Жұмыс парағын бақылау. Excel-дің жұмыс парақтары құжаттарды даярлау үшін қолданылатын болса, онда оны қате енгізілген мәліметтерден сақтау қажет. Мәтінді енгізгенде қателерді қарап шығып, түзетуге болады. Сандық мәліметтерді енгізгенде жіберілегн қателер жай көзге көрінбейді. Көбінесе Excel-дің жұмыс парақтарының өзі қате өрнектерді қамтитын формулалардан тұрады. Формулалардағы қателерді екі топқа бөледі: есептелмейтін формулалар және циклдік сілтемелер. Қате формулаларды есптегенде нәтижесін алу мүмкін болмаған жағдайда Excel программасы сол ұяшыққа қатенің кодын шығарып береді.
Циклдік сілтемеде Excel программасы қате жайлы хабарды бірден экранға шығарып береді. Егер формула есептеу кезінде басқа ұяшықтағы мәндерді пайдаланса, онда осы формула сол мәндерге тәуелді болып табылады, ал формула тұрған ұяшық тәуелді деп аталады. Керісінше, мәндері қолданылған ұяшық формуланың мәніне әсер етіп, әсер етуші деп аталады.
Цикілдік сілтеме ұяшықтың мәні сол ұяшыққа тәуелді болады. Оның ең қарапайым түрі – егер ұяшық өзі-өзіне адрестелген болса. Егер программа кестеден цикілдік сілтемені тауыпалса, онда ол бірден қатежайында хабар береді және циклдік сілтеменің аспаптар панелін ашып береді.
Циклдік сілтеме табылған ұяшықтар көгілдір дөңгелекшемен белгіленеді және қалып-күй жолында Цикл сөзі пайда болады. Циклдік сілтеменің аспаптар панелінде циклдік сілтемесі бар ұяшықтардың тізімі көрсетіледі. Егер циклдік сілтеме бірнеше ұяшықтарды қамтыса, онда оны тәуелсіз ұяшықтар мен әсер етуші ұяшықтар батырмасы арқылы ашып, қатесі бар ұяшықтарды тауып алуға болады.
Компьютерде орындату.
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үйге. Оқу. Конспектілеу.
Күні Пәні:
Сабақ тақырыбы: Мәліметтер қорын құру.
Программалық дидактикалық қамтылуы: Оқулық, оқу есептеуіш техника кешені.
Сабақ мақсаты: Оқушыларды Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізілетін операциялармен таныстыру. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуге үйрету. Бір түйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауға үйрету.
Білім мен білікке қойылатын талаптар: Оқушы білуі тиіс:
Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізуге болатын операцияларды;
Деректер базасын жасау мен өңдеу технологиясын.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
Деректер базасын жасау мен құрылымын өңдеуді;
Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуді;
Бір түйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауды.
Пәнаралық байланысы: Ағылшын тілі, математика, физика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу т.б.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
Деректер базасы дегеніміз не?
Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.
Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
Реляциялық деректер базасы деген не?
Жазба, жазба өрісі деген не?
Жазбаның кілті деген не?
ІІІ. Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру.
Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:
дерек базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
сақталған дерек базаларын ашуға және оларды түзетуге;
дерек базаларына жазбаларды, өрістерді қосуға;
дерек базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
дерек базасындағы жазбаларды қарауға және іздеуге;
жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему реті бойынша сұрыптауға;
берілген параметрі бойынша немесе үнсіз келісім бойынша сұрыптауға;
есеп беруді басуға, яғни принтерге шығаруға.
Мұнда деректерді реттей отырып, сандарды ғана емес, басқа деректерді де өсуі бойынша сұрыптауға болады. Бұл жағдайда айқындалған рет пайдаланылады:
- сандар ең кіші теріс саннан бастап ең үлкен оң санға дейін сұрыпталады;
- символдар келесідей ретпен сұрыпталады:
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ‘ – (бос орын) ! “ # $ % & () * , . / : ; ? @ [\] ^ - { | } + < = >
A B C D E F G H J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
А Б В Г Д Е Ё Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Щ Ъ Ы Ь Э Ю Я Ә Ғ І Қ Ң Ө Ұ Ү Һ
- БОС ҰЯШЫҚТАР ӘРҚАШАНДА ТІЗІМНІҢ СОҢЫНДА ОРНАЛАСАДЫ.
Тапсырмалар:
«Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар түрі» және «Өзендер» деректер базаларын толтыру.
Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар
|
Жануарлар
|
Мекендеу ортасы
|
Саны (шама-мен)
|
Балалары
|
Қорегі
|
Өмір сүру ұзақтығы
|
Барс
|
Алтай, Тянь-Шань
|
1000
|
2
|
етқорект.
|
17
|
Тау ешкі
|
Алтай, Тянь-Шань
|
2000
|
1
|
өсімд.қор.
|
8
|
Бүркіт
|
Дала
|
1500
|
3
|
етқорект.
|
5
|
Қоңыр аю
|
Орман
|
1000
|
1
|
етқорект.
|
17
|
Қамыс мысығы
|
Жағалау
|
350
|
2
|
етқорект.
|
7
|
Қасқыр
|
Орман, дала
|
600
|
4
|
етқорект.
|
10
|
Тау қыраны
|
Тянь-Шань
|
2000
|
2
|
етқорект.
|
5
|
Құндыз
|
Сырдария
|
2500
|
5
|
өсімд.қор.
|
5
|
Өзендер
Өзендер
|
Өзен аты
|
Ұзындығы
|
Су алып жатқан ауданы (мың. кв.км)
|
Жыл бойғы су ағысы (мың куб м)
|
Жалпы
|
Қазақстанда
|
Ертіс
|
4248
|
1700
|
234
|
2743
|
Есіл
|
2450
|
1700
|
115,261
|
1622,9
|
Тобыл
|
1600
|
800
|
121
|
445,5
|
Бұқтырма
|
336
|
336
|
12,7
|
7650,5
|
Үлбі
|
98
|
98
|
5,091
|
3040
|
Оба
|
286
|
286
|
9,952
|
5360
|
Шар
|
253
|
253
|
10,42
|
126
|
Қызылсу
|
182
|
182
|
3,3
|
40
|
Іле
|
1400
|
815
|
113
|
14600
|
Шелек
|
240
|
240
|
5,3
|
1040
|
Қаратал
|
390
|
321
|
19
|
2528
|
Ақсу
|
316
|
316
|
7,7
|
352
|
Лепсі
|
418
|
418
|
8,1
|
783
|
Тентек
|
183
|
183
|
5,4
|
1395
|
Аягөз
|
492
|
492
|
15,4
|
312,7
|
Сырдария
|
2219
|
1400
|
462
|
27752
|
Арыс
|
378
|
378
|
14,9
|
1452
|
Талас
|
420
|
322
|
10,3
|
1027
|
Шу
|
1186
|
800
|
26,7
|
2426
|
Сарысу
|
800
|
800
|
81,6
|
97,8
|
Нұра
|
978
|
978
|
55,1
|
558
|
Сілеті
|
381
|
381
|
14,1
|
170
|
Шідерті
|
502
|
502
|
15,9
|
56
|
Торғай
|
827
|
827
|
157
|
350
|
Орал
|
2428
|
1082
|
230
|
10093
|
Елек
|
623
|
605
|
41,3
|
933
|
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үйге. 207-210 беттерді оқу. Конспектілеу.
Күні Пәні:
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты іздеу әрекеттері.
Программалық дидактикалық қамтылуы: Оқулық, оқу есептеуіш техника кешені.
Сабақ мақсаты: Оқушыларды Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізілетін операциялармен таныстыру. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуге үйрету. Бір түйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауға үйрету.
Білім мен білікке қойылатын талаптар: Оқушы білуі тиіс:
Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізуге болатын операцияларды;
Деректер базасын жасау мен өңдеу технологиясын.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
Деректер базасын жасау мен құрылымын өңдеуді;
Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуді;
Бір түйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауды.
Пәнаралық байланысы: Ағылшын тілі, математика, физика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу т.б.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
Деректер базасы дегеніміз не?
Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.
Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
Реляциялық деректер базасы деген не?
Жазба, жазба өрісі деген не?
Жазбаның кілті деген не?
ІІІ. Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру.
ДБ құрылғаннан кейін жазбалармен келесі: жазбаларды қосу және өшіру, түзету, ақпарат іздеуді жүзеге асыру, сұрыптау, сұрыптау бойынша есеп беру операцияларын орындауға болады. Ақпарат іздеу іздеу шарты бойынша жүзеге асырылады. Іздеу шарты логикалық өрнек түрінде жазылады.
Ақпараты жылдам табу үшін деректер базасындағы жазбаларды сұрыптап алған жөн. Жазбаларды өрістері бойынша өсу немесе кему ретінде немесе алфавиттік ретте сұрыптап, тек содан кейін ғана өздеріне қажет категориялар бойынша ақпарат алуына болады. Мысалы, егер «Сыныптағы оқушылардың тізімі» ДБ-ғы жазбаларды туған жылы бойынша өсу ретінде сұрыптаудың қарапайым шарты қойылса, жазбалар алфавиттік ретте емес, туған жылының өсу ретінде орналасады.
Егер туған жылы өсу ретінде және әрбір шағын топта алфавиттік ретте сұрыптаудың күрделірек шартын беретін болсақ, онда жазбалар бірден екі шарт бойынша сұрыпталатын болады.
Деректер базасын құрастырғанда оған қандай деректер енгізілетінін, қалай сақталатынын, қандай өрістер түйінді болатынын, оларға қалай шығуға болатынын және өрістердің типін айқындау керек. Бұл процесс деректер базасын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жасалады.
Жобалау – бұл деректер базасын теориялық түрде құру.
Тапсырма: Дәптерлеріңе әркім өздігімен «Оқушылардың жылдық үлгерімінің жиынтық тізімдемесі» деректер базасын жобалаңдар. Ол үшін
Деректер базасын құруға қажет ақпарат (оқушылар тізімін, жыл бойы оқитын пәндер тізімін, әрбір оқушының осы пәндер бойынша болжалды қорытынды бағаларын) жинаңдар.
Өріс санын және олардың атын, жазбалар санын анықтаңдар. Әрбір оқушы үлгерімінің орта балын есептеу үшін бір өріс қосыңдар.
Әрбір өріс үшін өз типін орнатыңдар.
Ойластырып жасалған дерек базасына (кесте түрінде) дерек енгізіңдер. Оны сақтап қойыңдар.
Қорытындылау. Бағалау.
Үйге: 12.2-тақырпты оқып, конспектілеп келу.
Күні Пәні:
Сабақ тақырыбы: Мәліметтер қорын құру және редакторлеу.
Программалық дидактикалық қамтылуы: Оқулық, оқу есептеуіш техника кешені.
Сабақ мақсаты: Оқушыларды Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізілетін операциялармен таныстыру. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуге үйрету. Бір түйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауға үйрету.
Білім мен білікке қойылатын талаптар: Оқушы білуі тиіс:
Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізуге болатын операцияларды;
Деректер базасын жасау мен өңдеу технологиясын.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
Деректер базасын жасау мен құрылымын өңдеуді;
Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуді;
Бір түйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауды.
Пәнаралық байланысы: Ағылшын тілі, математика, физика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу т.б.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
Деректер базасын жобалаудың міндеттері неден тұрады? дегеніміз не?
Деректер жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
Жобалау дегеніміз не?
Реляциялық деректер базасы деген не?
Жазба, жазба өрісі деген не?
Жазбаның кілті деген не?
ІІІ. Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру.
Күнделікті тәжірибеде бірден үлкен дерек базасын құру мүмкін емес. Дерек базасымен жұмыс істеу барысында жазбаларды қосу, өшіру, т.б. яғни оны түзетуге болады. Дерек базасы құрылып болғаннан кейін оны түрлендіруге, яғни жазбаларды кез келген ретпен орналастыруға кірісу қажет. Жазбаларды берілген ретпен орналастыру операциясын деректер базасын сұрыптау деп атайды.
Дерек базасының мазмұнын берілген бір өріс немесе бірнеше өріс бойынша сұрыптауға болады. Деректердің сұрыпталуы орындалатын өріс түйінді деп аталады.
Егер біздің дерек базасын алфавиттік ретте сұрыптайтын болсақ, онда сұрыптаудан кейінгі жаңа дерек базасының мазмұны ескі жазбалардағыдай болады, бірақ олардың аты-жөні алфавиттік ретпен орналасады.
Тапсырма: Дерек базасын бір түйіндік өріс бойынша сұрыптаңдар.
Дерек базасының кез-келген ұяшығына меңзерді орналастырыңдар да, Данные + Сортировка командасын орындаңдар, экранда Сортировка диапазона терезесі пайда болады.
Сортировать по тізімінен Айналдыру батырмасымен сұырптау орындайтын өрісті таңдаңдар, мысалы, фамилиясы, аты, өрісі және по возрастанию немесе по убыванию реті бойынша операцияларды активтендіріп, сұрыптау ретін анықтаңдар.
ОК батырмасын шертіңдер.
Дерек базасы алфавит бойынша сұрыпталады.
Қорытыныдлау. Бағалау.
Үйге тапсырма. Кітаптағы 213 беттегі Тапсырманы орындап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |