Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


§ 1. Салықтық өтініш, салық есептілігі



жүктеу 16,95 Mb.
бет27/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
§ 1. Салықтық өтініш, салық есептілігі
201-бап. Жалпы ережелер

1. Салық есептілігі - осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына табыс ететін құжаты. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

2. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес табыс етілетін, салық төлеуші, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтері мен міндеттемелері туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

Салық есептiлiгi салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң түрлерi, әлеуметтiк төлемдер бойынша салық декларацияларын, есептеулерiн, оларға қосымшаларды, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтініштерді, жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салық есептiлiгiнiң нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

3. Салық есептілігі (активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда) мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні (салық агентін, операторды) тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) бюджетке төленетін салықтардың және төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау мен аудару бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі;

2) кезекті есептілік - бастапқы салық есептілігі табыс етілгеннен кейін кейінгі салық кезеңдері үшін табыс ететін салық есептілігі;

Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;

3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде табыс ететін салық есептілігі;

4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс ететін салық есептілігі;

5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша табыс ететін салық есептілігі.
202-бап. Салық есептілігін, оның ішінде жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау ерекшеліктері

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер (салық агенті, оператор) әрбір қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.

Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан жағдайда көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:

арнаулы салық режимiн;

жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігi жеке-жеке жасалады.

2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.

3. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін тұлғалар жасайды.

Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiнің орналасқан орны бойынша жасалады және есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.


203-бап. Салықтық өтінішті, салық есептілігін табыс ету тәртібі

1. Салықтық өтініш, салық есептілігі осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етіледі.

2. Егер салық төлеуші (салық агенті, оператор) уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген санаттарына жататын болса, онда мұндай жағдайда салық есептілігін өзі жатқызылған әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық өтініш, салық есептілігі тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда);

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда табыс етіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.

4. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі келу тәртібімен табыс етіледі.

5. Уәкілетті орган арнайы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп салық есептілігін ұсынудың ерекше тәртібін және осындай есептілікті табыс ететін тұлғалардың тізбесін айқындайды. (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ)

6. Салықтық өтініш, салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда, екі дана етіп табыс етіледі, салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) қайтарылады.

7. Электрондық пішімінің құрылымы, электрондық нысанда жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту:

1) салықтық өтініш – ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей;

2) салық есептілігі – салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті, оператор) салық органына қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.

Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:

1) салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;

2) салық төлеуші (салық агенті, оператор) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.

Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігі осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етіледі.

9. Салық салу объектілері болмаған кезде:

мүлік салығы;

жер салығы;

көлік құралдары салығы;

экспортқа салынатын рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары

ойын бизнесі салығы;

бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігі табыс етілмейді. (2020 жылдан бастап)

9. Салық салу объектілері болмаған кезде:

мүлік салығы;

жер салығы;

көлік құралдары салығы;

экспортқа салынатын рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары

тіркелген салық;

бірыңғай жер салығы;

бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігі табыс етілмейді. (2020 жылға дейін)

10. Акциз бойынша салықтық есептілікті табыс ету жөніндегі міндеттеме мынадай қызмет түрлерін:

бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді;

бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек өткізуді;

этиль спиртін және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруді;

темекі өнімдерін өндіруді;

осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акциздеуге жататын тауарларды өндіруді, жинауды (құрастыруды) жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

11. Декларацияларға, есеп айырысуларға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.
204-бап. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын қабылдау

1. Салық нысандары салық органдарына осы Кодексте және мелекеттік қызметтер көрсету стандарттарында белгіленген мерзімде табыс етіледі.

2. Салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:

1) келу тәртібінде табыс еткен кезде - салық органдарының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қабылдаған күні;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша табыс еткен кезде - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;

3) электрондық нысанда табыс еткен кезде – жүйеде қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) жіберетін электрондық хабарламада көрсетілген салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.

3. Салық органдарының жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізіледі.

4. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынғаны туралы ақпарат жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуының осы баптың 2-тармағында белгіленген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

5. Салық нысандары, мынадай бір немесе бірнеше жағдайлар болған кезде:

1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмесе;

2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;

3) салық нысанында сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

4) салық нысанында салық кезеңі көрсетілмесе;

5) салық нысанында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасаған күні көрсетілмесе;

6) салық нысанында салық кезеңі көрсетілмесе;

7) салық есептілігіне қол қойылмаса және (немесе) өзінің атауы жазылған мөрімен куәландырылмаса;

8) салық есептілігі пішімді-логикалық бақылаудың салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінде өтпеген кезде «Өндеуден бас тартылды» өңдеу мәртебесі болса;

9) табыс ету мерзімі ұзартылған салық есептілігі электрондың түрде табыс етілмесе;

10) шот-фактуралар қағаз жеткізгіште алынған немесе жазып берілген жағдайда, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынбаса;

11) қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі салық органының шешімімен көрсетілген салық бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін келу тәртібімен табыс етілмесе, салық органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.


205-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

1. Салық төлеуші (салық агентi, оператор) салық есептілігiн керi қайтарып алу үшін:

1) өзінің тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салық органының коды қате көрсетілген салық есептiлiгiн өзгерту тәсілімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті табыс ету орны бойынша табыс етіледi;

2) салық есептілігi - осы Кодекстің 91-бабы 2-тармағының шарттарын бұза отырып табыс етілген салық есептілігін жою жолымен кері қайтарып алған жағдайда салық органына салық есептілігін табыс етедi.

Салық есептілігi көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.

Салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен:

1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;

2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi, оператор) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.

2. Жою әдісімен мынадай:

1) салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;

2) осы Кодекстiң 91-бабы 2-тармағының және 93-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, табыс еткен;

3) осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі болмаған кезде табыс еткен;

4) осы Кодекстің 91-1-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;

5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойыншаны қоспағанда, талап қою мерзімі өткеннен кейін табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.

Салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша бюджетке төленетін салықтардың, төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.

Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтінішті табыс етпеген жағдайда, салық органы салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) табыс етпеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

Хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.

3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:

1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

4) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;

5) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

6) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

7) салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң, оператордың) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептілігi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептілігiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.

4. Мынадай:

1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң және әлеуметтiк төлемдердiң түрлерi бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң;

2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң;

3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.

5. Кері қайтарып алу туралы мәлімет мынадай мерзімдерде:

1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарламаны орындау үшін көзделген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады.

6. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
206-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

1. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

2. Қосымша салық есептілігінде:

1) сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;

2) қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.

3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi, оператор) немесе камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органы анықтаған салықтың, төлемдердiң, әлеуметтік төлемдердiң сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгiзiлуге жатады.

4. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін қосымша салық есептілігін табыс етуге жол беріледі.

5. Мынадай:

1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;

2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) шағымында көрсетілген бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде;

көлденең мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымға қарсылық беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің;

3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;

4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша - азайту жағына қарай;

5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

6) ағымдағы салық кезеңінде 31 желтоқсаннан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

7) жеке тұлғаның декларацияны ұсынуы жөніндегі міндеттеме туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа;

дебитор немесе кредитор болып табылатын жеке тұлғалардың активтер және міндеттемелері туралы бірінші кезектегі немесе кезекті декларацияларында көрсетілетін берешектерден басқа;

жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектерін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектерін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;

(2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ)

8) бейрезидент-заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

6. Заңды тұлға таратылған күнінен немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған күнінен кейін, осындай таратылған (қызметі тоқтатылған) салық төлеушінің контрагенті болып табылатын салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына әкелетін, осындай таратылған (қызметі тоқтатылған) салық төлеушімен жасалған мәмілелер бойынша тиісті сомаларды көрсету бөлігінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салық есептілігіне (оның ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша тізілімдерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
207-бап. Салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту

1. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін электрондық нысанда табыс еткен кезде оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.

2. Осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.

Салық есептілігін табыс ету үшін хабарламаны осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жібереді.

Мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.

3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:

1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша - декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

2) бюджетке төленетін салықтың, төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге түрлері бойынша - декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Мерзімін ұзарту корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп айырысуын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.

4. Мерзімін ұзарту бюджетке төленетін салықтарды, төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейді.

5. Жеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімін ұзарту құқығы салық органына мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі.

Жеке тұлғалар декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.

Әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесінен айырылған кезде жеке тұлға сол бойынша ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлға декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей ұсынады. (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ)

6. Салық есептілігін табыс ету мерзімі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел деңгейлері бар салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) қатысты ұзартылмайды.


208-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

1. Салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) осы бапта белгіленген тәртіппен салықтық өтініш негізінде:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.

Салық төлеуші (салық агенті, оператор) өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:

1) қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтінішті табыс етеді.

Салықтық өтініш:

қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - алдағы кезеңге;

қызметті қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі;

2) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - салық кезеңінің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салық есептілігін табыс етеді.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай есептілікті табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;

3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті, оператор) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды қоса алғанда, бес жылдан аспауы тиіс. Мерзімін ұзарту жалпы мерзімді есепке ала отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

2. Салық органы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

3. Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.

4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:

1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған;

2) салық төлеуші (салық агенті):

талап қою мерзімін ескере отырып, осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін;

осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеу фактісінің;

3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні (салық агентін) әрекетсіз деп таныған фактісінің;

4) салық органы жолдаған хабарламаларды салық төлеушінің (салық агентінің) орындамауы болған жағдайларда қабылданады.

5. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда, салық есептілігі осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етіледі.

6. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметі қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.

7. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:

1) бірыңғай жер салығын төлеу негізінде, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілерге; (2020 жылға дейін)

2) ойын бизнесі салығын төлеушілерге; (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ)

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға;

4) арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел деңгейлері бар салық төлеушіге (салық агентіне, операторға)

5) мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.
209-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

1. Дара кәсіпкердің осы бапта белгіленген тәртіппен салықтық өтініш негізінде:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.

Қызметті тоқтата тұру немесе патент құнының есеп айырысуын табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Салықтық өтініш:

қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейінгі алдағы кезеңге;

есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды қоса алғанда, есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауға тиiс.

2. Салық органы салықтық өтініш берілген күні есеп айырысуды ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе есеп айырысуды ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

3. Есеп айырысуды ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезеңіне есеп айырысуды табыс етпеуге негіз болып табылады.

4. Есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту:

1) салық төлеушіде өтініш берілген күні салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған;

2) дара кәсіпкерде талап қою мерзімін ескере отырып, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу фактісінің;

3) салық органы жолдаған хабарламаларды дара кәсіпкердің орындамауы болған жағдайларда қабылданады.

5. Дара кәсіпкер, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.

6. Дара кәсіпкер қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге есеп айырысуды салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.

7. Табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде есеп айырысу табыс етілген кезде дара кәсіпкер осы есеп айырысуда көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.

8. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық өтінішті немесе кезекті есеп айырысуды табыс етпеген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.

9. Дара кәсіпкердің өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органы дара кәсіпкерді жазбаша хабардар ете отырып, есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған дара кәсіпкердің бюджетке төленетін салықтарды, төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.

10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау