Руководство. Астана: Национальная академия образования им. И



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата25.11.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

қызметін  ұйымдастырудың  талдауы;  білім  беру  ұйымдарында  қамқоршылық 

кеңестері қызметін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар берілген.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 




Қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастырудың қазақстандық және 

шетелдік тәжірибесін зерттеу  

 

Қазақстандағы  қамқоршылық  кеңестері  мазмұны  жағынан  білім  беру 

ұйымдарын  басқарудың  жаңа,  прогрессивті  формасы  болып  отыр.  Жаңа 

құрылымдарға  мектептің  стратегиясын  анықтауды  жүктейді,  басшылық 

қызметтерге мамандарды тағайындайды, сондай-ақ қаржы қызметін бақылауға 

кеңес береді.  

Білім  беру  ұйымдары  қамқоршылық  кеңестерінде  ата-аналар 

жұртшылығы,  үкіметтік  емес  ұйымдары,  бизнес  өкілдері  және  педагогтардың 

өздері қызмет етеді.  

Назарбаев  Университеті  қамқоршылық  кеңесінде  Жоғары  қамқоршылық 

кеңесінің  мүшелері  алдында  сөйлеген  сөзінде  Қазақстан  Республикасының 

Президенті басшылық тарапынан өтініш пен өкім күтіп отырудың қажеті жоқ 

екеніне  баса  назар  аударды.  Қамқоршыларға  өте  маңызды  міндет  жүктелді, 

сондықтан  олар  проблеманы  өздері  тауып,  байыбына  баруы,  шешімін  табуы 

және көмек көрсетуі тиіс.  

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  «басқарудың  мемлекеттік-қоғамдық 

жүйесін»  құру  мақсатымен  қатар  «білім  беру  ұйымдарындағы  қамқоршылық 

кеңестерінің үлесін 2015 жылы 45%-дан 2020 жылы 60% - ға арттыру» міндетін 

белгіледі [1].  

Бағдарлама  Қазақстандағы  білім  беруді  басқаруда  қамқоршылық 

кеңестеріне  жұртшылықты  тарту  ісінде  басты  механизм  рөлін  белгіледі. 

«Қамқоршылық  кеңес  қызметінің  және  оны  сайлау  тәртібінің  үлгілік 

ережелері» (2007 ж.) қамқоршылық кеңестерін құруды және қызметін реттейтін 

ереже болып табылады [2].  

Қамқоршылық  ұғымы  қолдаушылық,  қамқорлық  мағынасын  білдіретіні 

бәрімізге белгілі.  

Ешбір  мемлекетте  және  ешқандай  қоғамдық  құрылыста  оқу  орындарын 

жоғары  деңгейде  ұстап  тұру  мүмкін  болмаған  шығар.  Бұрынғы  кезде 

қамқоршылық  кеңестері  көпестерден,  шонжарлар  мен  губернаторлардан, 

жоғары  деңгейлі  шенеуніктерден  тұрды.  Кейбір  қазақстандық  отбасыларда 

бүгінгі  күнге  дейін  әжелерінің  мектеп  директорымен  бірге  қаланың  құрметті 

азаматтары – қамқоршылық кеңесінің мүшелері қол қойған орта білім туралы 

аттестаты сақталған.  

Бүгінгі күні Қазақстанда мектептер жанында 3259 қамқоршылық кеңестері 

бар.  Олардың  көпшілігі  Үлгілік  жоспарға  сәйкес  мектеп  ұйымы  жанындағы 

өзін өзі басқару органы ретінде ресімделген. Жеке қамқоршылық кеңестер ҚР 

қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  жеке  заңды  тұлға  түрінде  қоғамдық  қор 

немесе бірлестіктер ретінде құрылған.  

Қамқоршылық  кеңестерінің  жұмыс  істеуі  нәтижесінде  мектептер  үшін 

істің кең аясы ашылады. Мектеп бюджеті үш бөлімнен тұратын болады. Бірінші 

бөлім – негізгі, яғни стандарттарды ұстау, екінші – ғимаратты ұстау. Үшінші – 

 



гранттар  –  бұл  ынталандыру  бөлімі.  Жыл  бойы  атқарылған  жұмыстың 

қорытындысы балдық жүйе бойынша шығарылады, егер мектеп жақсы жұмыс 

атқарса, қосымша гранттар бөлінеді.  

Қамқоршылық кеңестері қызметінің талдауы көрсеткендей, қамқоршылық 

кеңестерінің  ұйымдастырушылық-құқықтық  формасы  білім  беруді  басқару, 

қаржы  тарту  және  мектептердің  қаржы-шаруашылық  қызметін  бақылау, 

жұртшылықты орта білім беру ұйымдарын басқару ісіне қатысуға ынталандыру 

мәселелері  бойынша  бірқатар  қиындықтарды  басынан  өткеріп  отыр.  Оларды 

жою  үшін  қамқоршылық  кеңестері  институтын  нормативтік-құқықтық 

қамтамасыз  етуге  өзгерістер  енгізуді  талап  етеді.  Қазақстанда  қамқоршылық 

кеңестері қызметін одан әрі оңтайландыру жөнінде шешім іздестіру таяу және 

алыс  шетелдердегі  қамқоршылық  кеңестері  институтын  құру  және  даму 

тәжірибесін зерттеуді қажет етеді.  

Келесі проблема жұртшылыққа қамқоршылық кеңестері туралы ақпаратты, 

олардың  қызметі,  құру  тәртібі,  олардың  білім  беру  ұйымдарындағы  мақсаты 

мен рөлі туралы хабарлау проблемасы.  

Өкінішке  орай,  біздің  елімізде  көп  жағдайда  қамқоршылық  кеңестері 

қызметін ұйымдастыру қосымша және материалдық қаржыны тарту механизмі 

ретінде  қарастырылады,  ал  шет  елдерде  қамқоршылық  кеңестері  айтарлықтай 

өкілеттігі бар басқару органдарының бекім орнын алған.  

Білім беру ұйымдары арасынан қамқоршылық кеңестері қызметінің жақсы 

тәжірибесі  бар  Шығыс  Қазақстан  облысы  №  1  Жезкент  орта  мектебін  атап 

көрсетуге болады. Бұл мектепте мектеп дамуына қажет неғұрлым көп ресурстар 

тартуы үшін қамқоршылық кеңестері мен демеушілердің өзара шығармашылық 

қарым-қатынасы  қалыптасқан.  Қатысу  үшін  мысалы,  агороқұрылымдар  мен 

кәсіпорындардың басшылары шақырылады. Олардың көпшілігі қамқоршылық 

кеңестерімен  белсенді  түрде  жұмыс  жүргізе  бастады  және  айтарлықтай 

материалдық қолдау көрсетуде. Қамқоршылық кеңестер пилоттық жоба ретінде 

құрылған  Алматы  қаласындағы  бірнеше  мектептің  іс-тәжірибесі  құптауға 

тұрарлық.  Мысалы,  №158  мектептің  қамқоршылық  кеңесі  болып  табылатын 

«Үміт»  қоғамдық  қоры.  Сол  сияқты  Алматы  қаласындағы  №  175  мектеп-

гимназиясының,  Қостанай  қаласындағы  физикалық-математикалық  лицейдің 

іс-тәжірибесі  қызықты.  Ақмола  облысы  Аршалы  ауданы  Арнасай  ауылы 

Вячеслав  орта  мектебі  қамқоршылық  кеңесінде  «Ақ  бота»  қоғамдық  қоры, 

әкімшілік  құрылымдар  (ауыл  әкімі),  Ардагерлер  кеңесінің  мүшелері, 

амбулатория, клуб, бала бақша басшылары, әскери бөлімдердің өкілдері бар.  

Мысалы,  «Ақ  бота»  ҚҚ  тек  мектеп  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  жергілікті 

жұртшылыққа қажет жобаға, мысалы, балаларға ғана емес, сол сияқты олардың 

ата-аналарына, ауылдың барлық тұрғындарына қызмет көрсететін физио‐ және 

стоматология кабинеттеріне жабдықтар алу үшін тиісті гранттар іздестіруде.  

«Пар  айдайтын жердің  топырақты  қорғаудың баламалы  табиғатты сақтау 

технологияларын  көрсету»,  «Тұқымдық  картофельді  мерестемдік  технология 

бойынша  өсіру»,  «Вячеслав  ауылының  табиғи  ауыз  су  көздерін  сақтау»  және 

т.б. жобалар мектепке елеулі қаржы түсірді. Бірақ бұл тек қаржы ғана емес – 

 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау