Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім



жүктеу 16,95 Mb.
бет34/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97

262-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім

1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланушының қызетшілері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.

Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерді жер қойнауын пайдаланушының өндіріс қызметімен байланысты мамандық бойынша оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярауға бағытталған шығыстары осы Кодекстің 257-бабына сәйкес шегерімге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде осы Кодекстің 258-бабында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.

3. Осы баптың мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар деп:

1) қазақстандық кадрларды оқытуға:

Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған ақша;

Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арнап мемлекеттік бюджетке аударылған ақша;

Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін орындау мақсатында салық төлеуші іс жүзінде шеккен шығыстар танылады;

2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.


263-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру

Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.

Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
264-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салық кезеңінде мыналар:

1) есепті салық кезеңінде, есепті салық кезеңі және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде;

2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады.

Бұл ретте салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің төленген сомалары осы Кодекстiң 599 және 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.

Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Осындай қарыз шартын жасау сәтінде осындай банктің жарғылық капиталына шет мемлекеттің қатысуымен банк-бейрезиденттен алынған қарыз бойынша оған сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығы қарыз берушінің жеке қаражаты есебінен банк-бейрезидентке төлеуге жататын сыйақы сомасынан төленсе, егер мұндай қарыздың сомасы тиісті салықтық кезеңде 1 қаңтарға Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 10 000 000 есе айлық есептік көрсеткіштен асқан кезде төлем көзінен төленген көрсетілген салық шегерімге жатады.

3. Мыналар:

1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;

2) корпоративтік табыс салығы мен Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген ұқсас корпоративтік табыс салығы және заңды тұлғалардың табыстарына (пайдасына) салынатын салықтар;

3) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде төленген салықтар;

4) үстеме пайдаға салығы;

5) жер қойнауын пайдалануға аранғлан балама салықтар шегерімге жатпайды.
265-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

Мыналар:


1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;

2) соттың заңды күшіне енген шешімінде белгіленген салық төлеуші, басшы және (немесе) осындай заңды тұлғаның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ құрылтайшы (қатысушы) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша шығыстар;

3) осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеуші оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасаған операциялар бойынша шығыстар;

4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша шығыстар;

жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған), ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қылмыстық қудалау органының заңды күшіне енген сот актісін немесе қаулысын сот мойындаған (таныған) шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттері) бойынша шығыстар;

5) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;

6) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);

7) осы Кодексте шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормаларды қолдана отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;

8) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;

9) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;

10) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

11) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 267-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын, салық кезеңі ішінде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;

12) осы Кодекстің 106, 107-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;

13) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін запастардың баланстық құны;

14) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;

15) осы Кодекстің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары;

16) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты шығыстар;

17) мемлекет атынан алушыдағы, - жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалар көлемінің құны;

18) лизинг шартынан басқа, мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша иелік ету және пайдалану уақыты ішінде берілетін активтердің баланстық құны;

19) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалар көлемінің құны шегерімге жатпайды.

20) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:

осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және бас банкке аударылған ақша түріндегі;

Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес; 20) тармақша 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
266-бап. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

Шегеруге:

1) осы Кодекстің 120-бабына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

2) осы Кодекстің 121-бабы 2 және 4-тармақтарына сәйкес салықтық кезең соңына кіші топтың (топтың) құндық балансы;

3) осы Кодекстің 122-бабына сәйкес кейінгі шығыстар жатады.
267-бап. Тіркелген активтер

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар:

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген активтерді қоспағанда, түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және есепті және (немесе) алдағы кезеңдерде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

2) концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

3) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, мүлікті сенімгерлікпен басқару мекемсі туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

4) лизинг шартынан басқа және бухгалтерлік есепте ұзақ мерзімді актив ретінде танылған, мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған мүліктік қатынаста шеккен кейінгі шығыстар;

5) мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша берілген, жалға берушіде осындай шарт бойынша берілгеннен кейін негізгі құрал ретінде, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, материалдық емес және биологиялық активтер болып есептелмейтін жалға берушінің мүлкі тіркелген активтерге жатады.

2. Мыналар:

1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;

2) мыналарды:

осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;

осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша есепке алуға байланысты амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;

3) жер;

4) мұражай құндылықтары;



5) сәулет және өнер ескерткіштері;

6) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: концессия шарты шеңберінде құрылған және (немесе) концессионер алған концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;

7) аяқталмаған күрделі құрылыс;

8) фильмқорына жататын объектілер;

9) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

10) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;

11) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған материалдық емес активтер;

11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

12) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жылдық жиындық табыстан қосымша шегерімдер құқығын ұсына отырып, келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

13) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылған құн бөлігінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

14) осы Кодекстің 118-бабының 13-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;

15) осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

16) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтер;

17) мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша иелік етуге және пайдалануға беру кезінде алынған, жалға берушіде осындай шарт бойынша берілгеннен кейін негізгі құрал ретінде, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, лизинг шарты бойынша алынған активтерден басқа, материалдық емес және биологиялық активтер болып есептелген активтер тіркелген активтерге жатпайды.


268-бап. Құндық балансты айқындау

1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:



р/с №

Топтың №

Тіркелген активтердің атауы

1

2

3

1.

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

2.

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық

3.

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар

4.

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық

І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.

2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.

І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.

3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.

4. Тіркелген активтер:

1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.

5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.

6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.

7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:

кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы

алу

алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,



алу

осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.

Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.

8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:

кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы

қосу


салық кезеңінде түскен тіркелген активтер

алу


салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер

қосу


осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.

9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.

10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.
269-бап. Тіркелген активтердің түсімі

1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде лизинг шарты бойынша, сондай-ақ запастардың құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын аталған активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.

Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтердің бастапқы құны осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушінің тіркелген активті тану күні бойынша көтерген шығын сомасы ретінде айқындалады. Мұндай шығындарға осындай салық төлеушілер есептеген және осындай шығындарға жататын амортизациялық аударымдардан басқа, тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.

Осы бапқа сәйкес, оның ішінде осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жалға берушінің тіркелген активтердің бастапқы құны айқындалады.

3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған запастардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.

Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, сатуға арналған запастардың немесе активтердің құрамынан аудару жолымен түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мұндай түсім күніне айқындалған, осы Кодекстің 119-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.

4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, тіркелген активтердің бастапқы құны осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, өтеусіз алынған мүлік түрінде осы Кодекстің 96-бабына сәйкес жиынтық жылдық табысы енгізілген оның құны болып табылады.

5. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын нақты шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

6. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, қабылдап алу-беру актісінде, немесе осындай акт болмаған кезде – салымның және актив құнының іс жүзінде енгізілгенін растайтын өзге де құжатта көрсетілген активтің құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

Жарғылық капиталға салымды төлеуде алынған активтердің құны оны төлеу есебінде актив алынған жарғылық капиталға салым сомасы шегінде ескеріледі.

7. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

Бірігу жолымен құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 119-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына ұлғайтылады.

8. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:

1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;

2) өзге жағдайларда – аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

9. Сенімгерлікпен басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлікпен басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:

1) сенімгерлікпен басқарушының осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 119-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;

2) өзге жағдайларда – амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған, осы Кодекстің 119-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын, тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасын негізге ала отырып, есептеледі.

9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

11. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

12. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының 2012 жылғы 1 қаңтарға тіркелген активтердің бастапқы құны осындай күнге құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны болып табылады.

13. Табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған тіркелген активтері табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін мұндай тіркелген активтерді пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде тіркелген активтер тобының құндық балансына осы Кодекстің 122-бабына сәйкес мұндай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, шығып қалу құны бойынша енгізілуге жатады.

14. Преференцияларының күші жойылған активтер осы Кодекстің 125-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансына осы бапта белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады.

15. Преференциялар объектісі осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден басқа, осы Кодекстің 125-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.

16. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтердің бастапқы құны жөндеу, қайта құру, жаңғырту, ұстау бойынша шығындар және лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші көтерген басқа да шығындар болып табылады. Осы тармаққа сәйкес олар бухгалтерлік есепте халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын ұзақ мерзімді активтер ретінде тану күні бойынша көтерген шығындар ескеріледі.

17. Шартқа сәйкес сыйақы және қосылған құн салығының сомасы онда енгізілмей лизингтің барлық кезеңі ішіндегі есепке жатқызылатын лизингтік төлемнің жалпы сомасы лизинг шарты бойынша келіп түскен тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

18. Лизинг алушы лизинг затын лизинг берушіге қайтарған кезде лизинг шартына сыйақы және қосылған құн салығының сомасын енгізбей лизинг шарты бойынша барлық кезең ішіндегі лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен лизинг затына сыйақы және қосылған құн салығының сомасын енгізбей лизинг затын беру күнінен қайтару күніне дейінгі кезең ішіндегі лизингтік төлемдер сомасының арасындағы оң айырмашылық тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.


270-бап. Жекелеген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансын қалыптастыру

1. Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны болып табылады.

Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, активтің пайдалануы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, қайта құруға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.

Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.

Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.

Амортизацияны есептеу сомасы мынадай шамалардың туындысы ретінде айқындалады:

осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құны;

осы баптың 3-тармағымен көзделген амортизацияның шекті айлық нормасы;

осындай салық төлеушінің активті бірінші пайдалануға енгізу күнінен бастап өткен айлардың саны.

2. Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, тіркелген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған тіркелген активті қайта құруға және жаңғыртуға арналған шығыстар осы Кодекстің 115-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, амортизацияның есептік құнына азайтылған осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркелген актив болып танылады.

Амортизацияны есептеу сомасы мынадай шамалардың туындысы ретінде айқындалады:

осы тармаққа сәйкес айқындалған қайта құруға және жаңғыртуға арналған шығыстар сомасы;

осы баптың 3-тармағымен көзделген амортизацияның шекті айлық нормасы;

қайта құруды, жаңғыртуды аяқтау күнінен бастап өткен айлардың саны.

Осы тармақтың, осы Кодекстің 180-3-бабы 3-тармағының және 397-бабы 4-тармағының мақсаттары үшін қайта құру және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:

негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;

негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;

негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал қайта құруды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын қайта құру және жаңғырту танылады.

3. Тіркелген актив осы Кодекстің 117-бабының 1-тармағына сәйкес енгізуге жататын топқа байланысты мынадай амортизацияның айлық нормалары қолданылады:


р/с


Топтың №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның айлық нормасы

1

2

3

4

1.

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

0,41

2.

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

1,04

3.

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар

1,66

4.

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

0,62

Осы баптың 2-тармағын қолдану мақсатында қайта құру және жаңғырту нәтижесінде құрылған тіркелген актив қайта құруға және жаңғыртуға ұшыраған тіркелген активті енгізуге жататын топқа кіреді.

4. Тіркелген активтердің бастапқы құны бір уақытта мынадай шарттарды орындау кезінде осы тармаққа сәйкес айқындалады:

шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан;

салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін кем дегенде күнтізбелік 12 ай қолданған;

салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған.

Тіркелген активтердің бастапқы құны шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінің немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану кезеңінде осы Кодекстің 116-118 және 119-122-баптарына сәйкес айқындалған тіркелген активтер бойынша шегерімдердің қолдануы басталатын алдыңғы күнге құндық топтардың (кіші топтардың) мөлшерінен шыға отырып айқындалады.


271-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады:

1) толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату, мүліктік жалға беру (жалға алу) шарты бойынша беру;

2) лизинг шарты бойынша осы активтерді беру;

3) сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына осы активтерді ауыстыру;

4) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалға беру (жалға алу) шартын тоқтату.

Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады:

1) шығып қалатын тіркелген активтердің;

2) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалға беру (жалға алу) шартын тоқтату кезінде ескерілген активтің.

3. Тіркелген активтерді, лизинг шарты бойынша беруден басқа, өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.

Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтер объектілері бөлігінде анықталмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы өткізу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.

Лизинг шарты бойынша тіркелген активтерді беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы осындай шартқа сыйақы және қосылған құн салығының сомасын енгізбей осы шартқа сәйкес барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасына азайтылады.

4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген берілген активтердің құнына, бірақ беру күніне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша аталған активтердің баланстық құнына кем емес азайтылады.

5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.

6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.

Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:

1) I топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;

2) II, III, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.

Қосу, біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.

7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісімі бойынша анықталған құнға азайтылады.

8. Тіркелген активтерді жоғалту, бүлдіру кезінде:

1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;

2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;

3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.

9. Лизинг алушы лизингтің затын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған актив салық есебінде танылған бастапқы құн мен оған сыйақы және қосылған құн салығының сомасы енгізілмей лизинг затын алған күннен бастап қайтару күніне дейін кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.

10. Тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құндық балансы:

1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына;

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.

11. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:

1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:

топтың барлық активтерін беру кезінде – осы Кодекстің 117-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасына;

қалған жағдайларда - осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалған, берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алынып, есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін есептеледі.

12. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:

1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.

13. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендентке тіркелген активтерді беру кезінде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:

1) І топ бойынша – осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;

2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.

14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:

1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша – шығып қалу көрсетілмейді;

2) І топтың басқа тіркелген активтері бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;

3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.

Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.

Осы тармақтың мақсатында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:

мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;

күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;

есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер.
272-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен анықталады:


р/с


Топтың №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

1

2

3

4

1.

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

2.

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

3.

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар

40

4.

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

3. Осы Кодекстің 117-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану жолымен айқындалады.

4. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.

5. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.

6. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 123-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:

тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 116-122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе

преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 123-125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.

7. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.

Ол бойынша амортизациялық аударымдардың есептеуі осы тармаққа сәйкес жүргізілген алғашқы рет пайдалануға енгізілген тіркелген актив шығып қалған жағдайда, осы Кодекстің 120-бабында көзделген амортизацияның шекті нормалары бойынша айқындалған амортизациялық аударымдардың сомасына көрсетілген бекітілген актив бойынша шегерудің асып кеткен сомасының үш жылдық кезеңі өткенге дейін амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған сол салық кезеңінің жиынтық жылдық табысы енгізілуге жатады.

Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;

2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.

8. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер амортизацияның мына нормаларын:

инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшеріндегі нормаларын;

өзге де салық төлеушілер – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді.


273-бап. Келесі шығыстар шегерімі

1. Келесі шығыстар деп оларды бухгалтерлік есепте танығаннан кейін мынадай активтерге қатысты шеккен пайдалану, жөндеу, қайта құру, жаңғырту, ұстау, тарату бойынша шығындар және басқа да шығындар танылады:

1) тіркелген активтерге, оның ішінде олардың пайдалануы уақытша тоқтатылған кезеңінде;

2) мыналарда:

коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;

осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілетін және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің тіркелген актвитеріне жатпайтын;

3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге.

Келесі шығыстарға, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін шығыстар жатады.

Келесі шығыстар деп сондай-ақ пайдалану, жөндеу, қайта құру, жаңғырту, ұстау, тарату бойынша шығындар және мүліктік жалға беру (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты көтерген басқа да шығындар танылады.

2. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарымен өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге, активтерге қатысты активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 125-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:

1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;

2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің соңында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.

Осы Кодекстің 118-бабының 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.

Лизинг және бухгалтерлік есепте ұзақ мерзімді актив ретінде танылған шарттан басқа, мүліктік жалға беру (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты шеккен келесі шығыстардың сомасы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тіркелген актив ретінде есептеледі.

3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды қайта құруға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 2-тармағына немесе осы Кодекстің 123-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.

4. Осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап шеккен келесі шығыстардың бухгалтерлік есепте мұндай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңінің соңында, оның ішінде мұндай сома салық кезеңінің соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.

Осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.

5. Келесі шығыстар, оның ішінде осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, жалға алынған мүлікке қатысты жалға алушы жүргізген, сондай-ақ осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын ұлғайтатын келесі шығыстар сол салық кезеңінде жүргізілген шегерімге жатқызылуы тиіс.


274-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.

Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

2. Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.

3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

4. Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

5. Қатты пайдалы қазбалардың өндіруін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы. Шегерім өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлық кен орындарын әзірлеудің салдарларын жою бойынша жұмысы аяқталған салық кезеңінде жүргізіледі.

Жиынтық жылдық табыс немесе өндіруге арналған көрсетілген келісімшарт бойынша шығын болмаған жағдайда шегерім осындай жер қойнауын пайдаланушының өндіруге арналған басқа келісімшарты бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте шегерім мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау