Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау конституциялық заңдылықтың басты талабы



жүктеу 24,17 Kb.
Дата14.02.2023
өлшемі24,17 Kb.
#41298
Отбасылық зорлық зомбылық профилактикасы


Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. 
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады [1, 1 бет].
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. 
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. 
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады [2, 1-2 бет].
Зорлықтың түрлері: 
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; 
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық; 
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу; 
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Физикалық жағынан көңіл қоймау дегеніміз дер кезінде балаға медициналық көмек көрсетпеу, баланы үйден шығармау, тамақтандырмау келеңсіздіктері жатады. Эмоционалдық көңіл қоймауға, баланың көзінше ата-аналардың ұрыс-керіс шығарып төбелесуі, ішімдік ішіп, темекі шегулері жатады. Физикалық зорлық-зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірленудің бір түрі. Осы жәбірленуде көбінесе отбасында баланы ұрып-соғу жағдайлары жиі кездеседі. 
Сондай-ақ, ата-ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы да зорлық көрсету белгілері білінеді. Физикалық күштеу кезеңінде ата-аналар көбінесе баланың денсаулығында ақаулық бар деген 28 күдікте болады. Медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді. Алайда, психологиялық аурудың бұл түрі балада емес, ата-анасында деген қорытындыға келеміз. Эмоционалдық зорлық-зомбылық балаларда жеті түрлі жағдайда кездеседі: балаға деген жайсыздықты ата-ананың жоққа шығаруы; жеке қамауда ұстау; баланы бопсалау; елемеушілік; балағаттау; сөз жүзінде жүйкесіне тию; балаға қысастық көрсету; қазіргі таңда жоғарыдағы зорлық-зомбылықтардың он пайызы ғана хабарланғаны белгілі болып отыр. Бұл түрін сарапшылар баланың қорыққандығы мен үрейленгендіктен хабарланбайды деген қорытынды жасалып отыр [3, 2-4 бет].
Жыл сайын 25-қарашада бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы акциялар өткізеді. Міне, он жылдай болды, бұл күн зорлық-зомбылықты жою жөніндегі халықаралық күн деп танылған. Ал негізгі әйелдер құқығын қорғау болып табылатын ұйымдарға әлемнің 91 елінің өкілдері қосылды. Республиканың барлық аумағында осы акцияны қолдау мақсатымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі онкүндік» акциясы өткізіледі.
Бейкүнә балаға қатыгездік жасау тек психикалық ауруға ұшырағандардың қолынан келеді. Балаға зорлық-зомбылық таныту отбасылық жағдайларда жиі кездеседі. Бұған себеп ата-ананың ұрыс-керісі, ішімдік, есірткінің зардаптары. Балаларды ұрлап кетіп, оны саудалау, ауыр жұмысқа салып қою немесе дене мүшелерін сату факторлары жиі кездесіп отыр. Зорлық-зомбылық көрген баланың бойын үрей билейтіні анық, осындай қылмысты балалардың жасырып қалуынан, зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін болмай жатыр. Бала – еліміздің жарқын болашағы. Мұндай қатыгездіктердің алдын алып, балалардың өмірін қорғауымыз керек.
Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.
«Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн. Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанысыз» дейді халқымыз.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді [4].
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлықзомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаттары: 
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу; 
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау; 
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету;
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады. Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады. Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу; 
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды [5, 3-4 бет].
Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек [6, 2 бет].
Осы орайда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны бөлек екенін ұмытпаған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ата-анасынан қандай тәрбие алса болашағы да, өмірі де солай болады. Сондықтан баланың тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, айналасындағы теріс құбылыстар баланың өміріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ақыл-кеңесімен қоса, мектептегі ұстаздардың, қоғамның да тәрбиесі ауадай қажет.
Қазіргі қоғамда қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың күшейіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын көз көріп, құлақ есітіп отыр. Отбасылық ұрыс-керіс, әйел мен бала саудасы, адамдардың бір-бірін өлтіруі бәрі де әлемдегі шешімі табылмай келе жатқан мәселе. Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру үшін түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Бірақ бұл іс-шаралардан қатыгездік азаймай келеді. Әлемді зорлық-зомбылықсыз көз алдымызға елестетіп қарағанда, қандай болар еді?! Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.
жүктеу 24,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау