көрсетілген.
Әлеуметтік және білім беру қызметінің заманауи қазақстандық жүйесін
қалыптастыру проблемасын шешудегі, ұқсас шетелдік және отандық
тәжірибені зерттеудегі жаңа кезең өткен ғасырдың 90-жылдарының басына
сәйкес келеді. Бұл кезең әлеуметтік қызметтің проблемалары жөніндегі
бірқатар теориялық-әдіснамалық және қолданбалы жұмыстармен, мемлекеттік
мекемелер жанынан қоғам өкілдігі институттарын құру арқылы мемлекет және
азаматтық қоғамның өзара әрекеттесу практикасының тәжірибесі баяндалған
талдау материалдармен толықтырылды (НЗМ қамқоршылық кеңестері).
Зерттелетін проблема қимасында білім беру және әлеуметтік қорғау
салаларында жаңа басқару технологияларының мәнін және мазмұнын ашуға
бағытталған ғылыми еңбектер де қарастырылған. Осы салада С.И. Григорьев,
Л.Г. Гуслякова, В.И. Жуков, Э.Г. Зайнышев, Т. Шаниннің еңбектері көпшілікке
белгілі және танымал болды.
Қамқоршылық кеңестерінің құрылу мәселелері ҚР Білім және ғылым
министрлігі арнайы дайындаған бірқатар нормативтік құжаттарда көрініс
тапқан.
Соңғы жылдары білім беру саласында қамқоршылық кеңестерінің саны
айтарлықтай артты. Қамқоршылық кеңестерінің қызмет етуі білім беру
процесіне және шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына сәйкес нақты
аймаққа қолдануға болатын білім берудің объективті және жан-жақты, соның
ішінде түрлі, арнайы қызметін анықтауына ықпал етеді.
Осы сияқты ықпалдың әсері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және
ғылыми-техникалық өзгерістерге сәйкес келеді.
Бүгінгі таңға дейін Қазақстанда қамқоршылық кеңестері қызметінің мәні
заң жүзінде жеткілікті ресімделмеген.
Қамқоршылық кеңестерінде бірыңғай нормативтік-құқықтық негіз
болмауы салдарынан қамқоршылық кеңестеріне кіруге жұртшылық өкілдерін
тартуға ықпал ете алмау – оның қызметінің тиімділігін төмендетуге себеп
болып отыр.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарда қамқоршылық кеңестерінің жалпы
мәселелері және қызмет ету принциптері баяндалған. Қамқоршылық
кеңестерінің ұйымдастыру-құқықтық формасы, функционалдық міндеттері,
кеңесті ұйымдастыру тәртібі жөніндегі нақты ұсынымдардың болмауы, сол
сияқты қамқоршылық кеңестерінің қызметінде кездесетін өзіндік мәселелердің
болуы олардың жұмысын жандандыруға ықпал етпей отыр.
Ғылыми әдебиеттерде және нормативтік құқықтық актілерде
«қамқоршылық кеңес» түсінігіне бірыңғай, жалпы жұрт таныған анықтама жоқ.
Жоғарыда баяндалған материалдар негізінде келесі қорытынды жасауға
болады: қамқоршылық кеңестерін ұйымдастыру проблемасын шешу
қамқоршылық кеңестерінің қызмет етуінің тиімділігін арттыратынын тарихи
тәжірибе көрсетіп отыр. Революцияға дейінгі Қазақстандағы қамқоршылық
кеңестері қызметінің тиімділігі көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік
уәждің болуымен келісілген. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылық кеңестері
16
жұмысына қатысуы арқасында түрлі жеңілдіктер және балаларын оқу
мекемелерінде оқыту мүмкіндігін алды.
Сонымен,
жұмыстың
теориялық-әдіснамалық
негіздерін
Л.С.
Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы – адам санасының онтогенезде
әлеуметтік-тарихи келісілгендігі және ересектермен ынтымақтастықта
әлеуметтік-мәдени тәжірибені тасымалдаушы ретінде интериоризация
жолымен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру туралы ереже,
тұлға дамуындағы тарихи-эволюциялық тәсілі (А.Г. Асмолов) және М.И.
Лисинаның онтогенезде баланың қарым-қатынасын дамыту туралы: басқа
адамның бейнесін және өзіндік «мен» құрастырудағы туыс ересектің рөлі
туралы жұмыстар құрады.
17
3 Қамқоршылық кеңестері жұмыстарын ұйымдастырудың аумақтық
ерекшеліктері
Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беруді басқарудың
мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру жағдайына түзетулер енгізеді.
Жалпы орта білім беру ұйымдарын басқаруға жұртшылықты қатыстыру
міндетін шешу үшін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында
қамқоршылық кеңестерін құру болжанған [5].
Басқарудың мемлекеттік-қоғамдық механизмдерін дайындауға қойылатын
талаптар мемлекет пен қоғамның заманауи отандық үрдістерімен баяндалды, ол
балалар мен жастарға білім беру саласында көрсеткішті жақсарту үшін
мемлекеттік, жеке және азаматтық тұлғалар арасында тығыз шығармашылық
міндетін бірінші орынға қояды.
Осындай өзара әсерлесу нәтижесінде күтіледі:
−
білім беру қызметінде қоғамдық қатысу институттарын дамыту;
−
білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыру;
−
білім беру аясының инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Ата-аналар қазіргі күні мектеппен өзара әрекеттесе отырып, «тұтынушы»,
«қайырымгер», «серіктес» рөлдерін атқаратынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Тұтынушы – бұл білім беру ұйымының қызметін пайдаланатын адам.
Қайырымгер – бұл білім беру ұйымына ерікті түрде ақшалай, заттай және
басқа да қайырымдылық көмек көрсетуші.
Ата-аналардың мектеппен қарым-қатынастағы басты рөлі – серіктестік.
Серіктес-ата-аналар мектеп стратегиясын құруға, оны іске асыруға және
қол жеткізген нәтижелерге мониторинг жүргізуге қатысады.
Серіктестік – білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін
қалыптастыру шартының бірі және білім беруді 2010-2020 жылдар аралығында
дамытудың бір мақсаты болып табылады.
Аумақтардағы білім беру органдары деректерінің талдауы төмендегіні
көрсетіп отыр: қамқоршылық кеңестері республиканың 3259 мектебінде
құрылған және ол жалпы мектептердің санының 44,1% құрайды (2011-2012 оқу
жылында – 2666 мектеп және 35,7% құрады).
Жеке облыстар бойынша қарастырсақ: Ақтөбе облысында 344, ШҚО - 632,
БҚО - 310, Жамбыл - 135, Қарағанды - 539, Қызылорда - 231, Павлодар - 356,
СҚО- 519 мектепте қамқоршылық кеңестері құрылған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында сәйкес
қамқоршылық кеңестері жалпыбілім беру ұйымдарын алқалы басқару
формаларының бір түрі, оларға тағы бұлардан басқа педагогикалық,
мұғалімдер, оқушылар кеңестері, ата-аналар комитеті, мектеп кеңесі кіреді (1
сурет).
Мектептің отбасымен, ата-аналар комитетімен, социуммен ынтымақтас-
тығының жақсы көрсеткіші жалпы білім беретін мектептерде қамқоршылық
кеңестерін құру болып табылады.
Қамқоршылық кеңестері қызмет ететін оқу орындарында келесі оң
18