бағдарламаны жүзеге асырады:
-
Денсаулық, жайлылық, қауіпсіздік (медициналық қызмет көрсету, ыстық
тамақ, күзет, мектеп полицейімен өзара әрекеттесу, жөндеу жұмысы).
-
Педагогтерді, қызметкерлерді, оқушыларды әлеуметтік қорғау
(бюджеттен тыс қаржының игерілуін бақылау, қосымша ақыларды бөлу,
мұғалімдер мен оқушыларға сыйлық беру).
-
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Білім беру сапасы (жылдық
жоспарды бекіту, даму бағдарламасы, білім беру сапасын арттыру бойынша
ұсыныстардың есебі, дарынды балалармен, олимпияда резервтерімен жұмыс,
жоба жұмысы, «Зерттеуші-оқушы», «Жыл оқушысы» байқауын ұйымдастыру
және өткізу).
-
Әлеуметтік серіктестік (ЖОО-мен байланыс, демеушілермен, Сынып ата-
аналар комитетімен және гимназия кеңесімен өзара әрекеттесу).
Кеңес отырысы әр тоқсанда бір рет өтеді және ашық сипатқа ие.
Қамқоршылық кеңесі өз қызметі туралы жылына 2 рет ата-аналар және
педагогикалық жұртшылық алдында есеп береді.
Қостанай қаласындағы физикалық-математикалық лицей директоры ата-
аналар жиналысында «Өткенді «қайталама», алға бір қадам жаса» деген
ұсыныспен сөз сөйледі. 2001 жылы ата-аналардың қатысуымен «Мейірім»
қоғамдық қоры құрылды, мұнда қамқоршылық кеңесі басқарудың алқалы
органы болып саналады. Бірқатар жылдар бойы қамқоршылық кеңесі демеуші
және барлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы бола отыра, мектеппен
белсенді түрде ынтымақтастықта қызмет етуде. Олардың құзырына балалардың
тамақтандыруын ұйымдастыру, мектепке материалдық-техникалық демеу,
педагогикалық процесті ұйымдастыруға көмек көрсету кіреді. Кеңестің
құрамында 30 адам бар. Мектеп директоры – кеңестің қатардағы мүшесі. Әрбір
сынып қамқоршылық кеңесіне өз мүшесін сайлайды. Мұнан бөлек, кеңес
құрамында қаланың беделді азаматтары және демеушілер болады. Бұл кеңес
Жарғысымен ескерілген.
Жұмыс барысында қор осы кезге дейін өзі айналысып келген материалдық
техникалық қамтамасыз ету мәселесін шешу қызметінен оқу процесіне қатысу
қызметіне қайта бағдарланды. Мысалы, қамқоршылық кеңесінің ұйытқы
болуымен 25 мамыр – соңғы қоңырау күні бүкіл мектеп ұжымы табиғатқа
серуенге шығады, балалар үшін спорттық мереке ұйымдастырылады,
сыйлықтар тапсырылады.
Қор айына бір рет қаржылық есеп жасайды және ол туралы әрбір сыныпты
хабардар етеді. Ата-аналар қорға сенім артады, ал бюджеттік қаржыға Кеңестің
еш қатысы жоқ. Сайтта мектеп бюджеті және мемлекеттік сатып алу туралы
толық ақпарат орналастырылады.
Заңнама тұрғысынан қамқоршылық кеңестерінің қызметін қамтамасыз ету
тақырыбына келесі пайымдаулар бар – оқу орнының қамқоршылық кеңесі
айналысатын қызмет түріне қарай:
1. Қамқоршылық кеңесі бір мезгілде мектепті және оның қасында
құрылған қоғамдық қорды басқарудың алқалы органы;
23
2. Заңды тұлға мәртебесінсіз оқу орны – мектепті басқарудың алқалы
органы мәртебесіне ие бола алады.
Оқу орнын басқарудың алқалы органы ретінде қамқоршылық кеңесінің
қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жеткілікті
реттелмеген.
Егер қамқоршылық кеңесі заңды тұлға мәртебесінсіз қоғамдық ынталы топ
ретінде әрекет жасаған жағдайда оның қызметі қамқоршылық кеңесінің
Ережесіне сәйкес құрылуы тиіс; ұйымның банкте шоты, мөрі болмайды;
құжаттама және есеп-қисап жүргізетін ақылы штаты жоқ.
Басқарудың алқалы органы ретінде қамқоршылық кеңесіне бюджеттен тыс
қаражатты басқару және олардың игерілуіне бақылау жасау заңнамалық
өкілеттігі берілмеген; қамқоршылық кеңесі қызметінің үлгілік ережелерінде
тексеру комиссиясы сияқты Кеңеспен құрылатын және арнайы шоттағы
қаржының игерілуі туралы оның алдында есеп беріп отыруға тиісті орган жоқ.
Қамқоршылық кеңестерінің қазақстандық білім беру ортасы үшін
әлеуметтік институт ретіндегі мәртебесін, қызметін және мүмкіндіктерін
түсінуді зерделеу мақсатында Сорос-Қазақстан қоры Алматы, Қостанай,
Көкшетау қалалары, Ақмола облысы Аршалы ауданы мектеп әкімшілігінің, ата-
аналар комитетінің өкілдері мен ата-аналар комитетінде тұрмайтын ата-аналар
арасында жүргізген әлеуметтік зерттеу қорытындысы келесіні көрсетті:
адамдарда қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті және ата-аналардың
қоғамдық ұйымы арасындағы айырмашылық туралы нақты түсінік жоқ.
Сауалнама қорытындысы респонденттер арасында «оқу орнының
қамқоршылық кеңесі» сөзін әркім әртүрлі түсінетінін көрсетті. Оны әркім
өзінше түсіндіреді, нәтижесінде сондай қамқоршылық кеңесіне қатынас пайда
болатыны анықталды [9].
Бірқатар пайымдауларды келтірейік.
Бұрынғы мектеп директоры, қазіргі кезде бизнесте жүрген азаматтың
пікірінше, қамқоршылық кеңестері мектептің социумдағы мүддесін қорғауы,
ықпал жасауы, консультативтік қызмет атқаруы тиіс. Олар білім беру
қызметіне тапсырыс беруші ретінде қатысуы қажет. Олардың қызметі
әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс.
Ата-аналардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін сайтқа келіп түскен
бюджеттен тыс қаржының жұмсалуы туралы ақпаратты орналастыру керек.
Өзіне қажет ақпарат алған ата-аналардың бірі көмек қолын созса, бірі сырт
қалады. Міне, осыларды қамқоршылық кеңесіне қосу керек.
Қамқоршылық кеңестері – бұл мектепті ұжым болып басқару органдары.
Олар шешім қабылдау процесіне шын мәнінде ықпал ете алуы үшін басқару
моделі қабылдануы тиіс, онда әкімшілік вертикаль – ҚР БҒМ, ОблББ, аудандық
ББ, мектеп директоры Қамқоршылық кеңестерін қосар еді.
Қамқоршылық кеңесі – мектептің даму стратегиясын анықтайтын,
бюджетті талқылайтын орган. Директор – оның шешімін атқарушы.
Сол кезде қамқоршылық кеңесі мектеп пен қоғам арасындағы
байланыстырушы буын болып саналады.
24