4
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестері қызметін
ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік ұсыныстар білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестері
қызметін ұйымдастырудың мақсатын, міндетін анықтайды.
Қамқоршылық кеңестерінің орта мектептер үшін ұсынылатын моделі
Қамқоршылық кеңесі орта білім беру ұйымында дербес заңды тұлға
ретінде өз қызметінде басшылыққа алатын құжаттар:
1.
ҚР Конституциясы (5, 23 баптар);
2.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жыл 27 шілде №
319-III (24.10.2011
ж. өзгертулер және толықтырулармен) (44 бап, 9т.);
3.
ҚР Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөлімдер) (өзгертулер және
толықтырулармен);
4.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заң 16 қаңтар 2001 ж. № 142
өзгертулер және толықтырулармен);
5.
Мектеп жарғысы.
Қамқоршылық кеңестерінің мақсаттары мен міндеттері.
Қамқоршылық кеңесі мектептік өзін өзі басқарудың өзге формаларынан
айырмашылығы жалпы білім беретін ұйымның ресурстарымен, басқару
стратегиясы жөніндегі шынайы өкілеттіктермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беретін ұйымды мемлекеттік-қоғамдық
басқарудың әрекетті органы, мектеп деңгейінде жалпы білім беру жүйесіндегі
қоғамның мақсаты мен мүддесін келістіретін сындарлы серіктестік механизмі
болуы тиіс.
Қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты: мектеп жарғысына сәйкес
мектептің миссиясын, міндеттері мен стратегиясын анықтау және алға
жылжыту.
Негізгі міндеттері:
1.
Мектептің қаржы-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыру,
қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру;
2.
Мектепте білім беру процесі мен ұйымдастыру формаларына тиімді
жағдайлар жасауға ықпал ету;
3.
Мектепте оқуға, тәрбиелеуге және еңбек ету үшін жайлы жағдайды
туғызу және нығайту;
4.
Оқушылар үшін олардың денсаулығына жайлы спорттық сауықтыру,
медициналық жағдайлар жасау және нығайту;
5.
Қамқоршылық кеңесі жұмыс бағдарламасына сәйкес мектептің
бюджеттен тыс қаржылай қаражатты мақсатты және тиімді жұмсау.
Қамқоршылық кеңесінің құзыреттіліктері
Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беретін ұйымның жарғысымен
қарастырылған өкілеттіктері бар және келесі қызметтерді атқарады:
1.
Мектеп жарғысын өзгертуге және (немесе) толықтыруға қатысады.
2.
Мектеп директорын тағайындауға қатысады.
3.
Төмендегі жағдайларда аудиторлық қызметтер атқарады:
25
−
мектеп директорының жұмысын жиі-жиі аудиторлық бағалау;
−
мектеп стратегиясы мен мақсаты шегінде басқару;
−
мектеп әкімшілігінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
4.
Білім алушылардың пәнді таңдау және сабақ кестесін анықтау жөніндегі
шешімдерге қатысады.
5. Педагогикалық және мектептің басқа қызметкерлеріне мектеп
басшысының ұсынысы бойынша ынталандыру төлемақысын (сыйлықақы) бөлу
тәртібін орнатады және ұсынымдар енгізеді.
6.
Мектеп басшысының ұсынысы бойынша үйлестіреді:
−
мектеп жарғысында көрсетілген, және басқа да бюджеттен тыс табыс
әкелетін қызметтен түсетін бюджеттік көздерді қаржыландыру өтініші мен
қаржыны жұмсау сметасын;
−
оқу жоспарының «мектептік компонентін» өзгертуді;
−
білім беру процесінің жаңа әдістемелерін және білім беру
технологияларын; мектептің ішкі тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді.
7.
Мектеп басшысының және педагогикалық кеңес шешімін келесі
жағдайларда үйлестіреді:
−
білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және
жарақтандыру, мектеп жайларын жабдықтау;
−
білім беру процесінде пайдалануға рұқсат етілген (жіберілген)
оқулықтарды бекітілген тізбеден таңдау;
−
білім алушылардың тамақтануы, медициналық көмек алуын
ұйымдастыруда қажет жағдай жасау.
8.
Ақша жинау бойынша акциялар және іс-шаралар өткізеді.
9.
Білім беру процесінде қатысушыларды әрдайым өз қызметі және
қабылданатын шешімдер туралы хабардар етеді (баяндамалар мен отырыс
хаттамаларын жариялайды).
10.
Мектепті дамыту бағдарламасын және оқу қаржылық жыл
қорытындысы бойынша мектеп басшысының жыл сайынғы есебін бекітуге
қатысады, мектептің жыл соңындағы көпшілік алдындағы баяндамасын
бекітеді.
11.
Мектеп жарғысымен қамқоршылық кеңесінің құзыретіне берілген
басқа мәселелерді қарайды.
12.
Мектеп жарғысымен қамқоршылық кеңесінің құзыретіне берілмеген
басқа мәселелер бойынша шешім қабылдауда қамқоршылық кеңесінің шешімі
ұсыныс сипатында болады.
Қамқоршылық кеңесінің құрамы
Қамқоршылық кеңесі – бұл сайлау, тағайындау және толықтыру тәртібі
арқылы құрылатын алқалы өкілді орган.
Сайлау тәртібі үшін белсенді ата-аналар, немесе қазіргі ата-аналар
комитеті арасынан сайлау комитеті құрылады.
Электорат: құрылтайшы, ата-аналар, түлектер, педагогикалық ұжым және
жоғары сынып оқушылары болып табылады.
26