12. Сыртқы құрылғылар қандай қызмет атқарады?
а) ақпарат сақтау және өңдеу;
ә) компьютердің пайдаланушымен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
б(берілген программа бойынша ЭЕМ жұмысын басқару, компьютердің барлық құраушыларының жұмысын реттеу.
13. Компьютер құрамына мультимедиа құралжабдықтары мен бірге міндетті түрде мыналар енеді:
а) модем ә) CD-ROM үшін дискжетек және дыбыстық плата;
б) диджитайзер мен плоттер
14) Компьютерді желіден ағытқанда қай жеріндегі бүкіл ақпарат өшіріледі?
а) магнитоптикалық дискіде;
ә) CD-ROM-да;
б) магниттік таспаларда;
в) жедел жадта.
15) Компьютер жұмысының өнімділігі (операцияларды орындау шапшаңдығы) неге байланысты?
а) жадтаушы құрылғылардың сыйымдылығы мен тезәрекеттігіне;
ә) сыртқы жад сыйымдылығына;
б) пернелерді басу шапшаңдығына;
в) процессордың тактілік жиілігіне.
Мерзімі:
10-11 сабақтар
|
Сабақ тақырыбы:
|
Арнаулы ЭЕМ-нің қызметін ұйымдастыру. Жад ұяшығы, адрес принциптері және ЭЕМ-да ақпаратты өрнектеу түсінігі. Элементтік база және ЭЕМ-нің даму буындары.
|
Программалық дидактикалық қамтылуы
|
Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру.
|
Сабақ типі:
|
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
|
Білім мен білікке қойылатын талаптар:
|
Оқушы білуі тиіс:
компьютерлердің айырықшаланатындай негізгі техникалық параметрлерін;
ЭЕМ-нің буындары мен элементтік базасын.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
әр буын компьютерлеріне мысал келтіруді және сипаттамалық ерекшеліктерін айтып беруді.
|
Сабақтың барысы:
Компьютер – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
ДК-нің минимум тізіміне мыналар жатады:
Жүйелік блок;
Монитор;
Клавиатура.
Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. ТК-лер батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютерлердің дербес компьютерлерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан.
Қалта компьютерлер – оны жиі жеке сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютерлеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымалдар сияқты қуатты болмаса да, оны телефон номерлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Планшеттік ДК – бұл тасымал және қалта компьютерлерінің қасиеттерін жинақтаған тасымал ДК-лер. Тасымал компьютерлерге ұқсас олар қуатты және орнатылған экраннан тұрады әрі қалта компьютерлері сияқты оның экранына планшет Пераның көмегімен жазуға немесе сурет салуға болады.
Компьютердің негізгі бөлігіне әр түрлі маркалармен сипатталатын процессор (микропроцессор) жатады.
Микропроцессор – компьютерді басқару құралы. Компьютердің жылдамдығы (нақты айтқанда тактілік жиілік) процессордың бір секунтда орындайтын амалдар санымен анықталады. Процессор құрамына мына құралдар енеді:
басқару құрылғысы;
арифметикалық-логикалық құрылғы;
процессор жадысының регистры.
Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрылғыларының жұмыстарын мынадай программа бойынша басқарады:
Жадыдан программаның кезекті командасын және барлық амалға қатысатын сандарды шақырады;
Оларды арифметикалық-логикалық құрылғы мәліметтерді өңдеуге арналған. Ол арифметикалық-логикалық амалдарды орындайды да аралық немесе соңғы нәтижені еске сақтау құрылғысына жібереді.
Бүгінгі күні қолданыстағы ең жаңа компьютерлер деп Pentium IV процессорлы компьютерлерді атауға болмайды. Жылдамдық (тактілік жиілігі) 1000-3400МГц, Жылдам жады – 128-512 Мб., Қатқыл диск (винчестер) – 10000-80000 Мб.
Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Компьютерде жұмыс істеу барысында сыртқы жады ретінде иілгіш дискі немесе дискета кеңінен қолданылады.
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Кеңінен қолданылып жүрген дискеталарда жады көлемі 1,4 Мб, ал диаметрі 3,5 дюймді құрайды.
Компакт-дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW – алтын түсті болып келеді. Дискідегі әр түрлі жылдамдықтағы ақпаратты жазуға және оқуға мүмкіндік береді.
Флэш-жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадтың түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB-порт арқылы қосылады.
Флэш-жады ықшам және тез жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Тапсырмалар:
№1 тапсырма. Сәйкестіктерді тағайындаңдар.
ЕСЕПТЕУІШ МАШИНАЛАР
Ғылыми мекемелерде, оқуды ғылыми қызметпен байланыстыратын жоғары оқу орындарында өндіріс процестерін басқару үшін қолданылады.
Үлкен ЭЕМ
Бір кісінің жұмыс істеуіне арналған. Көлемі шағын және қымбат емес, өнімділігі жоғары және адам іс-әрекетінің барлық салаларында пайдаланылады.
Мини ЭЕМ
Негізінен программалық қамтамасыз ету, дайындау және оны жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.
Аса қуатты компьютерлер, ірі ұйымдарға және халық шаруашылығының тұтас салаларына қызмет көрсету үшін қолданылады. Жабдықтарының және қызмет ету құнының жоғарғылығымен ерекшеленеді.
Микро ЭЕМ
Дербес пайдаланылатын ЭЕМ
Есептеуіш машиналардың ең маңызды сипаттамалары
Тезәрекеттік (ЭЕМ-нің уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының орташа саны)
ЭЕМ операция жасайтын сандардың кескінделу түрі мен разрядтылығы
Жадтайтын құрылғылардың сыйымдылығы мен тезәрекеттілігі
№2 тапсырма. Дербес компьютерлердің кең таралуы мен қолданылуына себеп болған сипаттамаларының маңыздылығын ретімен жазыңдар.
№3 тапсырма. Дербес компьютерлерді кластарға бөлу. Дербес компьютерлерді міндеті бойынша қандай топтарға бөлуге болады? Әр опқа сипаттама беріңдер.
Тұрмыстық
|
Жалпылама қолдануға арналған, сондықтан олар мүмкіндігінше арзан және әдетте қарапайым базалық конфигурациялы болуы керек (бейнеойын, оқу және жаттығуға арналған).
|
Жалпы міндеті
|
Ғылыми-техникалық және экономикалық сипатты мәселелерді шешу, сондай-ақ оқу және жаттығуға арналған.
|
Кәсіби бағыттағы
|
Ғылым саласында күрделі ақпараттық міндеттерді және өндірістік мәселелерді шешуге пайдаланылады.
|
Үйге тапсырма.
№4 тапсырма. Дербес компьютерлерді құрылымдық орындалуы бойынша қандай топтарға болады? Әр тобына сипаттама беріңдер.
Стационарлық үстел үстіне қоятын
|
Ең көп таралған. Жұмыс орынында орналастырылады.
|
Тасымалданатын
|
Алып жүру үшін қолайлы
|
Мерзімі:
12 сабақ
|
Сабақ тақырыбы:
|
Компьютер бөліктерінің негізгі қызметі. Программалық басқару принципі.
|
Программалық-дидактикалық қамтылуы
|
Оқулық.
Жұмыс дәптері.
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымымен, программалық басқару принципімен таныстыру.
|
Сабақ типі
|
Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.
|
Білім мен білікке қойылатын талаптар:
|
Оқушы білуі тиіс:
қазіргі дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымын;
компьютердің негізгі тораптарын және олардың өзара байланысын;
компьютердің автоматты жұмыс істеу принципін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
кез келген шығыстық құрылғыны компьютерге қосуды және оны орналастыруды іске асыруды;
дискілерді пішімдеуді.
|
Дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеуі
Микропроцессор – дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық-логикалық операцияларды орындауға арналған.
Арифметикалық-логикалық құрылғы – сандық және символдық ақпараттарға арифметикалық-логикалық операциялар орындауды жүзеге асырады.
Басқару құрылғысы – барлық компоненттердің жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп тұрады, операцияларды орындау үшін жад ұяшықтары адресін ұйымдастырады және осы адрестерді ЭЕМ-нің сәйкес блоктарына беріп тұрады.
Процессордың сипаттамасы: 1. Тактілік жиілік; 2. Разрядтылық
№1 тапсырма. Сәйкестікті тағайындаңдар:
Такт
|
|
Ақпарат өңдеу барысында процессорға түскен деректерді сақтауға арналған жадтың ішкі ұяшықтары.
|
Тактілік жиілік
|
|
Ішкі жадтың көлеміне, процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна разрядтылығына байланысты.
|
Жад регистрлері
|
|
Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.
|
Процессордың разрядтылығы
|
|
Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.
|
Дербес пайдаланылатын компьютердің өнімділігі
|
|
Бір тактіде процессор өңдей алатын байттар мөлшері. Разрядтылық неғұрлым үлкен болса, компьютер бір такт ішінде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады.
|
Ішкі жад
Ішкі (жедел) жад – негізгі:
Тұрақты жадтау құрылғысы – тұрақты жадтау құрылғысы – тұрақты және анықтамалық ақпаратты сақтауға, ақпаратты оқуға (алуға) арналған. Онда ақпаратты өзгертуге болмайды.
Жедел жадтау құрылғысы – ақпаратты уақытша жазуға, жадтауға және оқуға арналған. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтау құрылғысының ішіндегісі өшіріледі.
Сыртқы жад
|
Қатқыл магниттік дискілер (винчестерлер)
|
Иілгіш магниттік дискілер (флоппи-дискілер немесе дискеттер)
|
Лазерлік дискілер (CD-ROM)
|
Магниттік таспалар (стримерлер)
|
Міндеті
|
Сақтау, жазу, оқу, өшіру
|
Сақтау, жазу, оқу, өшіру
|
Сақтау, жазу, оқу
|
Сақтау, жазу, оқу
|
Көлемі
|
20-180 Гбайт
|
1,44 Мбайт
|
700 Мбайт
|
Таспа ұзындығымен шектелген.
|
Ақпаратты өзгерту мүмкіндігі
|
Иә
|
Иә
|
Иә
|
жоқ
|
№2 тапсырма. Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы мәтінді оқыңдар да бос орындарды толтырыңдар.
Ішкі жадта деректер мен программалар, ұяшықтарда байттар түрінде орналасады. Оларға шығу ұяшықтың адресі бойынша жүзеге асырылады. Тасығышта ақпарат аттары бар белгілі бір үлестер түрінде жазылады. Бұндай құрылым файлдық жүйе, ал үлестер файлдар деп аталады.
Файлдық жүйенің міндеті:
файлдарды сақтауды ұйымдастыру;
оларға тез шығуды қамтамасыз ету;
файлдармен операция орындау.
Жүйелік шина
Шинаның разрядтылығы ондағы сымдар санына тәуелді.
Деректерді оқығанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа ұяшық адресін береді және деректер шинасы бойынша осы ұяшықтағыны алады.
Дерек жазғанда процессор адресс шинасы бойынша ішкі жадқа ұяшық адресін береді, ал деректер шинасы бойынша осы ұяшыққа жазылатын ақпарат жіберіледі.
№3 тапсырма. Схеманы толтырыңдар.
Сыртқы жадтау құрылғылары немесе компьютердің сыртқы жады
Сыртқы құрылғыларды міндеттері бойынша кластарға бөлу
Байланыс және телекоммуникация жабдықтары
Диалогтық жабдықтар
Ақпарат енгізу құрылғылары
Ақпарат шығару құрылғылары
№4 тапсырма. Оқулықтың сәйкес тақырыбын оқып, кестені толтырыңдар.
Құрамы
|
Құрылғы мысалы
|
Міндеті
|
Пайдаланушының диалогтық құралдары
|
Бейнемониторлар
|
Дисплейлер
|
Енгізілетін және шығарылатын ақпаратты бейнелеу үшін
|
Сөздік енгізу құрылғылары
|
Микрофондық акустикалық жүйелер
|
Адам айтқан әріптер мен сөздерді ажырата білуге және оларды кодтауға мүмкіндік береді.
|
Сөздік енгізу құрылғылары
|
Дыбыс колонкалары
|
Дыбысты синтездейді, цифрлық кожтарды әріптер мен сөздерге түрлендіруді орындайды.
|
Ақпарат енгізу құрылғылары
|
Пернетақта
|
Сандық, мәтіндік және басқарушы ақпаратты қолмен енгізу құрылғысы
|
Графикалық планшеттер (диджитайзерлер)
|
Ақпаратты, кескінді арнайы көрсеткіштің (қалам) планшеті бойынша жылжыту арқылы қолмен енгізуге арналған.
|
Сканерлер
|
Қағаз тасығыштардан оқу және мәтінді, графикті, суретті, сызбаларды компьютерге енгізуге арналған.
|
Манипуляторлар:
Джойстик, маус, трекбол, сәулелік қалам
|
Меңзердің экран бойымен қозғалысын басқару жолымен, графикалық ақпаратты дисплей экранына енгізуге арналған.
|
Сенсорлық экрандар
|
Бейненің жекелеген элементтерін енгізуге арналған.
|
Байланыс және телекоммуникация құрылғылары
|
Желілік контроллер
|
Модем
|
Басқа ЭЕМ-дермен ақпарат алмасуға, байланыс арнасына қосуға арналған.
|
Мультимедиа жабдықтары
|
Микрофон, сканер, бейнелік және дыбыстық платалар
|
Әр түрлі ортаны (дыбыс, бейне, графика, мәтін, анимация және т.б.) пайдалана отырып, адамның компьютермен қатысуына мүмкіндік беретін ақпараттық және программалық құралдар комплексі.
|
Сыйымдылығы үлкен сыртқы жадтау құрылғылары
|
CD
|
Дыбыстық және бейнелік ақпаратты жазу және оқуға арналған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |