Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



Дата19.11.2018
өлшемі99 Kb.
#21521


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

18-қосымша

«Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда)

есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсе немесе көрсетілетін қызметті берушінің "Алкоголь өнімнің өндірісі мен айналымын голографиялық қорғау элементі бар есепке алу-бақылау таңбаларын қолданумен бақылау" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕБТ АЖ) арқылы жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне арналған (бұдан әрі – алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі – ЕБТ) және жүкқұжат беруді көрсетілетін қызметті беруші ЕБТ-на тиісті штрих-код жапсырылғаннан кейін ЕБТ АЖ арқылы келіп түскен және құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

көрсетілетін қызметті алушы ЕБТ АЖ арқылы табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде келіседі;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) алдағы жылға арналған өтінімдерді келісу;

2) тиісті штрих-код жапсырылған ЕБТ және жүкқұжат беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

2) ЕБТ АЖ - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе

2-қосымшаларға сәйкес ЕБТ АЖ арқылы ЕБТ жасау үшін өтінімдер (бұдан әрі – алдағы жылға арналған өтінімдер) – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей; 2) әрбір сатып алушыға бөлек осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтініш – ЕБТАЖ арқылы алкоголь өніміне ЕБТ алу мақсатында;

3) соның негізінде акцизделетін тауарлар әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) (алкоголь өнімін импорттайтын көрсетілетін қызметті алушы өтінім беру кезінде) көшірмесі;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕБТ алу үшін ЕБТ АЖ арқылы және қағаз түрінде өтініштің тұпнұсқасы;

5) көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті қызметкерінің атына ЕБТ алуға берілген сенімхат;

6) ЕБТ үшін төлегенін растайтын төлем құжаты;

7) Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде қағаз тасығышта және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы ЕБМ нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесі (бұдан әрі – Міндеттеме):

міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін тиісті көрсетілетін қызметті берушінің шотына ақша салғандығын растайтын, төлем құжатын;

банктік кепілдікті;

кепілгерлік шартын;

мүлік кепіл шартын таңдауы бойынша Міндеттемені төлеуді қамтамасыз ету тәсілдерін ескере отырып міндеттеме ұсынады.

Алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін жаңадан құрған немесе қызметін бастаған көрсетілетін қызметті алушылар ЕБТ жасау үшін ЕБТ алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе

2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге ЕБТ АЖ арқылы табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті алушылар бұрын берілген өтінімдерде ЕБТ-дың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулары бар өтінімдерін ЕБТ алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.

ЕБТ жасап шығарғаны үшін төлемді жеткізушінің банк шотына ақша аудару жолымен ЕБТ алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын алкоголь өніміне көрсетілетін қызметті алушыларға ЕБМ берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің материалдық-жауапты адамы екі тарап қол қоятын екі данада жүкқұжат жазып береді. Жүкқұжаттың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіде қалады.

Көрсетілетін қызмет алушыларға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын алкоголь өніміне ЕБТ берген кезде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші дана көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі (екінші дана – Кеден органына табыс ету үшін), үшінші дана көрсетілетін қызметті берушіде қалады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының аталған құжаттарының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

ЕБТ АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы ЕБТ АЖ журналында құжаттар топтамасының қабылдағаны туралы хабарлама алады.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.

Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

9-1. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық

мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және

(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,

әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, почталық мекенжайын, күнін көрсетеді. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де

талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет–ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда ЕБТ АЖ арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8–800–080–7777, 1414.


«Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

_____________________________________

(салық органының атауы)

_____________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

_____________________________________

алушының атауы, БСН/ЖСН

 

 



Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды дайындауға

өтінім


 

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)



мың дана

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

мау

сым

шілде

тамыз

қыр

күйек

қазан

қараша

Желто

қсан

жылына барлығы

Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз «парақтық» немесе «қиылған»)


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы _________________________________________________



 (Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер____________________________________________



 (Т.А.Ә.)

М.О.


 

«Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке

алу-бақылау таңбаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 
__________________________________

(салық органының атауы)

___________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

___________________________________

алушының атауы, БСН/ЖСН

 

 



Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды дайындауға

өтінім


 

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)



мың дана

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

мау

сым

шілде

тамыз

қыр

күйек

қазан

қараша

желтоқ

сан

жылына барлығы

Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағына импортталған темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз, «парақтық» немесе «қиылған»)


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы _________________________________________________



 (Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер____________________________________________



 (Т.А.Ә.)

М.О.



«Алкоголь өніміне (шарап материалы мен

сыраны қоспағанда) есепке

алу-бақылау таңбаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

 

 



__________________________________

(салық органының атауы)

_____________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

 

 

Есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін



өтініш

 

____________________________________________________________________



 (алушының түрі: өндіруші, үшінші елдерден импорттаушы, Кеден одағының елдерінен импорттаушы)

____________________________________________________________________

 (алушының атауы, БСН/ЖСН -і, мекенжайы)

саны_______________________________________________________данада

(жазбаша)

есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыруды сұрайды.

Есепке алу-бақылау таңбаларының көрсетілген саны мына тауарларды шығару үшін қажет:

____________________________________________________________________

(алкоголь өнімі үшін: сыйымдылығын, күштілігін, сатып алушының атауын, құю күнін, шығу елін, өнімнің түрі мен атауын, сәйкестік

сертификатын; импорттаушылар үшін шарттың (келісімшарттың) нөмірін көрсете отырып, өнімнің түрі мен атауы)

өнімнің пин-коды: ____________________________________________________________________

өнімнің бір бірлігінің бағасы: _______________________________________________________________ теңге

Есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға ақша _________________________

төлем құжатымен № ______________ «___» ________ 20____ жылы

сомасында ___________________________________________шотына енгізілді

(сомасы жазбаша)

Акциз төлемі үшін ақша ___________________________________ есеп шотына

төлем құжатымен № _______ «___» _____________ 20___жылы



сомасында __________________________________________________ енгізілді

(сомасы жазбаша)
Басшы ___________________________________________________________

 (Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер _____________________________________________________

 (Т.А.Ә.)



«Алкоголь өніміне (шарап материалы мен

сыраны қоспағанда) есепке

алу-бақылау таңбаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

 
__________________________________

(салық органының атауы)

___________________________________

(салық органы басшысының Т.А.Ә.)

 

 



Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға

өтініш


 

_______________________________________________________________

(алушының атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН-і)



«____» саны _____________________________________________ данада

(жазбаша)

есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.


Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбаларын сатып алуға ақша

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(сомасы жазбаша)

сомасында 20_____жылғы «____»_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді

Акцизді төлеу үшін ақша _____________________________________________

(сомасы жазбаша)


сомасында 20_____жылғы «____»_______________ № _____________төлем құжатымен _______________________________________ есеп шотына енгізілді
Басшы__________________________________________________________

 (Т.А.Ә.)



Бас бухгалтер___________________________________________________

 (Т.А.Ә.)

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау