Руководство. Астана: Национальная академия образования им. И



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет9/24
Дата25.11.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1482
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

себебі  мектеп  –  қызмет  көрсетуші,  ал  қоғам  (ата-аналар,  жұмыс  берушілер, 

бизнес, БАҚ және т.б.) – оны тұтынушылар. Мектепте қамқоршылық кеңесінің 

болуы  мектепке  артықшылықтар  беретіні  түсінікті.  Ол  тек  бюджеттен  тыс 

қаржыны  іздестіріп  қана  қоймай,  оның  мүдделерін  түрлі  деңгейлерде  алға 

бастыратын адамдарды тартады. Ашықтық және айқындық мақсатында мектеп 

бюджеттік  және  бюджеттен  тыс  қаржыны  игеруі  бойынша  ата-аналар,  мектеп 

педагогтері алдында жыл сайын есеп беріп отыруы қажет.  

Қамқоршылық  кеңестері  міндеттерінің  бірі  –  мектепке  демеушілік  және 

қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады.  

Мысалы,  Солтүстік  Қазақстан  облысында  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 

өндірушілердің  демеушілік  және  қайырымдылық  көмектерінің  арқасында 

мектепалды, бастауыш сынып оқушыларының барлығын және тұрмысы төмен 

отбасы  балаларын  қамтыған  «Мектеп  сүті»  және  «Мектеп  балы»  жобалары 

табысты  жүзеге  асырылуда.  Сол  сияқты,  Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 қайырымды іс» патриоттық акция 

аясында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға 

арналған  облыстық  мектеп-интернатқа  39  ұйым  мен  мекеме  800  мың  теңге 

көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті [8].  

Алматы  облысында  балалардың  иммундық  жүйесін  күшейту,  ағзаларын 

дәрумендермен  толықтыру  және  жасөспірімдерді  қоршаған  ортаның  зиянды 

әрекеттерінен  қорғау  мақсатында  «Мектеп  балы»  жобасы  енгізілді.  Қазақстан 

Республикасы тамақтану академиясының қолдауымен Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, 

Балқаш,  Алакөл  және  Райымбек  аудандары  мектептерінде  бірінші  сыныптан 

бастап  төртінші  сынып  аралығында  оқитын  әрбір  балаға  тегін  бал  беріле 

бастады. Бағдарлама 246 мектептің 51 мың оқушысын қамтыды. Төменгі сынып 

оқушылары үшін күн сайын берілетін балдың нормасы 10 граммды құрады. Бұл 

жоба облыстың басқа аудандарында да жалғасын табады.  

Солтүстік  Қазақстан  облысы  Мамлют  ауданы  Менкесер  ауылында 

қамқоршылық  кеңесін  «Мамбетов  және  К»  серіктестігінің  бас  директоры 

басқарады. Мысалы, өткен оқу жылында мектепке жалпы құны 12 млн. теңгеге 

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын бірінші сынып оқушылары 

мектеп  жабдықтарымен  қамтамасыз  етіледі.  Шаруашылық  есебінен  мектептің 

бастауыш буын оқушыларына тегін тамақ ұйымдастырылған.  

«Мамбетов  және  К»  шаруашылығы  ауылда  спортты  дамытуға, 

оқушыларда  салауатты  өмір  салтын  тәрбиелеуге  зор  үлес  қосып  келеді. 

Осының  дәлелі:  «Мамбетов  және  К»  жүлдесі  үшін  волейбол,  баскетбол,  стол 

теннисінен және грек-рим күресінен турнир өтті, спорттық инвентарьлар сатып 

алынды.  

Демеушілік  қолдау  көрсетудің  арқасында  оқушылардың  түрлі  спорттық 

жарыстарға  сапары  ұйымдастырылған.  Стол  теннисі  үйірмесі  құрылды, 

тренажер залы жабдықталды.  

Кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын  ұйымдастыруда  қамқоршылық  кеңесінің 

күш  салуы  арқасында  Менкесер  ауылының  көптеген  түлектері  ауыл 

шаруашылығымен  байланысты  мамандықты  таңдайды.  Қазіргі  күні 

21 

 



шаруашылықта мектеп түлектері құрылыс шебері, механик, агроном, электрик 

болып қызмет етуде.  

Алматы облысы Жамбыл ауданы Абай атындағы мектептің қамқоршылық 

кеңесі  құрылған  5  жыл  арасында  заманауи  талапқа  сәйкес  «Өзін-өзі  тану», 

«Құқық»  кабинеттерін  жабдықтады.  Спорттық  жабдықтар  мен  музыкалық 

аппаратура  сатып  алынды,  аз  қамсыздандырылған  және  көп  балалы  отбасы 

балаларына материалдық көмек көрсетілді және т.б.  

Қамқоршылық  кеңесінің  қолдауымен  оқушылардың  «Медеу»  мұз 

айдынына, 

Іле-Алатау 

ұлттық 

саябағына 



және 

т.б. 


саяхаттары 

ұйымдастырылды,  мұғалімдерге  жергілікті  мекен-жай  бойынша  рейдтер 

жүргізуіне  және  балалардың  сабақтан  бос  уақытын  қызықты  өткізуіне 

көмектеседі.  Материалдық  қолдау  көрсету  мақсатында  көп  балалы  және 

тұрмысы төмен отбасылардың үйіне барады.  

Алматыдағы  №  79  гимназия  қамқоршылық  кеңесін  құру  тәжірибесі 

қызықты. Қамқоршылық кеңесі педагогикалық кеңес жұмыстарына, ішкі тәртіп 

ережелерін  дайындауда,  кадрлық  әлеуетті,  оның  ішінде  гимназия  әкімшілігін 

құруда, шығармашылық, зияткерлік байқаулар, сайыстар ұйымдастыруда, даму 

бағдарламаларын бекітуде, оқыту сапасына бақылау жүргізуде, бюджеттік және 

бюджеттен тыс қаржыны мақсатты игеруде қатысуға құқылы.  

Гимназияда  қамқоршылық  кеңесі  қызметін  ұйымдастыру  және  жүргізу 

бойынша  жұмыс  тобы  құрылған.  Қамқоршылық  кеңесі  туралы  ереже 

дайындалған.  Қамқоршылық  кеңесі  туралы  ереже  заңгерлермен  келісілген, 

қолданыстағы  заңнама  нормаларына  сәйкес  құрастырылған.  Кеңес  құрамына 

ата-аналар,  мұғалімдер,  БАҚ,  «Ұстаз»  қалалық  кәсіподақ  өкілдері,  мәслихат 

депутаты, барлығы 19 адам кірді.  

Мектепте қамқоршылық кеңесі қажеттігін анықтау мақсатында 1-11 сынып 

оқушыларының  ата-аналары  арасында  сауалнама  жүргізілді.  Ата-аналардың 

100% қамқоршылық кеңесін құруға келісім берді.  

Ата-аналар тарапынан айтылған тілектер:  

кабинеттерді жаңа оргтехникамен және құралдармен жабдықтау;  



мектеп жанындағы телімді қосымша көгалдандыру;  

бастауыш мектеп кабинеттері терезесінің сыртына гүлзарлар жасау және 



көшеттер отырғызу;  

жазғы  бейіндік  практиканы  ұйымдастыруға  жаңа  көзқараспен  қарау 



(жазғы  математикалық  мектеп,  тілдік  мектеп,  олимпияда  резервтерінің  жазғы 

мектебін ұйымдастыру);  

ата-аналар қөшіру және бітіру емтихандарына қатысуға тілек білдірді;  



мектептің  30  жылдығын  тойлау  қарсаңында  ата-аналар  жұртшылығын 

мерейтой  дайындығына  және  тойлауға  тарту  (мектеп  туралы  «Мектеп  менің 

өмірімде» альманахын шығаруға қатысу, БАҚ-да мектеп өмірі туралы репортаж 

дайындау) және т.б.  

Ұсыныстар  мен  пікірлер  ескеріле  отырып,  гимназияның  және 

қамқоршылық кеңесінің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары түзетілді.  

Қамқоршылық  кеңесі  4  комиссиядан  тұрады,  олардың  әрқайсысы  жеке 

22 

 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау