ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
72
ол адам саудагерлеріне/сутенерлеріне жұмыс
істеуді жалғастырып жатқан еді.
«Мен жұмыс істеп ақша тапқым келді, ал
менің дос қызым маған мейрамханада да-
яшы болып жұмыс істеуді ұсынды. Мен
мейрамхананың қожайынымен таныстым,
ол жасы үлкен еркек болатын. Ол маған
мені сүйетінін және менсіз өмір сүре алмай-
тынын, менің ерекше екенімді айтатын.
Ол маған үйленуге ұсыныс жасады. Біз екі
апта ішінде барлық жерде болдық. Мен өте
бақытты едім. Менің достарым және барлық
қыздар мені оның оғаш адам екенін айтып
ескертті. Ал мен ақымақ едім, мен оларға
сенбедім. Жақсы, әдемі өмір туралы ойлар
менің көзімді байлады. Мен онымен келісіп,
жұмыстан кетіп қалдым... Мен оның есебінен
пәтер жалдап тұрдым... Бірақ ол мені сатып
жіберді, бұл адамдар да мені сатып жіберді,
Қарағандыдан Алматыға алып келді...
Дәлірек айтқанда олар мені баруға мәжбүр
етті және менің барлық құжаттарымды
алып қойды. Олар мен үішн билет сатып
алды және менімен бірге барды... Менімен
бірге тағы бір қыз болды, оның жасы 18-де
еді. Қазір ол мені алдаған жігітпен пәтерде
жұмыс істейді... Олар [сутенерлер] жай ғана
бізді күлкілі бағаға сатып жіберді. Мен тіпті
қанша екенін де білмеймін... «Мамка» бізді са-
тып алды, бірақ мен бұл туралы айта алмай-
мын, олар мені өлтіреді немесе маған басқа
жаман нәрсе жасайды... Олар мені еркектер-
мен ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуге
мәжбүр етті... Мен жұмысым үшін ақша
алған жоқпын...Мен тіпті бізге қанша ақша
жұмсайтынын білмеймін. Ол бізді сұлулық са-
лонына жібереді, онда менің шашымды бояй-
ды... «Мамка» бізді ешқайда жібермейді. Менің
олар туралы айтатын уақытым жоқ. Мені
клиент күтіп отыр, бұл біздің жұмысымыз.
Осы жерде менімен бірге 18 – 20 қыз жұмыс
істейді, жастары 15 –тен 30 –ға дейін. Менің
осында тұрғаныма және жұмыс істегеніме 10
ай болды. (393, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 18 жас)
Тағы бір оқиғада адам саудасының құрбаны
сауық кешінде ішімдік ішкеннен кейін өзінің
жігіті мен оның досы зорлағанын айтып берген.
Екі жігіт оны зорлағаннан кейін олар бірнеше
апта бойы қызды пәтерде қамауда ұстап, әртүрлі
еркектерге ақша үшін сатқан.
«Менің дос қызым мені өзінің туған күнін
жалданған пәтерде атап өтуге шақырды. Біз
тамақ жедік, ішімдік іштік, кальян шектік.
Мен мас болып қалдым. Мен өзімнің басқа
пәтерге жігітіммен қалай барғанымды
білмеймін, ол мені зорлаған, аяқтарым
көгеріп кеткен. Басым қатты ауырып
тұрды. Мен кеткім келді, оны оята баста-
дым, бірақ ол сыра ішті де, досына телефон
соқты, оған кел деді. Оның досы өте дөрекі
болатын, ол маған тиісті, сосын мені керу-
етке жатқызып, менің киімімді жұла баста-
ды. Мен айқайладым, бірақ ол мені бетімнен
ұрды, менің аузымды скотчпен жабысты-
рып қоятынын айтып қорқытты. Менің
жігітім осының барлығын ұялы телефонға
түсіріп алды. Сосын ол телефон соқты, сон-
да мен өзімнің қиындыққа тап болғанымды
түсіндім. Олар менің ұялы телефонымды
тартып алды. Қалай қашарымды білмей, мен
қабырғаны және радиаторды соға бастадым,
бірақ ешкім естімеді. Мен сол жерде екі апта
бойы болдым, күні-түні еркектер келіп мені
зорлады. Терезелер картонмен және перде-
лермен жабылған еді. Мен осының бәріне шы-
дамай өліп қаламын деп ойладым. Мен өзімнің
марқұм ата-аналарымның рухтарына және
құдайға көмектес деп жалындым. Мен тіпті
күндіз бе, түн де, ажырата алмадым» (442,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 19
жас)
«ЖҰМЫС БЕруШі АДАМ САуДАГЕріНің»
АЛДАуЫ
Басқа қыздар «жұмыс беруші адам саудагерінің»
алдағанын және жыныстық құлдыққа салғанын
айтып берген. «Жұмыс беруші адам саудагерлері»
әдетте қыздарды жұмысқа алады және оларға
заңды жұмыс беруді уәде етеді (мысалы
даяшының немесе сыпырушының жұмысын),
бірақ сосын оларды жыныстық құлдыққа са-
тады. Төменде берілген жауапта бір қыз жұмыс
берушінің өзін дәмханада тазалаушы болып
жұмыс істеуге алғанын айтып берген, алайда
біраз уақыттан кейін жұмыс беруші оны басқа
менеджерге табыстаған, ол оны қонақ үйге алған,
сонда ол еркінен тыс секс қызметтерін көрсетуге
мәжбүр болған.
«Мен дәмханаға жұмысқа тұрдым, еденді және
ыдыстарды жудым, олар мені «Золушка» деп
атайтын. Дәмхананың әкімшісі мені басқа
әкімшімен таныстырды, мен қазір оған
жұмыс істеп жүрмін. Қазір мен осында басқа
қыздармен бірге тұрамын. Қонақ үйде мені
әкімшіге табыстады, бірақ мені «Мамка»
[сутенер әйел] бақылап жүреді. «Мамка»
толығымен мені тамақпен, киіммен, жол
ақымен қамтамасыз етеді... Менің осы жер-
де жұмыс істегеніме 10 ай болды» (383, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 16 жас)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
73
Осыған ұқсас жағдайда тағы бір қыз
Қарағандыға өзінің дос қыздарымен бірге
жұмыс табу үішн келгенін айтып берген. Олар
қонақ үйдің бөлмелерін тазалаушы болып
жұмысқа тұрған, алайда біраз уақыт өткен соң
қонақ үйдің менеджері оларды қонақ үйдің ашы-
луына бес жыл толуына арналған кеште би биле-
уге көндірген. Сауық кешінен кейін олар қонақ
үйдің менеджерінің өздерін секс қызметтерін
көрсетуге мәжбүр ететінін түсінген. Сол уақыттан
бастап олар тазалаушы болып жұмыс істемеген,
қонақ үйде адам саудасының құрбандарына
айналған. Олар сонымен бірге қонақ үйде
жезөкше болып жұмыс істейтін басқа қыздарды
да қонақ үйдің менеджерінің алдағанын және
жыныстық құлдыққа сатқанын білген.
«Біз қонақ үйге жұмысқа тұрдық, сол жерде
дәмхана мен сауна болған. Бізден жасымызды
сұрады, бірден қабылдады. Бізге тегін тұрғын
үй берді, аптаның соңында 10 000 теңге
(67 АҚШ долларын) берді. Біз тез үйреніп
кеттік, бізге өте ұнайтын..Біз қонақ үйдегі
бөлмелерді және саунаны тазалайтынбыз.
Біз онда жезөкшелер жұмыс істейтінін білдік,
бірақ біз бұған аса мән берген жоқпыз. Бір ай
тез өте шықты, бізге сыйаықы төледі. Біз
ақшаны үйге алып кеттік. Мен оны әжеме
бердім. Әкімші қайтып келгенде ол бізді қарай
бастады. Бір күні кешке ол бізді саунаға
шақырды, біз сыра іштік. Ол бізбен дос ретінде
сөйлесе бастады. Ол бізден көп ақшаға менің
қыздарым сияқты жұмыс істегілерің келе ме
деп сұрады. Біз олар бізді үлкен кеште би би-
леуге жалдағысы келеді деп ойладық – қонақ
үй бес жылдығын атап өтпекші болған. Біз би
билейміз, басқа ештеңе болмайды, ал еркек-
тер бізге ақша төлейді, сосын мас болған соң
бізді ұмытады деп ойладық. Сол күні сауық
кешіне көп еркектер мен жезөкшелер келді.
Біз би билегеннен кейін қонақ үйден кете
алмайтынымызды түсіндік, себебі сутенер
әйел есіктің жанында отырып, барлығын
қадағалап отырды. Сауық кеші аяқталғанда
бізді бөлек бөлмелерге жіберді, еркектер кірді.
Мен осылай жезөкше болып жұмыс істей ба-
стадым. Олар бізді өз еркімізден тыс осы-
мен айналысуға мәжбүр етті және күзетші
қойды...«Мамка» бізді бақылап жүрді... Бізге
тек 2 000 теңге (13 АҚШ долларын) төледі,
себебі олар қалған ақшаны тамаққа, пәтерге,
киімге алып қалатын...Күзетші бізді қашып
кетпесін деп қадағалап жүрді. Олар бізге киім
мен тамақ алып келетін. Біз сол жерде бір
ай тұрдық, сосын бізді көп қадағаламайтын
болды, бірақ әлі де бізді ешқайда жібермейді.
Олар бізді туыстарыңа айтпаңдар деп
қорқытты....Сол жерде 12 қыз жұмыс істеді,
жастары 16-дан 22-ге дейін...Мен сол жер-
де бір жыл болдым» (408, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас).
Жыныстық қанаушылық мақсатымен жасалған
адам саудасының осы құрбаны сонымен бірге
қыздарды Қазақстанның ішінде секс қызметтерін
көрсету мақсатымен тасымалдайтынын айтып
берген. Ол адам саудагерінің өзін біраз уақыттан
кейін басқа қыздармен бірге пойызбен басқа
қалаға (Алматы) жаңа қонақ үйде жұмыс істеуге
жібергенін айтқан, онда ол және басқа қыздар
осы уақытта жыныстық қанаушылық көруде.
«Сосын бізді жаңа жерде жұмыс істеуге
Алматыға жіберді… Бәріміздің жағдайымыз
ұқсас еді... Бізде қонақ үйдің әкімшісінің теле-
фон нөмірі болды, ол бізді естігенде қуанды,
ол біздің бұрынғы қожайынның бұрыннан
келе жатқан досы еді. Ол бізді вокзалда
күтіп алды, «Мамкамен» таныстырды, со-
сын біздің жұмысымыз басталды – клиент-
тен соң клиент, уақыт өте келе күнде саны
[клиенттердің] көбейіп отырды. Мен көп
ішуге мәжбүр болдым, өзімді нашар сезінбес
үшін, «Мамка» солай істеуге кеңес берген.
Мені сутенер әйелге және қонақ үй әкімшісіне
табыстады, қазір сол жерде жұмыс істеймін.
Барлық клиенттерге секс қызметтерін
көрсетемін...Осында тағы 10 қыз жұмыс
істейді, жастары 17-ден 26-ға дейін...
Кейбір қыздар басқа қонақ үйлеріне көшеді,
бізде қыздар ауысып тұрады» (408, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
АТА-АНАСЫНЫң НЕМЕСЕ ЖАНҰЯСЫНЫң
БАСҚА МүШЕЛЕріНің БАЛАНЫ
ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰЛДЫҚҚА САТЫП ЖіБЕруі
Таң қаларлық, бірақ көптеген балалар және
жасөспірімдер өздерін жыныстық құлдыққа
ата-анасының немесе жанұя мүшелерінің
сатқанын айтып берген. Азияның көптеген
елдерінде ата-анасы немесе туыстары балала-
рын жыныстық құлдыққа көбінесе кедейліктен
және барлық балаларын асырай алмағандықтан
сатады, сондықтан олар балаларының бірін
жанұяларының қалған мүшелерін асырау
үшін сатады. Алайда осы зерттеу нәтижесінде
барлық балаларды олардың ата-аналары немесе
жанұяның басқа мүшелері жыныстық құлдыққа
кедейліктің салдарынан сатты деп нақты айтуға
болмайды. Олардың бастан кешкен оқиғалары
әлдеқайда күрделі. Мысалы адам саудасының
бір құрбаны өзін әкесінің жыныстық құлдыққа
кек алу үшін сатқанын айтып берген.
«Менің әкем есірткімен айналысатын, ал
анам оған көмектесетін, оларды сол үшін
Достарыңызбен бөлісу: |