Бұл топ Кеңестің басқа мүшелерін – жергілікті жұртшылық арасынан іскер
топ және басқа да маңызды құрылымдардың өкілдерін тартады.
Қамқоршылық кеңес сайланатын мүшелерден тұрады: жалпы білім берудің
барлық сатысында оқитындардың ата-аналары (заңды өкілдері); мектеп
қызметкерлері; жалпы білім берудің үшінші сатысында (жоғары сыныпта)
оқитындар (қамқоршылық кеңесіне екінші сатыдағы оқушылардың кіруі мектеп
жарғысымен ескерілуі мүмкін).
ҚК құрамына сол сияқты кіреді: мектеп басшысы, білім беруді басқарудың
сәйкес органының бұйрығымен тағайындалған құрылтайшының өкілі.
Қамқоршылық кеңес шешімімен сондай-ақ оның құрамына өзінің кәсіби
және (немесе) қоғамдық қызметі, білімі, тәжірибесі және мүмкіншілігімен осы
мектептің қызметіне және дамуына жақсы ықпал етуі ықтимал азаматтар да
шақырылуы және кіргізілуі мүмкін (ҚК толықтырылған мүшелері).
Қамқоршылық кеңестің жалпы саны мектеп жарғысымен анықталады. Ата-
аналар қатарынан сайланғандар саны мүшелердің жалпы санының ¼ -інен кем
және ½ -нан артық болмау керек, ал мектеп қызметкерлерінің саны мүшелердің
жалпы санының ¼ -інен артық болмауы тиіс. ҚК басқа орындарды мектеп
басшысы, құрылтайшының өкілі, білім алушылардың өкілдері, толықтырылған
мүшелер алады.
Сонымен, егер қандай да бір мектепте «Қамқоршылық кеңесі» атымен
«өзін өзі басқару формасы» құрылған жағдайда, бұл мектеп мектеп жарғысында
қамқоршылық кеңеске тән маңызды және қажет белгілер мен қасиеттерді
көрсетуі қажет.
Қамқоршылық кеңестері дербес заңды тұлға ретінде қоғамдық ұйым (қоры
бар) түрінде ресімделеді.
Заңды тұлға мәртебесіндегі қамқоршылық кеңестерінде:
−
Жарғысы;
−
заңды мекен-жайы (адрес);
−
барлық қорлар мен инспекцияларда тіркеуде;
−
өз шоты мен мөрі болады.
Мұнан басқа, олар өздігімен іс жүргізеді, өз штаты; еңбекақы төлеу қоры,
жарғылық қызметті іске асыруға (мектепке көмек) шығындар сметасы бар.
Осы сияқты кеңес мектептегі өзінің жарғылық қызметін қор мен мектеп
арасындағы келісім шартқа сәйкес іске асырады.
Мұндай қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі принципі мынада: ата-
аналар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін дербес
қоғамдық ұйым құрады; ата-аналар білім беру процесін жетілдіру ісіне белсенді
атсалушылар болады.
Жарғы және құрылтайшылар бекіткен құрылтайшылық шарт қордың
құрылтай құжаты болып саналады. Қоғамдық қор ретінде қамқоршылық кеңес
қызметі төмендегілер негізінде құрылатын ақшалай қаржы мен мүліктер
негізінде жүзеге асырылады:
−
заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан бір
жолғы және (немесе тұрақты) түсімдер;
27
−
құрылтайшылардан (қатысушылар, мүшелер) түсетін түсімдер;
−
ерікті заттай жарналар мен жәрдемдер; заңға қайшы келмейтін басқа
түсімдер.
Заңды тұлға мәртебесіндегі қамқоршылық кеңестері жарғысы мен оның
шаруашылық қызметін тексеруді бақылау мақсатында әдетте, бақылау-тексеру
комиссиясы құрылады, ол тексеру комиссиясымен толықтырылады. Оның
міндетіне кіреді:
−
атқарушы органның қаржылық және шаруашылық қызметін бақылау,
материалдық байлықтың ақшалай қаржысы жұмсалуын тексеру;
−
істің орындалу мерзімі мен жүру дұрыстығын тексеру, ұсыныстар және
өтініштер бойынша атқарушы органдағы жұмыс;
−
кіріс және шығыс сметасының орындалуы туралы есеп дайындауға
бақылау.
Дербес заңды тұлға мәртебесіндегі қамқоршылық кеңесінің қызметі
құрылтайшылармен анықталады және оның құрылтай құжатына жазылады.
Қамқоршылық кеңестерінің қызметі:
−
оқушыларға, педагогикалық және қызмет көрсететін құрамға жан-
жақты, сонымен қатар, жағымды көмек көрсету;
−
құқық қорғау қызметі (мектеп оқушыларының, жетім балалар мен ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балалардың және т.б. әлеуметтік-экономикалық,
еңбек, жеке құқықтары мен бостандығы);
−
Қазақстан Республикасы заңнамасымен болжанған ретте және көлемде
мемлекеттік билік және өзін өзі басқару органдары шешім жасауда қатысу;
−
білім беруді дамыту проблемасы жөнінде және отбасылық құқық
шеңберінде конференция, кеңес, жиындар мен семинарлар өткізу;
−
балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
−
бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Қамқоршылық кеңесіеің заңды тұлға мәртебесінде қызметіне мысал
ретінде 2006 жылы құрылған «Солтүстік Қазақстан облысы Бишкуль орта
мектебі-гимназиясы ММ Қамқоршылық кеңесі» қоғамдық қорының жұмыс
тәжірибесін ұсынамыз.
Қор қызмет еткен жылдар аралығында мұғалімдер мен ата-аналардың
ұйымшыл ұжымы ынтымақтастық аясын кеңейтуге тілек білдірді және бес
жобадан тұратын қамқоршылық кеңесі қызметінің бағдарламасын дайындады:
1 жоба. «Өзара әрекеттесу»
«Бала арманын қанаттандырғандар» стендін жасау. БАҚ-мен
қамқоршылық кеңесі қызметін насихаттау бойынша жұмыс атқару.
Қамқоршылық
кеңесі
мен
меценаттық
қозғалыстардың
белсенді
қатысушыларын ынталандыру.
Жауапты – атқарушы дирекция
2 жоба. «Білім беруді 2011-2020 жж. дамыту бағдарламасы»
қамқоршылық кеңестері, басқа да мемлекеттік емес ұйымдар қызметінің
мәселесі бойынша ауданда, облыста өткізілетін семинарларға, форумдарға
қатысу. «Дарынды балалар» бағдарламасын іске асыру. Өмірдің қиын
28