Қосымша құрылғылар:
Математикалық сопроцессор – Екілік сандармен операция орындауды жылдамдатуға арналған.
Жадқа тікелей шығу контроллері – микропроцессорды магниттік дискілердегі жинағыштарды тікелей басқарудан босатады.
Енгізу-шығару сопрессоры – енгізу-шығару процедураларының орындалуын жылдамдатады.
Ақпарат өңдеу принциптері
Программалық басқару принципі неден тұрады?
Программалық басқару принципі:
Енгізу құрылғысын пайдаланып компьютердің ішкі жадына программа жазылады.
Процессор ішкі жад ұяшықтарында орналасқан программаның алғашқы нұсқауын оқиды.
Нұсқауды орындау:
Деректерге қолданылатын операциялар (арифметикалық, логикалық).
Жадтағы деректерді оқу.
Деректерді жадқа жазу.
Енгізу құрылғысы арқылы деректерді жадқа енгізу.
Деректерді жадтан шығару құрылғысына шығару.
Келесі қажетті ұяшықтағының ішіндегісін оқуға көшу.
Және т.с.с.с проце ссор жұмысын тоқтату нұсқауына дейін.
Үйге. 32-35 бақылау сұрақтарына дайындалу.
Мерзімі:
13-сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Операциялық жүйе және оның түрлері. Операциялық жүйе ядросы.
|
Программалық-дидактикалық қамтылуы
|
Оқу есептеуіш техника кешені, операциялық жүйе.
Оқулық.
Жұмыс дәптері.
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқушыларды операциялық жүйе түрлерімен таныстыру.
|
Сабақ типі.
|
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
|
Білім мен білікке қойылатын талаптар.
|
Оқушы білуі тиіс:
операциялық жүйенің не екенін;
операциялық жүйе түрлерін, пайдаланушы интерфейсін;
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- қолданбалы жүйелерде көрнекілік, көпміндетті, интеграция қалай білінетінін анықтауды.
|
Операциялық жүйе деген не?
Операциялық жүйе – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Қазіргі компьютерде пайдаланылатын программалардың бәрі программалық қамтамасыз ету (ПҚ – software) деп аталады. ПҚ-ны құрайтын программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелік ПҚ, программалау жүйесі, қолданбалы ПҚ. Бұлардың алғашқы екеуін кейде базалық ПҚ деп атайды. Жүйелік ПҚ ядросы операциялық жүйе (ОЖ болып табылады).
ОЖ – компьютердің техникалық жабдықтарымен ең тығыз байланысты ПҚ бөлігі. Операциялық жүйенің негізгі міндеттері: 1) компьютер ресурстарын: процессорлық уақытты, ішкі жадты, файлдарды, сыртқы құрылғыларды басқару; 2) пайдаланушымен диалогты ұйымдастыру.
ОЖ-ның резиденттік бөлігі (ОЖ ядросы) компьютердің жедел жад бөлімінде тұрақты орын алады. Оған ол машинаны іске қосқан кезде жүйелік дискіден жүктеледі. Бұл процедура бастапқы жүктеу деп аталады. Компьютердің бұдан кейінгі жұмысының бәрі ОЖ-ның бақылауымен және басқаруымен жүргізіледі. Операциялық жүйе барлық программаларды жедел жадқа жүктеуді жүзеге асырады, олар жұмыс бастағанда соларға басқаруға береді, орындалатын программалар жұмысын аяқтаған кезде жедел жадтағы олардың орындарын босатады.
ОЖ-ның ең маңызды міндеті – файлдармен жұмыс жасау болып табылады. Сыртқы тасығыштағы файлдарда программалар, деректер, ОЖ-ның өзі сақталады. Операциялық жүйе жабдықтары арқылы сыртқы тасығыштардағы файлдар құрылымымен анықталатын файлдық жүйе жасалады. Файлдармен орындалатын әрекеттердің бәрін (жасау, өшіру, көшірмелеу, атау және т.б.) пайдаланушы операциялық жүйенің көмегімен жүргізіледі.
ОЖ-ның пайдаланушымен қатынас жасауы үшін арнайы командалық тіл Ож (ОС) пайдаланылады. Дербес пайдаланылатын компьютерде бұндай қатынас жасау диалогтік режимде өтеді. Операциялық жүйе белгілі түрде экранға пайдаланушыны шақыруды шығарады, пайдаланушы жауап ретінде анықталған әрекет (программаны іске қосу, дискінің директориін шығару, файлды өшіру және т.б.) жасау ұйғарылған команданы енгізеді. Операциялық жүйе осы команданың орындалуын қамтамасыз етеді және қайтадан пайдаланушымен диалогке оралады.
№1 тапсырма. Операциялық жүйенің негізгі міндеттерін жазыңдар:
Операциялық жүйенің міндеттері:
пайдаланушымен диалогті жүзеге асырады;
басқа программаларды орындауды іске қосады;
компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орын және т.с.с.) үлестіреді.
Операциялық жүйелерді кластарға бөлу
№2 тапсырма. Операциялық жүйелерді кластарға бөлу түрлерінің аттарын кестеге толтырыңдар.
Операциялық жүйені кластарға бөлу параметрлері
|
Операциялық жүйе түрі
|
Бір мезгілде орындайтын міндеттер саны бойынша
|
Бірміндетті
|
Көпміндетті
|
Компьютерде бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойынша
|
Бір адам пайдаланатын
|
Бірнаша адам пайдаланатын
|
Интерфейс, яғни пайдаланушының компьютермен қатынас жасау тәсілі бойынша.
|
Командалық интерфейс
|
Графикалық көптерезелі интерфейс
|
№2 тапсырма. Пайдаланушының командалық интерфейсі бар операциялық жүйеде және графикалық көптерезелі интерфейсі бар операциялық жүйеде файлды көшірмелеу операциясын орындау кезіндегі әрекеттерін салыстырыңдар және сипаттаңдар.
Командалық интерфейс – Пайдаланушы пернетақтадан мәтіндік жол түріндегі командаларды тереді.
Графикалық көптерезелі интерфейс – Пайдаланушы мауспен менюдің керекті командасы таңдайды да қажет батырманы шертеді.
Адамның компьютермен жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін MS-DOS операциялық жүйесінің барлық мүмкіндіктері бар, алайда күнделікті жұмыста оларды пайдалану ыңғайсыз. Біріншіден, файлдық жүйемен жұмыс істеу үшін көптеген файлдың аттарын, және олардың орналасуын есте сақтау керек, не әрдайым анықтамалық функцияны шақырып отыру керек. Екіншіден, MS-DOS шақыруына жауап ретінде командаларды үздіксіз енгізіп отыру процесінің өзі жалықтырады, көп қате кетуі мүмкін.
Уақыт өте және MS-DOS операциялық жүйесінің жетілдіріліп пайдаланушының операциялық жүйемен қатынас жасауын жеңілдетуге арналған әр түрлі программалар – программалар-қабықшалар пайда бола бастады. 1983 жылы американдық программист Питер Нортон жасаған, Norton Commander (NC) деп аталған кезекті программа-қабықша пайда болды. Бұл программа кеңінен тарала бастады да барлық дерлік компьютерде пайдаланатын болды.
Norton Commander пайдаланушыға ыңғайлы интерфейсті жүзеге асырады, сонда мыналарды қамтамасыз етеді:
файлдық жүйенің экрандағы көрнекі бейнесін және осы жүйе бойынша «саяхаттаудың» қолайлы жабдықтарын;
MS DOS-пен диалогтің қарапайым да икемді механизмін;
Мүмкін болатын барлық қызметші функциялардың (файлдар мен манипуляциялардың: атын өзгертудің, көшірмелеудің, өшірудің және т.с.с., ақпараттық сервистің және т.б.) жүзеге асырылуын.
Операциялық жүйе тұрғысынан программа-қабықша, бұл – кәдімгі программа, ол сыртқы тасығыштағы белгілі каталогта файлдар түрінде сақталады.
Үйге №3 тапсырма. Операциялық жүйелердің аттарынан олардың әр түрлі параметрлері бойынша кластарға бөліну түрлеріне меңзер жүргізіңдер.
Мерзімі:
14-сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары.
|
Программалық-дидактикалық қамтылуы
|
Оқулық, есептеуіш техника кешені. Операциялық жүйе.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Операциялық жүйелердің қосымша мүмкіндіктерін зерттеу.
|
Сабақ типі
|
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
|
Білім мен білікке қойылатын талаптар
|
Оқушы білуі тиіс:
операциялық жүйенің не екенін;
операциялық жүйенің мүмкіндіктері;
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- операциялық жүйеде жұмыс істеуді.
|
Windows операциялық жүйесін баптауға болады, ол үшін
1) Терезелердің түстерін өзгертуге;
|
4) Маусты жылжыту жылдамдығын тағайындауға;
|
2) Үстел бетінде өрнекті таңдап алуға;
|
5) Үстел бетінде пайдаланушының өз салған суретті орналастыруға;
|
3) Команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге;
|
6) Қондырманы тағайындауға болады.
|
Датаны және уақытты баптау
№1 тапсырма. Дата мен уақытты баптаудың пиктограммасын қоршаңдар. Оқулықтағы дата мен уақытты баптау бойынша практикалық жұмысты орындаңдар.
Сұрақтарға жауап беріп, өздеріңді тексеріңдер:
Айды қалай өзгерту керек?
Күнді қалай өзгерту керек?
Жылды қалай өзгерту керек?
Уақытты пернетақтадан қалай өзгерту керек?
Айналдыру батырмасын пайдаланып уақытты қалай өзгертуге болады?
Маусты баптау
№2 тапсырма. Маусты баптау пиктограммасын қоршаңдар. Маусты баптау бойынша оқулықтағы практикалық жұмысты орындаңдар да сұрақтарға жауап беріп, өздеріңді тексеріңдер.
Екі рет шерту жылдамдығын қалай реттеуге болады?
Маус көрсеткішінің жылжыту жылдамдығын қалай өзгертуге болады?
Солақайлар үшін маусты қалай баптауға болады?
Көрсеткіштің соңынан шлейф қалдыруды қалай жасауға болады?
Көрсеткіш түрін қалай өзгертуге болады?
Жұмыс үстелі фонын өрнегін баптау.
№3 тапсырма. Экранды баптау пиктограммасын қоршаңдар. Экранды баптау бойынша оқулықтағы практикалық жұмысты орындаңдар да келесі сұрақтарға жауап беріп, өздеріңді тексеріңдер.
Экранның фондық өрнегін өалай өзгертеді?
Экранның фондық өрнегінің түсін қалай өзгертеді?
Өздерің салған суретті жұмыс үстеліне қалай орналастыруға болады?
Қыстырманы қалай қоюға болады?
Қыстырманың қандай түрінде мәтінді өздерің өзгерте аласыңдар?
Рәсімдеу схемасы деген не? Өздеріңе ұнайтын бірнеше рәсім-схемасын жасап алуларыңа бола ма? Оны қалай жасауға болады?
Үйге тапсырма. §5.4 оқу.
Мерзімі:
15-сабақ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Вирустан тазарту программасы. Архивтеу программалары.
|
Программалық-дидактикалық қамтылуы
|
Оқу есептеуіш техника кешені. Операциялық жүйесі, антивирустық программа, архиватор.
Оқулық.
Жұмыс дәптері.
|
Сабақ мақсаты
|
Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды пайдалануға үйрету.
|
Сабақ типі
|
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
|
Білім мен білікке қойылатын талаптар
|
Оқушы білуі тиіс:
антивирустық программаларды;
архивтеу программаларын.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
антивирустық программалармен жұмыс істеуді;
архивтеу программаларымен жұмыс істеуді.
|
Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте шағын өлшемді (200-ден 500 байтқа дейін) «көбею» және басқа программаларды «зақымдау» қабілеті бар (яғни ол өз «кодын» көп қайтара көшірмелейді және оны басқа программалардың кодына қосады) арнайы компьютерлік программа. Ішінде вирусы бар программа зақымданған программа деп аталады.
№1 тапсырма. Вирус әрекеттерінің олардың түрлеріне сәйкестіктерін көрсетіңдер.
Қауіпсіз – компьютер жұмысына бөгет жасамайды, бірақ бос жедел жадта және дискілер жадындағы бос көлемді азайтады, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бір графикалық немесе дыбыстық нәтижелерінде байқалады.
Қауіпті – компьютер жұмысының әр түрлі бұзылуларын тудырады.
Аса қауіпті – бұл вирустардың әрекеттері программаның жоғалуын, деректердің жоғалуын, дискінің жүйелік аймақтарындағы ақпараттың өшірілуін тудыруы мүмкін.
№2 тапсырма. Вирустың білінуінің негізгі белгілерін жазыңдар:
бұрын жұмыс істеп тұратын программалардың жұмыс істемей қалуы;
компьютер жұмысының баяулауы;
файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы;
файл өлшемдерінің өзгеруі;
дискідегі файл санының кенеттенедәуір көбеюі;
жедел жад өлшемдерінің кішіреюі;
компьютер жұмысының жиі іркілісі мен бұзылуы.
№3 тапсырма. Вирус топтары мен олардың әрекеттерінің сәйкестігін көрсетіңдер.
Жүктемелік – компьютердің бастапқы жүктеу программасын зақымдайды және компьютердің жүктелуі кезінде іске қосылады.
Файлдық – СОМ және ЕХЕ кеңеюлері бар файлдарды зақымдайды.
Желілік – жүз мыңдаған компьютерлерді біріктіретін желілерде таралады.
Драйверлік – компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды.
Жүктемелік-файлдық – файлдарды да, дискілердің жүктеу секторларын да зақымдайды.
Антивирустық жабдықтар
Вирустарды байқайтын және жоятын программалар антивирустық деп аталады.
№4 тапсырма. Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар.
Антивирустық программалар типі
|
Антивирустық программалардың негізгі міндеттері
|
Белгілі антивирустық программаның аты
|
Детектор-программалар
|
Белгілі вирустардың бірімен зақымданған файлдарды анықтайды.
|
Пайдаланылуы өте сирек
|
Фагтар, доктор-программалар, вакцина-программалар
|
Вируспен зақымданған файлдарды тауып қана қоймайды, оларды «емдейді» де, яғни файлдан вирус программасының тәнін өшіреді.
|
Norton AntiVirus
Doctor Web
|
Тексерушілер
|
Компьютер вируспен зақымданбай тұрған кездегі программалардың бастапқы күйін жадтайды, ал содан соң қазіргі күйін бастапқы күймен салыстырады.
|
Adinf
|
«Күзетші» фильтрлер
|
Компьютер жадында әрқашан бар болатын шағын резиденттік программалар.
|
|
№5 тапсырма. Компьютер вируспен зақымданған жағдайдағы орындайтын әрекеттерінің ретін көрсетіңдер.
Вирус өзінің бүлдіру әрекетін жалғастырмауы үшін компьютерді желіден ажырату керек.
Жазудан қорғалған «эталондық» дискеті бар компьютерді жедел жүйемен жүктеу.
Вирустарды табу және зақымданған программаларды анықтау үшін эталондық дискеттен детектор-программаларды іске қосу.
Доктор-программаны пайдаланып, зақымданған файлдарды қалпына келтіру. Доктор-программа қалпына келтіре алмаған зақымданған программаларды жою.
Дискіден керегі жоқ зақымданған файлдардың бәрін, сондай-ақ архивте көшірмелері бар файлдарды өшіру. Вирус зақымдамаған файлдарды (бұны тексеруші – программа көмегімен анықтауға болады) өшіру міндетті емес.
Архивтік көшірмелерінен қажетті файлдарды қалпына келтіру.
Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер
Сақтау жады көлемінің кішіреюіне келтіретін файлдағы ақпаратты түрлендіру процесі ақпаратты сығу деп аталады. Архивтеудің мәнісі мынада: кәдімгі, файлдар немесе қапшықтар сығылады да арнайы архивтік файлға орналастырылады.
Қандай жағдайларда архивтеуді қолдану қолайлы?
Файл алып тұрған көлемді қысқарту керек болғанда.
Файлдарды дискілерге көшірмелеуге кететін уақытты қысқарту үшін.
Ақпаратты бөгде адамдардың оқуынан, өзгертуінен парольмен қорғау үшін.
Файлдарды компьютерлік вирустан қорғау үшін.
№6 тапсырма. Сәйкестікті тағайындаңдар:
Деректерді архивтеу – файлдағы ақпаратты сығу процесі
Архивтік файл – бір немесе бірнеше сығылған файлды қамтитын файл.
Көптомдық файл – бірнеше дискілерде орналасқан үлкен көлемді архивтік файлдар
Архивтен шығару – архивтегі файлдарды оларды архивке орналастырғанға дейінгі түрінде қалпына келтіру процесі.
Архивтеуші программалардың негізгі түрлері
Өздігімен ашылатын архивтік файл дегеніміз – оған архивтеу программасы қосылған кәдімгі архив.
Бұндай архивтің ашылуы оны программа ретінде іске қосқаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.
№7 тапсырма. Оқулықтағы сәйкес тақырыбы бетіндегі мәтінді оқып шығып, қойылған сұрақтарға жауап беріңдер де, кестені толтырыңдар.
Үй тапсырмасы.
№8 тапсырма. Әр түрлі архиваторлардың салыстырмалы кестесін толтырыңдар.
|
Бастапқы өлшемі
|
WINRAR
Архиваторының сығу дәрежесі
|
WINZIP архиваторының сығу дәрежесі
|
Құжаттар
|
236 Кбайт
|
20%
|
19%
|
Суреттер
|
1.44 Мбайт
|
47%
|
46%
|
Қорытынды
|
WINRAR архиваторы құжаттарды архивтеу кезінде де, суреттерді архивтеу кезінде де сығудың үлкен дәрежесіне ие болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |