Руководство. Астана: Национальная академия образования им. И



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата25.11.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1482
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

өзгерістер байқалады:

 

 



 

 

1 сурет – Орта білім беру ұйымдарында алқалы басқару формасы  



 

1.  Жергілікті  социумдарда  қоғамдық-саяси  және  мәдени-көпшілік  жұмыс 

жандана түсті.  

2.  Жергілікті  тұрғындармен  бірге  балалардың  ойын  және  спорттық 

алаңдары  абаттандырылды,  жалпы  білім  беретін  мектептердің  және  қосымша 

білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасын  нығайту  және 

дамыту үшін бюджеттен тыс қаражат тартылды.  

3.  Әлеуметтік  қолдауды  қажет  ететін  балалар  үшін  мектепте  тегін 

тамақтану,  саяхаттар,  облыс  орталығына  және  республикамыздың  астанасы  – 

Астана  қаласына  сапарлар  ұйымдастырылды,  қала  сыртындағы  балалар 

лагерьлеріне тегін және жеңілдікті жолдамалар бөлінді.  

Қамқоршылық  кеңестері  өзін-өзі  басқару  органы  ретінде  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  Үлгілік  ережелеріне 

және оны сайлау тәртібіне сәйкес құрылған [6].  

Білім беру органдары мен ұйымдары өз жұмысында 2009 жылдың қараша 

айында  Алматы  қаласында  «Қамқоршылық  кеңестері  және  Түлектер 

ассоциациясы  білім  беру  жүйесінде  қоғамдық-мемлекеттік  басқарудың  жаңа 

формасы  ретінде»  тақырыбында  өткен  республикалық  дөңгелек  стол 

материалдарын басшылыққа алады. Аталған шарада қамқоршылық кеңестерін 

және  Түлектер  ассоциациясын  құру  арқылы  жұртшылықты  білім  беруді  бірге 

басқаруға тарту қажеттілігімен байланысты мәселелер қаралды.  

Республикалық дөңгелек стол қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Орта білім 

департаментімен  облыстық,  Астана  және  Алматы  қалалық  білім 

басқармаларына  жұмыста  пайдалану  үшін  «Білім  беру  ұйымдарында 

қамқоршылық  кеңестерін  құру  және  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік 

ұсыныстар»,  Алматы  қаласы  білім  басқармасы  «№  79  гимназия»  мемлекеттік 

мекемесінің  қамқоршылық  кеңесі  туралы  ереже»,  «Гимназия  түлектері 

ассоциациясы» қоғамдық қоры туралы ереже» жобалары жолданды [7].  

2010 жылы Алматыда республикалық дөңгелек стол ұсыныстарын жүзеге 

асыру мақсатында № 79 гимназияда, № 175 мектеп-гимназияда қамқоршылық 

кеңестері мен № 12  және 105  гимназияларда  Түлектер  ассоциацияларын  құру 

бойынша  пилоттық  жобалар  жұмысын  бастады  (Алматы  қаласы  білім 

басқармасы бастығының 05.01. 2010 ж. № 1 бұйрығы).  

Пилоттық  жоба  қорытындысы  бойынша  ата-аналар  арасында  сауалнама 

жүргізілді.  Сауалнамаға  қатысқан  ата-аналардың  басым  көпшілігі 

қамқоршылық  кеңестерін  құру  туралы  ұсынысты  қолдады.  «Мектепте 

19 

 



қамқоршылық кеңесі не үшін қажет?» сауалына жауап беруде ата-аналар келесі 

критерилерді  анықтады:  1)  Білім  беру  сапасын  бақылау.  2)  Материалдық 

мәселелерді  шешуде  және  қаржы  қаражатын  бөлуде  көмек  көрсету.  3) 

Мектептің материалдық жағдайын және абаттандыруын жақсарту. 4) Мектепті 

басқаруға  қатысу.  Сондай-ақ  ата-аналар  комитетінің  қызметі  аясындағы 

мәселелер аталды. Қамқоршылық кеңесі құрылған күнде де ата-аналар комитеті 

өз қызметін тоқтатпайды.  

Республиканың көптеген мектептерінде құрылған қамқоршылық кеңестері 

қызметін  зерттеу  және  талдау  мақсатты  бағдардың  екі  тобын  көрсетуге 

мүмкіндік берді:  

Мақсатты бағдардың бірінші тобы нақты білім беру ұйымының білім беру 

бағдарламасын дамытуды қолдауға байланысты;  

Екінші  топ  білім  беру  ұйымында  жеке  мәселелерді  шешуге  байланысты 

(сапарларға  шығу,  костюмдер  сатып  алу  және  т.б.),  мектепке  материалдық 

көмек көрсету және т.б.) іс-шаралар өткізу.  

Қамқоршылық  кеңесі  көбінесе  білім  беру  ұйымы  қызметінің  тиімділігін 

арттырумен  байланысты  мәселелерді  шешуге  бағдарланады.  Мысалы,  білім 

беру мекемесіне бюджеттен тыс қаражатты тарту, білім беру ұйымының төлем 

қабілеттілігін көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу және т.б. ең көп тараған мақсатты 

бағдарларлар болып табылады.  

Жоғарыда  айтылғандар  негізінде  осы  кеңестер  қызметінің  іс  жүзіндегі 

басты екі тобын көрсетуге болады:  

Қызметтердің  бірінші  тобы  бюджеттен  тыс  қаржыны  тартумен  және 

олардың игерілуіне бақылау жүргізумен байланысты;  

Қызметтердің  екінші  тобы  қоғамның  білім  берудегі  әлеуметтік 

тапсырысына  және  білім  беру  жүйесінің  мазмұндық  аспектісіне  байланысты 

бағдарланған.  

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  қамқоршылық  кеңестері  қызметін 

ұйымдастыруға  жүргізілген  мониторинг  көрсеткендей,  мектептердегі 

қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  басты  тақырыбы:  дарынды  және  аз 

қамсыздандырылған  балаларды  қолдау,  түрлі  үйірмелер  мен  секциялар  ашу, 

балалар  мен  жасөспірімдер  үшін  акциялар  ұйымдастыру  және  өткізу,  сол 

сияқты мектепте инновацияға қолдау көрсету болып табылады.  

Қамқоршылық  білім  беру  бағдарламаларын,  мектеп  бюджетін,  яғни  осы 

келісілген бағдарламаның бағасын ұйғаруда және т.б. белсенділік танытады.  

Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланған  педагог  қызметкерлердің, 

ата-аналардың және жұртшылықтың жарияланымдары мен сөйлеген сөздерінің 

талдауы  қамқоршылық  кеңесі  құрамына  қаланың  (ауданның)  құрметті 

азаматтары,  демеушілер,  ата-аналар  жұртшылығының  өкілдері,  басшылар, 

қоғамды  оның  пікірі  қызықтыратын  адамдар  енуі  тиіс  екенін  көрсетіп  отыр. 

Бұлар  –  танымал  ата-аналар,  іскерлер,  мәдениет  қайраткерлері,  сондай-ақ 

өздерінің өмірлік ұстанымдарымен қызықтыра алатын, балалар еліктеп жүрген 

«жұлдыздар» болуы мүмкін.  

Қамқоршылық  кеңестері  мектеп  пен  қоғам  арасындағы  буын  болуы  тиіс, 

20 

 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау