ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
59
өздерін қатыгездік көрсеткен ата-аналарына
қайтарғанын, болмашы шара қолданғанын неме-
се ешқандай шара қолданбағанын айтқан және
олар үшін тығырықтан шығудың жалғыз жолы
үйден қайтадан кету немесе қашу болған.
Кейбір жағдайларда баланы қорғау жүйесі
тіпті балаларды мекемеден шығарып, баланың
таңдаулы мүдделерін қорғамайтын туысына
қайта жіберген. Кейбір балалар/жасөспірімдер
туыстарының өздеріне (олардың туған балалары-
мен салыстырғанда) нашар қарағанын, баланың
мемлекет төлеген жәрдемақысын алып қойғанын
және оларды жұмыспен қанаушылыққа салғанын
айтып берген. Мысалы бір секс-жұмыскер ба-
ланы қорғау жүйесінің өзін қорғамағанын және
өзіне қатыгездік көрсеткен және жұмыспен
қанаушылыққа салған тәтесі мен көкесіне қайта
жібергенін айтқан. Ол өзінің секс-жұмыскер болу-
ына себеп болған жағдайды айтпағанымен, оның
бала кезінде алкогольге тәуелді анасымен бастан
кешкен тәжірибесі, әкесінің қайтыс болуы, балалар
мекемесіне орналастырылғаны, тәтесі мен көкесінің
қатыгездік көрсетуі, қараусыз қалдыруы және
жұмыспен қанаушылыққа салуы оның жыныстық
қанаушылыққа ұшырау жолын анықтауға мүмкіндік
береді (басқа бөлімде осы жас қыз осыған қоса өзін
төрт жігіттің зорлағаны туралы айтқан).
«Анам ішуді бастамай тұрғанда және азғын
жолға түспегенде жағдайымыз жақсы болған.
Оның маскүнем жаңа достары пайда болды. Ол
құрылыста сырлаушы болып жұмыс істейтін
және жұмыстан соң жиі ішетін, сөйтіп
маскүнемге айналды. Әкем өкпенің қатерлі
ісігімен ауырады, ауыр халде жатқан. Ол үнемі
маған және ініме қамқорлық жасайтын. Ол
менің жасым алтыда болғанда қайтыс болды.
Анам маскүнемге айналды, оны ата-аналық
құқығынан айырды. Інім екеумізді балалар үйіне
жіберді. Жарты жыл өткен соң тәтем мен
көкем мені балалар үйінен алып кетті, інімнен
айырды, тәтем қатыгез адам болатын. Мен
олардың үйіне барғым келмеді, бірақ мені алып
кетті. Мен туыстарымды бала кезімнен
білетінмін, мені балалар үйінен алып кеткенде
олар маған жақсы өмір сүретінімді, мектепке
баратынымды, киім мен тұрғын үй болаты-
нын уәде етті... Мен үйге келгенде бастапқы
кезде жағдайым жақсы болды, олар маған киім,
тамақ берді, менің құжаттарымды мектепке
тапсырды. Мен мектепке бара бастадым.
Менің тәтем қатыгез әйел болатын, ол мені
жақсы көрмейтін. Мен бір жыл бойы жақсы
өмір сүрдім, бірақ әпкем күйеуге шығып, басқа
ауылға кеткеннен кейін менің ауыр жұмыс
істеуім басталды. Тәтем маған өзін «ана»
деуге рұқсат бермеді. Ол мені қанаушылыққа
сала бастады. Мен сиыр саудым, екі шелектеп
су тасыдым, ағаш жардым, үйді тазаладым
және тамақ пісірдім, бірақ ешқандай алғыс
алмадым, олар тіпті маған ұсақ ақша да
берген жоқ. Мен сағыз немесе кәмпит алғым
келгенде оларды ұрлап алуға мәжбүр болдым.
Мен мектепте ештеңе сатып ала алмайтын
едім. Оған қоса, мен әпкемнің баласын бағуға
тиіс болдым. Мен тыңдамағанда немесе бір
нәрсені істемегенде олар мені ұратын, маған
ұрысатын және мені жиі қарғайтын. Біздің
көршілеріміз қайырымды адамдар еді, кейде
мен олардың балаларын бағып көмектестім,
олар маған тамақ беретін және қолдайтын.
Тәтем мені қуып жібергенде мен олардың үйіне
қонатынмын. Ұрыс-керіс, ұрып-соғудан соң мен
үйден біржола кетіп қалдым. Мен көршілердің
үйіне бардым, жас жұп мені үйлерін паналат-
ты. Әжем маған екі рет келді, ағаш жар деп
бұйырды, тіпті үйге қайтып кел деп ұсынған
жоқ. Тәтем мені балағаттап, менің туу туралы
куәлігімді беруден бас тартты, бірақ ол маған
16-ға толғанда төлқұжат алу үшін қажет еді.
Ол [тәтем] менің туу туралы куәлігімді бізге
сатпақ болды, оңбаған. Жас жанұя менің туу
туралы куәлігімді Әкімдік арқылы алды. Содан
соң олар менің қамқоршыларым ретінде
ресімделді. Мен бақытты өмір сүре баста-
дым, мектепке уақытылы бардым, таза киім
киетін болдым» (410, секс-жұмыскер, жыны-
сы–әйел, 18 жас)
ҚЫЗЫҚТЫруШЫ ФАКТОр: ТӘуЕЛСіЗ өМір
Сүру НИЕТі
3.11-кесте әлеуметтік жағынан осал балалардың
41%, адам саудасының құрбандарының 76%
және секс-жұмыскерлердің 84% тәуелсіз өмір
сүру ниетінің үйден кетуге қызықтырушы фак-
тор ретінде сипаттағанын көрсетеді. Сонымен
бірге сауалнаманың мәліметтері балалардың/
жасөспірімдердің өздерінің ата-анасының
бақылауынан тыс тәуелсіз өмір сүргісі
келгендіктен үйден кеткенін немесе қашып
кеткенін айтқанын көрсетті. Адам саудасының
бір құрбаны былай деген: «Мен жай ғана ата-
анамның бақылауынан құтылу үшін үйден
кеттім. Бостандықта жүргім келді.. Ата-анамның
бәріне тыйым салуы жалықтырды» (300, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 20 жас).
Оған қоса, секс-жұмыскер былай деген:
«Мен анаммен және әкеммен бірге тұрдым.
Ұрыс-керіс болған жоқ, бірақ мен үйден ке-
туге бел байладым. Мен тәуелсіз өмір сүргім
келді.... Менің әкем менің немен айналысаты-
нымды білмейді. Мен бостандықта жүргім
келді, тәуелсіз болғым келді, өмірдің барлық
қызығын көргім келді және не қаласам
Достарыңызбен бөлісу: |