу орны практика базасымен келісілген бағдарламаны,
күнтізбелік кестелерді, кәсіптік практиканы өтудің оқу-тәрбиелік процесінің кестесін бекітеді.
Кәсіптік практиканы өтуге жолдау кезінде білім алушыға осы Қағидаға және
2
3-қосымшаларға
сәйкес нысандары бойынша кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі, кәсіптік практикадан өтуі
туралы күнделік-есебі беріледі.
19. Кәсіптік практиканың әр түрі бойынша білім алушыларға оқу орнынан және практика
базасынан – кәсіпорнынан (мекемеден, ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Қажет болған жағдайда
консультанттар тағайындалады.
20. Жетекшілердің қызметтерін, міндеттері мен жауапкершілігін оқу орны және практика
базасы – кәсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес айқындайды.
21. Кәсіптік практикаға арналған шығындарды оқу орны және практика базасы болып табылатын
кәсіпорын (мекеме, ұйым) жоспарлайды және кәсіптік практиканы өткізуге арналған
шартта
айқындалады.
22. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда білім алушы-практиканттар белгілі бір лауазымға
оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа қабылданады.
23. Кәсіптік практиканың базасы болып табылатын ұйым кәсіптік практиканың бағдарламасына
сәйкес оны өту үшін білім алушыларға орын береді және білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз
еңбек шарттарын қамтамасыз етеді.
24. Практика базасы – ұйым білім алушылармен кәсіптік практиканы өту кезінде болатын
қайғылы оқиғаларға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының
сәйкес
Еңбек кодексіне
толық жауапты болады.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары
білім алушыларының практика түрлерін ұйымдастыру және өткізу
тәртібі
25. Оқу практикасының негізгі міндеттері:
1) мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;
2) болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен,
құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
3) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу;
4) іскерлік хат алмасуды зерделеу және іс қағаздарын жүргізу;
5) еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып табылады.
26. Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі.
27. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне
байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектептік, есептеу,
пленэр және т.б. нысандары қолданылады.
28. Оқу практикасы болашақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымда танысу
экскурсияларын қамти отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында
өткізіледі.
29. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын арнайы
кафедраға, бөлімге, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарына бекітіледі.
30. Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және
мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді.
31. Оқу практикасы мамандыққа байланысты өндірістік оқыту (техникалық және ауылшаруашылық
мамандықтары бойынша) және оқу процесінің жалғасу (кәсіпорында танысу практикасы, геодезиялық,
медициналық тағы басқалар) түрлерінде жүзеге асырылады.
32. Оқу практикасын оқу пәндерін оқып зерделеудің жалғасы болатын жағдайда (геодезиялық,
педагогикалық, медициналық тағы басқалар) өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді оқытатын
оқытушы жүргізеді.
Оқу пәндерінің жалғасы болып табылатын практикалық сабақтардың тізбесін пәндік-циклдық
комиссиялар айқындайды және оқу орнының басшысы бекітеді.
33. Оқу практикалық сабақтарды әдістемелік пен материалдық дайындауды өндірістік оқыту
шебері немесе тиісті пәнді жүргізетін арнайы пәндер оқытушылары жүзеге асырады.
34. Мамандыққа байланысты оқу практикасы оқу және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу
шаруашылықтарында, оқу-тәжірибелік учаскелерде және оқу орнының басқа оқу-көмекші объектілерінде
, сондай-ақ (дуальды оқыту болған жағдайда) кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде өткізіледі.
35. Оқу практикасын өткізу кезінде оқу тобын «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499
сәйкес кіші топтарға
қаулысына
бөлу ұсынылады.
36. Білім алушылардың оқу практикасында, оқу орнының оқу-көмекші объектілерінде жұмыс
күнінің ұзақтылығы 6 сағатты құрайды, ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) еңбек туралы
қолданыстағы
сәйкес тиісті қызметкерлердің дәрежелері үшін жасқа және өндірістің
заңнамаға
жағдайларына байланысты. Оқу практикасы аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика
кезінде жұмысы бойынша ағымдағы бақылаудың негізінде баға қойылады.
37. Білім алушылардың оқу практика бағдарламасының орындауын есепке алу нысаны Заңның 5-
23) тармақшасына сәйкес бекітілген өндірістік оқытуды
белгіленеді
бабының
есепке алу журналында
.
38. Технологиялық практиканың (мамандықтың бейіні бойынша) негізгі міндеттері:
1) білім алушыларды болашақ кәсіби қызметімен ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде)
тікелей таныстыру;
2) білім алушылардың мамандық бойынша бастапқы машықтар мен дағдыларын меңгеру;
3) ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) нақты кәсіптік қызметін орындау мен зерттеудің
негізінде арнайы пәндерді оқу кезінде алынған білімдерді бекіту, тереңдету және жүйелеу;
4) кәсіби ойлауды дамыту, өндірісте машықтарға баулау және кәсіби қызметінің дағдыларды
игеру болып табылады.
39. Технологиялық практика (мамандықтың бағыты бойынша) ұйымдарда (кәсіпорындарда,
мекемелерде), сондай-ақ оқу орындарының оқу-өндірістік және оқу шаруашылықтарда өткізіледі.
40. Технологиялық практиканың аяқталғаннан кейін мамандықтардың бағыты мен күрделілігіне
қарай тиісті кәсіби біліктілікті растау және алуға арналған емтихандық жұмыстар орындау түрінде
өткізуі қарастырылған.
аралық аттестаттауды
Мамандықтар бағыттары бойынша емтихандық жұмыстарды өткізу үшін ұйымдар (кәсіпорындар,
мекемелер) мен оқу орындары өкілдерінің енгізуімен біліктілік комиссиялары ұйымдастырылады.
41. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша білім алушыларға нақты мамандық бойынша
кәсіби біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряд, класс, санат) беріледі.
42. Технологиялық практиканың қорытындылары бойынша кәсіптік практиканың бағдарламаларын
орындау туралы жазбаша есептің және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік
практиканы өту туралы күнделік-есептің тапсырылуы, сондай-ақ практикадан өтетін орнынан
ұсынылатын біліктілік деңгейін көрсете отырып өндірістік мінездеменің берілуі қарастырылған.
43. Технологиялық практиканы орындау нәтижелерін бағалау ұйымнан (кәсіпорнынан, мекемеден
) практика жетекшісі құрастырған өндірістік мінездеме ескеріле отырып, әңгімелесу негізінде
анықталады.
44. Білім алушылардың технологиялық және өндірістік (диплом алды) практика
бағдарламаларының орындауын есепке алуы кәсіптік практика бағдарламасының орындалуы туралы
жазбаша есепте және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың кәсіптік
практикадан өтуі туралы күнделік-есепте белгіленеді.
45. Өндірістік практика барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін жүргізіледі, білім
алушылардың оқуды аяқталғанына дейін мамандарды мен жұмыс кадрларды даярлау бағытына байланысты
1, 2-курстан бастап ұйымдастырылады.
46. Өндірістік практика оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраға, бөлімге, нәтижесінде
аталған өндірістік практика түрінің нысандары болып табылатын теориялық оқытуды жүргізетін
жауапты тұлғаға бекітіледі.
47. Өңірлік ерекшеліктеріне сәйкес мамандықтар топтары, оның ішінде «Техникалық ғылымдар
және технологиялар», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Ветеринария», бойынша
білім алушылардың кәсіптік практикасы дуальды білім беру жүйесінің қағидаларын есепке алады.
48. Өндірістік практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына
сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды өндіруге және кәсіби
стандарттарының талаптарына сәйкес арнайы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
49. Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:
1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарын жинақтау,
өңдеу және жалпылау;
2) диплом алды зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық
материалдарды талдау;
3) дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны,
заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
4) дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.
50. Диплом алды практика жеке оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе
есепті орындалатын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі.
51. Дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру
бағдарламасында диплом алды практика көзделген.
52. Диплом алды практика бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық жұмыстың (жобаның)
ғылыми жетекшісі немесе мамандықтың (біліктіліктің) ерекшелігін және практика базаларының
қызметін жақсы танитын тәжірибелі оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері жүзеге асырады.
53. Диплом алды практиканың ұзақтылығы мамандықтың күрделігіне және біліктіліктің
деңгейіне қарай білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес айқындалады.
стандартына
54. Диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің
тақырыбымен айқындалады.
55. Диплом алды практиканың қорытындылары арнайы кафедра немесе бөлім немесе директордың
оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары ұйымдастыратын дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала
қорғауда шығарылады.
5. Жоғары оқу орындары білім алушыларының практика
түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі
56. Жоғары оқу орындары білім алушыларының оқу (танысу) практикасының мақсаты оқыту
процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуді және тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы
дағдыларына ие болуды, іскерлік хат алмасуды жүргізуді машықтарды қамтитын бастапқы кәсіби
құзыреттерді игеру, оқитын мамандыққа сәйкес қызметтің практикалық машықтар мен дағдыларды игеру
болып табылады.
57. Оқу (танысу) практикасының негізгі міндеттері:
1) жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;
2) мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;
3) болашақ мамандықтың объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен,
құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
4) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу;
5) іскерлік хат алмасуды зерттеу және іс қағаздарын жүргізу;
6) еңбек ұжымында қызметті жасау дағдыларын игеру болып табылады.
58. Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі және 1-курста
ұйымдастырылады.
59. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне
байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектеп, есептеу,
пленэр және т.б. түрлерін ажыратады.
60. Оқу (танысу) практикасы болашақ кәсіптік қызметінің нысаны болып табылатын ұйымда
танысу экскурсияларын қамти отырып жоғары оқу орындарында өткізіледі.
61. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын арнайы
кафедраға бекітіледі.
62. Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және
мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді.
63. Тілдік практиканың мақсаты білім алушыларда ауызша және жазбаша аударудың дағдыларын,
іскерлік мен достық қарым-қатынас дағдыларын, соның ішінде оқытылатын тілдердің сөйлеушілерімен
қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
64. Тілдік практиканың негізгі міндеттері:
1) білім алушыларды ауызша және жазбаша аударудың теориясы мен практикасының негіздерімен
танысу;
2) теориялық және практикалық білімдері мен машықтарды бекіту және кеңейту;
3) тілдік коммуникация саласындағы практикалық дағдылар мен машықтарды алу;
4) арнайы лексиканы аудару дағдыларын ұлғайту және бекіту;
5) тиісті мамандық бойынша сөздік қорды арттыру;
6) сөйлеу тілін, шет тілде тілдесудің диалогтық нысанын дамыту және бекіту болып табылады
.
65. Тілдік практика тілдерді білетін кадрларды даярлайтын және көптілді білім беретін
мамандықтарда білім алушылар үшін жүргізіледі, сондай-ақ мамандыққа байланысты білім алушылардың
оқуды аяқтағанына дейін 2-курстан бастап ұйымдастырылады.
66. Тілдік практика аталған мамандық бойынша мамандарды даярлайтын арнайы кафедраға
бекітіледі.
67. Тілдік практиканың бағдарламасында білім берудің деңгейлі моделі мен шет тілдерді
меңгерудің және көптілді білім беру қағидаларының талаптарын есепке алу қажет.
68. Мамандықтың ерекшілігіне байланысты 1-курстан кейін кәсіптік практиканың далада
өтетін, археологиялық және басқа түрлері ұйымдастырылады және өткізіледі.
Бұл практика түрлерінің мақсаты білім алушыларда кәсіби міндеттерді дамытуды толықтыратын
және тиісті құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
Кәсіптік практиканың басқа түрлерін бағдарламалары аталған мамандық бойынша мамандарды
даярлайтын арнайы кафедралары әзірлейді.
69. Педагогикалық практиканың мақсаты жалпығылыми, культурологиялық,
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және
тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді
қалыптастыру болып табылады.
70. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
1) педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;
2) сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
3) педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;
4) оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына
баулау;
5) ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;
6) тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
7) оқытудың инновациялық технологияларды білу;
8) оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере
отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
71. Педагогикалық практика бүкіл оқу мерзімі бойы әр курста өткізіледі және:
1) 1-курстың білім алушыларының педагогикалық практикасын;
2) 2-курстың білім алушыларының психологиялық-педагогикалық практикасын;
3) 3-курстың білім алушыларының оқу-тәрбиелік педагогикалық практикасын;
4) 4-курстың білім алушыларының өндірістік педагогикалық практикасын қамтиды.
72. Педагогикалық практика үздіксіз болып табылады және теориялық оқытуымен қатар
өткізіледі.
73. Педагогикалық практиканың базасы:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) жалпы білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдары;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.
74. Педагогикалық практика педагогика кафедрасымен бірлесіп арнайы кафедраға бекітіледі.
75. Педагогикалық практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының
талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды жасауға және
мұғалім мен педагогтың педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
76. Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық
дағдылары мен тәжірибені игеру болып табылады.
77. Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін
оқып зерттеу;
2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен
құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;
4) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
6) өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік
кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады
.
78. Өндірістік практика барлық мамандықтардағы (педагогикалық мен тілдік мамандықтарынан
басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі және білім алушылардың оқуды аяқталуына дейін 2 курстан
бастап ұйымдастырылады.
79. Өндірістік практика оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраның немесе нәтижесінде
аталған өндірістік практика түрінің объектілері болып табылатын теориялық оқытуды жүргізетін
кафедраға бекітіледі.
80. «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Қызмет көрсету
» және «Ветеринария» мамандықтар топтары бойынша білім алушылардың кәсіптік практикасы дуальды
білім беру жүйесінің қағидаларын есепке алады.
81. Өндірістік практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына
сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды өндіруге және кәсіби
стандарттарының талаптарына сәйкес арнайын құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
82. Диплом алды практика дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын білім алушылар үшін
ұйымдастырылады.
83. Диплом алды практиканың мақсаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың аяқталуы болып
табылады.
84. Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:
1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау,
өңдеу және жалпылау;
2) дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық
материалдарды талдау;
3) дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны,
заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
4) дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.
85. Диплом алды практика жеке оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе
есепті орындалатын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі.
86. Дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру
бағдарламасымен диплом алды практикасы көзделген.
87. Диплом алды практика бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық жұмыстың (жобаның)
ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
88. Диплом алды практиканың ұзақтылығы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға берілген кредиттер санымен айқындалады.
89. Диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен айқындалады.
90. Диплом алды практиканың қорытындылары арнайы кафедра ұйымдастыратын дипломдық жұмысты
(жобасын) алдын ала қорғауда қорытындыланады.
Дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғау кафедра отырысында өткізіледі және
хаттамамен ресімделеді.
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Жолдама
Өндірісте қалады
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(негіздеме)
20___ж. «_______» ___________________
Білім алушы__________________________________________________________
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіпорнының атауы)
_____________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жолданады
Практиканың басталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Оқу орнының басшысы _______________________________________
М.О. ____________________________
(қолы)
_____________________________________________________________________
---------------------------------------------------------------------
Оқу орнына қайтарылады
Келу мен кету туралы белгі
Білім алушы _________________________________________________________
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
кәсіптік практикадан өту үшін _______________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың атауы)
Келді Кетті
_____________________________________ ______________________________
20____ж. «______»____________________ 20____ж. «______»_____________
Мөр, қолы Мөр, қолы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау
қағидаларына 2-қосымша
«Бекітемін»
Оқу орны басшысының
оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі
орынбасары
________________________________
Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
20_____ж. «______» _____________
«Келісілді»
Кәсіптік практиканың жетекшісі
(ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің)
___________________________________
Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
20_____ж. «______» ________________
Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі
____________________________________________________мамандығы бойынша
Білім алушының ______________________________________ _________ курс
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
р/с
№
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес
орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар
тізбесі
Кәсіптік практиканың
бағдарламасын орындау мерзімдері
Ескертпе
басталуы
аяқталуы
1.
2.
3.
Қолы_________________________________________________________________
(оқу орнынан кәсіптік практиканың жетекшісі)
20___ж. «______» __________________
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау
қағидаларына 3-қосымша
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы _________________________________________________________
аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
р/с
№
Кәсіптік практиканың бағдарламасына
сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып
болған) жұмыстардың атауы
Кәсіптік практиканың жеке
тақырыптарының, жұмыстарының
орындау мерзімдері
Өндірістен кәсіптік
практика
жетекшісінің қолы
басталуы
аяқталуы
1.
2.
3.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдақтардың, технологиялық
процесстердің, өндірістің механизациялау мен автоматтандырудың және
еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Білім алушының қолы ________________
20 ___ж. «_____» ___________________
__________________________________________
(кәсіптік практикасының тікелей жетекшісі)
20 ___ж. «_____» _________________________
2. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. (Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика
жетекшісінің қорытындылары.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика жетекшісінің
қолы____________________________
20____ж. «______»_______________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |