Ашық сабақ жоспары



жүктеу 91,45 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі91,45 Kb.
#2799
түріСабақ

Ашық сабақ жоспары:

Пәні: Информатика

Тобы: Ш-09, В-09

Күні, айы, жылы: 15.10.2009 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу. Оқушылардың ғылым мен техникада қолданылулары туралы алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, жалпылау.

Дамытушылық: Өтілген материалдардан негізгілерін ала отырып, оны жалпылап, жүйеге келтіру дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушылар белсенділігін арттыру, өзіне өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету, білім сапасын арттырып пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды хабарлау

Сабақтың түрі: Білімдерді талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютердегі слайд, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

ә) түгендеу



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен материалды пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Ақпараттың неше деңгейі бар

  2. Мәліметтер жиынтығын атап өт?

  3. Ақпарат қалай тасымалданады?

  4. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит – байт)

  5. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)

  6. Ақпараттың енгізу құрылғысы (пернетақта)

  7. Сурет салуға арналған программа aint)

  8. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)

  9. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)

  10. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына қауіпті (монитор)

  11. Компьютердің жанына өсірілетін өсімдік (кактус)

  12. Компакт дискіні оқитын құрылғы (CD - ROM)

13.Ең алғашқы электронды есептеуіш машинаны шығарған ғалым (Джон Неймен)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Өтілетін бөлім бойынша теориялық материалдарды қайталау және талдап қорыту

Өнімділікті арттыру. Компьютер өнімділігі – салыстырмалы шама. Алдымен, компьютердің жұмыс істеу қабілетінің сізді қаншалықты қанағаттандыратынын анықтап алу қажет. Компьютер жылдамдығын спорттық мүддеге байланысты арттыруға болмайды. Себебі, әрбір компьютердің өзіндік (кішкентай) аз ғана қоры болады. Бірақ ол қор компьтердің тианақты жұмысы үшін ғана қажет. Егер қандай-да бір құрылғы өте жоғары қуаттылықпен жұмыс істемесе, оған ешқандай салмақ түспейді. Яғни, бұл оның ресурсын арттырып, қателесу ықтималдығын азайтады. өндірушілер заводында тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін арнайы параметрлердің орта мәндері беріледі. өнімділігін тек қабілеті төмен машиналарда арттыру ұсынылады. Бірақ жиілігі 1700 МГц және одан жоғары болатын процессорлардың өнімділігін арттырмаған жөн. Мұндай компьютерлер жылдам жұмыс істейді және жұмыс барысындағы қателерді бірден экранға шығарып тұрады.

BIOS – тің барлық түрі компьютерлер жылдамдығын арттыруға мүмкіндік бермейді. Түрлі баптаулары минималды болатын BIOS – тардың өнімділігін арттыру мүмкін емес.

BIOS – тың бөлек версиялары баптау түрлерінің көптілігімен ерекшеленеді. Мұндай баптаулар тұрақты құрылғылар моделіне қарай компьютерлер өнімділігін 10-30% - ке арттырады.

Енді өнімділікті жоғарылатудың барлық мүмкін жолдарын қарастырайық..

Біріншіден, барлық құрылғылар арасында берілгендерді беру жылдамдығын арттыру керек. Берілгендерді беру жылдамдығына жүйелік плата ичпсеті және винчестер әсер етеді. Сондықтан чипсет пен винчестерді баптау керек.

Екіншіден, оперативті жадыға көңіл бөлу керек.

Үшіншіден, орталық процессор барлық тапсырмаларды орындау жылдамдығына басты әсерін тигізеді. Процессордың тактілік жиілік көлемі компьютер жұмысының жылдамдығын анықтайды.

Енді өнімділікті арттыру үшін жоғарыда айтылған құрылғылар баптауларына қандай өзгерістер енгізу керектігін анықтайық.



Жүйелік плата чипсеті. Алдымен чипсет жұмысының автоматты түрде баптау опциясын өшіру керек. Содан соң құрылғылар арасында мәліметтерді берудегі пакеттік режимге рұқсат беретін барлық опцияларды қосу керек. Пакеттік режим ақпараттарды бір ізділік тізбектермен емес, ал бүтін блоктармен беруді қамтамасыз етеді. Бұдан кейін барлық күту тактіледің мағыналарын минимальді түрде орнату қажет.

Винчестер. Егер сізде орнатылған винчестеріңіздің жылдамдығы баяу болса, онда басқа құрылғыларды баптау керекті нәтиже бермейді. Баяу қатты диск өнімділікті арттыруға мүмкіндік бермейді. Винчестерді баптау кезінде ең алдымен, берілгендерді беру пакеттік режимін қосу керек. Одан соң Bus - Master режимін іске асыру қажет. Мұнда винчестер орталық процессор назарын аудармай, мәліметтер беру процесін винчестер жеке басқарады. өкінішке орай винчестердің барлығы Bus - Master режимін қолдамайды. Қатты диск жұмысын жеделдету үшін басқа баптаулар болмайды.

Оперативті жады. Алдымен, автоматты түрде баптауды өшіру керек. Одан соң қателерді коррекциялау опциясын (ЕСС) өшіру керек. Бұдан кейін оперативті жадыны кэштеуді қосу керек. Кэш – жады жиі қолданылатын берілгендерге кіруі тездетеді. Күту және кешігудің барлық тактілердің мағыналарын минимумге дейін азайту керек. Жады ұяшықтарына кіру уақытын белгілі бір дәрежеде азайту керек. Мысалы, кіру уақыты 8 нс бдолса, онда оны 7 нс етіп өзгерту қажет. Бұл регенерация режимі болып табылады.

Регенерация. Бұл жады ұяшықтарын қоректендіретін, конденсатордың электрлік зарядын жаңалау. Егер ұяшық зарядын әлсін - әлсін жаңалап отырса, ол азайып, 0-ге жақындайды. Бұдан, ұяшық онда сақталған ақпараттарды жоғалтады. Мұндай жағдай орын алмас үшін, компьютер әрбір ұяшықтың электрлік потенциалын үнемі қалпына келтіріп отыру керек. Егер регенерацияны өте көп орындаса, жады жұмысы баяулайды, яғни регенерация кезінде ұяшыққа кіру жолы жабық болады. Керісінше, сирек регенерациялар берілгендердің жоғалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан алтын ортасын табу маңызы зор. Өнімділікті арттыру үшін регенерацияны сирек орындауға тырысу керек. Оперативті жадыны баптау процессінде параметрлердің барлығын бірден емес, рет-ретімен, компьютерлер жұмысының тұрақтылығын әр кез тексере отырып өзгерту керек.

Орталық процессор. Орталық процессор жұмысының жылдамдығын жүйелік шина (FSB)жиілігін үлкейту арқылы немесе көбейту коэффициенті арқылы арттыруға болады. Процессордің тактілік жиелігі = жүйелік шина жиілігі көбейту коэффициенті. Мысалы, 1900 МГц = 100 МГц * 19 көбейткіштердің біреуін бірден өзгертуге болмайды. Мысалы, 100 жиіліктің орнына 133-ті бірден орнатуға болмайды. Кері жағдайда компьютерлер мүлдем қосылмауы мүмкін. Параметрді 1 қадамға ғана өзгертіп, компьютерлер жұмысының тұрақтылығын тексеріп отыру керек.

Жұмыстың тұрақтылығын тексеретін универсальді тест бар. Program Files бумасының көшірмесін жасау керек. Win RAR архиваторын іске қосып, максималды қысу әдісі арқылы архиваторда бума көшірмесін қысу керек. Қысу аяқталған соң Win RAR – дың негізгі терезесіндегі ТЕСТ батырмасын басу керек. Егер тест дайындалған архивтен қате таппаса, онда компьютер тұрақты жұмыс істейді. Архивтегі қателер компьютер жұмысының тұрақты еместігін білдіреді.

Тактілік жиілікті жоғарылатудан басқа процессордың кэш – жадысын баптауға болады. Кэш – жадының жұмысын тлүзету үшін қателерді коррекциялау функциясын өшіру керек. Көбіне Celeron кіші кэш – жадысы мұндай режимді қолдануға мүмкіндік бермейді, сондықтан барлық берілгендер рет – ретімен тізбек бойынша беріледі. Сондықтан, біз дербес компьютердің онімділігін арттырудың барлық негізггі жолдарын қарастырдық. Кейде құрылғылар жұмысының жылдамдығын арттыру үшін процессор қоректенуін қуаттылығын чипсетті, оперативті жады модульдерін арттырады. Қуаттылықтың артуы құрылғылар жұмысын біраз жеделдетеді. Бірақ әрбір қуаттылықтың артуы жоғары дәрежеде жылу бөлумен қатар жүзеге асады. Қызып кету – компьютердің қас жауы болып есептеленеді. Сондықтан бұл әдіс арқылы компьютерді іске қосу үшін салқындату жүйесінің қуаттылығын арттыру керек. Алдымен, жүйелік блоктың корпусына қосымша сорып алатын вентилятор орнатып алу керек. Содан соң орталық процессордың кулерін қуатты мыстан жасалған радиатормен алмастыру керек.

Орталық процессорде қоректену қуаттылығын 0,05 В қадаммен 0,1 В-тан жоғары арттыруға болады. Процессородың номиналды қуаттылығын – 1,75 В деп алайық. Эксперименттің 1-күні 1,75+0,05=1,8В мәндерін береміз және компьютерді бір аптадан кем қолданбай, температурасын жиі тексеріп отыру керек. Процессор температурасы датчик арқылы тексеріп отырады. Осындай мониторинг нәтижесін BIOS – ң Hardware Monitor бөлігімен көруге болады. Орталық процессор температурасы 65 С-дан жоғары болмауы керек. Sisoft Sandra программасы арқылы температураның нақты мониторингін жасауға болады. Егер процессор температурасы 51 С-дан төмен болмаса, онда бір аптадан соң қоректену қуаттылығын тағы 0,05 В-қа арттыру керек, яғни соңғы арттыру 0,1 В-тан аспауы тиіс. Қайтадан бір апта ішінде температураны бақылау қажет. Температура 65 С-тан асқан соң қуаттылықты алдыңғы көлеміне азайту керек.

Жүйелік плата чипсетінің қуаттылығын 0,3 В-қа арттыруға болады. Қуаттылығын орталық процессордағыдай 0,05 В қадаммен, рет – ретімен арттыру керек. Қуаттылықты арттырған соң жүйелік плата температурасын Hardware Monitor: MB Temperature блөлімімен бақылап отырады. Ол 42 С-тан аспауы керек.

Оперативті жады модулінің қоректену қуаттылығын BIOS – та белгілі бір қадаммен өзгерту керек. Өе жоарғы қуаттылық. Жадының бірнеше ұяшығын жандырып жіберуі мүмкін. Ол жұмысқа жарамсыз болып қалады. Бірнеше жарамсыз ұяшық компьютер жұмысының бұзылуына, жиі қателесуіне әкеледі, сондықтан оперативті жады қттылығын өзгертпеген жөн. Біз BIOS баптауының көмегімен компьютердің өнімділігін арттырудың негізгі жолдарын қарастырдық. Бұл құрылғылардың нақты баптаулары осы кітаптің келесі бөлімдерінде жазылған. Онда сіз BIOS – тің сізге келетін версиясын тауып, керекті өзгертулеріңізді орындай аласыз.



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Ал енді өткен материалдар бойынша мына деңгейлік тапсырманың сұрақтарына жауап беріп көріңдер:


I деңгей:

  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?

II деңгей



  1. Оперативті жады не үшін қажет?

  2. Порттар дегеніміз не?

  3. Ақпаратты енгізу құрылғыларын атаныз?

III деңгей



  1. Амалдық жүйе не үшін арналған?

  2. Дыбыстық тақша қайда орналасқан?


ІҮ. Үй тапсырмасы: «Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер».
Ү. Сабақты қорытындылау. Сонымен компьютер құрылғылары ішкі және сыртқы құрылғылары болып бөлінеді. ІВМ РС негізгі құрылғылары жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір, колонка болып табылады.
ҮІ. Оқушыларды бағалау: Осы тақырып бойынша төменде көрсетілген оқушыларды бағалау:


Қызылорда облысының Білім басқармасы

Қызылорда «Қызмет» колледжі

«Бекітемін»

Колледж директорының

оқу- ісі жөніндегі орынбасары

________ Мырзағалиева Р.Б.

«__» ________ 2009жыл


АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер»

Математика, информатика және техникалық пәндер

Бірлестігінің жетекшісі: Қарақұлова С.Е.

Оқытушы: Қарақұлова С.Е.

Оқу тобы: Ш-09, В-09



Курсы: І

Қызылорда, 2009 жыл
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Комардинов О. Информатика

  2. Жаппарова Ж. Информатика негіздері

  3. Балафанов Е.К. Информатика 30 сабақ

жүктеу 91,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау